Облыс аумағында су тасқыны, тұрмыстық, өндірістік және ландшафтық өрттер және қыс мерзіміндегі төтенше жағдайлар болып тұрады.
Елді мекендердің 70 пайыздан астамы мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қызмет көрсету радиусынан шеткерек орналасқан, ал ең жақын өрт бөлімдерінің ара қашықтығы 30-дан 150-ге километрге дейін құрайды. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің осындай қашықтығы іс жүзінде тұрмыстық өртке шұғыл жылдам әрекет жасауға мүмкіндік бермейді. 5 мыңнан астам және одан да көп адам тұратын екі елді мекенде мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері атымен жоқ.
2010 жылы облыста 1385 тұрмыстық және өндірістік өрт тіркелді, оның нәтижесінде 29 адам қайтыс болды. Өрт сөндіру қызметтері мен апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметшілері 540 адамды аман алып қалды.
Мемлекеттің орман қорының 211 мың гектардан астамы орман өрттеріне шалдықты, жазық дала алқаптарында және ауыл шаруашылығы жерлерінде өртке шалдығу қауіп-қатерлері бар. 2010 жылы жалпы 2202 гектар аумақта, оның ішінде 1073 гектар орманды алқаптарда ормандар мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерде 69 өрт жағдайы тіркелді. Материалдық шығын 38 млн. теңгені құрады.
Қар қабаттары ұзындығы 908 км республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың 326 участкесінде автомобиль көлігінің қозғалысын қиындатуы немесе толық тоқтатуы мүмкін.
Су тасқындарының жағымсыз салдары облыстың 17 елді мекеніне қауіп қатерін төнгізуде.
Төтенше жағдайлардың барлық спектріне төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың аумақтық облыстық кіші жүйесі күштерінің шұғыл әрекет жасау деңгейі құтқару жүйесінің, оның ішінде апаттық-құтқару қызметінің құрылымдарының хабарлау, ақпараттық қамтамасыз ету және байланыс, жеткіліксіз техникалық жарақтандырылуы сияқты құтқару жүйесін салудың аяқталмауына байланысты төмендеуде.
Апаттар мен апаттық жағдайларға қарсы іс-әрекеттер және жою жөніндегі шаралардың кешені олардың көп қаржы талап етуіне байланысты жеткілікті көлемде іске асырылмайды.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар мониторингінің жүйесі жеткілікті түрде дамымаған.
Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің бөлімшелері жоқ елді мекендерді өртке қарсы қорғаудың төмен деңгейі.
2.2.3 Өңір инфрақұрылымдық кешенінің дамуын талдау
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және байланыс
Облыста «Қостанай облысы электрондық әкімдігін құрудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын» іске асыру шеңберінде мынадай бағыттар бойынша іс-шаралар орындалды:
техникалық жарақтандыру;
Қостанай облысы әкімінің ресми интернет-порталын құру және жаңарту;
ЭҚАБЖ әзірлеу және енгізу;
«е-әкімдіктің» ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2010 жылдың бірінші жартысында жергілікті байланысты сандандыру деңгейі 96,3%, байланыстың тіркелген желісінің тығыздығы, оның ішінде ауылдық жерде 100 тұрғынға шаққанда – 27,0%, Интернет желісін және кең жолақты мүмкіндікті пайдаланушылардың тығыздығы тиісінше – 6,0 және 4,2 құрайды.
Жергілікті басқарушы органдардың компьютерлік техникалармен техникалық жабдықталуы 80%, Интернет желісіне кіру орташа өткізу қабілеті 256 kb/s байланыс арналарында ұйымдастырылған.
Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар арасындағы деректерді берудің бірыңғай желілері жоқ. 2010 жылдың қыркүйегінен бастап «Казахтелеком» АҚ ОТД бірге IP VPN технологиясы бойынша облыстық және аудандық деңгейдегі мемлекеттік органдар арасындағы байланыс каналдарын ұйымдастыру жөнінде бірінші кезең басталды, қаржыландыруды бекіткеннен кейін артынан электрондық құжат айналымын, IP-телефониилерін және басқа да сервистерді енгізе отырып, осы жоба аудандық деңгейге дейін жеткізілетін болады.
Облыста облыс әкімінің www.kostanay.kz ресми порталы қызмет істеуде. Порталда 35 ақпараттық бөлім және 3 интерактивтік қызмет (виртуалдық қабылдау, сауалдама жүргізу қызметі, жаңалықтарға жазылу) бар, ақпараттық база 1275 құжатты қамтиды.
Мемлекеттік www.e.kostanay.kz электрондық қызметтер сайты жұмыс істеуде, қызмет көрсету спектрі – 363 ақпарттық-анықтамалық қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың қызметтің әртүрлі салалары бойынша 29 бөлім бар. Сайт базасы 5774 құжаттан тұрады, ақпараттық базаны үнемі жаңарту мен кеңейту жүргізіліп отырады.
Өңір басшысының тұрғындармен интерактивтік сұхбаттасуы мақсатында 2009 жылдың наурыз айынан бастап облыс әкімінің ресми блогы жұмыс істейді, ресурс ашылған сәттен бастап 1504 өтініш түсті. Сонымен қатар 2010 жылдың мамыр айында кәсіпкерлерге облыс әкіміне бизнесті қорғау мәселелері жөніндегі тікелей өтініштерінің сервисін ұсынатын www.tirek.kostanay.kz сайты ашылды.
Облыс әкімінің ресми порталына кіру саны – 892 867 рет кіру (2009 –жылдан бастап 2010 жылға дейін), электрондық қызметтер сайты – 79 767. Күн сайын 100 астам тұрақты пайдаланушылар кіреді. Облыс аудандары мен қалалары әкімдіктерінің, сондай-ақ 9 облыстық басқармалардың сайттары ашылды және қызмет етеді.
Пилоттық зона шеңберінде ЭҚАБЖ-ға 192 жұмыс орны қосылды, электронды-сандық қолтаңба иелері 20 басқарушы болып табылады. Облыс әкімдігінің ЭҚАБЖ-ы азаматтардың өтініштерін қабылдау сервисі жүйесінің бөлімінде «электрондық үкімет» порталымен біріккен.
Тұрғындарды электрондық үкімет қызметтерінің және әкімдіктің веб-порталына кірумен қамтамасыз ету үшін облыстың әлеуметтік-маңызы бар жерлерінде жұмыс стансалары және инфокиосктер түрінде орналасқан 88 пунктен қоғамдық кіру пунктерінің желісі құрылды. Электрондық үкіметпен жұмыс және электрондық қызметтерді алу жөніндегі пунктердің инфрақұрылымдық дайындығы 100% құрайды, оның ішінде 67 инфокиосктерде электрондық-сандық қолтаңбаларды тасымалдаушылар үшін USB-кірістер орнатылған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталықтағының Қостанай филиалы (ҚР ҰКО) 2008 жылдан 2010 жылға дейін заңды тұлғаларға – 5 494, ал жеке тұлғаларға – 2 553 электрондық-сандық қолтаңбалар берді.
Тұрғындарды компьютерлік сауаттылыққа үйрету мақсатында 2007-2008 жылдары Ақпараттық теңсіздікті төмендетудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыста 81 888 адам, оның ішінде мемлекеттік қызметші – 4 969, бюджеттіктер және жұмыссыздар – 28 250, бюджеттік еместер – 13 231, балалар үйінің тәрбиеленушілері – 1 898 оқытылды. Бағдарлама іс-шараларын республикалық бюджеттен қаржыландыруға облыстың адамзат капиталын дамытуға 265,9 млн. теңге көлемінде трансфеттер бөлінді. Ұйымдастырылған компютерлік сыныптар базасында тұрғындарды компьютерлік сауаттылыққа үйрету орталықтары ашылды.
Облыста ақпараттандыруды дамытудың болашағы:
өңірде ақпараттандыру үдерісінің одан әрі дамуы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуды, әкімшілік тосқауылдар мен ақпараттық ресурстарды қорғаудың қысқаруын болжамдап отыр, атап айтқанда:
мемлекеттік қызметтердің 50%-ы электронды түрге ауысатын болады;
облыс тұрғындарының 40%-ы, мемлекеттік қызметшілердің 100%-ы мемлекеттік электрондық мемлекеттік қызметтерді алу және көрсету шеңберінде компьютерлік сауаттылыққа оқытылатын болады;
облыстың жергілікті атқарушы органдарында ведомствоаралық және ведомство ішіндегі электрондық құжат айналымының үлесі 100% дейін жететін болады;
мемлекеттік органдардың қолданыстағы және қайтадан құрылатын ақпараттық жүйелерін және ресурстарын тиімді қорғау 100%-ға жүзеге асырылатын болады;
ИИС ХҚО арқылы МЖО мемлекеттік қызметтердің мониторингі 100%-ға қамтамасыз етілетін болады;
тұрғындар көрсетілетін қызметтердің жалпы санынан қызметтердің 20% дейін электронды түрде алатын болады;
электрондық мемлекеттік қызметтермен қанағаттанған пайдаланушылардың үлесі 95%-ға жететін болады;
электрондық сұранымдардың 100%-ы бастапқы өтініште рұқсат алатын болады;
қоғамдық кіру пункттерінің үздіксіз қызмет етуі қамтамасыз етіледі;
облыс әкімдігі мемлекеттік органдарының Интернет ресурстарына кіру және ашықтығының деңгейі 100%-ға дейін қамтамасыз етілетін болады;
2015 жылға қарай өңірдің ЖӨӨ ақпараттық-коммуникациялық технологиясы саласының ЖӨӨ 2,2% өсуі.
Қойылған міндеттерді шешу үшін мынандай негізгі іс-шаралар іске асырылатын болады:
1. Облыстық, аудандық және ауылдық деңгейде БТС ұйымдастыру және дамыту;
2. 2015 жылға қарай облыстық басқармаларды, аудандық және ауылдық деңгейлердегі әкімдіктерді қоса отырып, IP-телефонияның облыс ішіндегі жүйесін және видеоконференция жүйесін құру;
3. Компьютерлік, серверлік, желілік жабдықтарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес облыс әкімдігінің серверлік торабын құру;
4. Электрондық құжат айналымын дамыту және қолдау;
5. Облыс әкімдігінің ақпараттық-талдамалық жүйесін енгізу және құру;
6. «Электрондық үкімет» компоненттерімен өзара әрекет;
7. Облыс тұрғындарының арасында компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру;
8. Қоғамдық пайдалану пункттерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
9. 2011-2015 жылдарға арналған электрондық қызметтерді әйгілендірудің PR-стратегияларын әзірлеу;
10. Құпиялылық, тұтастық және қол жетімділік өлшемдері бойынша АҚ жүйесінің тиімділігін бағалау әдісіне және ақпараттық қауіпсіздігі саясатына сәйкес әкімдік мемлекеттік органдарында нормативтік-құқықтық актілерді бекіту;
11. ҚР Ұлттық куәландыру орталығының электрондық сандық қолтаңбаларын (ҚР ҰКО ЭСҚ) мемлекеттік қызметшілердің алуын ұйымдастыру;
12. Электрондық түрде әкімдік органдарының мемлекеттік қызметтер көрсетуін қамтамасыз ететін ведомстволық ақпараттық жүйені құру.
Көлік инфрақұрылымы
Көлік
Облыс аумағынан Қазақстанның негізгі көлік дәліздері өтеді. Астана – Қостанай – Челябі – Екатеринбург полимагистральдік байланыстар, ТАТМ Солтүстік дәлізі, Алматы – Екатеринбург транзиттік автодәлізі.
Жүк тасымалдау ішкі республикалық бағыттарда, тікелей поездар тек қана Алматы және Қарағанды қалаларына жүзеге асырылады. Сондай-ақ, дизельдік локомотивтермен қозғалысқа келтірілетін қала сыртындағы поездар. Қаладан 90 км қашықтықта – ірі теміржол айырымы – Тобыл стансасы.
«Қостанай» халықаралық әуежайынан әуе рейстерін 2009 жылдың 1 шілдесінен бастап «Эйр Астана», «SCAT» ұлттық тасымалдаушылары, сонымен қатар «Ресей», «Полёт» (Ресей Федерациясы), «Белавиа» (Беларусь) сияқты әуе компаниялары жүзеге асырады. Енді әуе жолымен Қостанайдан неміс қаласы Ганноверге, Санкт-Петербург және Воронеж сияқты ресейлік қалаларға, Беларусь астанасы – Минскіге, сонымен қатар Алматы және Астана сияқты қазақстандық қалаларға жетуге болады. 2010 жылдың мамыр айынан бастап Қостанай – Мәскеу рейстері жаңартылды.
2009 жылы ішкі облыстық тасымалдауларды мыналар құрайды:
жүк машиналары: автокөліктермен – 181,5 млн. тонна, 2008 жылға қарай 98,7%,
жолаушылар көліктері: автокөліктермен – 1060,6 млн. адам (101,9%).
Жолдар
Автомобиль жолдары – тиімді жұмыс және тұрақты даму жаңа замандық шарттарда экономиканың көтерілуіне, тұрғындардың тіршілік ету деңгейін арттыруға және шарттарын жақсартуға көшудің аса маңызды факторлары болып отырған облыстың көлік-коммуникациялық кешенінің негізгі элементтерінің бірі.
2010 жылдың 1 қаңтарында облыстық және аудандық маңызы бар облыстың автокөлік жолдарының желісі 8106,3 км, оның ішінде: қара жабындымен – 4202,1 км, ұсақ тасты жабындымен – 2248,2 км, топырақ жабындымен – 1656,0 км құрайды, 63 көпір және 2032 су өткізгіш құбырлар бар.
Жолдардың облыстық және аудандық автожолдар желісі бойынша жөндеу жүргізу мерзімдерінің нормативтеріне жету үшін жыл сайын қара жабындыны – 347 км-ге, ұсақ тасты жабындыны – 375 км-ге күрделі жөндеу жүргізу, қара жабындыны – 1033 км-ге және ұсақ тасты жабындыда – 1124 км-ге орташа жөндеу жүргізу қажет.
Негізінен аудандық және облыстық маңызы бар жолдар III – IV техникалық санатқа жатады, ал ауылдық елді мекендерге кейбір кіріс жолдар V техникалық санатқа жатады. Жабындылардың үлгілері бар автомобиль жолдарының участкелері және балшық жолдар қозғалыс жылдамдығы жағынан да, өстік жүктемесі жағынан да талаптарға жауап бермейді және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамсыз етпейді.
Саланың негізгі техникалық мәселесі – жол жабындыларының жүру қабілеттіліктерін жоғалтуы. Облыста жолдардың үлкен бөлігі автомобильдің өсіне жүктеме 6 тоннадан жоғары бекітілмеген кезде 60-80 жылдары жобаланған және салынған. Бүгінгі күні өске түсетін салмақ 10-12 тоннаға дейін жетеді. Тек қана осы салмақтан асып кететін үлкен жүк көлігінің облыстық және аудандық маңызы бар жолдар бойынша ақырындап қозғалуы олардың одан әрі бұзылуынан сақтайды.
2009 жылдың соңында облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының ақаусыздық көрсеткіші 45,6% құрады немесе жолдар мен жасанды құрылыстардың 57,8%-да ақаулар бар және бұзылу сатысында тұр, көпірлер мен жасанды құрылыстардың 35,1% көңіл толтырмайтын жағдайда. 2 көпір қауіпті жағдайда тұр және күрделі жөндеуді қажет етеді.
Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына жүк және жолаушыларды тасымалдаудың 50% дейін тиесілі.
Облыс экономикасының тұрақты дамуы үшін көлік-коммуникациялық желіні жаңарту қажет. Облыстық және аудандық маңызы бар қатты жабындымен қапталған автомобиль жолдарын күрделі жөндеуден өткізу және қайта жаңғырту; жабындылардың түрлерін жетілдіру; жол жиегіндегі автоқызметтердің деңгейін дамыту; Ресейдің шекаралық облыстарына шығуды жаңарту.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Газбен жабдықтау
Облыстың газбен жабдықталуы ресейлік газ тасымалданатын магистралдық «Бұхара-Орал» магистральдік газ құбырынан жүзеге асырылады. Бұл газ құбыры Ресей аумағында орналасқан және жартылай облыстан өтеді, үш магистралдық газ құбыры-бұрылысы бар: Қарталы – Рудный – Қостанай, Бреды – Жітіқара, Боскөл.
Магистралдық газ құбырлары және газ тарату стансалары «Интергаз Орталық Азия» АҚ балансында және осы кәсіпорын қызмет көрсетеді.
Облыстың елді мекендеріндегі таратушы газ құбырлары және құрылыстары «Қостанайгаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызмет көрсетуінде. Қолданыстағы газ құбырларының желісі бүгінгі күні 653 елді-мекендердің тек 53-ін (8,1%) ғана табиғи газбен қамтамасыз ете алады. Тек ауылдық елді мекендердің көбісі жартылай газдандырылған, оларда газдандыру аяқталмаған. Газдандырылған және жартылай газдандырылған елді мекендерде тұрмыстық-коммуналдық қажеттіліктері үшін тұрғындар сұйытылған газды пайдаланады.
2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыстағы газ құбырларының ұзындығы 2626,3 км, оның ішінде таратушы газ құбырларының ұзындығы – 2037,7 км құрайды. 2008 жылмен салыстырғанда таратушы газ құбырларының ұзындығы 1,1%-ға өсті.
2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы табиғи газды пайдалану көлемі 6,9%-ға ұлғайды.
2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша республика бюджетінің қаражаты есебінен елді-мекендерді газдандыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға 635,8 млн. теңге игерілді.
Облыста сұйытылған газды пайдалану көлемі 12 мыңнан астам тоннаны құрайды. Негізгі газбен қамтамасыз етушілер: «База сжиженного газа Трейд» ЖШС, «ТЭК Титан» ЖШС, «Промбаза-7» ЖШС болып табылады. Облыстың сұйытылған газға орташа айлық қажеттілігі 1000 тоннаны құрайды. Сұйытылған газды жеткізу автогазовозбен және темір жол арқылы жүзеге асырылады.
Облыстың магистралдық газ құбырлары тек 25%-ға ғана пайдаланылуда, яғни табиғи газды тасымалдаудың көлемін ұлғайту бойынша үлкен резерві бар. Осылайша, облыстың елді-мекендерін газдандыруды әрі қарай жалғастырудың нақты қажеттілігі бар.
Облысты газбен жабдықтау жүйесін әрі қарай дамытуға сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. Жағымды факторлар қатарына мыналарды жатқызуға болады:
газбен жабдықтау жөніндегі инвестициялық жобаларға жергілікті және республикалық бюджеттерден қаржылай қаражаттар және инженерлік коммуникацияларды дамытуға нысаналы трансферттер бөлу;
облыста техникалық құралдармен жабдықталған, материалдық және еңбек ресурстары бар жобалық-монтаждық ұйымдардың болуы;
газ желілерінің тозу пайызының төмендігі (30%-дан жоғары емес).
Жергілікті және республикалық бюджеттер есебінен газ құбырларын салу таратушы газ құбырларының ұзындығын ұлғайтуға мүмкіндік берді. Егер 2007 жылы «Қостанайгаз» МҚК балансында 821 км таратушы газ құбырлары болса, 2010 жылдың қаңтарында олардың ұзындығы 1048 км құрады. 2007-2009 жылдары газбен жабдықтау жүйесіне 2 мыңнан астам жаңа пайдаланушы қосылды.
Осылайша республикалық бюджет есебінен 2008 жылы облыстың Денисов мен Қамысты сияқты екі жаңа ауданын газдандыру жұмысы басталды.
Қостанай облысы географиялық тұрғыдан қазақстандық табиғи газ кен орындарынан (Қарашығанақ және Теңіз) қашық орналасқан.
Облыстың газбен жабдықтау кәсіпорындары тұрақты жұмыс істеуде, алайда облыстың ресейлік газдан тәуелділігі бағаның болжамсыз өсуіне жол береді.
Электр энергетикасы
Облыс бойынша 2009 жылы электр энергиясын пайдалану көлемі 5070,18 млн. кВтс құрады.
Жергілікті көздерден электр энергиясын өндіру 2008 жылмен салыстырғанда 0,8%-ға төмендеді және 1 465,8 млн. кВтс құрады. Бұл Рудный және Қостанай ЖЭС-да негізгі технологиялық жабдықтарды жоспардан тыс жөндеуден өткізуге байланысты.
«2008-2010 жылдарға арналған Қостанай облысының электр жылу энергетикасын дамыту» өңірлік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде 2010 жылдың 1 қаңтарына республикалық бюджеттен 100 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 441,9 млн. теңге игерілді.
Облыс қалаларын электрмен жабдықтауды мынандай кәсіпорындар: Қостанайда – «ЭПК forfait» ЖШС; Рудныйда – «РудныйЭнергоКомпаниясы» ЖШС; Арқалықта – «Қостанайюжэлектросервис» МҚК; Жітіқарада – «Жітіқаракоммунэнерго» МҚК; Лисаковта – «Лисаковскгоркоммун-энерго» МҚК ШОҚ жүзеге асырады.
Облыстың ауылдық елді мекендерін электрмен жабдықтауды облыстың 14 солтүстік ауданына қызмет көрсететін «Қостанайский ЭнергоЦентр» ЖШС және Амангелді мен Жангелдин аудандарына қызмет көрсететін «Қостанайюжэлектросервис» МҚК жүзеге асырады.
35-220 кВ желілері бойынша облыста электр энергиясын жеткізуді «Межрегионэнерготранзит» ЖШС, 0,4-10 кВ желілері бойынша – «ЭПК forfait» ЖШС, Рудный қаласы бойынша – «Жарық Жол» ЖШС жүзеге асырады.
Электр желілерінің жалпы ұзындығы – 30 мың км жуық, оның ішінде кабельдік желілер – 1064 км. Облыс аумағында кернеулігі 35 кВ және 4775 РП, ТП, КТП 6-10/0,4 кВ құрайтын 326 қосалқы станса бар. Облыстың негізгі энергия өндіруші көздері: қуаттылығы 267 МВт «ССКӨБ» АҰ ЖЭС, қуаттылығы 12 МВт Қостанай ЖЭС, қуаттылығы 4 МВт Арқалық ЖЭС болып табылады. Олар өндіретін электр энергиясы стансалардың қажеттіліктерін жабуға пайдаланылады.
Қостанай облысы электр энергиясына тапшы болып есептеледі. Облыс аумағында орналасқан электр стансаларының электр энергиясын өндіруі жалпы пайдаланудың 30%-нан аспайды (жалпы облыс бойынша энергияны пайдалану – 5074,1 млн. кВтс) және 1 464,5 млн. кВтс құрайды. Қазіргі кезде облыс энергиясын тұтыну мен 1500 км қашықтықта орналасқан Екібастұз энергия кешенінен оны тасымалдау есебінен оны өндіру арасындағы айырмашылықты жабуға мәжбүр. Рудный ЖЭо-на қуаттылығы 63 МВт алтыншы энергоблокты енгізу облыстың энергияға деген қажеттілігін жаппайды.
Алдағы жылдарда энергия өндіретін кәсіпорындарды іске қосу, оның ішінде: металлдандырылған шекемтастар зауытын, сортопрокаттық өндірісті, цементтік зауыт, Шевченко кен орнындағы никель кендерін өндіру және қайта өңдеу кешенін және т.б. өндірістерді енгізу жоспарланып отыр. Бұл ретте облыс бойынша электр жүктемесі шамамен 1000 МВт дейін жетеді (Қазіргі кезде облыс бойынша электр жүктемесі жаз мерзімінде – 500 МВт, қыс мерзімінде – 740 МВт дейін құрайды).
Облыс энергетикалық көмір қорларына бай. Уралгипрошахт институтының мәліметтері бойынша облыстағы көмір кен орындарында қуаты жылына 119 млн. тонна көмір өңдеу разрезін салуға болады. Электр энергиясының тапшылығын жабу үшін экспорттық әлеуетті ұлғайту үшін қара көмір кен орындарын пайдаланып, облыс аумағында отын-энергетикалық кешенін салудың, оның ішінде «Приозерный» разрезінің базасында қуаттылығы 2000 МВт Торғай (Құсмұрын) ЖЭС салу мақсатқа лайық. 2009 жылы «Энергия» институты қуаттылығы 2000 МВт Торғай ЖЭС құрылысының мақсатқа лайықтылығын дәлелдейтін техникалық-экономикалық зерттеуді өткізді.
Осы жобаны іске асыру облыстың тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуын ұзақ мерзімге қамтамасыз етуге, қосымша жұмыс орындарын құруға, бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Энергетикалық жабдықтардың қатты тозуы облыс энергетиктерінің негізгі проблемасы болып табылады, пайдаланудағы электр жабдықтарының тозуы ВЛ-10 кВ – 82%, ВЛ-0,4 кВ – 85%, КЛ-10-0,4 кВ – 71% құрайды.
Қолданыстағы электржелілік шаруашылықтың тозуы жаңа қуаттарды енгізу қарқынынан асып түседі, бұл жабдықтардың апатты ақаулары санының ұлғаюына және желідегі техникалық ысыраптарға әкеліп соғады.
Электр энергиясын тұтыну деңгейінің өсуі байқалуда. Жалпы облыс бойынша қалалардағы желілердің кернеулігі жоғары. Алайда қала мен ауыл арасындағы электр-жылу желілері тығыздығының сәйкессіздігін айтып өту керек.
Энергияны сақтау
2008 жылы облыстық мәслихаттың шешімімен «Қостанай облысының 2008-2015 жылдарға арналған энергия сақтау» өңірлік бағдарламасы әзірленді және бекітілді.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мыналар орындалды:
өңірлік «Жаңа қуаттарды енгізуді ескере отырып, 2030 жылға дейін болашағы бар 2015 жылға дейін Қостанай облысының электр желілерін дамыту сұлбасы»;
«Жаңа қуаттарды енгізуді ескере отырып, 2030 жылға дейін болашағы бар 2015 жылға дейін Қостанай облысының электр желілерін дамыту жобасы»;
«Жаңа қуаттарды енгізуді ескере отырып, 2030 жылға дейін болашағы бар 2015 жылға дейін Қостанай қаласының жылумен жабдықтау жүйесін дамытудың сұлбасы»;
«Жаңа қуаттарды енгізуді ескере отырып, 2030 жылға дейін болашағы бар 2015 жылға дейін Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің жылумен жабдықтау жүйесін дамытудың сұлбасы»;
«Жаңа қуаттарды енгізуді ескере отырып, 2030 жылға дейін болашағы бар 2015 жылға дейін Таран ауданы Тобыл кентінің жылумен жабдықтау жүйесін дамытудың сұлбасы».
Экономикалық өсу мен экономика әртараптандырылуының қарқыны энергетикалық секторға айтарлықтай салмағын түсіріп отыр. Облыс электр энергиясын тұтыну құрылымы тұтынудың негізгі үлесі өндірістік кәсіпорындарға тиесілі: кәсіпорындар – 66%, тұрғындар – 7,9%, ауыл – 4,9%, басқалары – 21,2%. Өндіріс салыстырмалы энергияны көп қажет ететін сала болып табылады және энергия сақтаудың үлкен әлеуетіне ие. Облыстың электр энергиясына ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін оның өндірісін ұлғайту немесе жаңа қуаттарды салу қажет.
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесін (ЭКЕАЖ) енгізу кестесіне Қостанай облысының 6 кәсіпорыны енгізілді, оның ішінде: «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ ЭКЕАЖ жүйесінің жобасын орындады, «Межрегионэнерготранзит» ЖШС кәсіпорнында ЭКЕАЖ жүйесін енгізу жөніндегі жұмыстар 50 пайызға орындалған. Қалған кәсіпорындар ЭКЕАЖ жүйелерін 2015 жылға дейін енгізуді көздеп отыр.
Энергия сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың бірі есептеу құралдарын орнату болып табылады. Бүгінгі таңда есептеу құралдарымен қамту – 56,3% құрайды және 2015 жылға дейін 98% құрайтын болады.
Сонымен қатар, облыста қолданыстағы заңнама шеңберінде 2015 жылға дейін коммуналдық кәсіпорындардың және қалалар мен аудандар әкімдіктерінің балансына берілетін 83 км иесіз электр желілері бар.
«Қазақстан – желдік энергия нарығын дамыту бастамасы» Қазақстан Республикасы Үкіметі мен БҰҰДБ жобасы шеңберінде жел энергетика әлеуетін зерттеу жұмысы аяқталды және Арқалық қаласының аумағында қуаттылығы 41 МВт жел электр стансасын салуға инвестиция алдындағы зерттеу дайындалды. Облыстың оңтүстік аймақтарында электр энергиясының тапшылығын және жергілікті энергия көздерінің жоқтығын ескере отырып, Арқалық қаласының аймағында ЖЭС салу келешегі зор жоба болып табылады. Осы зерттеулер Арқалық қаласында желдік электр стансасын салуға инвесторлар тарту мақсатында өткізілді.
2010 жылдың 8-9 шілдесінде Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтың тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарымен 2010-2013 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде Арқалық қаласында қуаттылығы 10 МВт жел электр стансасын салуға қаржылай қаражат бөлу мүмкіндігі қарастырылды.
Жергілікті пайдасынан басқа Арқалық қаласының аумағында ЖЭС салу және дәстүрлі көмір электр стансаларынан электр энергиясын жеткізуді алмастыру 1997 жылдан бері Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын климатты өзгерту жөніндегі БҰҰ Рамкалық конвенциясына сәйкес парниктік газ қалдықтарын тастауды қысқарту жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттерін орындауға өз үлесін қосады.
Әкімдік жобаны іске асыру үшін инвесторлар іздеу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
Жылумен қамтамасыз ету
Жалпы облыс бойынша 114 бюджеттік қазандық, 734 автономды жылу беру жүйелері бар. Облыс қалалары мен аудандарында жылу электрмен жабдықтау құрылымы ірі жылу және электр энергиясы көздері бар орталықтандырылған жүйе негізінде құрылған. Бес қала мен жеті аудан орталықтарында орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүзеге асырылады. Облыстағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 792 км, оның ішінде магистралдық – 180 км, таратушы желілер – 612 км құрайды. Жылу желілері жартысының тозу пайызы – 50%.
Облыс орталығының жылу беру көздері, Лисаков қаласының, Жітіқара қаласының және бірнеше аудан орталықтарының қазандықтары үшін негізгі отын түрі Ресейден әкелінетін табиғи газ, Рудный ЖЭС үшін – көмір, Арқалық ЖЭС үшін – мазут болып табылады.
Облыс орталығында жылумен жабдықтаушы кәсіпорын «Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» МҚК болып табылады, оның құрамына ЖЭС, 2 қазандық, 3 қазандық және 6 шағын қазандық кіреді. Жылу көздерінің жалпы жылу қуаты 1130 Гкал/сағ құрайды.
Рудный қаласында жылумен жабдықтаушы кәсіпорын қуаттылығы 720 Гкал/сағ «ССКӨБ» АҚ ЖЭС болып табылады.
Арқалық қаласында жылу-сумен жабдықтаушы кәсіпорын қуаттылығы 175 Гкал/сағ «Арқалық ЖЭС» МҚК болып табылады.
Жітіқара қаласында жылу-су, электрмен жабдықтау кәсіпорны қуаттылығы 176 Гкал/сағ «Житикаракоммунэнерго» МҚК болып есептеледі.
Лисаков қаласында жылу-су, электрмен жабдықтау кәсіпорны қуаттылығы 432 Гкал/сағ «Лисаковскгоркоммунэнерго» МҚК ПХО болып табылады.
Облыс отын-энергетикалық ресурстарға аса бай, оларға көмір, су мен жел энергиясын жатқызуға болады.
Облыс көмір бассейінінің геологиялық қорлары 35,5 млрд. тоннаға бағаланады.
Келешегі зор көмір кен орындарын игеру қуаттылығы 20 000 МВт электр стансаларын жанармаймен қамтамасыз ете алады.
1992 жылы «Энергопром» БОҒЗЖИ электрлік қуаттылығы – 370 МВт, жылу қуаттылығы – 1028 Гкал/сағ Қостанай ЖЭС-2 құрылысының жобасын әзірледі.
ЖЭС-2 құрылысы Қостанай қаласында жылу көздерінің ресейлік газға тәуелділігін қысқартуға мүмкіндік береді.
Сумен жабдықтау
Облыс орталығының тұрғындары сумен толық қамтылған, басқа қалалардың (аудан орталығын ескермегенде) тұрғындары – 99,9%-ға қамтылған.
Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі жоқ жалғыз аудан орталығы – Наурызым ауданының Қарамеңді селосы.
Облыс орталығы мен қалалрдың сумен жабдықтау көзі суқоймалары мен су арналары болып табылады, коммуналдық иелікте 10 бірлік бар, олардың 5-і күрделі жөндеуді және су каналдарының құрылысын талап етеді.
Жалпы ауыл тұрғындарының 43,5%-ы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінен берілетін сумен қамтылған.
Облыс су құбырлары желілерінің жалпы ұзындығы 4490,3 км, олардың ішінде магистралдық желілер – 2406 км және таратушы желілер – 2084,3 км құрайды.
Облыс коммуналдық кәсіпорындарының негізгі инженерлік коммуникациялары мен технологиялық жабдықтарының тозуы – 70% құрайды. Облыс су құбырлары желілері мен құрылғыларының 70%-дан астамы 25-30 жыл бойы пайдаланылып келеді. Осындай техникалық халдегі су құбыры және канализациялық желілерді әрі қарай пайдалану жиі апатты жағдайларға әкеп соғады. Су құбырларының магистралдық және таратушы желілерінің апатты ақаулары оларды жою жөніндегі кәсіпорынның айтарлықтай қаржы шығындарына апарып соғады.
Қолданыстағы коммуналдық кәсіпорындардың технологиялық, сорғы және энергетикалық жабдықтардың жеткілікті резервтері жоқ. Коммуналдық кәсіпорындардағы бар техника мен жабдықтар пайдалану нормаларынан асырып жұмыс істеуде, бұл инженерлік коммуникациялардағы ақауларды шұғыл жөндеуге мүмкіндік бермейді.
Кәсіпорындардың жабдықтары мен арнайы көліктерін күрделі жөндеуден өткізу, қайта жаңғырту және жаңарту қажеттілігі туып отыр.
«Қостанай облысының 2006-2010 жылдарға арналған ауыз суы» өңірлік бағдарламасының шеңберінде 2009 жылы 8 сумен жабдықтау объектілерін қайта жаңғыртуға және салуға республикалық бюджеттен 1699,96 млн. теңге бөлінді, 1692 млн. теңге игерілді.
2009 жылы сумен жабдықтау объектілерін қайта жаңғыртуға, салуға және ЖСҚ әзірлеуге жергілікті бюджеттен 319,3 млн. теңге бөлінді, 295,3 млн. теңге игерілді.
Жалпы «Ауыз су» бағдарламасын іске асыру сапалы ауыз суды пайдаланытын ауылдық елді мекендерде тұрғындардың санын ұлғайтуға әсерін тигізді. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 2002-2009 жылдары тұрғындарының жалпы саны 234,86 мың адамды құрайтын 55 елді мекенге ауыз су берілді, оның ішінде: тұрғындарының жалпы саны 21,6 мың адамды құрайтын 16 елді мекен сумен қамтамасыз етілді, 213,26 мың адам тұратын 39 елді-мекенде сумен жабдықтау жүйесі жақсартылды.
Алайда бірнеше проблемалардың қатары байқалып отыр, олардың ең маңыздысы ауылдық және қалалық жерлерде желілер тығыздықтарының үлкен сәйкессіздігі, бұл ауыз суды тұтынудағы үлкен айырмашылықты және суқұбырларының жоғары деңгейде тозғанын көрсетіп отыр.
2009 жылдың қорытындылары бойынша облыстың коммуналдық кәсіпорындары тұрақты қызмет атқарды.
ТКШ кәсіпорындарда жалақының аздығынан қызметкерлердің келіп-кетуі байқалып отыр. Облыстағы коммуналдық сала кәсіпорындары мен шаруашылық субъектілері орта дәрежелі жұмыскерлерге тапшы, бұл ретте техникалық және кәсіптік оқу орындарының түлектері ТКШ кәсіпорындарындағы жалақының және беделдің болуына байланысты басқа салаларда жұмыс істеуге ұмтылуда. ТКШ-тағы бәсекелестікті шектейтін негізгі факторларға мыналар жатады:
коммуналдық инфрақұрылымның жоғары деңгейде тозуы;
өңірді газдандыру дәрежесінің төмендігі;
энергия тапшылығы;
компаниялардың нарықтың мүмкіндіктері мен келешегі туралы жеткіліксіз ақпараттандырылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |