2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1. Өңір жағдайының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, сондай-ақ олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы
Географиялық орналасуы
Қостанай облысы Қазақстанның солтүстігінде орналасқан, 1936 жылы құрылған. Облыс Қазақстан Республикасының төрт (Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан) және Ресей Федерациясының 3 облысымен (Орынбор, Челябі, Қорған) шектеседі. Облыс орталығы – Қостанай қаласы, 1879 жылы қаланған, Тобыл өзенінің жағасында орналасқан.
Жер бедері. Облыс аумағы негізінен жазық бедерімен сипатталады. Солтүстік бөлігін Батыс-Сібір ойпатының оңтүстік-шығыс түкпірі, оның оңтүстігінде Торғай үстірті, батысын Орал үстірті, ал оңтүстік-батысын Сарыарқа тау ұшығы алып жатыр.
Климаты шұғыл континенттік және өте қуаң. Қысы ұзақ, аяз, желді және қатты боран, жазы ыстық және құрғақ болып келеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері облыстың солтүстігінде 250-300 мм, оңтүстігінде 240-280 мм шамасында. Вегетациялық кезеңі солтүстігінде 150-175 тәулік, оңтүстігінде 180 тәулік.
Су ресурстары. Өзен желісі сирек. Облыс шегінде 310 жуық ұсақ өзендер бар. Неғұрлым ірі өзендер – Тобыл және Торғай. Тобыл өзенінде Жоғары Тобыл, Қаратомар, Аманкелді су бөгеттері орналасқан. Облыста 5 мыңнан астам көл бар. Олардың ішінде ең ірілері Торғай жылғасында орналасқан Құсмұрын, Теңіз, Қойбағар, Ақкөл, Сарыкөл, Алакөл және т.б.
Топырағы. Облыс топырағының құрамы күрделі механикалық, құндылығы жоғары және тұздылығымен ерекшеленетін қара және қоңыр болып келеді. Тың жерлерге байланысты алқабтың көбісі жыртылған. Облыстың жалпы жер аумағы 19600 мың гектарды құрайды. Ауыл шаруашылығы жерлерінің аумағы 18123,4 мың гектарды егістік, оның ішінде 5659,3 мың гектарды құрайды немесе 31,2 %, 12068,0 мың гектарды (67%) жайылымдар алып жатыр.
Өсімдігі. Облыстың солтүстік бөлігінде көбінесе қызыл селеу және әр түрлі шөпті қара топырақ, ақ қайыңды-көктеректі бұталар және қарағайлы ормандар болса (Арақарағай, Аманқарағай); орталық бөлігінде – қызыл селеу және әр түрлі шөпті қоңыр топырақ, Науырызым қарағай көктеректі орманы, оның аумағында аттас қорық орналасқан, оңтүстік бөлігінде топырағы ашық қоңыр, бетегелі-селеу және жусан шөпті болып келеді.
Әкімшілік-аумақтық құрылымы
Облыс құрамына 5 қала (1 қала – аудандық маңызы бар), 16 аудан, 8 кент (5 ауылдық және 3 қалалық), 252 селолық және ауылдық округ кіреді.
Облыс аумағында жүзден астам ұлт өкілдері және ұлыстар тұрады. 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыс тұрғындарының саны 886,3 мың адам, олардың ішінде: 35,6% – қазақтар, 40,8% – орыстар, 11,6% –украиндіктер, 3,8% – неміс, 8,2% – басқа ұлт өкілдері. Халықтың тығыздығы – бір шаршы километрге 4,5 адамнан келеді. Халық тығыздығының жоғары деңгейі Қостанай, Рудный, Лисаков қалалары, ал халық тығыздығының төмен деңгейі – оңтүстік аумақтар, олардың тығыздығы бір шаршы километрге 0,5 адамнан 0,8 адамға дейін келеді.
Қазақстанның дамуында Қостанай облысының алатын орны
Облыстың стратегиялық мақсаты қолайлы тұрғылықты орта құру және халықтың өмір сүру сапасын дамыған елдердің деңгейіне жеткізу болып табылады.
Халықтың өмір сүру деңгейінің интегралды көрсеткіші – жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 2007-2009 жылдары 624,5 мың теңгеден 815,3 мың теңгеге немесе 1,3 есе ұлғайды.
1-кесте
2007-2009 жылдардағы жалпы өңірлік өнім
Атауы
|
Өлш. бір.
|
2007 жыл
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
ЖӨӨ
|
млрд. теңге
|
560,4
|
704,3
|
723,9
|
Өткен жылға қарағанда өсу қарқыны
|
%
|
144,7
|
125,7
|
102,7
|
Жан басына шаққанда ЖӨӨ
|
мың теңге
|
624,5
|
789,7
|
815,3
|
Елдің жалпы өңірлік өніміндегі облыстың үлес салмағы 2007-2009 жылдары тиісінше 4,36%, 1,39% және 4,26 % құрады. ЖӨӨ көлемі бойынша облыс Қазақстан өңірлерінің ішінде 12, ал жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша 10 орынды алып отыр.
2-кесте
Ел экономикасындағы Қостанай облысының орны
Жылдар
|
ҚР ЖӨӨ, млрд. теңге
|
Қостанай облысының ЖӨӨ, млрд. теңге
|
Облыстың республикадағы үлес салмағы, %
|
2007
|
12849,8
|
560,4
|
4,36
|
2008
|
16052,9
|
704,3
|
4,39
|
2009
|
17007,6
|
723,9
|
4,26
|
Облыстың ЖӨӨ серпінін талдау 2007-2008 жылдары ауыл шаруашылығының (2007 ж – 1,5 есе, 2008 ж – 1,2 есе), өнеркәсіп (тиісінше 1,3 және 1,5 есе), құрылыс саласының (1,5 және 1,4 есе), сауда (1,5 есе және 13,8%- ға), көлік және байланыс (1,3 және 1,2 есе) көлемдерінің ұлғаюы есебінен өсім қамтамасыз етілгенін көрсетіп отыр. 2009 жылы ауыл шаруашылығының көлемі 3,2%-ға, өнеркәсіп 1,7%-ға, көлік және байланыс 13,7%-ға өсті, құрылыс саласында көлем 9,4%-ға және сауда көлемі 10,2%-ға азайды.
3-кесте
Қостанай облысының ЖӨӨ құрылымын талдау
млрд. теңге
Жыл-дар__Бар-лығы__Ауыл_шаруашылығы__Өнеркәсіп'>Жыл-дар
|
Бар-лығы
|
Ауыл шаруашылығы
|
Өнеркәсіп
|
Құрылыс
|
Сауда
|
Көлік және байланыс
|
Басқа-лары
|
2007
|
560,4
|
132,8
|
105,4
|
22,2
|
72,8
|
70
|
157
|
Үл. сал.,%
|
100
|
23,7
|
18,8
|
4
|
13
|
12,5
|
28
|
2008
|
704,3
|
160,3
|
157,1
|
31,9
|
82,8
|
84,3
|
187,8
|
Үл. сал.,%
|
100
|
22,8
|
22,3
|
4,5
|
11,8
|
12
|
26,6
|
2009
|
723,8
|
165,5
|
159,8
|
28,9
|
74,4
|
95,9
|
199,3
|
Үл. сал.,%
|
100
|
22,9
|
22,1
|
4
|
10,3
|
13,2
|
27,5
|
2009 жылы облыс ЖӨӨ құрылымын талдау айтарлықтай көп үлес салмақ ауыл шаруашылығына (22,9%), өнеркәсіпке (22,1%) көлік және байланысқа (13,2%) тиесілі екенін көрсетіп отыр.
2007-2009 жылдардағы кезең ішінде өнеркәсіптің, көлік және байланыстың үлес салмағы жоғарылап, сауда азайған.
Облыс ЖӨӨ-нің өзгеруіне үлесіне ЖӨӨ көлемінің жартысы келетін ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларының дамуы әсер етеді.
4-кесте
Өңір салаларының жалпы республикалық өндіріс көлеміндегі үлес салмағы
млрд. теңге
Жыл-дар
|
Бар-лығы
|
Ауыл шаруашылығы
|
Өнеркә-сіп
|
Құрылыс
|
Сауда
|
Көлік және байланыс
|
Басқа-лары
|
2007
|
|
|
|
|
|
|
|
ҚР
|
12849,8
|
727,3
|
3635,1
|
1213,2
|
1587,7
|
1481,6
|
4204,7
|
Облыс
|
560,4
|
132,8
|
105,4
|
22,2
|
72,8
|
70
|
157
|
Үл.
сал., %
|
4,36
|
18,26
|
2,9
|
1,83
|
4,59
|
4,73
|
3,73
|
2008
|
|
|
|
|
|
|
|
ҚР
|
16052,9
|
853,3
|
5162,6
|
1298,7
|
1965,7
|
1769,1
|
5003,5
|
Облыс
|
704,3
|
160,3
|
157,1
|
31,9
|
82,8
|
84,3
|
187,8
|
Үл.
сал, %
|
4,39
|
18,79
|
3,04
|
2,46
|
4,22
|
4,76
|
3,75
|
2009
|
|
|
|
|
|
|
|
ҚР
|
17007,6
|
1045,4
|
5194,8
|
1341,5
|
2076,0
|
1874,4
|
5475,5
|
Облыс
|
723,8
|
165,5
|
159,8
|
28,9
|
74,4
|
95,9
|
199,3
|
Үл.
сал, %
|
4,26
|
15,84
|
3,08
|
2,15
|
3,58
|
5,12
|
3,64
| Облыс 2009 жылы республикалық ЖӨӨ-де ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі бойынша 15,84% алып, бұл елдің өңірлері арасында жоғары көрсеткіш болып табылады. Жалпы республикалық көлемде қалған салалардың үлес салмағы 2,15%-дан 5,12%-ға дейін құрады.
Инвестициялық қызмет
2007-2009 жылдар кезеңінде инвестициялар көлемінің серпіні жыл сайынғы өсімнің оң қарқынына ие. 2009 жылы облыстың негізгі капиталына 122,2 млрд. теңге салынды, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 1,3 есе артық.
Негізгі капиталға инвестициялардың негізгі қайнар көзі кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың меншікті қаражаттары болып табылады. Осы қайнар көздің инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 70% құрады. Бюджетік қаражаттар есебінен инвестициялардың үлесі 2007 жылғы 11,4 %-дан 2009 жылы 16,4%-ға ұлғайды.
2009 жылы негізгі капиталға салымдардың басым бөлігі өнеркәсіпке – 60,3 млрд. теңге (негізгі капиталға ивестициялардың көлемінен 49,4%) бағытталды, оның ішінде тау-кен өнеркәсібіне – 34,8 млрд. теңге (28,5%), өңдеу өнеркәсібіне – 16,7 млрд. теңге (13,7%), электрмен жабдықтау, газ беру, бу және ауа реттеуге 5,2 млрд. теңге (4,3%), сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қоқыстарды жинақтау мен таратуды бақылауға – 3,6 млрд. теңге (2,9%). Ауыл, балық және орман шаруашылығына инвестициялар – 19,5 млрд. теңгені (16%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға – 11,2 млрд. теңгені (9,1%), көлік және жинақтауға – 9 млрд. теңгені (7,3%), көтерме және бөлшек сауда, автокөліктерді және мотоциклдерді жөңдеуге және т.б. – 5,9 млрд. теңгені (4,9%) құрады.
2015 жылға дейінгі кезеңде елді индустрияландырудың үдемелі саясатының негізгі басымдылығы экономиканың әр түрлі салаларындағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру болып табылады.
2010-2014 жылдарға арналған ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Үйлестіру кеңесі құрылып, қызмет етуде, Республикалық және Өңірлік индустрияландыру карталарының шеңберінде инвестициялық жобалар іске асырылуда.
Қазақстанды индустрияландырудың республикалық картасына жалпы құны 185,6 млрд. теңгені құрайтын 11 жоба енгізілді.
Өңірлік индустрияландыру картасына жалпы құны 6,8 млрд. теңгені құрайтын 6 жоба енгізілді.
Қазіргі кезде облыс бойынша республикалық басқару орталықтарының шеңберінде жалпы бағасы 192,4 млрд. теңгені құрайтын 17 инвестициялық жобаны іске асыруды бақылау жүзеге асырылып жатыр.
2010 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша жалпы құны 13,9 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба (1 жоба – индустрия саласында және 6 жоба –агроөнеркәсіп кешенінде) пайдалануға берілді, 780 жұмыс орны ашлды:
-
Рудный қаласында («ССКӨБ» АҚ) жылына 75 мың тонна дайын өнім өндіретін қуаттылығы бар металл прокаттау зауытының құрылысы;
-
Қостанай ауданының Затобол кентінде («Қарасу-Ет» ЖШС) жылына 5,4 мың тонна ет өндіретін қуаттылығы бар етті қайта өңдеу кешенінің құрылысы;
-
Қостанай ауданының Садчиков кентінде («Садчиковское» ЖШС) сүт сауатын залы бар 400 бас ІҚМ арналған сүт-тауарлық фермасының құрылысы;
-
Федоров ауданының Чистый Чандак селосында («Тұрар» ЖШС) 1 мың бас ІҚМ арналған сүт кешенінің құрылысы;
-
Қостанай ауданының Жданов селосында («Жас – қанат бройлерлік фабрикасы» ЖШС) жылына 1,9 мың тонна қуаттылығы бар өндірісті кеңейту және бройлердің етін қайта өңдеу бойынша жоба;
-
Қостанай қаласында тәулігіне 256 тонна ұн шығаратын қуаттылығы бар диірмен кешенінің және тәулігіне 4 тонна зығыр майын өндіретін цех құрылысы («Алтын- Май» ЖШС);
-
Қостанай қаласында сағатына 4,2 мың кг қуаттылығы бар ұсақ- кесілген макарон өнімдерінің өндірісі бойынша цех құрылысы («Қостанай ұн комбинаты» ЖШС).
Жалпы бағасы 5,4 млрд. теңге 4 жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде (1 жоба – индустрия саласында, 3 жоба – агроөнеркәсіптік кешенінде):
1. Ауыл шаруашылық техникасына қызмет көрсету және жүзеге асыру бойынша сауда-қызмет көрсететін орталықтарын кеңейту және модернизациялау («Агромаш Холдинг» АҚ). ҚР ИЖТМ іске асыру мерзімін 2011 жылға ауыстыруды ұсынды;
2. Қарасу ауданының Восток селосында 2,5 мың ІҚМ басына және 1,0 мың тұқымдық мал басын бордақылау алаңының құрылысы («Караман - К» ЖШС);
3. Қостанай қаласында тәулігіне 150 тонна сүт шикізатын қайта өңдеу бойынша жаңа зауыт құрылысы және құрал-жабдықтар сатып алу («Милх» ЖШС);
4. Рудный қаласында жылына қуаттылығы 65 млн. дана жұмыртқа өндіретін осы заманғы жаңашаландырылған құс фабрикасын дамыту және құру («Жас-Қанат 2006» ЖШС).
Сол сияқты, 2010 жылы құны 25,0 млрд. теңге тұратын 4 жобаны іске асыру басталды (1 жоба – индустрия саласында және 3 жоба – агроөнеркәсіп кешенінде):
1. Қарабалық ауданының Гурьянов селосында жылына қуаттылығы 12,0 мың тонна бройлер етін өндіруге бағытталған өндірісті жаңарту («Комсомол құс фабрикасы» ЖШС);
2. Әулиекөл ауданының Тимофеев кентінде инфрақұрылымы дамыған қуаттылығы 2,5 мың бас әулиекөл тұқымды ІҚМ мал бордақылау алаңын салу («Тимофеевка-Агро» ЖШС).
3. Арқалық қаласының Айдар кентінде қуаттылығы жылына 9,0 мың тонна бройлер етін өндіретін құс фабрикасын жөндеу («АгроИнтерҚұс» ЖШС);
4. «Қостанай қаласында жылына қуаттылығы 450 мың тонна ұсақ сортты прокат құрылысы» жобасы бойынша («Евраз Каспиан Сталь» ЖШС) қаржыландырудың шешілмеген мәселесіне байланысты ҚР ИЖТМ-не Қазақстанның индустриаландыру картасынан жобаны шығару ұсынысы жіберілді. ҚР ИЖТМ іске асыру мерзімін 2011-2013 жылдарға ауыстыруды ұсынды.
Сыртқы экономикалық қызмет
2009 жылы облыстың сыртқы сауда айналымы 2147,6 млн. АҚШ долларын, оның ішінде экспорт – 1416 млн. АҚШ долларын, импорт – 731,6 АҚШ долларын құрады.
2007 жылмен салыстырғанда 2009 жылғы тауар айналымы 10,9 % төмендеді. Тауар айналымы төмендеуінің себебі импорттың 28,2 % төмендеуі болып табылады. Өнімнің импортында көлік құралдарын жеткізу – 3,2 есе, мұнай өнімдері – 2,6 есе, жабдықтар – 1,7 есе төмендеді. Дәрі-дәрмекті жеткізу 14,4 %-ға ұлғайды.
5-кесте
|
Сыртқы сауда айналымы
|
Экспорт
|
Импорт
|
млн. АҚШ доллары
|
өткен жылға қарағанда%
|
млн. АҚШ доллары
|
өткен жылға қарағанда%
|
млн. АҚШ доллары
|
өткен жылға қарағанда%
|
2007
|
2 409,9
|
135,6
|
1 391,8
|
136,2
|
1 018,1
|
134,9
|
2008
|
3 407,4
|
141,4
|
2 268,9
|
163,0
|
1 138,5
|
111,8
|
2009
|
2147,6
|
63,0
|
1416,0
|
62,4
|
731,6
|
64,3
|
Достарыңызбен бөлісу: |