БАҒдарламасы қостанай, 2010 жыл мазмұны 1



бет10/30
Дата11.07.2016
өлшемі7.29 Mb.
#191059
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30

Мүмкіндіктер

Консультатциялық қамтамасыз ету мақсатында телемедицинаны пайдалану;

Жергілікті компаниялар тарапынан салауатты өмір салты саласын қосымша қаржыландыруды тарту;

Халықты ұлттық скринингтік зерттеулермен қамтуды ұлғайту;

Аурулардың күні-түні болу стационарларын күндіз болу стационарларымен және үйде емделу стационарларымен алмастыру.

Қауіп-қатерлер

Дәрігерлерге іс жүзінде жүктемелік салынуына байланысты халыққа қызмет көрсету сапасының төмендеуі;

Салауатты өмір салты бойынша дайындалған мамандардың жетіспеушілігіне байланысты алдын-алу іс-шараларының жеткіліксіз тиімділігі.
Білім беру

Мектепке дейінгі білім беру

Облыста мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жалпы саны (бұдан әрі – МДБҰ) 2009 жылдың аяғында 96 бірлікті құрай отырып, 2007-2009 жылдары 5 бірлікке ұлғайды, олардың 60,4% қалаларға (58 МДБҰ) және 39,6% – ауылдық аудандарға (38 МДБҰ) тиесілі.

Облыста бала бақшаға баратын балалардың жалпы саны 2007-2009 жылдары 6,3% ұлғайып, 2009 жылда 16507 адамды құрады.

0 ден 7 жасқа дейінгі балалардың саны 71 492, оның ішінде ауылдарда – 38660 құрайды. Облыста 96 МДБҰ, 521 шағын орталық бар, балаларды мектепке дейін тәрбиелеумен және оқытумен қамту 2,9 пайызға ұлғайды.

19 МДБҰ-да оқу қазақ тілінде жүреді, олардың 33,4%-ын (2958) 1-ден 6 жасқа дейінгі қазақ балалары қамтиды.

2010 жылдың 1 қазанына облыс бойынша 108 МДБҰ-да және 511 шағын орталықта 29271 бала, оның ішінде бала бақшаларда – 16700, шағын орталықтарда – 12571 бала тәрбиеленуде.

Облыста орындардың жетіспеушілігі проблемасы сақталып отыр, бұл МДБҰ-да топтардың тығыздығымен айқындалып отыр. Әсіресе бұл проблема қалалық жерлерде, атап айтқанда 100 орынға 112 баладан келетін 5 қалада орын алған.

Бала бақшаға бару үшін кезекте тұрған балалардың саны 9942 адамды (2010 жылдың 1 қаңтарына – 11744) құрайды. 3-тен 6-жасқа дейінгі балалардың кезектілігі – 3814 (2010 жылдың 1 қаңтарына – 3493).

3-тен 6 жасқа дейінгі бала бақшаға бару үшін кезекте тұрған балалардың үлкен саны Қостанай қаласында – 1663 бала, Рудныйда – 1425 бала, Лисаковта – 207 бала байқалады.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыста 612 орынға арналған 8 бала бақша, 5 шағын орталық ашылды. Ағымдағы жылдың аяғына дейін 75 орынға арналған 1 бала бақша ашу және Қостанай қаласында 150 орынға арналған №14 бөбекжайдың алаңын кеңейту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 4 бала бақша, 3 шағын орталық ашылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін 5 бала бақша ашылады.

Сонымен қатар, бұрынғы 5 бала бақшаның ғимараттарын коммуналдық меншікке қайтару жөнінде жұмыс жүргізілді, сонымен қатар тұрғын үйде 100 орынға арналған 120 шаршы метр сатып алынды.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласында облыста балаларды мектепке дейін тәрбиелеумен және оқытумен қамту деңгейімен, МДБҰ-ның қызметкерлермен қамтамасыз етілуі деңгейінің ұлғаюымен көрініп отырған оң серпін байқалып отыр. Сол сияқты, қалалық жерлерде МДБҰ-ның жетіспеушілігі, топтардың көбеюі және мұғалімдер мен тәрбиешілерге түсетін өте ауыр жүктеме бұл облыстағы өңірдің басты проблемалары болып табылады. Сонымен қатар, өңірде қызмет көрсетудің сапасына жүзу бассейндері, спорт және музыка залдары сияқты осы замандағы мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту қызметтерінің ажырамас атрибуттарымен МДБҰ-ны жеткіліксіз қамтамасыз ету сияқты шектеуші факторлар әсерін тигізеді.

Күшті жақтары

Облыс бойынша МДБҰ желісінің кеңеюі;

Облыс бойынша МДБҰ педагогикалық құрамының жалпы құрылымында жоғары білімді мұғалімдер үлесінің ұлғаюы.

Әлсіз жақтары

Облыстың 5 қаласында МДБҰ-ның жеткіліксіз желісі.



Қауіп-қатерлер:

өз кезегінде мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласында қосымша (инновациялық) қызметтерді ұсынатын БМДБҰ халықтың таңдауын шектейтін қолданыстағы жеке МДБҰ санын қысқартуды бір қалыпта ұстайтын өңірлік жеке сектордың және ҮКҰ өкілдерінің төмен әлеуеті (қаржы ресурстарының, жұмыс өтілінің, педагогикалық құрам қызметіне тарту және уәждеменің тиімді сұлбаларының жетіспеушілігі);

облыстық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаражаттардың шектілігі облыстағы МДБҰ нашар материалдық-техникалық базаны негіздейді, атап айтқанда МДБҰ қатарында спорт залдарының, жүзу бассейндерінің, музыка залдарының жоқтығы балалар денсаулығын нығайту және сол балалардың арасында салауатты өмір салты насихаттау мүмкіндігін төмендетеді.

Мүмкіндіктер:

мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтуды 100%-ға дейін жеткізу мақсатында осы заманғы МДБҰ құрылысын бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және жеке қаржыландыруды ынталандыру;

МДБҰ материалдық-техникалық базасын нығайту саласында мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту (ғимараттарды күрделі жөндеу, оқу орындарын арнайы жабдықтармен және мүліктермен жарақтандыру);

мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласында, оның ішінде жұмыс істеу және тұру үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатымен жас мамандарды тарту және оларды қолдау шараларының жүйесін әзірлеу;

мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қызметтерін ұсынатын мекемелерге қойылатын талаптарды қанағаттандыратын үкіметтік емес коммерциялық ұйымдармен (бұдан әрі – ҮКҰ) институтционалдық серіктестікті дамыту.

Ұсынымдар:

Жеке сектормен инвестициялық серіктестікті дамыту:

«әлеуметтік жүктемесі» бар, яғни балабақша, емхана сияқты т.б. әлеуметтік бағдарланған объектіні жобада қарастыру міндеттемелерімен коммерциялық ғимараттардың немесе тұрғын үй кварталдарының құрылысына қалалық қордан жер участкелерін бөлу нұсқауын пайдалану;

Тиісті қызмет өтілі бар жеке мекемелерден немесе коммерциялық емес ұйымдардан (әлеуметтік тапсырыс), болмаса біліктілік әлеуетін растаған үкіметтік емес ұйымдардан (бұдан әрі – ҮЕҰ) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қызметтерін сатып алуға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту;

Соңғы ыңғайлы жағдайларда жұмыстың және өңірдің ерекшеліктеріне бағдарланған арнайы бағдарламаны әзірлеу негізінде тұрудың нақты қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласына білікті мамандарды тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру.

Орта білім

Облыста күндізгі жалпы білім беру мектептерінің жалпы саны 2007-2009 жылдары 27 бірлікке қысқартылып, 2009 жылға 617 бірлікті, оның ішінде 601 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беру мектебін, 7 түзету, 4 жеке және 5 кешкі мектептерді құрады.

2010-2011 жылдарға жалпы білім беру мектептерінің саны 609 бірлікті, оның ішінде 592 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беру мектептерін, 7 түзету, 5 кешкі және 5 жеке білім беру мектептерін құрады.

Облыс бойынша мектептер саны қысқаруының негізгі себебі болашағы жоқ ауылдық елді мекендердегі бастауыш мектептердің жабылуы және мектептер желісінің мемлекеттік кепілдендірілген нормативке сәйкес келмеуі болып табылады. Сонымен қатар, мектептерді жабу себептері тұрғындардың ауылдық өңірлерден қалаларға қоныс аударуы сияқты факторлар, сол сияқты, тұрғындардың өсіп-өну деңгейінің төмендеуі болды.

Облыста 2007-2008 жылдардағы мектептерді қысқартуымен қатар оқушылардың саны 2009 жылы 110731 адамды құрай отырып, 9 мың адамға қысқарды. 2010-2011 оқу жылының басында оқушылардың саны 108 595 құрады.

Академиялық дарынды балаларды оқытуды ұйымдастыру үшін облыста «Қостанай дарыны» ғылыми-тәжірибелік орталығымен және білім беруде жаңа технологиялардың өңірлік орталығымен тығыз байланыста жұмыс істейтін дарынды балаларға арналған 10 гимназия, 1 физикалық-математикалық лицей және 3 мектеп-интернат жұмыс істейді. Бірлескен жұмыстың нәтижесі білімді сырттай бақылау қорытындылары бойынша жоғары нәтижелер болып табылады.

Бірыңғай Ұлттық Тестілеу нәтижелерін талдау негізгі сапалы көрсеткіштер бойынша оң серпінге көз жеткізіп отыр. 2010 жылы орташа балл 89,67 бірлікті (республика бойынша 84,84) құрады. Білім сапасы – 55,69%, 2009 жылы – 82,88 бірлік (республикалық – 74,8).

Сондай-ақ, 3 түлек барынша жоғары баллға (125) және 25 түлек 122-ден 124 баллға ие болды; 107 үміткерден 88 адам (82,24%) «Алтын белгі» жалпы орта білім беру аттестатын алып, өздерінің үлгілі білімдерін растады. 2009 жылы 59 түлек (67,05%) «Алтын белгі» белгісін алды.

2010 жылғы АМБ қорытындылары: 4 сынып бойынша орташа балл 18,11 (барынша жоғары – 20 балл), 9 сынып бойынша орташа балл – 69,37 (барынша жоғары – 90 балл) құрайды.

2010 жылы 1665 түлек (27,7%) мемлекеттік білім гранттарын, сонымен қатар облыс әкімінің 20 грантын және аудандар мен қалалар әкімдерінің 16 грантын алды. 1993 жылдан бастан 2010 жылға дейін облыста 47 оқушы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыды. 2010 жылы 5 түлек «Болашақ» бағдарламасы бойынша өз білімдерін жалғастырды.

Облыстың жалпы орта білім беру мектептерінде 12904 педагог қызмет атқарады, оның ішінен 83,8% (10817) жоғары білімді. Өткен жылмен салыстырғанда жоғары білімі бар мұғалімдердің пайызы 1,2%-ға көтерілді. Сонымен қатар, жоғары және бірінші санаттағы оқытушылардың саны – 5311-ге (41,2%) ұлғайды. 2001-2010 жылдардың басында облыс мектептеріне 507 жас маман (мысалы, 2005 жылы – 189 мұғалім, 2008 жылы – 290) келді.

Облыста мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамту мақсатында оқушылардың контингентін сақтау және есепке алу жөнінде жұмыс жүргізілуде. Басты назар негізгі орта білім беру орындар түлектерінің одан әрі тиісті білім алуын жалғастыруына аударылуда.

2010 жылы 11743 негізгі орта білім беру орындары түлектерінің қатарынан 5908 (50,3%) оқушы жалпы білім беру мектептерінің 10 сыныбында, 3378 (28,8%) – колледждерде, 2210 (18,8%) – кәсіби лицейлерде, 54 (0,45%) –кешкі мектептерде оқуын жалғастыруда.

«Әлеуметтiк қорғалмаған бiлiм алушылар мен күнкөрiсi төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлiнетiн қаражатты жұмсау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес 578 мемлекеттік жалпы білім беру мектептерінде (интернатсыз ұйымдарда) жалпыға міндетті оқу қорлары құрылды.

2010 жылы облыс бойынша жалпыға міндетті оқу қорларына көзделген қаржы 210 890 млн. теңгені немесе мектептерді ұстауға арналған шығыстардың жалпы сомаларынан 1,26% құрайды.

Жалпыға міндетті оқу қорларына көзделген қаржының ауқымды көрсеткіші Лисаков қаласында – өңірдің мектептерін ұстауға арналған шығыстар сомаларынан 2,6%, Рудныйда – 2,3%, Қостанайда – 1,6%; аудандар арасында Меңдіқарада – 1,23% құрайды.

2010 жылдың 10 айында облыс бойынша жалпыға міндетті оқу қорларына 128,449 млн. тенге бөлінді (60,9%). Бөлінген қаражаттардың жалпы сомасынан 61,2% тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге, 14,4% сауықтыру демалысына, 24,4% – мұқтаж білім алушыларға материалдық және қаржылық көмек көрсетуге жұмсалды.

Мектепте ыстық тамақты ұйымдастыру маңызды сауықтыру іс-шара болып табылады және ол жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік білім беру мекемелері басшыларының басты назарында тұр.

Облыста бұл бағытта оң қарқын қалыптасты:

5 жыл ішінде оқушыларды ыстық тамақпен қамту 15,9%-ға, ал тегін ыстық тамақпен қамту – 11,5%-ға ұлғайды.

Мектеп оқушыларына ыстық тамақты ұйымдастыру мәселесінде Әулиекөл және Жітіқара аудандарында көш басында, онда оқушылардың 100%-на ыстық тамақ беріледі. Қамысты, Қарабалық, Қарасу, Ұзынкөл, Федоров аудандарында және Қостанай қаласында 90%-дан астам оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

5 жыл ішінде облыс мектептерінде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушылардың саны 5068 адамға азайды.

2005 жылдан бастап тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларды ақысыз ыстық тамақпен қамту 60%-ға ұлғайды. Қостанай облысы әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында 2009 жылдан бастап тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар толық тегін тамақпен қамтамасыз етілді.

Мектепте тамақпен дұрыс қамтамасыз етуді ұйымдастыруға биліктің жергілікті атқарушы органдарының шаруашылық субъектілермен әлеуметтік әріптестігі көмектесуде. Білім беру органдарының шаруашылық субъектілермен тығыз ынтымақтастығы Әулиекөл, Денисов, Қамысты және Меңдіқара аудандарында көрініп отыр.

Облыста барлық мұқтаж балаларды (1986 бала және жеткіншек) 100% тасымалдау ұйымдастырылған. Ыңғайлы және сапалы тасымалдау үшін 2015 жылға дейін қосымша 19 мектеп автобустарын сатып алу жоспарланды. Мемлекеттік тілде білім берілетін мектептердегі халықтың қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында 2004-2009 жылдары Қостанай облысында жалпы 4 897,7 млн. теңге сомасына 10 мектеп салынды, 7 білім беру ұйымдары қайта жаңғыртылды.

2010 жылы Қостанай ауданының Заречное селосында жалпы құны 729,5 млн. теңгені құрайтын 300 орындық орта мектеп құрылысы басталды.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Есір селосында жалпы құны 345,7 млн. теңгені құрайтын 150 орындық негізгі мектеп құрылысы басталды.

2012 жылы Қостанай қаласында 1200 орындық профилді мектеп құрылысын бастау жоспарланды.

Облыста барлық жалпы білім беретін мектептерді күрделі жөндеу жөнінде өңірлік бағдарлама әзірленді, ол 2012 жылы аяқталады.

Білім беру жүйесін дамытуға демеушілер мен шаруашылық субъектілері елеулі үлестерін қосып отыр. Осылайша, 2003 жылдан 2010 жылға дейін білім беру обьектілерін күрделі, ағымдағы жөндеу және материалдық-техникалық базасын нығайтуға 32 млрд. теңгеден астам қаражат, оның ішінде шаруашылық субектілерінің 7 млрд. теңгеге жуық қаражаттары бағытталды және игерілді.

Жол картасы шеңберінде 2009 жылы жалпы 1 млрд. 615 млн. теңге сомасына 15 мектеп күрделі жөндеуден өтті, 2010 жылы 1 млрд. 83 млн. теңге сомасына 10 объект жөнделетін болады.

«Қамқор» өңірлік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2011 жылы жөндеуге жоспарланған облыстың «Боровской» санаториялық мектеп-интернатын қоспағанда барлық балалар үйі жөндеуден өтті.



Күшті жақтары

апаттық жағдайда тұрған және 3 ауысымдық мектептердің жоқтығы;

қосымша мектептердің құрылысы есебінен оқу орындарының тапшылығын жою;

жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлер-түлектер санының өсуі және екінші жылға қалатын оқушылар санының төмендеуі;

Интернет желісіне мектептердің 100%-ы қосылды.

1 компьютерге 7,7 адамға дейін келетін білім алушылардың саны қысқарды;

тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушылардың 100% ақысыз ыстық тамақпен қамтылды;

облыста аяқталуы 2012 жылы жоспарланып отырған барлық мектептерді күрделі жөндеу жөнінде өңірлік бағдарлама іске асырылуда.



Әлсіз жақтары

педогикалық кадрлардың перманентті жетіспеушілігі (әсіресе математика, физика, информатика, химия, ағылшын тілі мұғалімдері);

экономикалық трансформация кезінде – 80-жылдардың соңынан 2001 жылға дейін бала туудың азаюына және халықтың көшіп-қонуына байланысты мектеп оқушыларының саны қысқаруда;

мектептердің жеткіліксіз материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейі;

ауылдық елді мекендерде ыңғайластырылған жайларда орналасқан мектептердің болуы.

Қауіп-қатерлер

тұрғындардың жақсы еңбекақы және тұру жағдайларына тырысуы жоғары біліктілігі мен балалармен жұмыс істеу тәжірибесі бар педагогикалық кадрлардың білім беру жүйесінен жүйелі түрде кетуіне апарып соғады, бұл орта білімнің сапасын төмендетеді;

осы заманғы жаңа үлгідегі мектептердің құрылысына арналған шығындардың жеткіліскіз қаржыландырылуы ауылдық елді мекендерде ыңғайластырылған жайларда орналасқан мектептер үлесін сақтауды негіздейді.

Мүмкіндіктер:

бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және 1 компьютерге 1 немесе 2 адамнан келетін мектеп оқушыларының саны мен мектептерді компьютерлік техникалармен толтыру және кең жолақты Интернет желісіне қосу деңгейін 100% дейін жеткізу мақсатында орта білім объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға байланысты шығындарды қаржыландыруға жеке сектордың қатысуын ынталандыру;

ыңғайластырылған жайда мектептердің орналасу тәжірибесін жою мақсатымен орта білім берудің осы замандық объектілерін салу саласында мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту;

жас педагогикалық кадрлардың өз істерін беріліп істеуіне және елді мекенге, оның ішінде ауылдық жерге сіңісіп кетуін ынталандыратын шаралар жүйесін әзірлеу.



Ұсынымдар

ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан білім беру ұйымдарының орнына, сондай-ақ нақты қажеттілікті қанағаттандыруды, оның ішінде қазақ тілінде оқытатын мектептерді ескере отырып, білім беру объектілерінің құрылысын бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және жеке қаржыландыруды ынталандыру;

алыс ауылдық-елді мекендерде тұратын оқушылардың тұруы үшін кәсіби мектептердің; мектептердің жанындағы ресурстық орталықтардың құрылысын кеңейту;

мектептерді, мектептердің жанындағы интернаттарды күрделі жөндеуден өткізуге және қайта жаңғыртуға байланысты шығыстарды қаржыландыруды кеңейту;

12 жылдық оқытуға толыққанды көшуді қамтамасыз ету мақсатында және оқудың жаңа формаларын дамыту үшін білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға (физика, химия, биология, информатика пәндері бойынша лабораториялық кабинеттер, басқа да компьютерлік техника, интерактивтік тақта сатып алу, кітапханалық қорды толықтыру мен жаңарту, мультимедиялық кабинеттер сатып алу; кең жолақты Интернет желісіне қосылу, интерактивтік тақта, спорттық бұйымдар сатып алу) шығыстарды бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және жеке қаржыландыруды ынталандыру;

ағылшын тілі, математика, физика, химия, биология және информатика пәндері мұғалімдерінің перманентті жетіспеушілігін, оның ішінде ауылдық жерлерде жетіспеуін болдырмауға бағытталған іс-шаралардың өңірлік жоспарын әзірлеу жөнінде жұмыс тобын қалыптастыру.



Білім берудің арнайы түзету ұйымдары

Облыста соңғы бес жыл ішінде 7 арнайы түзету ұйымдары, оның ішінде 3 мектеп және 4 мектеп-интернат тұрақты жұмыс істейді. Мектептердің және мектеп-интернаттардың материалдық базалары жақсарып келеді (барлығы сенсорлық бөлмелермен, осы заманғы есту құрал-жабдықтарымен, интерактивтік тақталармен және т.б. ішінара жабдықталған). Түзету сыныптарында оқитын дамуында мүмкіндігі шектеулі балалардың саны ұлғаюда. 2005 жылы жалпы білім беру мектептерінде 466 баланы қамтитын 62 сынып, 2009-2010 оқу жылы мүмкіндігі шектеулі 1641 бала оқитын – 215 сынып қызмет етті, оның 713-і (43,5%) ауылдық аймақтарда оқиды. Жалпы білім беру сыныптарына 2893 бала берілді (2005 жылы – 877 бала), 2500 астам бала сөйлеудегі ақауларын түзетуге мүмкіндігі бар 88 логопедиялық пункт жұмыс істейді. 293 балаға үйде тегін жеке оқыту ұйымдастырылды. Түзету мектептері мен мектеп-интернаттарын аяқтаған соң түзету ұйымдарының 449 түлегі кәсіби лицейлерде, колледждерде және жоғарғы оқу орындарында оқиды. 16 ауданның ішінен 11-де ашылған психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде (бұдан әрі – ППТК) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестердің ұсынымдары бойынша (бұдан әрі – ПМПК) арнайы біліммен қамтылмаған дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалар түзетулерден өтеді. Бүгінгі күні дамуында мүмкіндігі шектеулі 820 бала 11 ППТК-да түзету көмектерін алады. Небәрі 3 жылдың ішінде көрсетілген санаттардағы 2443 балаға, оның ішінде 700-ден астамына кеңес түрінде көмек көрсетілді.

Барлық уақыт ішінде облыста дамуында жетіспеушіліктері бар балаларға көмектің тиімді жүйесін дамытудың оң серпіні, оларды тәрбиелеуге, оқытуға, еңбек және кәсіби даярлауға, балалар мүгедектігінің алдын алуға байланысты проблемаларды шешу байқалып отыр.

Балаларға білікті көмек көрсетудің сапасын жоғарылатудағы аса маңызды мәселелердің бірі мамандардың білім алуы және олардың біліктілігін жоғарылату болып табылады. Біздің облыста, жалпы айтқанда республика бойынша дефектолог-мамандардың болмауына байланысты ППТК-ның, мектептердің түзету қызметтерін толығымен көрсетуге мүмкіндіктері жоқ. Қолда бар кадрлар қартаюда, ал жоғарғы оқу орындарының кадрларды шығаруы мен даярлауы маманданған түзету ұйымдарына жеткіліксіз болып отыр.

ПМПК мен ППТК қажет құралдармен жабдықтау қажет. Білім берудің түзету ұйымдары оқулықтармен ОӘКмен жеткіліксіз жабдықталған.

Күшті жақтары

барлық интернаттық ұйымдар СанЕН осы замандық талаптарына сай келтірілген;

физикалық және ақыл-ес мүмкіндіктеріне сәйкес дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқуына мүмкіндік беретін, инклюзивтік білім алуын дамытуға көмектесетін жалпы білім беру ұйымдарында түзету сыныптарының саны ұлғаюда;

МДБҰ және мектептерде логопедиялық пункттердің саны өсіп жатыр, бұл балалардың, әсіресе мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жастарында сөйлеу ақауларының жойылуында оң нәтижелер байқалып отыр;

білім берудің түзету ұйымдары осы заманғы жабдықтармен жабдықталуда, бұл дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуды тиімді ұйымдастыруға көмектеседі;

дамуында мумкіндіктері шектеулі балаларға ППТК-да түзету көмектерін алу мүмкіндіктері ұсынылған.

Әлсіз жақтары

жалпы білім беру мектептерінде түзету сыныптарының желісі жеткіліксіз дамыған;

5 ауданда (Алтынсарин, Жангелдин, Қамысты, Қарасу және Таран) ППТК ашылмаған.

Қауіп-қатерлері

педагогикалық кадрлардың тапшылығы (дефектологтар, сурдологтар, тифлопедагогтар);

арнайы түзету ұйымдарының оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен (бұдан әрі – ОӘК) жеткілікті қамтамасыз етілмеуі.

Мүмкіндіктері

мектептерді арнайы мамандармен қамтамасыз ету үшін түзету сыныптарын, ППТК ашуға, (аудандар, қалалар әкімдерінің гранттары бойынша) педгогикалық кадрлар даярлауға бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;



Ұсынымдар

мектептерді арнайы мамандармен, оның ішінде мемлекеттік тілде оқытуды қамтамасыз ету үшін түзету сыныптарын, ППТК ашуға, аудандар, қалалар әкімдерінің гранттары бойынша педгогикалық кадрлар даярлауға бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;

арнайы білім берудің түзету ұйымдарын ОӘК мен оқулықтармен қамтамасыз ету;

арнайы білім берудің түзету ұйымдарын интерактивті тақталармен толық қамтамасыз ету үшін бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;

ППТК мен ПМПК қажетті жабдықтармен аяғына дейін жарақтандыру үшін бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесі

Облыста бүгінгі күні 3460 жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар немесе жалпы жаңа туғандардан 18 жасқа дейінгі балалардан 1,6%-ы тұрады. Осы қатардан 1902 бала қамқорға алынды және асырап алынды, 215 бала – қазақстан азаматтар жанұяларының қамқорлық тәрбиесінде, 1343 бала 17 білім беру, денсаулық сақтау және тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйелерінің мемлекеттік мекемелерінде тәрбиеленуде.

Қамқорлық тәрбиелеуді дамыту әлеуметтік жетімдіктің алдын алуды іске асыру бағыттарының бірі болып саналады. Қамқорлыққа берілген балалардың саны, облыста балалар 200-ден 215-ке дейін өсті. Отбасылық құрылымның баламалы нысандарын насихаттау жөніндегі шаралардың жүйелік сипаттамасы осы үлгідегі ұйымдар санының қысқарумен және тәрбиеленушілер санының түсуімен дәлелденіп отыр (2009 жылы жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім жүйелері білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің саны 1,7% – 1209-дан 1189 балаға дейін, 2010 жылы 6,7% – 1189-дан 1109 балаға дейін қысқарды). Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетім балаларға арналған балалар үйлері мен мектеп-интернаттар әкімшіліктері қазақстан азаматтарының қонақ отбасыларына (балаларды асырап алатын отбасылар) балаларды беру жөніндегі шараларды іске асырады: өткен кезеңдегі құрылымның осы нысанымен 231 бала қамтылды.

Күшті жақтары

құрылымның отбасылық нысандарымен қамтылған ата-анасының қарауынсыз қалған балалар мен жетім-балалардың саны ұлғаюда;

«Қазақстан балалары» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде енгізілген балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мамандар санының ұлғаюына байланысты 2009 жылы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны (мамандардың саны 23-тен 45 дейін (өсім 97,8%) өсті.

Әлсіз жақтары

қамқорлыққа алу немесе асырап алу органдары мамандарының жиі ауысуы;

кәмелетке толмағандарға қатысты ата-аналар құқықтарынан айырылғандар ата-аналардың жауапкершілігі (материалды және басқа да) шаралары, алимент төлету тетігі реттелмеген.

Мүмкіндіктері

қамқорлыққа алу немесе асырап алу органдары мамандарының құқықтық құзыретінінің деңгейін жоғарылату үшін бюджеттік қаржыландырумен қамтамасыз ету;

отбасы құрылымының баламалы формалары мен отбасы құндылықтарын насихаттау.

Қауіп-қатерлер

қамқорлыққа алушылар мен асырап алушыларды балаларды ұстауға арналған жәрдемақы төлемдері түрінде экономикалық қолдау тетігінің қабылданбауы;

мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын органдардың штат санын оңтайландыру шеңберінде қамқорға алу және асырап алу ұйымдары мамандарының қысқаруы.

Ұсынымдар

қамқорлыққа алу немесе асырап алу органдарының мамандарының ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және жетім-балалардың құрылымын деинституционалдандыру стратегиясын іске асыру жөніндегі курстардан өтуін қамтамасыз ету;

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған балалар үйлері мен мектеп-интернаттары төңірегінде «Асырап алушы ата-аналар мектебін», отбасыларды қолдау қызметін құру.

Техникалық және кәсіби білім

2010 жылы 1 қазанында білім алушыларының жалпы саны 31804 адамды құрайтын 47 техникалық және кәсіби білім оқу орындары (бұдан әрі – ТжКБ), оның ішінде 8782 адамды құрайтын контингенті бар 17 кәсіби лицей (бұдан әрі – КЛ) және 23022 астам білім алушылары бар 30 колледж қызмет етеді.

Колледждердің жалпы санынан 19-ы мемлекеттік, 11-і мемлекеттік емес болып саналады. Сол сияқты 8 колледжде орта буын мамандарын кәсіби даярлаумен қатар жұмыс мамандықтарының мамандарын даярлау жүзеге асырылады, жұмыс мамандықтарының бөлімдері құрылды.

Кәсіби лицейлерде мамандар даярлау 59 мамандық бойынша, колледждерде – 86 мамандық бойынша жүргізіледі.

ТжКБ ұйымдары сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарының тапсырыстары, азаматтармен шарттар бойынша курстық дайындықтарды және жұмыскер кадрларды қайта даярлауды жүзеге асырады.

2010-2011 оқу жылына КЛ-да – 3397 адам, колледждерде – 2666 адам техникалық және кәсіби білімі бар мамандарды қабылдауға және дайындауға мемлекеттік тапсырыс бекітілді. Сонымен қатар, «Жол картасын» іске асыру шеңберінде 2010-2011 оқу жылына 11 сыныптардың түлектері үшін республикалық мемлекеттік тапсырыс орналастырылды: КЛ-ға 75 адам, колледждерге 150 адам. Бұдан басқа, Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында 2010 жылдың ішінде Жол картасы бағыттарының шеңберінде 2010 жылы 1891 адам даярланды және қайта даярланды. Соңғы нәтижелер – білім алушылардың еңбек нарығына қажет мамандықтарға ие болуы, тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейін 6,4% шегінде ұстап тұру.

17 КЛ-дан 13-і (81,3%) үлгілік ғимараттарда, 3-і – ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан. 30 колледжден үлгілік ғимараттарда 17-і (60,7%) орналасқан. Облыста қауіпті жағдайда тұрған оқу ғимараттарында орналасқан оқу орындары жоқ. Барлық селолық КЛ-да және колледждерде практикалық тәжірибелер жинау және жаңа технологияларды үйрету үшін оқу шаруашылықтары ұйымдастырылған, 11496 гектар жер бар.

Облыста алыс елді мекендерде тұратын КЛ мен колледждердің білім алушыларына тұру және оқу үшін жағдайлар жасалған. 2010-2011 оқу жылының басында 23 жатақхана қызмет етеді, 19-ы мемлекеттік болып саналады. Жатақханадағы жалпы орын саны – 3090 құрайды. 2010 жылы «Торғай аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК жанында 272 орынға арналған жатақхана пайдалануға берілді (қайта жаңартуға 278 млн. теңге бөлінді), «Қостанай құрылыс колледжі» МКҚК жатақханасы күрделі жөндеуден өтті (50 млн. теңге бөлінді).

2010 жылы Қостанай қаласының УК161/2 жанында «№18 кәсіби лицей» ММ ашылды. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне №18 КЛ-да 140 адам оқиды.

Соңғы бес жылда колледждер мен КЛ контингенті ұлғаю қарқынына ие. 2005-2006 оқу жылымен салыстырғанда 2009-2010 оқу жылында КЛ-да оқитындардың контингенті 22,8%, колледждерде 22,1% өсті.

Қостанай облысының ТжКБ ұйымдары ISO 9001-2000 халықаралық стандарттарына сәйкес жұмыскерлердің дайындық жүйесіне жаңа тәсілдер және кәсіби оқытуды енгізуге талпынуда. Бүгінгі күні аудит өткізілгеннен кейін 10 колледж (жалпы саннан 35,7%) сәйкес келу сертификаттарын алды.

2006 жылдан бастап облыстың ТжКБ ұйымдарының түлектері ҚР Білім беру және ғылым министрлігінің «Техникалық және кәсіби білімді дамыту мен біліктілікке ие болу республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» ӨМК өткізетін кәсіби дайындық сапасына тәуелсіз баға беруді кезең-кезеңімен енгізуге және біліктілігін растауға қатысады. 2010 жылы Қостанай облысы СТБ қорытындылары бойынша республикада 3 орынды алды.

Кәсіби шеберлік конкурстарын өткізу қажет кадрлар даярлығында ТжҚБ жүйесінің беделін және имиджін көтереді, оларды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі. КЛ түлектерін жұмысқа орналастыру жыл сайын шамамен 97%, колледждерде – 86% құрайды. «Түлек – 2010» базасы құрылды.

Облыс және республика деңгейіндегі білім алушылар, ұстаздар, өндірістік оқу шеберлері арасында «Мамандық үздігі» жыл сайынғы конкурстарының нәтижелері білім алушыларды дайындаудың жеткілікті деңгейін, олардың ұстаздарының кәсібилігінің жоғырылығын көрсетеді. 2009 жылғы «Техникалық және кәсіби білімнің үздік оқу орны» республикалық конкурсында «Лисаков техникалық колледжі» МКҚК 3 орын алды. 2010 жылы сәуірде «Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» МКҚК білім алушылары «Дарынды балаларға дарынды мұғалім» V республикалық педагогикалық олимпиадасында командалық 2 орынды алып, II дәрежелі дипломмен марапатталды. Ағымдағы жылдың мамыр айында «Автомеханик» маманының үздігі» республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті, онда «Қостанайдың автожол колледжі» МКҚК 3-ші курс студенті Самат Сағалов 1 орынды иеленді, ол 2010 жылы Оңтүстік Кореяда осыған ұқсас конкурста Казақстанның атынан шықты.

Білікті жұмыс кадрларын даярлау мәселелерінде ТжКБ ұйымдары мемлекеттік және жеке құрылымдармен жұмыс жасайды. Әлеуметтік әріптестік мынадай бағыттар бойынша іске асырылады: білікті мамандар даярлаудағы қажеттілікті болжау, арнайы пәндер бойынша жұмыстық оқу бағдарламаларын бірігіп түзету, кәсіби тәжірибені ұйымдастыру. 2010 жылы колледждер және КЛ кәсіпорындары және ұйымдарымен әлеуметтік әріптестік туралы 830-дан астам шарт жасасты. Қостанай облысының әкімдігі, «Соколов-Сарыбай кен байыту өнеркәсіп бірлестігі» АҚ, «Рудный поллитехникалық колледжі» МКҚК және Рудный қаласының КЛ арасында 2006 жылдың мамыр айында қол қойылған «Түсінушілік және стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумы», сонымен қатар Рудный қаласында 2008 жылы Халықаралық еңбек форумы қорытындылары бойынша қол қойылған Бәсекеге қабілетті кадрларды қалыптастыру жөніндегі ұлттық пакт іске асырылуда. 2010 жылы сәуірде Астана қаласында Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Норвегия, Рогаланд округінің курстық және кәсіби даярлық орталығы, білім қоры (РКК) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. «Жітіқара политехникалық колледжі» МКҚК Орал мемлекеттік академиясымен (Ресей Федерациясы, Екатеринбург қаласы) тау-кен мамандығының мамандарын даярлау мәселелері бойынша ынтымақтастықта. 2010 жылы «Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі» МКҚК Техникалық ынтымақтастық жөніндегі германиялық қоғаммен (ГТО) «Қыздардың және әйелдердің кәсіптік білімі және Қазақстандағы білім беру жүйесін қайт құру рәсіміне қолдау көрсету» жобасын іске асыруды аяқтады. «Қостанай автомобиль көлігі колледжі» МКҚК 2009 жылы Челябі автокөлік техникумымен 5 жылға өзара ынтымақтастық туралы шарт жасады. Мұндай беделді ұйымдармен ынтымақтастық қазақстандық білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға көмектесетін үздік халықаралық бағдарламаларды енгізуге мүмкіндік береді.

Жалпы облыс бойынша ТжКБ объектілерінің желісін кеңейтуде, сонымен қатар онда оқитындардың санында көрсетілген зерттелетін сала дамуының оң қарқыны байқалып отыр. Осы саланың субъектілеріне тән келетін дамудың келешегі бар бағыттарының бірі ТжКБ объектілері мен әлеуетті және нақты жұмыс берушілер арасында стратегиялық әріптестікті дамыту қажеттілігін, сондай-ақ еңбек нарығында нақты қажет мамандарды даярлауды қамтамасыз ету мақсатында олардың материалдық-техникалық базасын нығайту деп айтуға болады.



Күшті жақтары

колледждердің желілерін кеңейту және колледждер мен КЛ білім алушыларының, мұғалімдерінің санын ұлғайту;



Әлсіз жақтары

4 ауылдық аумақта КЛ жоқтығы;

ТжКБ жүйесінен перманенттік азаюына байланысты КЛ мен колледждерде өндірістік оқу шеберлері санының тұрақсыз серпіні;

ТжКБ ұйымдарының көбінде жатақханалар жоқ.



Қауіп-қатерлер

ТжКБ жүйесінен кетуін негіздеп отырған КЛ мен колледждерде өндірістік оқу шеберлерінің төмен еңбек ақысы сол немесе басқа да мамандық бойынша білім алушылардың тәжірибелік дағдыларын меңгеруі көзқарасымен білім беру үдерісі сапасының төмендеуіне әсер етеді және еңбек нарығында колледждер мен КЛ түлектеріне қажеттіліктермен қиындық тудырады;

бюджеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі КЛ желісінің кеңеюін шектейді және кейбір елді мекендерде олардың жоқтығы КЛ желісінің өз кезегінде кеңеюін тұрғылықты жердің аумағындағы әлеуетті білім алушылардың оқу мүмкіндіктерін шектейді.

Мүмкіндіктері

облыста, әсіресе ауылдық жерлерде жаңа КЛ мен колледждер және жатақханалар салуды бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;

КЛ және колледждердің желілерін кеңейтуде мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту;

білім беру жүйесінің, кәсіпорындар мен ұйымдардың тығыз байланысын жорамалдайтын, сонымен қатар дайын мамандарды жұмысқа орналастыру мәселелерін алып тастайтын корпоративтік білім қағидаттарын енгізу;

білікті кадрлардың ТжКБ жүйесіне, әсіресе ауылдық жерлерде ағымын ынталандыру шараларының жүйесін әзірлеу;

Ұсынымдар

Жұмыс берушілермен ТЖКБ ұйымдары мұғалімдерінің тағылымдамадан және білім алушыларының тәжірибеден өтуі туралы шарттар жасасу;

Жұмыспен берушілерді КЛ-дың оқу-материалдық және ақпараттық базаларын нығайтуға тарту.
Мәдениет және спорт

Мәдениет

Облыста 710 мәдениет объектілері (641 – мемлекеттік ), оның ішінде 398 кітапхана (395 – мемлекеттік), 292 клуб (228 – мемлекеттік), 10 мұражай, 4 кинотеатр (2 мемлекеттік), филармония, 3 театр, 1 киновидеопрокат және 1 мәдениет және демалыс паркі қызмет етеді. Облыста 728 тарих және мәдениет мүсіндері бар, олардың 6-ының мемлекеттік маңызы бар.

2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы мәдениет ұйымдарының саны 7 бірлікке өсті: кітапхана желісі 3 бірлікке, клуб мекеме желілері 3 бірлікке, кинотеатрлар – 1 бірлікке ұлғайды.

2009 жылы кітап қорын толтыру үшін 6,05 дананы құрай отырып, 45,7 млн. теңге сомасына 34,8 мың дана кітап түсті.

2009 жылы клуб мекемелерінде 19,9 мың іс-шара өткізілді, оларды 2858 мың адам барып көрді (2008 жылғыдан 295 мың адамға артық).

Мұражайларда 7619 экскурсия, 402 дәріс, 412 көрме өткізілді, оларға 311 мың адам барды.

2009 жылы театрлар 936 спектакль (оның ішінде 19 – қойылым) қойды, оларды 190 мың көрермен тамашалады, бұл алдыңғы жылғыдан 66,9 мың адамға артық.

Е. Өмірзақов атындағы облыс филармониясында 203 концерт ұйымдастырылды, оларды 102,4 мың адам тамашалады.

Кино мекемелері 7,7 мың киносеанс көрсетті, оларға 267,0 мың адам барды.

Облыс әкімінің және шаруашылық субъектілерінің қолдауымен жалпы 475,5 млн. теңге сомасына 307 мәдениет объектісі күрделі және ағымдағы жөндеуден өтті.

2009 жылы республикалық және халықаралық фестивальдер мен конкурстарға қатысушылардың саны 2 есе ұлғайып, 300 адамды құрады.

Спорт

2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша спорт кешендерінің саны 66 объектіге өсті және 2234 бірлікті құрады (2008 жылға қарағанда 103%).

2009 жылы Челябі мемлекеттік университеті Қостанай филиалы спорт кешенінің спорт залы ашылды, сонымен қатар бұрын өндірістік шеберхана болған Қостанайдың орта-арнайы ғимараттарында 2 зал қалпына келтірілді. Жангелдин ауданы Қарасу және Қамысты ауданының Қамысты селоларында жаңа спорт залдары бар жалпы білім беру мекемелері салынды. Тартылған қаражат есебінен Сарыкөл ауданының Барвинов селолық округінің «Аманжол АКРО» ЖШС Мәдениет үйінде спорт зал қалпына келтірілді, Таран ауданының Варварин селосында спорт зал салынды. Қостанай қаласының оқу ғимараттарында 9 шаңғы базасы қалпына келтірілді. Облыс қалалары мен аудандарында 52 жазық спорт кешендері салынды.

«Жол картасы» инвестициялық жобаларын іске асыру шеңберінде «Қостанай қалалық балалар жас өспірімдер спорт мектебі» ғимаратын күрделі жөндеу» жобасы іске асырылды, оған 100 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 75,2 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 24,7 млн. теңге бөлінді. Барлығы 2009 жылы спорт объектілерін салуға және жөндеуге – 223 млн. теңге, оның ішінде: республикалық бюджеттен – 75,3 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 67 млн. теңге, тартылған қаражаттар – 80,7 млн. теңге бағытталды. 2009 жылы 497 спорт объектілеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысатын тұрғындар саны 210,8 мың адамды – облыс жалпы тұрғындарының санынан 23,7%, республика бойынша орташа көрсеткіш – 15,6% құрайды.

2009 жылы 3446 спорт іс-шаралары өткізілді, оның ішінде ауылдық жерлерде – 2096 іс-шара өткізілді. Іс-шараларға 330,8 мың адам, оның ішінде ауылдық жерлерде – 194,6 мың адам қатысты.

28 балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің жұмысы қамтамасыз етілді, оларда 16001 оқушы оқиды. Спорт мектептерінде жалпы білім беру мектептері оқушыларының 15,2%-ы спорт мектептерінде сабақтармен қамтылды, БЖСМ-де мектеп оқушыларының сабақпен қамтылуы бойынша орташа республикалық көрсеткіш – 7,2%.

Дене шынықтыру сабақтарын 1777 штат жұмыскерлері, оның ішінде ауылдық жерлерде – 871 адам өткізеді.

2009 жылы: Қазақстан Республикасының 55 спорт шебері, 10 халықаралық кластағы спорт шеберлері, спорт бойынша 6 ұлттық төреші және 18 жоғары санаттағы жаттықтырушылар даярланды.

Талдауға сүйене отырып, тұрғындардың спорт және дене шынықтыру қызметтерінде қамтамасыз етілу деңгейі, сонымен қатар осы секторлар мекемелерінің құрылымдарының тармақтылылығы аудандарға қарағанда қалаларда және аудандар бойынша орташа есеппен жоғары деген қорытынды жасауға болады.

Спорт мекемелері ұсынатын қызметтер кешенін кеңейту қажет. Осындай шараларға арнайы объектілерді (бассейндер, корттар, веложолдар, спорт алаңдары) жатқызуға болады.

Негізгі проблемалардың бірі – дене шынықтыру мен спорт секторынан кадрлардың кетуі.

Жүлделі орындарға шығу үшін және мықты олимпиада чемпиондарын тәрбиелеу үшін балалар-жасөспірімдер спорт ұйымдарын қаржыландыру қажет, мысал ретінде көршілес елдер Қытай және Рессей Федерациясын келтіруге болады.

Күшті жақтары

Тұрғындардың спорт объектілеріне баруын ұлғайту;

2006 жылмен салыстырғанда (2067) 2009 жылы спорт объектілерінің 7,5% (2234 бірл.) немесе 167 бірлікке ұлғаюы.

Әлсіз жақтары

Материалдық-техникалық базаның төмен деңгейде жабдықталуы;

Спорт залдарының жеткіліксіздігі;

Ауылдық жерлерде спорт жөнінде әдіскерлер санының аздығы.



Мүмкіндіктері

Облыстық инфрақұрылымда дене шынықтыру және спорт сабақтары үшін жағдайлар жасау, жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу, қолданыстағы спорт объектілерін қайта жаңарту және күрделі жөндеуден өткізу. Барлық қызмет салаларында жұмыскерлердің кәсіби деңгейін арттыру (даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру).



Қауіп-қатерлер

Халықаралық деңгейдегі ресми жарыстарда жоғары спорт нәтижелерін көрсететін спортсмендер мен жаттықтырушыларды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында нормативтік актілердің жетілдірілмеген нысандарының салдарынан кадрлардың осы сектордан кетуі туындап отыр және осы бағытта біліктілігі жоғары мамандардың төмен қызығушылығы байқалып отыр.

Жүргізілген талдау негізінде облыстың қалалары мен аудандарында дене шынықтыру мен спорттың дамуын тоқтатып тұрған негізгі проблемалар анықталды:

1. Спорт инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы, спорттық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтармен жабдықтаудың төмен деңгейі;

2. Дене шынықтыру мен спорт секторынан кадрлардың кетуі;

3. 2010 жылғы жағдай бойынша облыстың 669 селосында және кентінде небәрі 16 спорт кешендері бар, спорт жөнінде 54 әдіскер жұмыс істейді. Жазықтықты спорт кешендерінің саны 901 бірлікті құрайды.



Тілдерді дамыту

Облыстың тілдер саясаты Қазақстан халықтары бірлігінің факторы ретінде мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жағдайларды жасауға және өңірдің лингвистикалық капиталын сақтауға бағытталған.

Өңірлік тілдерді үйрету орталықтарының желісі дамуда: 2007 жылы – облыстық тілдерді оқыту орталығы, 2008 жылы – Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығы ашылды, 18 қала мен аудандарда мемлекеттік тіл кабинеттері қызмет етуде. Жыл сайын мемлекеттік тілді оқитын ересек тұрғындардың саны өсіп келеді. 2004 жылы 4 мың адам, 2010 жылы – 9,8 мың адам мемлекеттік тілді оқумен қамтылды немесе ұлғаю 2,4 есені құрады.

Тілді оқытудың әдістемелік базасын қамтамасыз ету мақсатында «Тобыл» оқу кешені әзірленді. Осылайша 2011 жылы мемлекеттік тілді үйрену үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында басқарма сайтын құру жоспарланып отыр.

Құжат айналымының жалпы көлемінде мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізудің сыбағалы көлемі 2008 жылы 51%, 2009 жылы 22% ұлғайып, 73% құрады. Бұл ретте қазақ тілімен қатар орыс тілі де ресми түрде пайдаланылатынын ескеру қажет, ағылшын тілін оқуға жағдайлар жасалынуда.

Білім беру жүйесінде мемлекеттік тілдің рөлі нығаюда. 2010 жылы мектепке дейінгі мекемелерде балалардың 34%-ы және жалпы білім беру мектептеріндегі оқушылардың 27%-ы қазақ тілінде оқиды. Қазақ ұлтының ана тілінде оқитын оқушыларының үлесі ұлғаюда.

Мемлекеттік тілдің коммуникативтік функциясы нығаюда. Тұрғындарға мемлекеттік тілді үйренуге қолдау көрсету мақсатында, «Алау» облыстық теле арнасында телесабақтар циклінен тұратын «Тілашар» жобасы іске асырылуда. «Костанайские новости» өңірлік газетінде қазақ тілі сабақтарының цикілі жариялануда.

Жалпы облыста қазақ тілін меңгеру деңгейі 40%-ды құрайды.

Өңірдің лингвистикалық капиталын сақтау мақсатында 16 ұлттық-мәдени орталықтарында облыста тұратын этностардың тілдерін үйрететін 9 мектеп жұмыс істейді. Орталықта 255 тыңдаушы мемлекеттік тілді, украин, неміс, татар, армян, белорусь, польша, грек, корей және иврит тілдерін оқиды.

Сонымен қатар, белгілі оң нәтижелерге қарамастан мемлекеттік тілдің дамуында проблемалар:

қоғамда мемлекеттік тілді мегерудің тұрақсыз деңгейі;

өңірдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіне мемлекеттік тілдің жеткіліксіз енгізілуі болып табылады.

Негізгі ішкі және сырқы факторларды бағалау:

мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай әдістемесінің және стандарттарының, оқу инфрақұрылымы қызметтерінің жалпы стандарттарының, сондай-ақ мемлекеттік тілді меңгеру үдерісін ынталандыру және мониторингі жүйесінің болмауы қоғамда мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру ісіндегі ұстап тұрған фактор болып табылады.

Мемлекеттік тілді әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке енгізу үрдісінде маңызды фактор коммуникация, ойын-сауық, демалыс салаларында оны белсенді қолдану аясын кеңейту, отбасылық құндылық ретінде мемлекеттік тілді қолданудың мерейін арттыру және насихаттау, балаларды мемлекеттік тілде танымдық, радио және теле бағдарламаларды оқып-үйренуді қалыптастыруда БАҚ рөлін күшейту.

Бұл ретте іскер қарым-қатынас, бизнес, ғылым сияқты халыққа қызмет көрсету саласында, мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесінде де мемлекеттік тілді қолданудың төмен деңгейінің сақталуы жалғасып отыр.


Қылмыс

Соңғы жылдары облыста қалыптасқан қолайлы экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайлар, мақсатты шаралар кешенін қабылдау ішкі істер органдарының қызметін айтарлықтай белсендіруге мүмкіндік берді.

2007 жылмен салыстырғанда 2009 жылы қылмыс жасаудың 16,6%-ға төмендегені байқалып отыр. Тіркелген ұрлық саны – 13,8%-ға, тонау – 48%, денсаулыққа әдейі ауыр жарақаттар жасау – 40,6%, зорлық-зомбылық – 60,8% қысқарды.

Сонымен қатар, қылмыскерлікпен күрес саласындағы шұғыл жағдай облыстың дамуына және ішкі қауіпсіздігіне теріс әсерін тигізіп отырған шиленісушіліктің соңғы уақытта аздап өсуімен сипатталып отыр.

2010 жылы облыста негізгі бөлігін мүліктік түрлері құрайтын тіркелген қылмыстар қатарының өсу қарқыны байқалып отыр.

Соңғы екі жыл ішінде қоғамдық орындарда, оның ішінде қоғамдық тәртіп жағдайының және қоғамдық қауіпсіздік индикаторы болып табылатын далада жасалатын қылмыстардың өсу қарқыны сақталып отыр. Қоғамдық орындарда 1 мыңға дейін қылмыстар жасалады, бұл ретте олардың 70% көшелерде жасалады.

Жалпы айтқанда қылмыстардың ашылуы жоғары деңгейде тұрақты болып қалады. Қылмыстарды ашу деңгейі 2008 жылғы – 66,4% (+13,3% өсуі) қарағанда 2009 жылы 79,7% құрады.

Қабылданатын шаралардың арқасында соңғы жеті жыл ішінде жас өспірімдер арасындағы қылмыстың төмендеу қарқыны сақталып отыр. Жасөспірімдер жасаған қылмыстың үлес салмағы 2007 жылғы 8,7%-дан 2009 жылы 13,1%-ға төмендеді.

Қылмыс жасаған жасөспірімдердің жартысынан көбісі мектеп, лицей, гимназия оқушылары. Бұл ретте олардың жасаған қылмыстарының маңызды бөлігі ауыр қылмыстар және өте ауыр қылмыстар санатына жатады.

Осыған байланысты полицияның «мектеп» инспекторларын дамытуды жалғастыру қажет. Полиция инспекторы әрбір қала және ірі ауылдық мектептерде болу қажет деген болжамдар бар. Бұл оқушылардың арасында құқық бұзушылықтардың ертерек алдын алумен айналысуға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары облыста көлік апаты жағдайлары негізгі көрсеткіштерінің төмендеу қарқыны байқалады. Жол-көлігі апаттарының деңгейі (пайдаланатын көліктің 10 мыңына) 2007 жылғы 65-тен 2009 жылы – 41-ге дейін, жол-көлігі апаттарынан қайтыс болғандардың деңгейі (100 жарақат алғандарға шаққанда) – 11,7-ден 9,9-ға дейін, жол-көлігі апаттарында жарақат алғандардың деңгейі (10 мың адамға шаққанда) – 14,7 ден 10,6 дейін төмендеді.

Сонымен қатар жол-көлігі кешені қиын жағдайларда қызмет етеді. Автомобильдер парктерінің және осы заманғы автомобильдердің жылдамдық сипаттамаларының өсу қарқыны көше-жол желілерінің даму қарқынынан асады. Республикалық маңызы бар жолдар ұзындығының айтарлықтай бөлігі түбегейлі қайта жаңғыртуды, жүру бөліктерінің жалпақтығын кеңейтуді, оларды тосқауылдық шектеулермен, жол белгілерімен жабдықтауды қажет етеді. Жергілікті маңызы бар жолдар өте қанағатсыз жағдайда тұр.

Жол қозғалысы қатысушыларының көлік тәртібі, ең алдымен көлік құралдары жүргізушілерінің тәртібі төмен болып отыр. Жүргізушілердің дайындық жүйелерін жақсарту талап етіледі.

Осы және басқа да себептердің кешені жол-көлігі жағдайларының өте ауырлығын алдын ала анықтап отыр.

Бірнеше жылдар бойы қылмыс құрылымында есірткі қылмыстары үлесі азаяр емес (10-10,9%). Анықталған есірткі сату фактілерінің саны да кемитін емес. Облыс аумағына әкелінетін есірткінің негізгі түрлері марихуана, гашиш және героин болып табылады.

Жыл сайын заңсыз айналымнан орташа есеппен 500 кг есірткі заттары, оның ішінде героиннің айтарлықтай көп мөлшері алынады. Жалпы есірткі қылмыстары санынан есірткі сатуға байланысты анықталған қылмыстар үлесі 2007 жылғы – 45,8%, 2008 жылы – 41,7% дейін төмендеді.

Қазақстанмен іргелес мемлекеттермен тұрақсыз әлеуметтік-саясаттық жағдай көші-қон ағындардың өсуіне және олар жасайтын қылмыстардың әсіресе заңсыз есірткі айналымына, мылтықтар, ұрлықтар және т.б. байланысты қылмыстардың өсуіне әсер етіп отыр.

Кеден одағы және болашақ бірыңғай экономикалық кеңістік қызмет еткен жағдайда трансұлттық байланыстары бар, әсіресе шекаралас өңірлерде қылмыстық топтардың іс-әрекеттері белгілі қауіп тудырады.

Облыстағы есірткі жағдайына әсер ететін белгілі фактор Ауғанстаннан, ортаазиялық республикалардан және елдің оңтүстік өңірлерінен Ресейге «оңтүстік-солтүстік» бағытындағы есірткі тасымалдаудың пайдалы «транзиттік дәлізі» ретінде оның географиялық орналасуы болып табылады. Бұған Ресей Федерациясының ұзындығы 1200 км үш іргелес облысымен (Челябі, Қорған, Орынбор) шекараның айқындылығы қолайлы болып отыр.

Тұрғындардың есірткіні пайдаланудағы қызығушылықтары жоғары деңгейде қала бермек. Нашақорлықтың ертерек алдын алудың жүйесін құру, сондай-ақ мамандандырылған медициналық мекемелерді дамыту қажет.

Есірткіге қарсы насихаттың жалпы мемлекеттік жүйесін қалыптастыруға тәсілдерді ұйымдастыру толық жетілдіруді, оның ішінде заңнамалық деңгейде жетілдіруді талап етеді. Осыған байланысты барлық мемлекеттік органдардың әлеуетін және бұқаралық ақпарат құралдарын қолдана отырып, әрекет етуші ақпараттық-насихаттық шаралар кешенін қабылдау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет