БАҒдарламасы қостанай, 2010 жыл мазмұны 1


Менеджмент және стандарттау жүйелері



бет6/30
Дата11.07.2016
өлшемі7.29 Mb.
#191059
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30


Менеджмент және стандарттау жүйелері

Облыста ИҚО-ң стандарттарын енгізу жөнінде мониторинг жүзеге асырылуда.

2010 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 121 кәсіпорында 9000, 14000, 22000, ОНSAS 180006, ХАССП SА 8000 сериялары ИҚО халықаралық стандарттарының негізінде сапалық менеджмент жүйесі енгізілді, 20-ында жұмыстар жүргізілуде.

«ССКӨБ» АҚ, «Қостанай минералдары» АҚ, «ДЕП» ЖШС, ЛФ КБРУ «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Имсталькон» АҚ Филиалы, Рудный металл конструкциялары зауыты, «Космис» ЖШС филиалы, «RG Brands Kazakhstan», «Қостанай диірмен комбинаты» АҚ, «Баян-Сұлу» АҚ, «Асалия» ЖШС, КФ «АгромашХолдинг» ЖШС, «Милх» ЖШС, «Дормаш» ЖШС, «Большевичка» ТК, «Фирма «Арасан» ЖШС және т.б. өндірістік өнеркәсіптердің бірқатары 9001-2000 ИҚО сай сертификаттарға ие.

9001-2000 ИҚО сапасын басқару жүйесін енгізу жөніндегі жұмысты «Мотор-Деталь» ЖШС, «Экспро» ЖШС, «Шәймерден» АҚ, «Қостанай минералдары» АҚ (OHSAS18001-2007), «Қостанайполиграфия» ЖШС, «Арай Холдинг» ЖШС құрамындағы компаниялар тобы және басқалары жүргізеді.

Шығарылатын өнімдердің сапасын жақсарту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

2010 жылдың 1 қазанында мынандай іс-шаралар өткізілді:

ИҚО 9000, 14000, ХАССП жүйелерінің негізінде ҚМК-ң сертификаттау мен енгізу мәселелері бойынша семинарлар және «дөңгелек үстелдер» өткізілді және ұйымдастырылды. 2010 жылдың бірінші жартыжалдығында 13 семинар мен оқу курстары, 4 «дөңгелек үстел» өткізілді;

бұқаралық ақпарат құралдарында ХАССП жүйесі 9000, 14000 ИҚО серияларының ХС енгізуіге байланысты мәселелерді жариялау қамтамасыз етілді. Өнімдер мен қызметтердің сапасы туралы мәселелер бойынша газеттерде жылдың басынан бастап 26 мақала, телеарналарда қазақ және орыс тілдерінде 19 телесұхбат көрсетілді;

стандарттау мәселелері бойынша 517 кәсіпорынға тегін кеңестер берілді. Өнімдірді сертификаттау мәселелері жөнінде және өлшеу құралдарын тексеру жөнінде үнемі кеңестер жүргізіледі;

31 кәсіпорынға өнімдерін өндіруге шығару барысында тәжірибелік көмек көрсетілді;

Облыс кәсіпорындарына сапа менеджментінің жүйесін енгізу мәселелері бойынша тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетілді. Жылдың басынан бері өнімдер мен қызметтерді сертификаттау жөніндегі жұмысы үшін төлеу барысында шағын бизнес кәсіпорындарына мынандай мөлшерлерде: 10 – 6, 15 – 3, 20 – 16, 25 – 5, 30 – 5, 40 – 4 жеңілдіктер берілді;

ТРМЖ тауарлар мен қызметтердің әртүрлі салалары бойынша ҚР мемлекеттік стандарттарының 75 жобасы бойынша ұсыныстар қарастырылды және берілді;

«Фемида+» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамымен тұрақты негізінде жұмыс жүргізілуде;

сатылатын тауарлардың бақылау мен қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Меморандум негізінде базарлардың басшыларымен кездесулер және кеңестер өткізіледі;

бизнес өкілдері үшін 2 оқу курсы өткізілді;

ҚР заң жобаларына 5 ұсыныс пен ескертулер енгізілді;

облыс кәсіпкерлерімен 12 кездесу өткізілді.

2010 жылы облыс кәсіпорындары мен ұйымдары Қостанай облысын стандарттау жөніндегі әзірленген жұмыс жоспары және 9000, ОНSAS 18001, НАССР, SA 8000 ИҚО сериялары халықаралық стандарттарының негізінде сапа менеджменті жүйелерін енгізу жөніндегі жұмыс жоспарын іске асыруда.

Облыста заманға сай басқару стандарттарының, оның ішінде 9000, 14000, ОНSAS 18000 ИҚО және басқа сериядағы басқару сапасының халықаралық стандарттарының жүйелерін (әдістерін) енгізу мәселелерін насихаттау жөніндегі жұмыс одан әрі жалғастырылатын болады.


Индустриялық-инновациялық даму

Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясы шеңберінде 2004-2009 жылдары облыс бойынша 66 млрд. теңге сомасына 83 инвестициялық жоба іске асырылды, 3529 жұмыс орны құрылды.

2009 жылы өнеркәсіп саласында 8,3 млрд. теңге сомасында 5 инвестициялық жоба іске асырылды, 199 жұмыс орны құрылды. Агроөнеркәсіптік секторында 2009 жылы құны 7,9 млрд. теңге 8 жоба іске асырылды, 204 жұмыс орны құрылды.

2010-2015 жылдары облыс бойынша 500 млрд. теңге сомасында 43 индустриялық-инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланды. Барлығы 8 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Олардың ішінен индустрия саласында 475,2 млрд. теңге сомасында 17 жоба іске асырылуда, 7,3 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда; агроөнеркәсіптік кешенінде 25 млрд. теңге сомасына 26 жоба іске асырылуда, 1,5 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Қазақстанды индустрияландырудың республикалық картасына жалпы құны 185,6 млрд. теңге 11 жоба енгізілді, Өңірлік индустрияландыру картасына құны 6,8 млрд. теңге 6 жоба енгізілді.

Қазіргі таңда облыстың Республикалық Басқарушы орталықтарының шеңберінде жалпы құны 192,4 млрд. теңгені құрайтын 17 инвестициялық жобаны іске асыруға бақылау жүзеге асырылуда. 2010 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша құны 13,9 млрд. теңге 7 жоба қолданысқа енгізілді, 780 жұмыс орны құрылды.

Облыс Қазақстан Республикасы бойынша инновациялық дамуы бойынша 3,7 үлесімен 9 орынды алады.

2009 жылы облыс кәсіпорындырының инновациялық белсенділігі 2007 жылғы 2,5 қарағанда 1,5, төмендеу 40 құрады.

Өнеркәсіп кәсіпорындарының инновациялық өнімдері ішіндегі ең үлкен үлес салмағын қайта енгізілген немесе біраз технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнімдер алады – 99,8, жетілдірілген өнімдер – 0,2 құрайды.

Аяқталған инновацияларға ие кәсіпорындардың инновациялық іс-әрекеттерінің негізгі түрлері: жаңа технологиялар, жабдықтар, материалдар енгізу – 83,3 және ноу-хау технологиялары мен өндірістік меншіктердің басқа түрлерін сатып алу – 16,7  болып табылады.

Облыс айтарлықтай жоғары өндірістік әлеуетке ие. Мұнда еліміздің барлық өнеркәсіптік өндірісінің 3,5 орын алған.

Күшті жақтары

Облыстың өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі.

Минералдық шикізаттық-ресурстардың болуы.

Облыста өнеркәсіп кәсіпорындары санының ұлғаюы.

Өңдеу өнеркәсібінде инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігі.

Әлсіз жақтары

Өнеркәсіптің шикізаттық (темір кені, бокситтер, асбест және т.б.) бағыты.

Өңдеу өнеркәсібінің жеке салалары өнімдерінің бәсекеге жеткіліксіз қабілеттілігі.

Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары жабдықтарының физикалық және моральдық жоғары деңгейде тозуы, оларды жаңартуға қаражаттың тапшылығы.



Қауіп-қатерлер

Өңірлік экономиканың шикізатқа тәуелділігінің артуы.

Тау-кен секторы өнімдері бағасының төмендеу мүмкіндігі.

Мүмкіндіктер

Өнеркәсіптің шикізаттық емес секторының дамуы (бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнеркәсіптерді құру және дамыту).

Отандық тауарлардың өндірушілеріне сыртқы экономикалық қолдау көрсету (кедендік жеңілдіктер).

Өтім нарықтарын көбейту, өндірісті кеңейту, машина жасау мен тамақ өнеркәсібін дамыту.


Аграрлық-өнеркәсіп кешені

Ауыл шаруашылығы саласы облыс материалдық өндірісінің екінші жетекші саласы болып табылады.

2009 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 249,3 млрд. теңгені (оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 145,4 млрд. теңгені, мал шаруашылығы 103,9 млрд. теңгені) құрады, бұл 2007 жылға қарағанда 1,3 есе жоғары, нақты көлем индексі 2009 жылы – 102,6 (оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 103,1, мал шаруашылығы – 102).

Жалпы республикалық астық жинауда Қостанай облысы үшінші орынды алады. 2007-2009 жылдары астық өнімі 5 млн. межеден асты.

Облыстың егін шаруашылығын дамытуда астық өндірісі басым болып табылады, ол өсімдік шаруашылығы жалпы өнімінің 83,9 алады.

2007 жылы облыстың негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 4474,5 мың гектарды құрады, ал 2009 жылы алқап 527,3 мың гектарға көбейіп, 5001,8 мың гектарды құрады.

2010 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша облыста 6423 агроқұрылым, оның ішінде 5 ӨК, 5 АҚ, 537 ЖШС мен 5876 шаруа қожалықтары бар.

2007 жылмен салыстырғанда агроқұрылымдар саны 8 немесе абсолюттік көрсеткіште 559 субьектіге, оның ішінде: ӨК – 16,7, АҚ – 16,7, ЖШС – 5,8 және шаруа қожалықтары 8,1 азайды.

Облыста жарғы капиталы 813,6 млн. теңгені құрайтын 15 ауылдық кредиттік серіктестік құрылды, олардың жарғы капиталы – 813,6 млн. теңгені, қатысушылар саны – 416 құрайды. АНС қызметін бастаған күннен бастап 12260,6 млн. теңге кредиттік қаражат, оның ішінде 2009 жылы 2501,5 млн. теңге сомасына 362 кредит, 2010 жылдың 1 қазанына дейін – 674,7 мың теңге сомасына 148 кредит берілді.

Кредиттер айналым қаражаттар алу үшін беріледі, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 9 құрайды.

13-кесте

2007-2009 жылдардағы Қостанай облысы бойынша өсімдік шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру



мың центнер




2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

Астық, оның ішінде:

58 992,7

47 902,0

49 130,1

бидай - барлығы

54 426,8

44 156,2

46 264,3

одан:










күздік егіс

22,8

4,0

0,3

жазғы егіс

54404,0

44 152,2

46 264,0

күздік қара бидай

46,7

68,1

34,2

арпа

3 352,1

2 892,4

2 103,5

сұлы

706,9

551,5

526,0

тары

104,5

82,6

57,8

қарамық

97,2

6,7

9,1

дәнді бұршақ

202,3

119,1

108,0

күнбағыс

24,6

25,0

43,4

картоп

1 670,8

1 402,7

1 549,9

көкөністер

503,1

486,6

599,0

бақша дақылдары

22,9

29,5

38,5

жеміс-жидектер

42,1

35,1

30,7

Мәлімет көзі: Қостанай облысы бойынша статистика департаменті, интернет ресурс: www.kostanai.stat. kz;
2010 жылы егістік алқаптардың құрылымына қарай дәнді және дәнді бұршақ дақылдары 4272,3 мың гектарға егілді, бұл 2009 жылғыға қарағанда 190,9 мың гектарға аз. Өндірісті әртараптандыру мақсатында егістік алқаптары (жаздық бидай алқаптары 4023,9 мың гектарды құрады, бұл 2009 жылғымен салыстырғанда 186,9 мың гектарға аз) азайтылды және 153,4 мың гектар алқапта орналастырылған майлы дақылдардың алқабы ұлғайды, бұл 2009 жылға қарағанда 98,5 мың гектар артық. Сонымен қатар 23,4 мың гектарға мал азығындық егістік алқаптары азайтылды және 211,7 мың гектарды құрады, жарма дақылдарының егістік алқабы 8,97 мың гектарға ұлғайтылып, 14,67 мың гектарды құрады, дәнді бұршақ дақылдары – 10,2 мың га ұлғайтылып, 21,8 мың гектарды құрады. Картоп алқабы 35,1 гектарға ұлғайтылып, көкөністер алқаптары 2009 жылғыға қарағанда 42,8 гектарға азайды.

2010 жылдың 1 қазанына дейін 2011 жылдың егісі үшін 561,5 мың тонна тұқым немесе қажеттіліктің 96,7-ы құйылды. Сұрыпты алмастыру және жаңарту мақсатында облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 16,3 мың тонна элиталық тұқым сату үшін элиталық-тұқым шаруашылықтарымен келісім-шарттар жасады.

2010 жылы тұқым шаруашылығын дамытуға республикалық бюджеттен 350,5 млн. тенге субсидиялар, оның ішінен: 312,8 млн. теңге – элиталық тұқымдардың құнын жартылай арзандатуға, 37,7 млн. теңге – біртума тұқымдарды өндірудің құнын жартылай арзандату үшін бөлінді.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруды қолдауға минералдық тынайтқыштардың құнын арзандату үшін республикалық бюджеттен 933 млн. теңге бөлінді.

2010 жылдың 1 қаңтарында облыста 26124 трактор, 12078 астық жинайтын комбайн, 24200 тұқым сепкіш, 73262 тырма, 180 тұқым тазартушылар, 39,21 культиватор, 645 жоғары өндіруші егістік кешендері мен басқа ауылшаруашылығы техникалары болды.

2010 жылдың 9 айында «ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы лизингке облыстың ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 934 млн. теңге сомасына 98 бірлік техника, оның ішінде 21 трактор, 16 астық жинайтын комбайн, 2 егістік кешені, 20 тұқым сепкіш және басқа техникалар сатып алды.

Облыста шағын және орта ауылшаруашылығы құрылымдарына механикаландырылған қызмет көрсетуге мамандандырылған 3 машина-техникалық станса қызмет етеді.

Ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсету мақсатында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 5,9 млн. текше метр су беру үшін суаруға арналған суларды жеткізу жөніндегі қызметтердің құнын төлеу үшін 2010 жылы республикалық бюджеттен 1490 мың теңге (2009 жылы – 1363 мың теңге) бөлінді.

Қостанай облысы – Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 14,5 беретін, дамыған мал шаруашылығы бар өңір болып табылады. Мал шаруашылығының табысты дамуы көбінесе оның жемшөп базасының мықтылығымен айқындалады. Облыс егіншілік пен тамақ өнеркәсібі қалдықтарының арқасында табиғи азықтық жайылымдары мен азықтық базаларының аса бай ресурстарына ие.

Мал саны мен мал шаруашылығының негізгі өнімдері бойынша облыс өңірлер арасында жетекші орындардың бірін алып отыр. Өңірде мал шапуашылығының негізгі өндірушілері – ауыл шаруашылығы кәсіпорындары –42,3, тұрғындардың шаруашылығы – 38,7, шаруа (фермерлік) қожалықтары – 19 болып табылады.

Облыстың мал шаруашылығында ет-сүт мал шаруашылығы (ірі қара мал басы), шошқа шаруашылығы мен құс шаруашылығы, сонымен қатар жылқы өсіру саласы дамыған.

14-кесте



2007-2009 жылдардағы Қостанай облысының мал шаруашылығы дамуының негізгі көрсеткіштері





2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

Өсу қарқыны, %

Ірі қара мал,

537

556,8

563,2

103,9

оның ішінде сиыр

260,4

279,6

284,4

105,1

Шошқа,

288,3

301,9

307,5

103,9

оның ішінде аналық шошқа

76

81,8

81,4

104,4

Қой мен ешкі,

307,8

324,7

333,7

106,0

Оның ішінде аналық қой

179,5

186,5

192,6

107,4

Жылқы,

75,5

79,7

82,3

104,4

Оның ішінде бие

31,5

33,1

33,8

105,7

Құс

3949,3

4131,1

4263,7

104,1

Аналық (тұқымдық) мал басының үлес салмағы ( %)

Сиыр

48,5

50,2

50,5

102,0

Аналық шошқа

26,4

27,1

26,5

100,5

Аналық қой

58,3

57,4

57,7

101,3

Аналық жылқы

41,7

41,5

41,1

101,2

Алынған төл, мың бас

Бұзау

271,9

281,3

285,1

101,2

Қозы мен лақ

119,4

140,6

163,2

108,2

Торай

1214,4

1457,1

1593,5

105,5

Құлын

32,1

34,4

34,5

102,5

100 аналық басқа шаққанда алынған төл басы

Бұзау

98

100

95

99,7

Қозы мен лақ

87

94

96

104,2

Торай

1757

2022

2026

102,9

Құлын

98

98

89

98,7

Мәлімет көзі: Қостанай облысы бойынша статистика департаменті, интернет ресурс: www.kostanai.stat. kz;

2007 жылмен салыстырғанда 2009 жылы ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының барлық түрлерінің мал басының: ірі қара мал – 4,9, қой мен ешкі – 8,4, шошқа – 6,7, жылқы – 9, құс – 8 өсуіне қол жеткізілді.

Барлық меншік нысанындағы шаруашылықтар 2009 жылы 237,9 мың тонна – тірі салмақта ет; 636,3 мың тонна – сүт, 441 млн. дана – жұмыртқа өндірді. 2008 жылға өндіріс көлемінің өсуі ет – 1,0, сүт – 1,4, жұмыртқа – 8 құрады.

Облыста сүтті мал шаруашылығы өте күрделі және ерекше сала болып табылуына қарамастан, жеткілікті тиімді дамып келеді. Бұл салада оң қарқын байқалуда, сүт өндірісінде үлес салмақ (барлық санаттағы шаруашылықтарда) 12,1 құрайды және 2007-2009 жылдары бір сиырдан орта жылдық сүт сауу 168 кг ұлғаюы байқалып отыр.



Асыл тұқымды мал шаруашылығы

Облыс бойынша 36 аттестацияланған асыл тұқымды мал шаруашылығы субьектілері бар. 2010 жылдың басында асыл тұқымды мал шаруашылығы зауыттары мен шаруашылықта барлығы 39420 бас ірі қара мал ұсталды, бұл жалпы мал басының 7,0 құрайды. Сүт бағытындағы мал басының саны – 16868 басты, ет бағытында – 22552 ІҚМ басын; жылқы – 445 бас, құстар: үйрек – 18653 бас, түйе құс – 134 бас, тауық – 81247 басты құрайды.

2010 жылы малдың қайта өндірісінде биотехнологиядағы ғылымның озат жетістіктері негізінде алынған мүлде жаңа асыл тұқымдық материалды (ұрық трансплантациясы мен біржыныстық тұқым) қолдану жөнінде жұмыс жалғастырылуда.

148 аттестацияланған аналық мал басын қолдан ұрықтандыру пункттері қызмет етеді.

Мал шаруашылығын әрі қарай дамыту мақсатында облыста малды ұстау мен бағу технологияларын жетілдіру жөнінде мақсатты жұмыс жалғасуда. 4 мал бордақылау алаңдары, 2 сүт-тауарлық фермасын салу және 3 құс фабрикасын жаңарту бойынша ивестициялық жобалар жүзеге асырылуда.

Облыстың мал шаруашылығының дамуына 2010 жылы көлемі 237,6 млн. теңгені құрайтын «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау» бағдарламасы бойынша, сондай-ақ әрекет етуі 2007 жылдан басталып, қазіргі күні қаржыландыру көлемі 5 есе ұлғайып, 1023 млн. теңгені құрайтын «Мал шаруашылығы өнімінің сапасы мен өнімділігін арттыру» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен қаржылық қаражаттың бөлінуі ықпал етуде. Сонымен қатар жыл сайын облыстық бюджеттен «Мал шаруашылығын қолдау» бағдарламасы бойынша 20 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді.

Ауыл шаруашылығы малдарын теңдестіру жүргізіліп тұрады, оны 2012 жылға қарай аяқтау жоспарланып отыр.

Ветеринария

Облыста мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен эпизоотикалық қолайлылықты қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдануда.

Жергілікті атқарушы органдардың ветеринарлық қызметі 250 мал дәрігерімен қамтамасыз етілген, қажеттілігі 324 (77). 260 округте 198 мал дәрігерлері еңбек етеді (қажеттіліктің 76).

2010 жылы 25 жұқпалы ауруға қарсы алдын алу іс-шаралары, алдын-ала егу бойынша 3,2 мыңнан астам әртүрлі әрекеттер, қан тексеру бойынша 948 мың әрекеттер жүзеге асырылуда. Бұл мақсаттарға республикалық бюджет қаражатынан 175,3 млн. теңге бөлінді.

Мал ауруының диагностикасы мақсатында 364 мыңға жақын ірі қара мал басы бүрселез ауыруына тексерістен өткізілді, ауру жұқтыруы – 1,9 құрайды.

Облыста 26 мал сою пункттері қызмет етеді, олардың жұмыс жүктемелігі 40-50 құрайды және 60 мал сою алаңдары бар.

Инфекцияланған малды жерлеу 303 мал моласында жүзеге асырылады, олардың ішіндегі 37-сі – қалыпты болып табылады.

Облыста жабайы және үй жануарларының құтыруы бойынша шиеленіскен жағдай сақталып отыр. 2010 жылы құтырудың алдын алу үшін қаңғыған ит пен мысықтарды ұстау және жоюды ұйымастыру үшін жергілікті бюджеттен 10,1 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді, оның ішінен 6,3 млн. теңге игерілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет