БАҒдарламасы қостанай, 2015 жыл мазмұНЫ


Аумақтың орта мерзімді келешектегі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі проблемаларының, тәуекелдерінің, тежеуіш факторларының, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктерінің ке



бет16/23
Дата21.06.2016
өлшемі4.64 Mb.
#152019
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23

2.3. Аумақтың орта мерзімді келешектегі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі проблемаларының, тәуекелдерінің, тежеуіш факторларының, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы


2007-2014 жылдары экономикалық өсудің оң қарқыны табиғат ресурстарында негізделетін өңір экономикасының құрылымында түбегейлі жылжуға әкелген жоқ, экономиканың өндіру секторына инвестициялардың өсуі және өңдеу өнеркәсібі үлесінің аздап өсуі байқалады. Облыс экономикалық кеңістігінің сапасы тек қана Қостанай, Рудный, Лисаков қалалық агломерациясының аймағында жақсарып келе жатыр, елді мекендер тұрғындарының тығыздығы, жолдардың тығыздығы және байланыстылығы өсуде.

Денсаулық сақтау, білім беру және тұрғындарды әлеуметтік қорғау салаларында оң серпін байқалуда, өңірдің ірі корпорациялармен әлеуметтік әріптестігі және мемлекеттің коммерциялық емес секторлармен әріптестігі дамуда.

Өңір дамуындағы әлеуметтік-экономикалық нәтижелердің кешенді сипаттамасы өңірдің дамуындағы күшті және әлсіз тұстарын, оның шектеулері мен даму мүмкіндіктерін анықтаған басымдалған SWOT-талдауында көрсетіледі.


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Ауыл шаруашылығының маңызды экономикалық әлеуеті, топырақтың жоғары бонитеті

Минералдық шикізаттар қорының болуы тау-кен өндірісінің дамуы үшін негізін құрайды

Қостанай тұрғындарының қалаға шоғырлану ұйытқысының және оның халық шоғырланған аймағының, қаңқалық тіректі құрылымы түйінінің қарқынды дамуы

Елдің аумағында шекара маңында орналасуының есебінен облыстың маңызды транзиттік әлеуеті

Осы заманғы кәсіби білім үшін рерурстар кешенінің болуы: инфрақұрылым, профессорлық-ұстаздар құрамының жоғары біліктілігі

Денсаулық сақтаудың тұрақты әлеуеті: туберкулезбен және онкологиялық аурулармен ауырудың төмендеуі

Бала туу санының ұлғаюы

Денсаулық сақтау қызметтері нарығының болуы

Дамыған кәсіби дайындықтар инфрақұрылымының есебінен жұмыссыз-дық деңгейінің төмендігі

Тұрғындардың жан басына шаққандағы етпен, бидаймен және картоппен қамтамасыз етілуінің жеткілікті деңгейі

Шағын және орта бизнесті дамыту үшін инновациялық әлеует элементтері кешендердерінің болуы (бизнес- инкубаторлар, ӘӨК)

Тренерлі және лидерлі базадағы дамыған тұрғындарға кең қызметтегі ҮЕҰ белсенді секторлары



Экономика салаларының дамуына тосқауыл болатын желілердегі ысырабтың жоғары деңгейі және өсіп жатқан энергия тапшылығы

Салалық теңгерімнің жоқтығы: өндіріс және инвистициялар көлеміндегі өндіру өнеркәсібінің басым үлесі, шағын бизнестің әртараптандырылу деңгейінің төмендігі

Өнеркәсіп салаларында жоғары технологиялық және ғылымды қажет ететін өнімдерді шығару жөніндегі өндірістің болмауы

АӨК және өнеркәсіптің шикізаттық бағыты

Өңірдің оңтүстік бөлігіндегі игерілмеген-шаруашылық аумақтарының жоғары пайызымен халықты орналастырудың нүктелі-ошақтық біртексіз түрі

Село инфрақұрылымдық әлеуетінің біртексіз өсу дәрежесі

Ауыл тұрғындарының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт қызметтеріне біртексіз қол жетімділігі

Азаматтар үшін тұрғын үйге қол жеткізудің жеткіліксіз деңгейі

Қалалық жерлердегі канализациялық және су құбырлары желілерінің 70%-дан 100% дейінгі тозуы

Көлік жолдарының 57,8%-ы қанағаттандырмайтын жағдайда болуы

ҮЕҰ шектеулі ресурстік базасы, салалық мемлекеттік органдардың және қалалар мен аудандар әкімдіктерінің әлеуметтік қызметтер көрсету үдерісінде ҮЕҰ төмен деңгейде тартылуы


Мүмкіндіктері

Қауіп-қатерлері

Қостанай облысының РФ-мен шекарада мультитранспорттық түйін ретінде қолайлы геоэкономикалық орналасуы

Үдемелі индустрияландыру бағдар-ламасы шеңберіндегі мемлекеттік қолдау өңдеу өнеркәсібінің үлесін ұлғайтуға және өңірдің экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді

ӘӨК және өңірлік бизнес-инкубаторлардың қызметін белсендіру ісі өндірістік және инновациялық бағыттағы шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік береді

Көзделген инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде облыс экономикасы даму әлеуетінің жоғарылауы

Қоғамдық сектордың ресурстарын тиімді игеру үшін мемлекеттің жеке меншік және коммерциялық емес секторлармен институтционалдық әріптес-тігінің дамуы

Тұрғын үй құрылысын дамыту және жалға берілетін тұрғын үй құрылысын дамыту тұрғындардың орта жігін тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

Ауылдық өндірушілер кооперация үдерісінің белсендіру есебінен ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу дәрежесін ұлғайту

Кеңестік қамтамасыз ету мақсатында телемедицинаны пайдалану

Салалық басқармаларда және аудандар мен қалалар әкімдіктерінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты енгізу және ұлғайту арқылы салалық және аумақтық қағидат жөніндегі азаматтық қоғам институттарын дамыту тұрақты қоғамдық-саяси жағдаймен қамтамасыз етуге себебін тигізеді


Энергия тапшылығы сақталуының салдарынан облыс экономикасының даму жылдамдығының төмендеуі

Технологиялық дамуда және өңірлік экономиканың салалық сәйкессіздіктерінде артта қалу салдарынан ішкі нарықтың импорттық тәуелділігінің ұлғаюы

Қаржы-несие жүйесінің сақталуы тұрақсыздығынан құрылыс кешендерінің тоқырауы

Кәсіби білім беру жүйесінде сәйкессіздіктің сақталуы еңбек ресурстарына сұраныстың қанағаттылығына кері әсер етеді

Жолдар жағдайларының нашарлауы

Тазарту құрылыстары аздап жаңашаландырылған жағдайда экологиялық жағдайдың нашарлауы

Тұрғындардың өмір сүру деңгейі сапасы төмен болуының нәтижесінде әлеуметтік шиленісушіліктің күшеюі

Ішкі және сыртқы көшіп-қонудың салдарынан тұрғындар санының азаюы

Қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздан-дырушы факторларының қалыптасуы

Басым стратегиялық талдау нәтижелері бес жылға арналған аумақтық дамудың пайымдауын, мақсатын, міндеттерін анықтауға, проблемаларды шешудің жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.



2.4. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау

2007-2011 жылдары облыста 18 өңірлік бағдарлама және 2 стратегия іске асырылды:



  1. «2007-2009 жылдарға арналған Қостанай облысын газдандыру» өңірлік бағдарламасы

  2. «2004-2010 жылдарға арналған Қостанай облысының ауылдық аумақтарын дамыту» өңірлік бағдарламасы

  3. «2006-2010 жылдарға арналған Қостанай облысының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту» өңірлік бағдарламасы

  4. «2006-2010 жылдарға арналған Қостанай облысы бойынша ауыз су» өңірлік бағдарламасы

  5. «2007-2010 жылдарға арналған Қостанай облысында ЖҚТБ індетіне қарсы күрес» өңірлік бағдарламасы

  6. 2007-2010 жылдарға арналған «Асыл мұра» тілдерді дамыту және қызмет етуінің облыстық бағдарламасы

  7. 2007-2011 жылдарға арналған Қостанай облысының дене шынықтыру мен спортты дамытудың өңірлік бағдарламасы

  8. «2008-2010 жылдарға арналған Қостанай облысының электр жылу энергетикасының дамуы» өңірлік бағдарламасы

  9. 2008-2010 жылдарға арналған Қостанай облысындағы тұрғын үй құрылысы өңірлік бағдарламасы

  10. «2008-2010 жылдардағы Қостанай облысының қоршаған ортасын қорғау» өңірлік бағдарламасы

  11. 2006-2010 жылдарға арналған Қостанай облысындағы жемқорлыққа қарсы күрес өңірлік бағдарламасы

  12. «2009-2011 жылдарға арналған Қостанай облысының облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ұстау және дамыту» өңірлік бағдарламасы

  13. «2008-2015 жылдарға арналған Қостанай облысының энергия сақтау» өңірлік бағдарламасы

  14. «2008-2010 жылдарға арналған Қостанай облысының тұрғын үй-коммуналдық саласын дамыту» өңірлік бағдарламасы

  15. 2008-2010 жылдарға арналған Қостанай облысының денсаулық сақтауын дамыту және реформалау өңірлік бағдарламасы

  16. 2007-2011 жылдарға арналған Қостанай облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың өңірлік бағдарламасы

  17. 2009-2011 жылдарға арналған құқық түсіндіру жұмыстары, құқық мәдениетінің деңгейін одан әрі дамыту, азаматтарды құқықтық тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі өңірлік бағдарлама

  18. 2010-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» өңірлік бағдарламасы

  19. Қазақстанның әлемнің 50 бәсекеге қабілетті елдерінің санына кіру шеңберінде Қостанай облысының бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясы

  20. Ұлттық деңгейдегі демеу қаласы шеңберінде Қостанай қаласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясы

Жалпы барлық бағдарламалар аяқталу сатысында, негізі барлық бағдарламалар бойынша бюджеттік қаражаттар игерілді, жоспарланған іс-шаралар іске асырылды.
3. ӨҢІРДІ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМДАУЫ
Бағдарламаның мақсаты облыстың өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу және осының негізінде тұрғындардың тіршілік деңгейін жоғарылату, өндірістік, еңбек және интеллектуалдық әлеуетті дамыту болып табылады.

Өңірлік проблемаларды шешу Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының, Елдің аумақтық-кеңістік дамуының болжамдық схемасының негізгі бағыттарын, мемлекеттік бағдарламаларды, әсіресе бекітілген 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны 2013 жылдың 1 тамыздағы № 607 өзгеріс мен толықтыру ескеріп, бағдарламалық-нысаналы әдіске негізделеді.

Қостанай облысы өңір тұрғындарының өмір сүруі мен жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға қабілетті, тартымды кәсіпкерлік ортасы бар және ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да үстеме құны жоғары бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруға бағытталған серпінді дамып келе жатқан әртараптандырылған экономикасы бар агроөнеркәсіп кешенінің даму деңгейі бойынша жетекші-өңір болады.
2015 жылы Қостанай облысы:

Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі 103,5% құрайды.

Тұрғындардың тұрмыс сапасы және әл-ауқаты өңір экономикасының өсуіне байланысты жақсаруда.

Өнеркәсіп

ЖӨӨ нақты аландауның 2015 жылға қарай, 2009 жылға қарағанда салыстырмалы деңгейіне – 125,2% өсуі.

ЖӨӨ-де өнеркәсіп үлесін 2015 жылы 31%-ға дейін ұлғайту (2009 ж. – 22,1%).

Өңірдің өнеркәсіп өндірісінің құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесін 2015 жылы 40%-ға ұлғайту.

Өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнiмдiлiгi 2015 жылға қарай 29,5 мың долл АҚШ/адам құрайды.

Агроөнеркәсіп кешені азық-түлік қауіпсіздігі, экономиканың әртараптануы және халықтың жұмыспен қамтылуын жоғарылатудың факторы ретінде дамитын болады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінің нақты көлем индексі 104,9 % құрайды.

Ішкі нарықтың азық-түліктік тәуелсіздігін қамтамасыз ету – 100%.

Аграрлық саланың экспорттық әлеуеті экспорттың жалпы көлемінде 2015 жылға қарай 22%-ға дейін ұлғаяды (2009 ж. – 20%).

2015 жылға қарай АӨК-дегі еңбек өнiмдiлігі 885,1 мың теңге/адам құрайды.

Шағын және орта бизнес, сауда

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруының нақты көлем индексі – 103,5%.

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі – 106,8%.

Шағын және орта бизнестің ЖӨӨ құрылымындағы 2015 жылға үлесі 19,5% (2009 ж. - 16%)



Инновациялар мен инвестициялар

Негізгі инвестициялардың жалпы көлемінде негізгі капиталға сыртқы инвестициялардың үлесі – 3,9%

Негізгі капиталға инвестициялардың ЖӨӨ-дегі үлесі 2015 жылға қарай 14% құрайды.

Инновациялық-белсендi кәсiпорындар әрекеттегі санынан үлесі 12,3% құрайды.



Еңбек қорларының сапасы облыстың тұрғындарын сапалы біліммен және жұмыспен қамтамасыз ету арқылы жақсарады.

Бiлiм жүйесi сапалы және қол жетімді болады.

Бірінші кезекте кадрлық әлеуетті дамыту жөніндегі шаралар есебінен және облыстағы орта білімде мамандандыруды дамыту есебінен орта білімнің сапасы әлемдік деңгейге жеткізіледі. ТжКБ мен орта білімнен кейінгі білім мамандар дайындап шығару құрылымы жағынан да, олардың білімдерінің сапасы бойынша да облыс экономикасының қажеттеріне лайықты болады, және облыс бизнесі кейпін өзгерту мен жаңарту үдерісінде белсене қатысатын болады.

2015 жылы жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесiн енгiзу.

Халық өмірінің туған кезінде күтетін ұзақтығы – 70,44 жыл

2015 жылы жұмыссыздық деңгейiн – 5,0% ұлғайту (2009 ж. – 6,3%).

Жұмысқа орналастыруға жәрдем сұраған тұлғалардан, жұмысқа орналасқан тұлғалардың үлесін 2015 жылы – 78,3% ұлғайту.

Халықтың өмір сүру сапасын жоғарылату халықты әлеуметтік қолдаудың біртұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру, денсаулығын жақсарту және қолдау арқылы жақсарады.

Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін (ДБҰЖ) енгізу аясында мыналар қамтамасыз етілетін болады:

емделушілердің дәрігер және дәрігерлік ұйымды еркін тандау құқықтары;

халыққа көрсетілетін дәрігерлік жәрдемнің сапасын жоғарылату;

тиімді дәрігерлік жәрдем көрсету және қаржыландырудың тиімді жүйесін құру арқылы халықтың денсаулығын жақсарту.

Облыстық қалалардың көп бейінді ауруханаларында көрсетілетін кардиохирургия, ортопедия-травматология, нейрохирургия, гематология, онкология, гастро-энтералогия және иммунобиологиялық, биохимиялық зертханалық диагностика бойынша емдеудің инновациялық әдістері әрі қарай дамитын болады.

Ауыл тұрғындарының дәрігерлік және дәрі-дәрмектік көмекке қол жетімділігін жақсарту мақсатында дәріханалар ашу жоспарланып отыр. Телемедицинаны әрі қарай дамыту және жылжымалы кешендерді енгізу жалғастырылады, бұл халыққа, оның ішінде ауыл тұрғындарына көрсетілетін дәрігерлік көмектің сапасын жақсартады және қол жетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Облыстық және республикалық бюджеттен берілген нысаналы ағымдағы трансферттердің есебінен облыстық дәрігерлік ұйымдарды материалдық-техниқалық жарақтандыру жақсарады. Дәрігерлік ұйымдар сапалы дәрігерлік жәрдем көрсету үшін қазіргі жоғары технологиялық дәрігерлік құралдармен жабдықталады. Емдеу-алдын алу ұйымдарының қызметшілері диагностика, емдеу және ауруларды сауықтырудың жаңа технологияларына үйретілетін болады. Өткізілетін нысаналы алдын-алу тексерулері, оның ішінде скринингтик тексерулер ауруды ерте кезеңдерде анықтауға және дер кезінде емдеуге және сауықтыруға мүмкіндік береді.

Өндірістік күштерді аумақтық орналастыру тірек-қала Қостанайда, шекара маңындағы және ауылдық аумақтарда дамитын болады.

Ауылдық аумақтарды дамыту әлеуметтік, инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым, көлік коммуникациялары объектілерін жөндеу және ауылдық елді мекендерді жайластыру, әлеуметтік сала мамандарын ауылдық жерге тарту есебінен ауыл тұрғындарының тірішілігін қамтамасыз ету шарттарын жақсату жолымен жүзеге асырылатын болады.



Экологиялық ахуал қоршаған табиғатты ұтымды пайдалану мен қамтамасыз ету және қоршаған ортаға экологиялық салмақты төмендету арқылы жақсартылады.

Атмосфераға зиянды заттарды шығарудың көлемдерін 2015 жылға қарай 10%-ға төмендету.

Ормандарды және орман шаруашылығын қайта өндіруді 2015 жылға қарай – 1,2 гектарға ұлғайту.

Электр және жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және телекоммуникациялық дамудың жағдайын жақсарту арқылы даму инфрақұрылымының деңгейін жоғарылату.

Қалпы жақсы және қанағаттандыратын жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 2015 жылға қарай 62% дейін (2009 ж. – 46%).

Облыс дамуының басты стратегиялық мақсаты тұрақты өткізу нарықтары бар ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілетті индустриялық және агроөнеркәсіптік кешенді қалыптастыру болып табылады.

Өңірдегі басты мақсатты іске асырудың маңызды нәтижесі халық әл-ауқатының жоғары деңгейін, денсаулық сақтауда, әлеуметтік қамтамасыз етуде, білімде, мәдениетте, спортта өмір сүру сапасының, көлік инфрақұрылымының және қолайлы тұрғын үйдің жоғары стандартарын қамтамасыз ететін серпінді дамып жатқан, теңгерімделген және бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру болып табылады.

Бағдарламаны орындаудың әр кезеңінде оны іске асырудың құралдары Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша Іс-шаралар жоспары, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың бизнес-жоспарлары мен жобалары болып табылады. Үстеме құны өте жоғары жеке салаларды басым дамыту үшін жағдайлар, сондай-ақ сарапшылар өсімнің барынша жоғары қарқындарын болжап отырған салалардың басым дамуы үшін ұйымдастыру-экономикалық алғышарттарын тиімді әкімшілеу және жасау. Дамудың бюджеттік қаражаттарын тиімді пайдалану.


4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕРДІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ
1-бағыт: Экономика

Өңірлік макроэкономика
1-мақсаты: Өңірлік деңгейде экономикалық саясатты іске асыруды қамтамасыз ету

р/с



Нысаналы индикаторлар

Өлш. бірл.

2011

2012

2013

2014

2015

Жауапты орындау-шылар

1

Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі, өткен жылға қарағанда %


%

115,7

107,0

106

103,6

103,5

КжИИДБ, ЭБЖБ

1-міндет. ЖӨӨ нақты өсуін қамтамасыз ету.

р/с №

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

Өлш. бірл

2011

2012

2013

2014

2015

Жауапты орындау-шылар

1.1

2009 жылғы деңгейге қатысты ЖӨӨ нақты түрдегі өсуін қамтамасыз ету


%

117,7

110,1

116,7

120,9

125,2

КжИИДБ, ЭБЖБ, АШБ

2-міндет. Халықтың әл-ауқат деңгейін арттыру

р/с №

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері


Өлш. бірл

2011

2012

2013

2014

2015

Жауапты орындау-шылар

1.1

Номиналды ақшалай табыстардың индексі

%

122,8

107

107

107

107

ЖҚҮжӘББ

3-міндет. Инфляцияның деңгейін жылына 6-8% деңгейде ұстау

р/с №

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

Өлш. бірл

2011

2012

2013

2014

2015

Жауапты орындау-шылар

2.1

Кезеңнің аяғына, өткен жылдың желтоқсанына инфляция деңгейі

%

106,8

107

107

107

107

КжИИДБ, ЭБЖБ

Қол жеткізу жолдары:

Облыс экономикасын дамытудың болжамдық параметрлеріне қол жеткізу жөніндегі облыстық басқармалардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының талдауы мен мониторингі.

Негізгі тұтыну тауарлары мен қызметтерге арналған баға мониторингін өткізу.

Облыс өңірлері шеңберінде бағаларларды және тарифтерді талдау.
Өнеркәсіп

2-мақсат: Бәсекеге қабілетті өндірістердің өсуін қамтамасыз ететін, индустриалды кешеннің дамуы

р/с



Нысаналы индикаторлар

Өлш. бірл.

2011

2012

2013

2014

2015

Жауапты орындау-шылар

2

Өңдеу өнеркәсібі өнімдерін шығарудың нақты көлем индексі

%

102,5

107

107,2

107

107,5

КжИИДБ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет