БАҒдарламасы қостанай, 2015 жыл мазмұНЫ


Ағымдағы және әлеуетті проблемалар



бет7/17
Дата23.02.2016
өлшемі3.03 Mb.
#11550
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

Ағымдағы және әлеуетті проблемалар

Аумақтың экономикасы шикізат пен металлдар бағаларына әлемдік конънктурасынан дамуының жоғары тәуелділігі;

Өнеркәсіп құрамында тау-кен өнеркәсіптің үлкен үлесі.
Даму беталысы

Құрылыс материалдар өндірісті, металлургияны дамыту үшін бай минералдық-шикізат базасының бары;

Отандық таурлар өндірушілердің сыртқыэкономикалық қолдауы. предназначенных для реализации в других регионах РК и странах ЕАЭП.
Инвестициялық қызмет

Қостанай облысы бойынша 2012-2014 жылдардағы негізгі капиталға инвестицияларды талдау көрсеткіште жыл сайынғы өсу қарқыны бар екенін көрсетіп отыр.

2014 жылы инвестициялар 2012 жылмен салыстырғанда 16,6-ға ұлғайып, 190929 млн. теңге, нақты көлем индексі – 101,0 құрады (республика аймақтардың арасында 12 орын). Республика бойынша бұл көрсеткіш – 103,9.

Облыс инвестицияларының үлесі республика көлемінде 2010 жылғы 2,6-дан 2014 жылы 2,9-ға өсті (РК негізгі капиталға инвестициялар көлемі – 6574,7 млрд. теңге).

2014 жылы инвестициялар 2012 жылмен салыстырғанда 27175 млн. теңгеге өсті (163754 млн. теңге).

2012-2014 жылдары экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға инвестициялар мынадай салалар бойынша ұлғайды:

өңдеу өнеркәсібінде 13 млрд. теңге (2012 ж. – 13,5 млрд. теңге, 2014 ж. –26,5 млрд. теңге);

сумен жабдықтауда 8 млрд. теңге (2012 ж. – 6,4 млрд. теңге, 2014 ж. –14,4 млрд. теңге;

тау-кен өнеркәсібінде 700 млн. теңгеге төмендеді (2012 ж. – 56,4 млрд. теңге, 2014 ж. – 55,7 млрд. теңге);

Негізгі капиталға инвестициялардың негізгі қайнар көзі кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың меншікті қаражаттары болып табылады. Осы қайнар көздің инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 2014 жылы 64,1% құрады. Тартылған қаржат есебінен – 5,9, банк кредиттері – 5,3%. Бюджетік қаражаттар есебінен инвестициялардың үлесі 24,7% құрады.

2014 жылы негізгі капиталға салымдардың басым бөлігі өнеркәсіпке – 106,3 млрд. теңге (негізгі капиталға ивестициялардың көлемінен 55,6%) бағытталды, оның ішінде тау-кен өнеркәсібіне – 55,7 млрд. теңге (29,2%), өңдеу өнеркәсібіне – 26,5 млрд. теңге (13,9%), электрмен жабдықтау, газ беру, бу және ауа реттеуге 9,6 млрд. теңге (5%), сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қоқыстарды жинақтау мен таратуды бақылауға – 14,4 млрд. теңге (7,5%). Ауыл, балық және орман шаруашылығына инвестициялар – 19,5 млрд. теңге (10,2%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға – 19 млрд. теңге (10%), көлік және жинақтауға – 29 млрд. теңге (15,2%), білім саласына 4,3 млрд. теңге (2,3%) құрады.

2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы облыс аудандарында (Жангелді-41,5%, Қарасу-43%, Алтынсарин-50,9%, Қостанай-57%, Денисов-57,3%, Қарабалық-58,3%, Рудный-61%, Федоров-90,2%, Әулиекөл-98,1%) ауыл шаруашылығына арналған инвестициялары төмендеді, оның нәтижесінде «Ауыл шаруашылығына инвестициялардың нақты көлемі индексі» көрсеткіші қол жеткізілмеді.

25-кесте

Негізгі капиталға инвестициялар




2007ж

2008ж

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

2013ж

2014 ж.

Инвестициялар барлығы, млн. теңге

























Қазақстан Республикасы

3392122

4210878

4585298

4653528

5010231

5473161

6072687

6574689

Қостанай облысы

96418

108694

122204

120850

150730

163754

180419

190929

Үлес %-бен

2,6

2,6

2,6

2,6

3,0

3,0

3,0

2,9

Инвестицияларының жалпы көлемі 431,7 млрд. теңге, 88 объект қамтитын (индустрия-31 жоба, АӨК-57 жоба) индустриаландыру Картасының шеңберінде жобаларды іске асыратын кәсіпорындар инвестицияларды игеруге белгілі бір үлестерін қосады.

Қазақстанның Индустриаландыру картасын іске асырған кезеңде облыста 101,2 млрд. теңге сомасына 69 объекті пайдалануға беріліп, 4,3 мың жаңа жұмыс орындары құрылды.

2014 жылы 455 жұмыс орнын құрып, 14,5 млрд. теңге сомасына 8 объект енгізілді.

2014 жылдың қорытындылары бойынша 2010-2013 жылдары пайдалынамға енгізілген 69 объектілерден 100% –ғы жоспарланған күштілігіне 55 кәсіпорын жетті (80%), 50%-дан 90 дейін 12 объект.

2015 жылы 16,9 млрд. теңге сомасына 654 жұмыс орын құрумен 3 инвестициялых жобалар жоспарлануда.


Инновациялық даму

2014 жылдың қорытындылары бойынша облыстың 204 шаруашылық субъектісінде технологиялық инновация болды (2013 ж. – 164 кәсіпорын), 24,4%-ға ұлғайды.

Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 2012 жылы – 14,1, 2013 жылы – 11,8 жылы – 13,6% құрады.

24-кесте


Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің негізгі көрсеткіштері




2012ж

2013ж

2014ж

Зерттеулер мен әзірлемелер

329,9

445,3

574,0

Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің деңгейі, %

14,1

11,8

13,6

Инновациялық өнім көлемі, млн. теңге

29769,7

35728,9

57633,9

2014 жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарына жұмсалған ішкі шығындары 2013 жылмен салыстырғанда 28,9-ға, 2012 жылмен салыстырғанда 74%-ға ұлғайып, 574,0 млн. теңге құрады. Ішкі шығындардың жалпы көлемінде іргелі зерттеулер – 2,8 және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарына – 10,3 құрады.

Облыста ірі кәсіпорындардың арасынан ең жоғары инновациялық белсенділікті танытқандар 39,7 құрады. танытқан ең (есеп берген 121 ірі кәсіпорындардың 48-і инновациялық қызмет атқаруда).

Инновациялық өнімдер көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 93,6%-ға, 2013 жылмен салыстырғанда 61,3%-ға өсіп 57633,9 млн. теңге құрады, және оның ішінде 38143 млн. теңге сомма көлемінде өнім өткізілді. Экспортқа қойылған инновациялық өнімнің көлемі 2869,8 млн. теңге құрады.

2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда өнімдік және процесті инновацияларға шығындар 68,6%-ға ұлғайып, 26991,6 млн. теңге құрады (2013 жылы – 16011,1 млн. теңге). Бұл ретте, кәсіпорындардың меншікті қаражаты 4081,7 млн. теңге және инновациялық қызметті атқарудағы жалпы шығындар көлемінен 15,1 құрады.

Ішкі шығындарды қаржыландыру көздердің құрамында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарына тартылған қаражат есебінен – 91,9, меншіктік қаражат есебінен – 8,1.

2014 жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарымен 565 маман, олардың ішінде 419 адам зерттеуші-мамандар айналысты. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын орындайтын ғылым докторларының саны – 29 адам, ғылым кандидаттарының саны – 167 адам және магистрлер саны – 60 адам.

Инновациялардың өңірлік офисін, сондай-ақ Инвесторлардың қызмет көрсету орталықтарын (бұдан әрі – Орталық) құру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес облыс кәсіпорындарының, өнертапқыштар мен ЖОО ғылыми қызметкерлерінің инновациялық қызметін белсендіру мақсатында «Тобыл» ӘКК» АҚ құрылымында 2012 жылдың сәуірінде ақпараттық насихаттау шараларының кешенін жүзеге асыратын, кеңес қызметтерін, облыс аумағына жобаларды іске асыруға инвесторлар іздеу және тарту қызметтерін көрсететін Инвестицияларды тарту және инновацияларды қолдау орталығы құрылды.

Тау-кен өнеркәсібі облыс экономикасының жалпы жағдайын анықтап, және облыс өнеркәсібінің құрылымында 50-дан астам үлесін құрайды.

Соңғы жылдары облыста өнеркәсіптің өңдеу салаларының дамуы байқалады.

Өңдеу өнеркәсібіндегі көлемлердің ұлғаюы, тамақ өнеркәсібі саласына, машина жасау, металлургия, басқа да металл емес минералды өнімдер өндірісі саласына әсерін тигізеді.

Сонымен бірге, облыстың жалпы өндіріс көлемінде бір пайыздан аз үлес құрайтын өңдеу өнеркәсібінде бірнеше сала түрі бар, оларға: химиялық өнеркәсіп өнімдері, қағаз және қағаз өнімдері, жеңіл өнеркәсіп және т.б. өндірісі.



Ағымдағы және әлеуетті проблемалары

  • Өндірістің тиімділігін арттыруын тежейтін, жабдықтардың тозу

деңгейінің жоғарылығы.

  • Бар өндірістік алымдылықты толық пайдаланбау.

  • Шамалы инвестициялық тартымдылық және кәсіпорындардың айналым қаражаттардың тұрақты тапшылығы

Облыс кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі, негізінен, өнімдік және процестік инновациялармен құрылған. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың өткізілген инновациялық өнімдер арасында жаңадан енгізілген немесе едәуір технологиялық өзгерістерден өткен өнім түрлері айтарлықтай үлес құрайды.

Технологиялық инновацияларға арналған күрделі және ағымдағы шығындар басқа да технологиялық шығындарға, машина және жабдықтар сатып алуға, жаңа өнімдерді зерттеу және әзірлеуге, жаңа технологияларды сатып алуға жолданды.

Кейінгі жылдары, өңдеу саланың даму проблемаларын ескере отырып, инновациялық белсенділікті жаңадан енгізілген өнім, машина және жабдықтар сатып алу және «ноу-хау» енгізу есебінен де жоғарылату жоспарланып отыр.

Даму беталысы

Аймақтың инновациялық және инвестициялық тартымдылықтың дамуына себепші болатындар:



  • Индустриалдық аймақты құру;

  • аймақтық, республикалық және халықаралық іс-шараларда қатысу;

  • инвестициялық және инновациялық жобалар дерекқордың құрылып, үнемі жаңарып отыруы;

  • сұхбаттық алаңын ұйымдастыру.

  • бірыңғай ғылыми орталығын құру


Жергілікті қамтуды дамыту

Облыс аумағында өнімдердің ірі тізімі шығарылады: (астық, ұн, жарма, сүт және ет өнімдері, өсімдік майы), машинажасаудың (қосалқы бөлшектер, егін орғыштарды, тракторларды, комбайндарды жинау, маневрлық тепловоздарды жөндеу), жеңіл өнеркәсібінің (арнайы киімдер, трикотаж бұйымдар, аяқ-киім), тамақ өнеркәсібінің, көмір, темір кені, асбест, бокситтер өндіріледі.

Арнайы киім, ұсталық бұйымдар, оттегі сияқты тауарлар, кейбір құрылыс материалдары, баспа және бланктік өнімдер сияқты тауарлар жергілікті жеткізушілерден сатып алынады. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау обьектілері үшін азық-түлік өнімдері негізінде жергілікті жеткізушілерден сатып алынады.

Қостанай облысынан жүйе құрылатын кәсіпорындарының тізбесіне 7 кәсіпорын кірді («АгромашХолдинг» АҚ, «Дормаш» ЖШС, «Большевичка» ӨК, «СарыркаАвтоПром» ЖШС, «Қостанай-МБИ» ЖШС, «Қарасу Ет» ЖШС, Костанайский мелькомбинат» АҚ).



«NАDLОС» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ» берілген ақпаратына сәйкес 2014 жылдың қорытындылары бойынша жүйе құратын кәсіпорындарының сатып алуында жергілікті маңызы үлесі тауарларда-0,3%, жұмыстарда-95,8%, қызметтерде-76,3% құрады.

Облыста 3,6 млрд. теңге сомасына 200 меморандумға қол қойылды.

Отандық өндірушілерге көмектесіп ҚР индустрия мен жаңа технологиялар Министрлігі «Казахстанское содержание» Интернет-порталы құрады (www.ks.gov.kz). Портал Бірыңғай автоматтандырылған программа-техникалық жиынтығын құру, Қазақстандық тауар өндірушілерінің тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай реестрін жүргізу, өндірілген өнімінің каталогын жүргізу және сатып алу жоспарларын көру үшін арналған.

Қостанай облысында өндірілетін бәсекеге қабілетті тауарларды ішкі нарыққа жылжыту мақсатында кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады. Өңірдің кәсіпорындары өңірлік және респуликалық формудар мен көрмелерге қатысады.



Ағымдағы және әлеуетті проблемалары

Өнім шығарушы зауыттардың болмауы (кеңсе, шаруашылық тауарлары, тұрмыстық және компьютерлік техника, медициналық жабдықтар, арнайы көлік, сонымен қатар кейбір азық-түлік тауарлары және т.б.) болып табылады. Сондай-ақ, Қазақстанның аумағында шығарылған немесе өндірілген азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың, электр энергиясының, судың және басқа да тауарлық өнімдердің басқа түрлерін жеткізетін жеке жеткізушілер қазіргі уақытта СТ-KZ пішіміндегі сертификаттарды алған жоқ.

Сондай-ақ, жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесіне сәйкес жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде жергілікті қамтудың мардымсыз пайызы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсету кезінде және жергілікті қамтуды есептеу кезінде импорттық өндіріс тауарлары (қазақстанда өндірілмейтін құрылыс материалдары, арнайы жабдықтар, ұйымдастыру техникасы және т.б.) пайдаланылатынымен негізделеді, тапсырыс берушілер жергілікті қамту үлесін жеткізушіде СТ-KZ пішіміндегі сертификаты болған жағдайда ғана көресете алады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектісі үшін СТ-KZ сертификатын алу уақытша да, қаржылық та шығындармен байланысып жатыр. Осыған байланысты, сертификат 1 жыл әрекет етеді, кәсіпкер жыл сайын оны алу шығындарын тартады. Негізінен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің көрсетілген себептер бойынша (жеткізушілер өз азық түлік тауарларын қайта өңдеуге) сертификат алуға қызығушылықтары жоқ.



Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету

Облыста 592 ауылдық елді мекендерінен 68 АЕМ-де ауыз сумен жабдықтаудың сыртқы көзі, 523 АЕМ-де жерастылық, 1 АЕМ-де жерастылық және сыртқы көздері бар.

Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету:

-орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесінен 163 АЕМ немесе АЕМ жалпы санынан 27,5%-ы;

-сумен қамтамасыз етудің орталықтандырылмаған жүйесінен 386 АЕМ немесе 65,2%-ы;

-басқа жақтан келтірілген сумен 43 АЕМ-де немесе 7,3%.

Сумен жабдықтау проблемасын шешу үшін облыста жыл сайын мемлекеттік бюджеттен су объектілерінің құрылысы мен қайта жаңғыртуға қаражат бөлінеді.

Газбен жабдықтау

2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша аудандардың 58 ауылдық елді мекені: Алтынсарин, Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Қамысты, Қостанай, Таран аудандары табиғи газбен қамтамасыз етілген. Газбен жабдықтау 2011 жылмен салыстырғанда (53 АЕМ) 9,4%-ға жақсартылды немесе тағы 5 АЕМ қосылды.

23 ауыл газбен 100% қамтамасыз етілген, оның ішінде: Денисов ауданының 10 селосы, Таран ауданының 5 селосы, Қарабалық ауданының 4 селосы және Жітіқара аудандарының 1 селосы, ал ауылдардың көбісі газдандырылмаған және сұйытылған газды пайдаланады.

2014 жылы облыста «Рудный қ.-Қашар к.-Федоров с.» магистралдық газ құбырының құрылысы жүргізілуі жалғастырып жатыр, бұл әрі қарай Федоров ауданының елді мекендерін газдандыруға мүмкіндік береді.



Ауыл балаларын мектептермен қамтамасыз ету

Жалпы білім беретін мектепсіз ауылдық елді мекендердің саны 160 АЕМ құрады, оның ішінде: 40-да – мектеп жасындағы балалар жоқ, 14-і – жақын жатқан мектепке дейін 3 км қашықтықта орналасқан (оған орта және жоғары сыныптардың балалары өз беттерімен барады).

Жақын маңдағы мектептерге 3 км астам жерде орналасқан елді мекендерде тұратын 846 оқушылар үшін 29 интернатта өмір сүру ұйымдастырылған, туыстардың пәтерлерінде 55 бала.

Денсаулық сақтау

2015 жылдың 1 қантарына облыстың 480 ауылдық елді мекендердің аймағында 485 медициналық ұйым жұмыс істейді, оның ішінде: 15 орталық аудандық аурухана, 3 мамандандырылған аудандық аурухана, 2 ауыл аурухана, 45 дәрігерлік амбулатория, 71 фельдшер-акушерлік мекен және 349 медициналық мекен.

112 ауылдық елді мекенде денсаулық объектілер жоқ, олардың ішінде: тұрғындарының саны 50 адамнан аспайтын 45 село, жақын маңдағы медициналық мекемеге дейін арақашықтық 5 км аспайтын, тұрғындарының саны 50 көп 40 АЕМ-де медициналық мекеме қажет емес.

Мәдениет және спорт

397 ауылдық елді мекендердің аймағында 677 мәдени объект бар (оның ішінде 291 клуб (279 жұмыс істейтін), 381 кітапхана, 5 мұражай.

350 ауылдық елді мекендердің аймағында келесі спорттық объекттер бар: 15 ДЮСШ, 25 стадион, 21 жабылған спорттық кешен, 471 спорттық зал, оның ішінде 373 жалпы білім беретін мекемелерінде, 5 бассейн, 12 шаңғы база.

Мәдениет объектілерінің толық қызмет етпеуінің жалпы проблемалары ауыл тұрғындарының аздығы, шалғайда жатқан ауылдарды мәдени-ағарту іс-шараларымен қамтамасыз ету үшін автокөліктердің, сонымен қатар мәдениет мекемелерін қалпына келтіруге, тарих және мәдениет мүсіндерін қалпына келтіруге, мәдениет объектілерінің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етуге бюджеттік қаражаттар мен шаруашылық субъектілерінің қаражаттарының жетіспеушілігі.

Өңірдің аумақтық-кеңістіктік даму мониторингін жүргізу үшін орналастыру өлшемдерінің қатарын анықтау қажет. Орналастырудың белгілі өлшемдерін іріктеудің кешенділігі өңірлердің өндірістік мамандандыру, аумақтық ұйымдар, қалаға шоғырлану деңгейі бойынша және қоныстанудың қалыптасқан ұлттық дәстүрлері бойынша үлкен айырмашылықтарымен негізделеді.

24-кесте


Ауылдық және шекара бойындағы аумақтарында халықтың санын өсу




Халықтың санының өсуі

Өлшем бірлігі

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Демеу АЕМ

мың адам

52,749

52,922

53,725

54,570

55,520

56,500

56,6

2

Соның ішінде, шекара бойын-дағы аймақтарын-да орналасқан демеу АЕМ

мың адам

7,961

7,982

8,1

8,03

8,05

8,06

8,07

Саланың дамыту SWOT-талдауы:




Күшті жақтары (S):

1.Ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолайлы топырақтық-ауа-райылық жағдайлар;

2.Іргелес аумақтармен сауда мен іскер қатынастарды жетектеу мүмкіндік беретін географиялық жайғастыруы.


Әлсіз жақтары (W):

1.Әлеуметтік инфрақұрылым объектілердің жүйесін дамытудың жеткіліксіз деңгейі;

2.Адам басына шаққанда кірістердің аймақтық әркелкі таралуы;

3.Білім, денсаулық сақтау, мәдением және спорт қызметтеріне әркелкі қолжетімділігі кісілік потенциалдың деңгейін елді мекендерде төмендетеді.



Мүмкіндіктері (O):

1.Демеу және басқа еслді мекендердің потенциалын дамыту;

2.Туристік саланы және шекара бойындағы сауданы дамыту;


Қауіп-қатерлері (T):

1.Халық санын төмендету.





2.1.2. Әлеуметтік саласы

Білім беру

Білім беру саласында компьютерлермен, жаңа үлгідегі кабинеттермен және кең жолақты Интернетпен жарақтандыру негізінде мектептердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі деңгейлерін арттырудың тұрақты қарқыны байқалып отыр, бұл қызмет алушыларының сапалы білімге қол қол жеткізуін арттырады.

Техникалық және кәсіби білім беретін объектілердің қатары және оларда білім алушылар санының ұлғаюы облыс экономикасының әр саласын білікті кадрлармен қамтамасыз етуді арттырады. Кәсіптік лицейлер мен колледждер жұмыспен қамтамасыз етілген түлектері санының өсуі өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге көмектеседі.

Облыста балаларды мектепке дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтуды өсірудің тұрақты қарқыны байқалуда. Облыста мектептерді мақсатты ағымдағы және күрделі жөндеу, жаңарту, осы заманғы нормаларға сай мемлекеттік тілде оқыту үшін жағдай жасалған жаңа мектептер салынуда.



Мектепке дейінгі білім беру

Облыста мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жалпы саны (бұдан әрі – МДБҰ) 2015 жылдың 1 қаңтарына 639 бірлікті құрай отырып, 2012-2014 жылдары 6 бірлікке ұлғайды.

Облыста бала бақшаға баратын балалардың жалпы саны 2012-2014 жылдары 2556 балаға ұлғайып, 2015 жылдың 1 шілдесіне 22068 адам құрады.

0 ден 7 жасқа дейінгі балалардың саны 72150, оның ішінде ауылдарда – 35290 бала құрайды. Облыста 166 балабақша, 472 шағын орталық бар, балаларды мектепке дейін тәрбиелеумен және оқытумен қамту 2012 жылмен салыстырғанда 1,4%-ға төмендеді.

31 балабақшада тәрбиелеу және оқыту қазақ тілінде жүреді, олардың 16,8%-ын (3525) 1-ден 6 жасқа дейінгі қазақ балалары қамтиды.

2015 жылдың 1 шілдесіне облыс бойынша 166 ББ-да және 472 шағын орталықта 35459 бала, оның ішінде бала бақшаларда – 22068, шағын орталықтарда – 13391 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі біліммен 35,4 мың бала қамтылды немесе 90,6% (республика бойынша – 52,3%). Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-аналарға арналған 87 кеңестік пункт қызмет етеді.

2015 жылдың 1 шілдесіне бала бақшаға бару үшін кезекте тұрған балалардың саны 24242 адам құрайды. Бала бақшаға бару үшін кезекте тұрған балалардың үлкен саны Қостанай қаласында – 10200 бала, Рудныйда – 5086 бала, Арқалықта – 2220 бала, Лисаковта – 1322 бала, Қостанай ауданында – 1548 бала байқалады.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыста 28 бала бақша ашылды.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласында облыста балаларды мектепке дейін тәрбиелеумен және оқытумен қамту деңгейімен, МДБҰ-ның қызметкерлермен қамтамасыз етілуі деңгейінің ұлғаюымен көрініп отырған оң серпін байқалып отыр. Сол сияқты, қалалық жерлерде МДБҰ-ның жетіспеушілігі, топтардың көбеюі және мұғалімдер мен тәрбиешілерге түсетін өте ауыр жүктеме бұл облыстағы өңірдің басты проблемалары болып табылады. Сонымен қатар, өңірде қызмет көрсетудің сапасына жүзу бассейндері, спорт және музыка залдары сияқты осы заманғы мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту қызметтерінің ажырамас атрибуттарымен МДБҰ-ны жеткіліксіз қамтамасыз ету сияқты шектеуші факторлар әсерін тигізеді.

2014-2015 жылдары жалпы контингенті 99793 оқушыны құрайтын 565 мектеп (2013-2014 жылдары – 572 мектеп) жалпы орта білімді іске асырды.

Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде 13409 педагог, олардан 11415– жоғары білімі барлар. 2014-2015 жылдардың басында мектептерге 598 жас маман келді.
Саланың дамыту жағдайын SWOT-талдауы:


Күшті жақтары:

1.Облыс бойынша МДБҰ желісін кеңейту;

2.Мемлекеттік-жеке әріптестіктің шеңберінде МДБҰ орындарын кеңейту


Әлсіз жақтары:

1.Облыстың қалаларында МДБҰ-ның жеткіліксіз желісі;

2.Бала бақшаға бару үшін кезекте тұрған балалардың үлкен санының қалаларда (Қостанай, Рудный, Арқалық және Лисаковск) және ірі елді мекендерде (Қостанай және Әулиекөл аудандарында) сақталуы;

3.МДБҰ ақпараттандырылуының әлсіз дамығандығы; МДБҰ материалдық-техникалық базасының ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрығымен бекітілген нормативтеріне толық көлемде сәйкес келмеуі.



Мүмкіндіктері:

1.Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтуды 100%-ға дейін жеткізу мақсатында осы заманғы МДБҰ құрылысын бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және жеке қаржыландыруды ынталандыру;

2.МДБҰ материалдық-техникалық базасын нығайту саласында мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту (ғимараттарды күрделі жөндеу, оқу орындарын арнайы жабдықтармен және мүліктермен жарақтандыру);

3.Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласында, оның ішінде жұмыс істеу және тұру үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатымен жас мамандарды тарту және оларды қолдау шараларының жүйесін әзірлеу;

4.Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қызметтерін ұсынатын мекемелерге қойылатын талаптарды қанағаттандыратын үкіметтік емес коммерциялық ұйымдармен (бұдан әрі – ҮКҰ) институтционалдық әріптестікті дамыту.

5.Жеке сектормен инвестициялық әріптестікті дамыту: «әлеуметтік жүктемесі» бар, яғни балабақша, емхана сияқты т.б. әлеуметтік бағдарланған объектіні жобада қарастыру міндеттемелерімен коммерциялық ғимараттардың немесе тұрғын үй кварталдарының құрылысына қалалық қордан жер участкелерін бөлу нұсқауын пайдалану;

6.Тиісті қызмет өтілі бар жеке мекемелерден немесе коммерциялық емес ұйымдардан (әлеуметтік тапсырыс), болмаса біліктілік әлеуетін растаған үкіметтік емес ұйымдардан (бұдан әрі – ҮЕҰ) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қызметтерін сатып алуға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту;

7.Соңғы ыңғайлы жағдайларда жұмыстың және өңірдің ерекшеліктеріне бағдарланған арнайы бағдарламаны әзірлеу негізінде тұрудың нақты қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласына білікті мамандарды тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру.




Қауіп-қатерлері:

1.Аймақтар бойынша балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтуының әркелкілігі;

2.Өз кезегінде мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласында қосымша (инновациялық) қызметтерді ұсынатын БМДБҰ халықтың таңдауын шектейтін қолданыстағы жеке МДБҰ санын қысқартуды бір қалыпта ұстайтын өңірлік жеке сектордың және ҮКҰ өкілдерінің төмен әлеуеті (қаржы ресурстарының, жұмыс өтілінің, педагогикалық құрам қызметіне тарту және уәждеменің тиімді сұлбаларының жетіспеушілігі);

3.Облыстық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаражаттардың шектілігі облыстағы МДБҰ нашар материалдық-техникалық базаны негіздейді, атап айтқанда МДБҰ қатарында спорт залдарының, жүзу бассейндерінің, музыка залдарының жоқтығы балалар денсаулығын нығайту және сол балалардың арасында салауатты өмір салты насихаттау мүмкіндігін төмендетеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет