Бағдарламасы пән: «Әлеуметтік психология»



бет7/8
Дата27.03.2023
өлшемі151.5 Kb.
#471166
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
1 ӘЛЕУМ ПСИХ ОБ 2014 2015

Тақырып 24. Шағын топта қалыптасқан өмірлік іс-әрекеттің әлеуметтік психологиялық аспектілері.
Топ бірлескен іс-әрекет субьектісі ретінде (Г.М.Андреева, А.В.Петровский). Жетекшілік пен лидерлік топтың өмірлік іс-әрекеті процестерін басқару феномені ретінде. Лидерлік табиғатын әлеуметтік –психологиялық ерттеудің негізгі теориялық бағыттары. Менеджменттің әлеуметтік психологиялық аспектілері. Топтық шешім қабылдау процесі. «Топтардың полиризациясы» құбылысы. Топтық пікірталас, «Бреинсторминг» топтық шешім қабылдау тиімділігін арттыру әдісі ретінде. Шағын топ типтері мен олардың тиімділік критерийлері.
Тақырып 25. Топаралық қатынастар психологиясы.
Топ аралық қатынас психологиясын зерттеудің мотивациялық «З.Фрейд, Д.Долларды, Н,Миллер, Т.Адорнно» ситуациялық (М.Шериф) және когнитивті (А.Тэпфел, дж.Тернер, В.Дуаз) және іс-әрекеттік (В.С.Агеев) бағыттары. «Топ аралық дискриминация», «Топ ішілік фаворитизм» әлеуметтік психологиялық феномен ретінде. Топаралық қатынас және әлеуметтік әділеттілік мәселесі.
Тақырып 26. Этностық стереотип түсінігі.
Этносаралық қабылдаудың әлеуметтік психологиялық заңдылықтары және олардың ұлтаралық қатынастардың дамуындағы рөлі. Этностық стереотип түсінігі. Этнопсихологиялық феномендерді талдаудағы салыстырмалы мәдени бағыт.
Тақырып 27. Үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық сипаттамалары.
Әлеуметтік психологиядагы үлкен топтардың тсориялық және әдістемелік принцптері, мәселелері. Үлкен әлеуметтік топтардың жіктелуі. Ұйыдастырылған табиғи (тобыр, демонстрация және т.б.) және жартылай ұйымдасқан уақытша (публика, митинг, аудитория және т.б.) үлкен топтардың өмірлік іс-әрекетінің психологиялық аспектілері. Ұйымдасқан тұрақты үлкен топтар (әлеуметтік класс, этнос, қабат, кәсіби топтар, саяси партиялар т.б.) психологиясының құрылымы. Жеке адамның ұлттық сана-сезімінің ерекшелігі мен өмірлік бейнесі. ситуацияларындағы жүріс- тұрысының психологиялық мәселелері.
Тақырып 28. Әлеуметтік жүріс-тұрыстың этномәдени варианттылығы.
Этноцентризм мен этносаралық киілжіңдердің әлеуметтік-психологиялық аспектілері. Саяси әлеуметтену мен бұқараның таңдау.
Тақырып 29. Әлеуметтік психологиядағы теориялық және қолданбалы білімдердің арақатынасы.
Қазіргі кездегі қолданбалы әлеуметтік-психологиялық зерттеулерге деген қызығушылықтың артуы. Әлеуметтік психологиядағы қолданбалы зертеулердің негізгі аймақтары: а) Бірлестіктегі әлеуметтік-психология; ә) Бұқаралық комуникация жүйесінің әлеуметтік-психологиялық аспектілері; б) Құқыққа қарсы жүріс-тұрыстың әлеуметтік психологиялық аспектілері; в) Жанұя қызметінің әлеуметтік психологиялық аспектілері; г) Жарнаманың әлеуметтік психологиялық аспектілері; ғ) Басқару мен менеджменттің әлеуметтік психологиялық аспектілері.
Тақырып 30. Қолданбалы психологиялық зерттеулерді орталықтандыру үшін психологиялық қызмет.
ЖОО мен мектептегі әлеуметтік психологиялық қызмет. Шығармашылық пен өнердің әлеуметтік психологиялық аспектілері. Саясаттың әлеуметтік психологиялық аспектілері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет