Бағдарламасы пән: «Әлеуметтік психология»



бет2/8
Дата27.03.2023
өлшемі151.5 Kb.
#471166
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
1 ӘЛЕУМ ПСИХ ОБ 2014 2015

БАҒДАРЛАМА МАЗМҰНЫ


Тақырып 1. Әлеуметтік психологияның пәні, оның адам және қоғам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орны.
Әлеуметтік психология ғылыми білім беру жүйесінде алатын өзіндік орны бар. Бұл пән психология және социология ғылымдары негізінде пайда болып, өзіндік статусы бар әлеуметтік психология. Осының бәрі пәнді анықтауда біршама қиындықтар туғызады. Әлеуметтік психологияға – сұраныс қоғамдық өмірдің барлық саласында қажет етіліп, оның саналы басқару процесі күннен күнге қажеттілік тұтынылып отыр. Осы практикалық сұраныстар әлеуметтік психологияда теориялық білімді дамытуды қажет етеді. 50-шы жылдың аяғы мен 60-шы жылдың басында әлеуметтік психология екі сатыдан өтеді. Әлеуметтік психология пәні туралы сұрақ үш амалдан құралды. Әлеуметтік психологияның міндеті – қоғам мәселесі.
Тақырып 2. Әлеуметтік-психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы.
Әлеуметтік психологияның пайда болуы. Әлеуметтік психологияның тарихы ғылым ретінде өте жас. Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде бөлініп шығуы. Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде пайда болуы 19 ғасырдың ортасындағы кезең қарастырылады. Социология саласында - әлеуметтік психология біліміне қызығушылық қалыптасты. Социологияның өзі 19-ғасырдың ортасында өзіндік ғылым ретінде бөлініп шықты. Әлеуметтік-психологиялық теорияларының үш түрі болды. Жиырмасыншы ғасырдың басы, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, әлеуметтік психология экспериментальды ғылымға айналуы болып саналады.
Тақырып 3. Кеңестік әлеуметтік – психологияның даму тарихы.
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-психологиялық идеялардың дамуы мен әлеуметтік психология аймағындағы теориялық және қолданбалы зерттеулердің өңделуі мен жүргізілуі.
Тақырып 4. Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі теориялық бағыттары.
Қазіргі әлеуметтік психологиядағы жаңа бихевиоризм. Әлеуметтік-психологиялық зерттеулер контекстіндегі үйрену теориясының негізгі ұғымдары. Әлеуметтік-психологиялық феномендердің психоаналитикалық талдауы. Әлеуметтік психологиядағы қазіргі психоаналитикалық тұжырымдамалар және З. Фрейд позициясы. Әлеуметтік психологиядағы интсракционизм. Дж. Мидтің тұжырымдамасы. Инттеракционистік бағдардың теориялық псгіздсрі. Рольдік теориялар. Шиеленістердің ішкі рөлдік және аралық рөлдік мәселелері. Референттік топ теориясы (Г. Хайманн, М. Шериф, Р. Мсртон т.б.). Әлеуметтік-психологиялық құбылыстардың табиғатын жүйелі-іс-әрекеттік түсіндіру. Бірлескен іс-әрекет тұжырымдамасы және А.С. Макаренко, А.В. Петровский, Л.И. Уманский, Л.И. Донцовтың ұжым теориялары.
Тақырып 5. Когнитивизм қазіргі әлеуметтік психологияның басым бағдары ретінде.
Когнитивизм - қазіргі әлеуметтік психологияның басым бағдары ретінде. Зерттеудің бастапқы принциптері мен мәселелері. Когнитивтік сәйкестілік теориясының жалпы сипатгамасы. Когнитивті диссонанс, коммуникативті акт, құрылымдық баланс теориясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет