Бағдарламасы Пән: «Органикалық химия» Мамандық: 0306000



жүктеу 0.8 Mb.
бет1/5
Дата15.07.2016
өлшемі0.8 Mb.
  1   2   3   4   5
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы

Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

ФГЗ және химия кафедрасы

«Бекітемін»

ТжКББФ-нің деканы

________ М.А.Отыншиев

« _ »_______2011ж.

Жұмыс оқу бағдарламасы

Пән: «Органикалық химия»


Мамандық: 0306000 «Фармация»
Курс: І
Семестр: 2
Сағат саны : 70 сағат

Шымкент 2011ж.

ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің № 604 05.08.2010 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған. Астана 2010 ж.

Органикалық химия пәнінен жұмыс бағдарламасы ФГЗ және химия кафедрасының мәжілісінде қарастырылды.

Хаттама № 18 13.06.2011ж.


Каф.меңг., х.ғ.д., профессор ___________ Ә.Қ.Патсаев

ӘК мәжілісінде бекітілген.

Хаттама № 11 30.06.2011ж.
ӘК төрайымы________ Н.Р.Джуманкулова
Дайындаған оқытушы: х.ғ.д. профессор Патсаев Ә.Қ.

х.ғ.к., доцент Алиханова Х.Б.

оқытушы Бухарбаева А.Е.

I. Түсіндірме жазба

«Органикалық химия» үлгілік оку бағдарламасы 0306013 - «Фармацевт» біліктілігімен 0306000 «Фармация» мамандығы бойынша 4.05.150-2010 ҚР МЖМБС талаптарына сәйкес құрастырылған.

Пәнді оқытуға жалпы көлемі 70 сағат берілген, оның ішінде 34 сағат теориялық сабақтарға, ал 36 сағат практикалық сабақтарға арналған.

Фармацевтикалық білім беруді оңтайландырудың маңызды міндеттері жалпы- кәсіптік білім беру кезінде оларды фармацевтикалык пәндермен тығыз байланыстыру және химиялық үдерістер туралы ойлау қабілеттерін калыптастыру.

Фармацевтикалық саладағы мамандарды кәсіптік даярлау жүйесінде органикалық химия арнайы пән ретінде маңызды орын алады.

Органикалық химия фармацевтикалык химия, биология, физиология және басқа да пәндерді оқыту кезінде өте кажет.

«Органикалық химия» пәнін оқытуда оқытудың дәстүрлі әдістері, сондай-ақ қазіргі инновациялық технологиялар қолданылады. Теориялық сабақтарда дәрістер, конференциялар, семинарлар, химиялық есептерді шығару, химиялық диктанттар жазу әдістері қолданылады. Практикалық сабақтарда бағдарламадағы мәселелер ары қарай тәжірибелік жүмыстарды орындау кезінде өз шешімін табады, теориялық білім мен практикалық дағдылардың меңгерілуіне бақылау жүргізеді.

Оқытушы органикалық химияның кейбір тарауларын білім алушылардың өздік жұмысына енгізе алады.

Мамандық бойынша білім алушылардың оқу жүктемесі көлемін анықтау кезінде білім беру мекемесі үлгілік оқу жоспарында пәнді оқытуға бөлінген уақыт көлемін 10-20% шамасында өзгертуге толық құқығы бар, бірақ оқу жоспарында қарастырылған, оқу уақытының толық көлемі сақталуы тиіс.


2 Тақырыптық жоспары



Тарауы мен тақырыптың аталуы

Сағат саны

Оның ішінде

теориялық

Тәжірибелік сабақ

1

Кіріспе. Органикалық қосылыстардың жіктелуі және номенклатурасы

2

2




2

1 тарау Органикалық қосылыстардың негізгі құрылысы

6

4

2

3

1.1 тақырып А.М. Бутлеровтың органикалық қосылыстардың химиялық құрылысы туралы теориясы

2

2




4

1.2 тақырып Органикалық қосылыстардағы химиялық байланыстардың түрлері және олардың негізгі сипаттамалары

2

2




5

1.3 тақырып Органикалық қосылыстардың кеңістіктік құрылысы (стереохимия негіздері)

1




1

6

1.4 тақырып Органикалық қосылыстардың қышқылдық және негіздік қасиеттері. Бренстед және Льюис теориясы

1




1

7

2 тарау Органикалық қосылыстарды зерттеу тәсілдері

2




2

8

3 тарау Көмірсутектер

8

4

4

9

3.1 Тақырып Алкандар (қаныққан көмірсутектер, балауыздар)

2

1

1

10

3.2 тақырып Алкендер (этилен, олефиндер)

2

1

1

11

3.3 тақырып Алкадиендер (диендер, қос байланысты көмірсутектер)

1




1

12

3.4 тақырып Алкиндер (ацетилен)

1


1




13

3.5 тақырып Циклді қосылыстар

2

1

2

14

4 тарау Көмірсутектердің функциялық туындылары

4

2

2

15

4.1 тақырып Көмірсутектердің галогенді туындылары

4

2

2

16

5 тарау Бір- және көпатомды спирттер

6

2

4

17

5.1 тақырып Біратомды және көпатомды спирттер

2

1

1

18

5.2 тақырып Фенолдар

2

1

1

19

5.3 тақырып Жай эфирлер

1




1

20

5.4 тақырып Тиоспирттер, тиоэфирлер, суль­фат қышқылдары

1




1

21

6 тарау Аминдер

6

4

2

22

6.1 тақырып Алифатты аминдер

3

2

1

23

6.2 тақырып Ароматты аминдер

2

1

1

24

6.3 тақырып Диазо- және азоқосылыстар

1

1




25

7 тарау Оксоқосылыстар (альдегидтер және кетондар)

4

2

2

26

8 тарау Карбон қышқылдары

6

2

4

27

8.1 тақырып Алифатты бірнегізді карбон кышқылдары және олардың туындылары

3

1

2

28

8.2 тақырып Ароматты монокарбон қышқы-лдары

2

І

1

29

8.3 тақырып Көпнегізді қышқылдар

1




1

30

9 тарау Гетерофункциялық органикалык косылыстар

4

2

2

31

10 тарау Гетероциклді қосылыстар

8

4

4

32

10.1 тақырып. Бесмүшелі гетероциклді қосылыстар

4

2

2

33

10.2 тақырып. Алтымүшелі гетероциклді қосылыстар

4

2

2

34

11 тарау Көмірсулар

4

2

2

35

12 тарау Нуклеин қышкылдары

4

2

2

36

13 тарау Сабындалатын липидтер

2

1

1

37

14 тарау Сабындалмайтын липидтер

2

1

1

38

Қорытынды сабақ

2




2

39

Барлығы пән бойынша

70

34

36


3. Пәннің мазмұны

Кіріспе. Органикалық косылыстардың жіктелуі және номенклатурасы

Органикалық химия пәні. Оның жеке ғылым ретінде бөліну себептері. Ғылым ретінде органикалық химияның даму кезеңдері. Жаратылыстанудағы материалистік көзқарасты қалыптастырудағы органикалық химияның маңызы. Қазақстан Республикасы халық шаруашылығы дамуындағы органикалдық химияның маңызы. Фармацевтикалық білім беру жүйесіндегі негізгі пән ретіндегі органикалық химия. Органикалық қосылыстардың жіктемесі және номенклатурасы.



1 тарау Органикалык қосылыстардың негізгі құрылысы

1.1 тақырып A.M. Бутлеровтың органикалык қосылыстардың химиялық құрылысы туралы теориясы

Органикалық қосылыстардың жіктелуі: қатарлар, класстар, функциялық топтар. Гомологтық қатарлар туралы түсінік. Органикалық қосылыстардың эмпириялық, молекулалық, кұрылымдық формулалары. Органикалық қосылыстардың номенкла­турасы, құрылымдық изомериясы.



1.2 тақырып Органикалык қосылыстардағы химиялық байланыстардың түрлері және олардың негізгі сипаттамалары

Органикалық қосылыстар молекулаларындағы атомдардың өзара әсері. Индуктивтік, қосарлану әсерлері туралы түсінік. Мезомерия және резонанс концепциялары. sp3 және sp2-гибридтелген көміртек атомдарымен байланысқан электрон-донор (ЭД) жэне электронакцептор (ЭА) орынбасарлары.



1.3 тақырып Органикалық қосылыстардың кеңістіктік құрылысы (стерео­химия негіздері)

Конфигурация және конформация - стереохимияның негізгі ұғымдары.

Конфигурация, Молекулалык моделдер түрлері. Стереохимиялық формулалар. Молекула симметриясының элементтері (өс, жазықтық, орталық) және молекула симметриясының операциялары (айналуы, бейнеленуі). Хиралдық және ахиралдық молекулалар. Хиралдық орталық ретіндегі көміртектің асимметриялық атомы.

Бір хиралдық орталығы бар молекулалардың стереоизомериясы (энантиометрия). Конфигурациялық стандарт ретіндегі глицеринді альдегид. Фишердің проекциялық формулалары. Энантиомерлердің оптикалық белсенділігі. Салыстырмалы және абсолюттік конфигурациялар. Рацематтар және оларды бөлу тәсілдері. Конформациялар. Айналу кедергісін тудыратын факторлар. Ньюменнің проекциялық фор­мулалары. Кернеудің түрлері. Ашық тізбектегі тасаланған, қиылған, тежелінген конформациялардың энергетикалық сипаттамасы. Кеңістікті құрылымның биологиялық белсенділікпен байланысы. Оптикалық белсенді қосылыстардың табиғаттағы рөлі. Абсолютті ассиметриялық синтездегі мәселелер.



1.4 тақырып Органикалық қосылыстардың қышқылдык және негіздік қасиеттері. Бренстед және Льюис теориясы

Органикалық қышқылдардың (ОН-, SH-, NH- және СН- қышқылдар) және негіздердің (π- және n-негіздер) түрлері. Қышқылдық пен негіздікті анықтаушы факторлар: қышқылдық пен негіздік орталықтардағы атомның электртерістігі және полярлығы, орынбасарлардың электрондық әсерлері, сольваттану әсері. Са­лыстырмалы және абсолютті кышқылдық пен негіздік. Органикалық реакциялар мен реагенттердің жіктемесі. Химиялық реакциялардың механизмі. Химиялық реакциялардың механизмі туралы түсінік (химиялық және физика-химиялық).



2 тарау Органикалық қосылыстарды зерттеу тәсілдері

Органикалық косылыстарды бөлу және тазарту әдістері: экстракция, қайта кристалдану, айдау түрлері, хроматография. Зат тазалығының белгілері (критерийлері): балқу температурасы, қайнау температурасы, тығыздығы, сыну көрсеткіші, хромотографиялық мәліметтер. Химиялық функционалдық талдау. Құрылымын анықтаудың казіргі физика-химиялық әдістері.



3 тарау Көмірсутектер

3.1 тақырып Алкандар (қаныққан көмірсутектер, балауыздар)

Алкандардың гомологтық катары. Жалпы формуласы. Құрылымдық изомерия. Көміртектің біріншілікті, екіншілікті, үшіншілікті атомдары. Алкандар номенклатурасы: рационалдық және халықаралық. Алкил радикалдар, олардың аттары. Алкандар құрылысы. Көміртек атомының sp3- күйі. Метан молекуласының тетраэдрлік моделі. Валенттік бұрыштар. С-С және С-Н байланыстарының сипаттамасы (байланыстың ұзындығы, энергиясы, полярлығы және полярлануы).

Алкандардың табиғи көздері: мұнай (оның құрамы өңдеу тәсілдері), табиғи газ. Алудың өнеркәсіптік тәсілдері: көміртек (II) оксиді мен сутектен синтездеу, мұнай крекингі, қанықпаған қосылыстарды сутектеу (гидрлеу).

Зертханалық алу тәсілдері: галогеналкандардан (Вюрц реакциясы), карбон қышкылдарынан (карбоксилсіздеу және Кольбенің анодтық синтезі). Физикалық қасиеттері. Ерігіштігі. Алкандар еріткіштер ретінде. Химиялық қасиеттері. Жал­пы сипаттамасы. Радикалды орынбасу реакциялары (SR). Галогендеу. Галогендеу реакцияларының босрадикалдық тізбекті механизмі (SR). Галогендеудегі бағытталу. Алкандар құрылысы мен олардың реакцияға түсу қабілеті арасындағы байланыс және алкилдік радикалдардың салыстырмалы тұрақтылығы. Галоген табиғаты мен оның реакцияға түсу кабілеті мен талғамдылығы арасындағы байланыс. Алкандарды нитрлеу. Механизмдері және бағытталуы. С-С байланыстары үзіле жүретін реакциялар. Крекинг. Пиролиз. Алкаңдардың тотығуы. Қолдану. Алкандарды органикалық синтезде және медицинада (вазелин май, балауыз) қолдану. Алкандар идентификациясы.



3.2 тақырып Алкендер (этилен, олефиндер)

Гомологтық қатары. Жалпы формуласы. Құрылымдық изомерия. Номенклатурасы. Алкендердің құрылысы. Қос байланыс түзудің sp2-кванттық химиялық күйі, π-байланыс. Қос байланыстың сипаттамасы (ұзындығы, энергиясы, полярлығы, полярлануы). Алкендердің геометриялық (цис-, транс-) изомериясы, Е- және Z-номенклатуралары. Алкандардан (пиролиз және дегидрлену), спирттен (күкірт қышқылды және гетерогенді-катализдік дегидратация), галогеналкандардан (дегидрогалогендену), алкиндерден (жартылай гидрлену) алу тәсілі. Физикалық қасиеттері. Химиялық қасиеттері. Гетерогенді және гомогенді катализдік гидрлену. Галогендерді, галогенсутектерді, күкірт қышқылын, суды, гипогалоид қышқылдарын электрофилдік қосып алу реакциялары (АЕ). Осы реакциялардың механизмдері. π-комплекстер туралы түсінік. Симметриясыз алкендерге қышқылдардың қосып алыну реакцияларының бағыты. Марковников ережесі. Алкендер құрылымы мен олардың реакцияға түсу қабілеті арасындағы байланыс. Галогендердің және бромсутектің радикалдық қосып алынуы (AR). Аллилдік хлорлану және бромдану реакциялары. Аллил тектес радикалдардың құрылысы мен салыстырмалы тұрақтылығы. Аллилдік қайта топтасу. Озонолиз. Алкендердің сатылы және тізбекті полимерленуі туралы түсінік. Мономерлер, олигомерлер, полимерлер. Сатылы полимерленудің радикалдық және иондық механизмдері. Полиэтилен, полипропилен, полиизобутилен. Теломеризация. Алкендерді органикалық синтезде қолдану және идентификациялау.


  1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет