Бағдарламасы Пәндер атауы және олардың негізгі бөлімдері


Сутегі атомы және сутегі тәрізді жүйелер



бет18/24
Дата18.03.2023
өлшемі222.5 Kb.
#470942
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
физика каз. яз. 2

Сутегі атомы және сутегі тәрізді жүйелер. Орталық-симметриялық өріс. Сутегі атомының энергия деңгейлері, кванттық сандары және спектрі. Азғындалу. Сутегі атомы және сутегі тәрізді атомдардың стационарлық күйлерінің белгіленуі және толқындық функциялары. Ықтималдық тығыздығының үлестірілуі.
Термдердің нәзік түзілісі. Лэмбрік ығысу. Термдердің аса нәзік түзілісі.
Көп электронды атомдар. Күрделі атомдардағы электрондардың әсерлесуі. Өздігінен келісілген өріс идеясы және жеке электрондарды кванттық сандармен жуықтап сипаттау; Паули принципі. Электрондық конфигурация жайында түсінік. Атомдардың электрондық қабаттары мен қабықтары және бұлардың толтырылуы. Периодтық заңның физикалық түсіндірілуі.
Көп электронды атомның механикалық моменті. Бұрыштық моменттердің қосылуы. Атомдағы электрондық моменттердің байланысу түрлері (LS- және jj- байланысу). Термдердің спектрлік белгіленуі, Хунд ережелері.
Сілтілік металдар атомдарының теориясы, энергия деңгейлері және спектрлері. Энергия деңгейлерінің нәзік түзілісі.
Гелий атомы. Екінші топ элементтер атомдарының спектрлері.
Атомдардың рентгендік және рентгенэлектрондық спектрлері, бұлардың табиғаты. Мозли заңы. Рентгендік спектрлердің нәзік түзілісі.
Атомдардың спонтандық және еріксіз сәуле шығаруы. Эйнштейн коэффициенттері. Еріксіз сәуле шығару негізінде жарықты күшейтудің жалпы принциптері. Лазер.
Атомдардың сыртқы магнит және электр өрістерімен әсерлесуі. Атомның магниттік моменті. Ланде факторы. Зееман эффекті. Пашен-Бак эффекті. Магниттік резонанс құбылысы. Электрондық парамагниттік резонанс (ЭПР). Штарк эффекті.
Молекулалардың құрылысы мен қасиеттері. Молекуладағы қозғалыс түрлері. Адиабаттық жуықтау. Электрондық термдер. Молекуладағы ядролардың айналысы мен тербелістері. Молекулалардың айналыс, тербеліс-айналыс спектрлері. Молекулалардың электрондық спектрлері. Франк-Кондон принципі.
Химиялық байланыс. Иондық және коваленттік байланыс.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


Негізгі:

  1. Жұманов К.Б. Атомдық физика: Оқулық. – Алматы: Қазақ университеті, 2006.- 369 б.

  2. Матвеев А.Н. Атомная физика: Учебное пособие.- М.: Высшая школа, 1989. - 439с.

  3. Шпольский Э.В. Атомная физика: Учебное пособие//В 2 т. - М.: Наука, 1984. - Т.1.- 575 с.

  4. Шпольский Э.В. Атомная физика: Учебное пособие//В 2 т. - М.: Наука, 1988. - Т.2.- 438 с.Барсуков О.А., Ельяшевич М.А. Основы атомной физики. – М.: Научный мир, 2006. – 648 с.

5. Иродов И.Е. Квантовая физика. Основные законы: Учебное пособие для вузов. – М.: Лаборатория Базовых Знаний, 2001. – 272 с.
6. Иродов И.Е. Сборник задач по атомной и ядерной физике: Учебное пособие.- М.: Энергоатомиздат, 1984.-240с.


Қосымша:

  1. Полатбеков П.П. Оптика: Оқу құралы. – Алматы: Мектеп, 1981.

  2. Полатбеков П.П. Оптикалық спектрлер. – Алматы, 1961.- 136 б.

3. Гольдин Л.Л., Новикова Г.И. Введение в квантовую физику.- М.: Наука, 1988.-328 с.
4. Милантьев В.П.Атомная физика: Учебное пособие.-М.:РУДН,1999.-373 с.
5. Сивухин Д.В. Общий курс физики№ -Т.5. Атомная и ядерная физика.- Ч.1. - М.: Наука, 1986.- 416 с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет