10. Ядролық физика Атом ядросының жалпы қасиеттері α-бөлшектердің шашырауына Резерфорд тәжірибесі. Ядро өзара әсерлесетін протондар мен нейтрондардың жүйесі ретінде. Ядроның электр заряды. Массалық сан. Изотоптар мен изобаралар. Ядроның массасы. Ядроның байланыс энергиясы. Ядроның байланыс энергиясы үшін жартылай эмперикалық формула. Киелі сандар. Нуклонның байланыс энергиясы. Нық және радиоактивті ядролар.
Ядроның спині мен магниттік моменті.Ядролық магнетон. Ядролардың статикалық мультипольдік моменттері. Ядроның электрлік квадрупольдік моменті.
Ядролық күйлердің кваннтық механикалық бейнеленуі. Толқындық функцияның жұптылығы. Айнымайтын бөлшектердің толқындық функцияларының симметриялық қасиеттері. Бозондар мен фермиондар. Паули принципі.
Радиоактивтілік Атом ядроларының нықсыздығының негізгі себептері. Табиғи және жасанды радиоактивтілік. Радиоактивтіліктің статистикалық сипаты. Радиоактивтік ыдырау заңы.
Ядро құрылымының физикасы Атом ядроларының модельдері. Ядролық қабықтар моделі: бірбөлшектік модель, бірбөлшектік модель бойынша ядроның қасиеттері. Жалпыланған ұжымдық модель; ядроның тамшылық моделі. Кластерлік модель.
Ядро құрылымының, радиоактивтік ыдыраулардан шығарылатын қасиеттері α – ыдырау. α-бөлшектердің спектірі. Негізгі тәжірбиелік заңдылықтар. α-ыдырау теориясының элементтері. Тунельдік эффект. α-ыдырау периодының α-бөлшектердің энергияларына тәуелділігі. Ядролардың мөлшерлерін α-ыдыраудан алынған мәліметтерден анықтау.
β-ыдырау. β-ыдыраудың түрлері. Электрондардың энергиялық спектрлері. Нейтриноның барлығын тәжірибелік дәлелдеу. β-ыдырау теориясының элементтері. Нәзік әсерлесу туралы ұғым. Рұқсат етілген және тыйым салынған β-өтулер. β-ыдырауларда жұптылықтың сақталмауы. Нейтрино массасының мәселері.
Ядролардың γ-нұрлануы Электрлік және магниттік өтулер. γ-өтулер үшін момент пен жұптылық бойынша сұрыптау ережелері және әр түрлі мультиполдік өтулер үшін өту ықтималдықтары. Ядролық изомерия. γ-кванттардың ішкі конверсиясы. Мессбауер эффектісі.