Жүйелік программалау
Мыңдаған дайын программалардың бар болғанына қарамастан тұтынушыға бар программалар жасамайтын немесе тұтынушы ойлағандай жасай алмайтын жағдай болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жаңа программалар жасау үшін жүйелік программалау пайдала- нылады.
Қазіргі кездегі жүйелік программалау тұтынушыға программа құрастырудың ыңғайлы және қуатты құралдарын ұсынады. Олардың құрамы:
компилятор, программалау тілінде жазылған программаны машиналық кодқа түрлен- діреді, немесе интерпретатор, программаның тікелей жоғарғы дәрежелі программалау тілдерінде орындалуын қамтамасыз етеді;
программалар кітапханасы – программалаушыерге арналған алдын ала жасалған программалар;
түрлі қосалқы программалар.
Программалау тілдері
Барлық программалау тілдер жиынтығы төмендегідей класстарға жіктеледі:
машиналық (computer language) – компьютердің аппараттық бөлігімен қабылда- нылатын программалық тілдер (машиналық кодтар);
машинаға бағытталған (computer-oriented language) – арнайы жасалған компьютерде қолдануға арналған тілдер (ассемблерлер);
алгоритмдік (algorithmic language) – компьютердің архитектурасына тәуелсіз және алгоритмнің құрылымын бейнелеуге арналған тілдер (Паскаль, Фортран, Бейсик және т.б.);
процедураға бағытталған (procedure-oriented language) – программаны процедуралар (подпрограммалар) жиынтығы түрінде сипаттауға мүмкіндік беретін тілдер;
проблемаға бағытталған (universal programming language) – белгілі бір мамандандырылған есептерді шығаруға арналған тілдер (Лисп, РПГ, Симула және т.б.);
- біріктірілген программалау жүйесі – құрылымдық программалау негізін іске асыру және объектлер, олардың қасиеттері, өңдеу тәсілдерімен жұмыс жасайтын объекті- бағытталған тілдерге бөлінеді. Дамыған алгоритмдік тіл ортасында объектіге бағытталған программалау осы тіл стилімен безендіріледі (мысалы, Object Pascal тілі).
Программалаушылар қолдануға ыңғайлы, программалар кітапханасы ауқымды, тиімді программалар жасауға болатын жүйелерді ыңғайлы санайды. Осындай программалау жүйелеріне Pascal, Си, Си++ және т.б. програмалау тілдері жатады. Программалау жүйелері қандай программалау тілі негізінде іске асырылатындығымен ерекшеленеді. Мысалы:
Си тілі – қазіргі кеде өте танымал UNIX операциялық жүйесін жазу үшін жасалған болатын. Бұл тіл тек Ассемблер тілінде программалау кезінде ғана қол жеткізуге болатын, компьютер ресурстарын тиімді пайдаланау мен жоғары дәрежелі программалау тілдерінің мүмкіндіктерін біріктіреді; Си++ тілі – Си тілінің кеңейтілген
тірі болып саналады. Күрделі программалар жасауды жеңілдетіп, қазіргі кезде кең тараған объекті-бағытталған программалау концепцияларын іске асырады;
HTML, JavaScript, Java, C#, PHP тілдері Интернеттегі мәліметтермен жұмыс істеуге арналған тілдер болып табылады. ақпараттық жүйелер жасау үшін пайдаланылады.
Объектіге бағытталған программалау әдістемесі
Объектілік көзқарастың ең маңызды принциптерін жүзеге асыратын төмендегідей әр түрлі объектіге бағытталған технологиялар мен программаларды жобалау әдістемелері бар:
программалар мен мәліметтер қасиеттерін объектінің өзінде инкапсуляциялау (ішінде көрсету);
мұралау арқылы иелену;
полиморфизм.
Инкапсуляция – объект өрістеріне тек класс тәсілдері көмегімен қол жеткізу мақсатында оларды жасыру (объектіні пайдалану кезінде аса маңызды болып саналмайтын бөліктерді жасыру). Инкапсуляция – объектілер кластарындағы, яғни мәліметтердің абстракты типтеріндегі мәліметтер құрылымының оларды өңдеу тәсілдерімен үйлесім- ділігі.
Класта оның өзінен құрылған ішкі кластар болуы мүмкін. Ішкі кластарды құру барысында бастапқы класс объектілерінің мәліметтері мен оларды өңдеу тәсілдерін мұралау ретінде иелену(наследование) жүзеге асырылады. Иелену механизмі бұрынғы мәліметтерді қайта анықтауға немесе жаңа мәліметтер мен оларды өңдеу тәсілдерін енгізуге, иерархия бойынша кластар құруға да мүмкіндік береді.
Полиморфизм дегеніміз объектінің өз типіне байланысты сұраныстарға (тәсілдерді шақыру) жауап қайтару мүмкіндігі болып табылады. Мұндайда бір тәсіл атауы әр түрлі объектілер кластары үшін қолданылуы мүмкін.
Бақылау сұрақтары
Сұқбаттасу процестерін қолдайтын жүйелерді атаңыз.
Модуль сипаттамаларын атаңыз.
Программалау жүйелері не үшін керек?
Негізгі программалау тілдерін атаңыз.
«Объект» түсінігі нені білдіреді?
«Класс» түсінігі нені білдіреді?
SQL-тәрізді тілдерге сипаттама беріңіз.
JavaScript, PHP тәрізді тілдер не үшін қажет?
Достарыңызбен бөлісу: |