Бағдарламасы «Шығармашылық ойлау психологиясы»


ІІ. Жаңа білімді игеру кезеңінде қолданылатын әдістер



бет2/4
Дата16.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
#138858
түріБағдарламасы
1   2   3   4

ІІ. Жаңа білімді игеру кезеңінде қолданылатын әдістер:

    1.Зерттеу;

    2.Жалқылау, жалпылау;

    3.Салыстыру;

    4.Эвристикалық;

ІІІ. Практикалық дағды беру кезеңінде қолданылатын әдістер:

1.Жаттығу;

2.Өзіндік жұмыс;

3.Талдау;

4.Дидактикалық ойындар;

6-сыныпта күнтізбелік жоспар бойынша сын есімдерді оқытуға 4 сағат, 7-сыныпта 3 сағат бөлінген.

Ойлауды дамытуға негізделген жаңа үлгідегі сабақ жоспары жасалды. Сонымен қатар, сын есімді оқыту барысында қолданылатын сабақтың әр кезеңіне арналған тілдік тапсырмалар, жаттығулар міндетті, мүмкіндік, шығармашылық деңгейлер бойынша жасақталды.

         6-7 сынып оқушыларына сын есімді дамыта оқыту арқылы олардың ойлауын жетілдірудің негізгі мәні – оқушыларға берілетін грамматикалық теориялық білімнің басты орында болуында.6-7 сынып оқушыларының ұғымдар жасай алуы – дамыта оқытудың негізгі мақсаты болып алынады да, оған жету үшін мақсатқа сәйкес арнайы іріктеліп грамматикалық білім мазмұны жүйеленеді. Дамыта оқу технологиясының ерекшелігі теориялық ойлау болып табылады және де оның моделдік абстракциялау, алғашқы нақтылық, соңғы нақтылық арқылы көрсетуге болады.


Тақырып № Біздің уақыт – бұл өзгеріс кезеңі. Қазір ерекше шешім қабылдап шығармашылық жақсы ойлай алатын қабілетті адамдар қажет. Өкінішке орай бүгінгі күнде мектептерде әліде ескі әдістер бойынша білім береді. Бір сарымды, қызықсыз қайталанатын оқыту әдістері білім алуға деген қызығушылығын жоғалтады. Балалар қызығушылығы ашылмастан, шығармашылыққа деген қабілетте жоғалады. Жоғарыда айтылған мәселелердің шешімін табу үшін жаңа педагогикалық технологияны пайдалану керек.

Педагогикалық технология – бұл бір бірімен байланысты кезеңдердің, педагогикалық процестермен оған қатысушылардың, байланыс қозғалысы бір ізді іздіксіз байланысы. Оқыту технологиясы ұғымы бүгінгі күнде дәстүрлі технологияда жалпы қабылданбаған. В.Далдің сөздігінде келесі анықтаманы табуға болады: «Технология техника ғылымы. Техника – білім, қабілет, шығармашылық, жұмыс және бұларды істе қолдануы». ЮНЕСКО құжаттарында оқыту технологиясы білім беру және білімді игеруде адами және техникалық ресурстар мен олардың байланыстарын қарастыратын ортақ жүйелі әдіс.

Бір жағынан, оқыту технологиясы әдістер мен тәсілдердің , оқу ақпаратының айтылуы, өзгертілуі, берілуі, ал екінші жағынан бұл ғылым оқытушылардың студенттерге білім беру барысда қажетті техникалық және ақпараттық әдістерді қолданады. Педагогикалық жоғарғы оқытушы оқыту барысында бағдарламаға сәйкес және педагогикалық мәселелерді шеше отырып, ең тиімді әдістерді қолданылуы керек. Бұл келесі, жағдайда болады:


  • Оқу жоспары және оқу бағдармасы бойынша қарастырылған оқыту мазмұны;

  • Негізгі мақсаттарды анықтау, оқытушының бейімделуі: студенттердің білім алу барысдағы професионалды және тұлғалық қасиеттердің қалыптасуы;

  • Технологияны таңдау, бір немесе бірнеше мақсаттарды анықтау. Оқыту технологиясының өндіру;

Кез келген технологиялық педагогика оқушыларды белсенді және интенсивті іс-әрекетінің мақсаты және әдіс-тәсілі болып табылады. Мұна жағдайлар оқушыларға сабақ үстінде жоғары белсенділік танытуға әкелуге тиңс:

  • Қоршаған орта құбылыстар мен процестерін өз бетінше түсіндіру;

  • Өз пікірінде қалу ;

  • Дискурсия және пікір таласта белсенділік таныту;

  • өз құрбылармен мүғалімдерге сұрақтар қою;

  • Танымдық мәселелердің бірнеше жолдар шешімін табу;

  • Өз іс-әрекеттерінқортындылау, тексеру, нәтижелеу.

Кейбір педагогикалық технологиялардың мақсаттары мен тәсілдері тек нәтиженің эффективті болуын қамтамасыз етеді. Бұлар келесі технологиялар:

  • Ойын технологиялары;

  • Қиын оқыту технологиясы ізденіс, зерттеу, жобалы, шығармашылық және жемісті; бұл жағдайда бала өзіне талап етілетін әдісті өз бетінше іздейді;

  • Интерактивті технология немесе тұлға аралық коммуникациялық технологиялары (дебат, ұшқыр ойлау);

  • Адамның субъективті белсенділігінің қалыптасу технологиясы.

Бүгінгі күнде ұшқыр ойлаудың оқу және жазу арқылы даму технологиясы қолданылады РКМЧП.

Зерттеу обьектісі оқу, тәрбие процессі. Зерттеу жұмыстарының пәні «ұшқыр ойлаудың оқу және жазу арқылы дамуы» және оныншы сыныптағы психология сабақтарында бұл әдіс қолданылады.

Гипотеза ұшқыр ойлауды психология сабақтарда дамыту.

Сабақтарында ұшқыр ойлаудың дамыту технологиясың тиімді жағдайларда қолдану.

Бұл мақсаттар негізінде келесі міндеттер анықталады:


  1. Білім берудегі жаңа оқыту технологиясың қарастыратын әдебиеттерді зерттеу.

  2. Ұшқыр ойлау ұғымын анализдеу.

  3. Ұшқыр ойлаудың оқу және жазу арқылы даму технологиялық моделдік құрылымдық мазмұнын зерттеу.

  4. Ұшқыр ойлауды белсендіруге бағытталған стратегияларды қарастыру.



1. «Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» технологиясы.

1.1 Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не?
Сын тұрғысынан ойлау – күрделі ойлау үрдісі болып болып табылады, ол ақпарат алудан басталып шешім қабылдаумен аяқталады. Бұл – ойлардың интеграциясы мен олардың жеке концепциялар жасау жолындағы шығармашылық мазмұндамасы.

Критикалық ойлау бұл – сау мәнді іздеу –обьективті билік айту мен өз ойымен қатар басқалардың ойын логикалы түрде ескеріп, өз қате түсініктерінен қалай арылу жолы.

Мәселелерді шешу кезінде критикалық ойлау жаңа идеялар мен жаңа мүмкіндіктер көруге қабілетті.

Критикалық ақылы бар адамда қарсыласулар мен логикалық қателіктерге сезімталдылық кездеседі. Онда анықтық, ерекшелік пен дәлелділік деңгейлерінде сенімді болуына қажеттілік туындайды және білім мен фактілерді ашуда дербестік тәрбиеленеді.

Критикалық ойлау қабілеті бар адам меңгеретін білімі ылғи да дифференцияланады және олардың шындық, нақтылық пен ықтималдылық деңгейіне сәйкес жүйеленеді. Оқушылардың алдына қойылатын маңызды тапсырма болып олардың меңгеріп отырған ғылыми материалды ақиқатқа, обьективті маңыздылығына сәйкес меңгеріп, ақиқатқа жете алу қабілетін тәрбиелеу табылады.

Критикалық және шығармашылық ойлау – ойлаудың жоғарғы деңгейі, ол оқушыларда 14-15 жасынан (Жан Пиаже) бастап құрылады.

Критикалық ойлау – білім философиясы, ол әлеуметтік гуманитарлы сабақтардың (психология, лингвистика, дидактика және т.б) қазіргі жетістіктеріне негізделген.

Критикалық ойлау бұл – педагогикалық технология, ол оқушылардың мәтінімен жұмыс істеу дағдылары мен ауызша және жазбаша сөйлеу мен қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған.

Берілген проектінің психолого-педагогтік негізіне Л.С.Выготскийдің (оқушылардың жақын даму зонасының нәтижелі құруы мен ескеру қажеттілігі жайлы), Ж.Пиаженің (интеллектті дамыту үшін «жағдайлар» жасау жайлы), Д.Дьюидің («жас жолымен» оқыту туралы) идеялары алынған.

«Критикалық ойлауды хат оқу арқылы дамыту» технологиясының жасаушылары АҚШ-тың солтүстік Айова штатының тәжірибелі педагогтары, «Демократиялық білім беру үшін» консорциумының мүшелері Чарльз Темпи, Курт Мередит, Джинни Стили. Дона Огл, ал Ресейде – красноярлық ғалымдар мен тәжірибелі мамандар А.Бутенко мен Е.Ходос болып табылады.

Бұл технология жеке және хабарланған оқыту ұғымымен тығыз байланысты.

Критикалық ойлауды американдық авторлар балалық әуестік көрсеткіші, белгілі бір сұрақ бойынша өз ойын айту, оны логикалық дәлелдермен ұстану қабілеттері, зерттеу әдістемелерін қолдану деп ұғады.

Критикалық ойлаудың маңыздылығы жайлы критикалық ойлаудың маңыздылығы жайлы отандық педагогтар да айтқан болатын, олар:П.П.Блонский, А.С.Байрамов, А.И.Липкина, Л.А.Рыбак, В.Н.Синельников, С.И.Векслер. Бұл жердегі американдық авторлардың үлесі – технологияны құруда.
Жобаның айқын ерекшеліктері:


  • әмбебап мінез – берілген жобадағы кез келген оқытушыға (жоғарғы мектеп мұғалімі мен дипломнан кейін білім алушыға);

  • педагогикалық технологиялылығы және тәжірибеге сүйенушілік;

  • ақпаратты меңгеру мен рефлексивті және коммуникативті қабілеттердің бір уақытта шешуін меңгере алу мүмкіншілігі.



Оны қолдану нені береді?
Критикалық ойлауды дамыту технологиясын қолдану үрдісінде:


  • жалпыоқулық қабілеттер өндіріледі: топ ішінде жұмыс істей алу, мәтіндік материалды графиктік түрде өңдей алу қабілеті; бар ақпаратты шығармашылық интерпретациялай алу қабілеті, ақпаратты жаңашылдығы мен мәні бойынша бөле алу қабілеті; алынған білімдерді жалпылай алу қабілеті;

  • бөлек пәндерді қосу мүмкіндігі туындайды;

  • оқудың дифференциациясы мен вариативтілігі шарттары құралады;

  • оқытудың өзіндік технологиясы құралады.


1.2. Критикалық ойлауды дамыту технологиясының базалық үлгісі.
Сабақтың базалық үлгісі 3 стадиядан: итермелеу, ұғыну, ойланудан құралады, олар оқушыларға оқудың мақсатын дербес түрде анықтап, ақпаратты белсенді түрде іздеуге мүмкіндік береді.

Оқу үрдісі – жаңа материалды ескі материалмен байланыстыру үрдісі. Сондықтан да итермелеу этапында оқушылар есінен бар білімі мен меңгеріп отырған білімі жайлы елестеулері актуализацияланады. Бұл өте маңызды, егер де адам білетін ақпаратты қайта тыңдаса, білімі қатая түседі, ал керісінше, оқушының білетін ақпараттарымен еш байланыссыз ақпарат берілсе, тез ұмытылады.

Ұғыну этапында студент жаңа ақпарат қабылдайды. Екінші мазмұндық стадиялардың негізгі бағыты студенттерде итермелеу фазасында құрылған белсенділік, қызығушылық пен қозғалыс иннерциясын ұстап тұру. Екінші фазасында оқушы өз бетінше және белсенді жұмыс істейді, сондықтан да оқытушы оған неғұрлымәсер беруі керек.

Ойлану стадиясында оқушылар жаңа білімдерді қатайтады және өз елестетулерін жаңа ұғымға енгізу үшін белсенді түрде ауыстырады. Сондықтан да жаңа білімнің «иеленуі» мен меңгеріп отырған материалдарының өзіндік дәлел негізінде құрылуы болады.

Технология қабылдау жүйесінің көрссеткішін – оқу саласының түрлері бойынша стратегияларды анықтайды. Критикалық ойлауға бағытталған бірнеше нақты стратегияларды айтып өтемін.
1.3. Құрылымдық-мазмұндық үлгі.
«Критикалық ойлауды хат оқу арқылы дамыту» технологиясы үрдісінің фазаларын (итермелеу, ұғыну, ойлану), авторлық курс этаптарымен біріктіру нәтижесінде келесідей жаңа құрылымдық-мазмұндық үлгі құрылады:


  1. Ұйымдасқан – бекітілген этап

  1. Белсенді оқу саласы үшін шарт құру.

  2. Тыңдаушылардың алғашқы мамандық бекітулердің диагностикасы.

  3. Әртүрлі позициялар тұрғысынан мәселені талдау.

  4. Мінездемелер мен тәжірибе алмасу.


II. Үйрету этапы:

1) Тұрақты мамандандырылған бекітулерді түзету.

2)Теоретикалық білім меңгеру.

3)Жеке тәжірибе мен дәріскердің позициясын сәйкестендіру.

3)Гипотезалар мен жаңалықтар табу.
III. Рефлексивті этап.

1) Жаңа сала түрлерін меңгеру.

2)Жаңа шығармашылық идеялардың туындауы.

3) Тәжірибе жүзінде жаңаны қолдану

4) Курсқа дейінгі және курстан кейінгі білімді талдау.

5) Рефлексия.


Әр этапты толығырақ қарастырайық.

Жұмыстың нәтижелілігі бірлескен жұмысқа жағымды шарт. Жасауға тәуелді екені белгілі. Бұл жұмыс тыңдаушылардың бір-бірімен танысуына бағытталған қарым-қатынас тренингтерінен басталады.

Бұл үшін «биопоэма», «интервью» стратегиялары қолданылады. Курс бойы тыңдаушылар тағып жүретін есімдері жазылған бейджиктер таратылады. Танысу негізінде оқу үрдісінің қатысушылары арасында контакт орнатылады, психологиялық барьер алынады. Қатысушыларды атымен атап қарату ондағы жағымды эмоцияларды оятады.

Бұл этапта оқу саласына мотивациялау тапсырмалары шешіледі. Тыңдаушылар оқу жоспарымен, бағдарламасымен, сабақ кестесімен, тапсырмалармен таныстырылады. Арнайы даярланған қарым-қатынас тренингінен кейін курсқа кіру мәселесін ұйымдастыру жұмысы ауырға соқпайды.

«Инсерт», «Ми шабуылы», «Ассоциациялар», «Кластерлер» стратегиялары курсқа байланысты өз идеяларын жалпы талқыға салуға өз ойын еркін жеткізуге, байланыстыруға келмейтін ұғымдарды біріктіруге септігін тигізеді.

Топпен немесе жұппен атқарылатын жұмыс барлық қатысушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруын қамтамасыз етеді. Топ мамандандықтың даму ортасы болып кетеді, ал курс тыңдаушылары білім «іздеушілеріне» айналады.

II этап мақсаты тыңдаушыларға жеткілікті мөлшерде теоретикалық білім мен тәжірибелік іскерлік беру. Берілген этап мазмұны педагогиканың теорияларының жаңа бағыттарын меңгеру мен оларды жаңа ақпарат алудың өз тәжірибесімен сәйкестендіруден тұрады.

Мұнда курс бойынша негізгі білім қаланады, оны тәжірибе жүзінде қолдану ұсыныстары құрылады. әр күннің соңында кері байланыс карточкалары толтырылады. Онда тыңдаушылар келесі сұрақтарға жауап береді: «Бүгінгі сабақтан қандай маңызды ақпарат алдым?», «Қандай жаңа білім алдым?». Берген жауаптары арқылы сабақтың қалай әсер ететінін көріп, келесі сабаққа коррекциялар жасауға болады.

«Жигсо», «Білемін. Білгім келеді. Білдім.», «Бағытталған оқу», «Ілгері дәріс», «Екіжақты жазу күнделігі», «Белгілеп оқу» және т.б стратегияларды қолданғанда теоретикалық деңгейін тәжірибе арқылы арттыру жүзеге асады. Бұл этапта оқитын адам ғана белсенді болады.

Оқытушының мақсаты жаңа білім беру ғана емес, сонымен қатар ол білімді алуға үйретеді, жағымды шарттар құрады, әр кісіге керектісіне таңдау жасауға құқық береді.

III этапта тәжірибе мен білім алмасуға негізгі зейін бөлінеді. Бұл этаптың мақсаты тыңдаушылардың мамандану саласының аспектісіне байланысты жаңа шешімдер қабылдау, жаңа позициялар мен ойлар құру, рефлексияға үлкен мән беріледі. Ондағы негізгі сұрақтар : «Қандай жаңа нәрсе білдім?», «Ол білімді қалай қолданамын?», «Менің жұмысымда қандай өзгерістер болады?». Кестелер, сызбалар мен басқа да рефлексивті қозғалыстар арқылы, эссе, тақпақтар арқылы тыңдаушылар бағалығын көрсетеді, оны өз бағалы ориентация жүйесіне қосады.

Мінез - адамның индивидуалды ерекшелігі

Әрекет- қылық тәсілі.

Сабақты өткізу шарттары.
РКМЧП-тың негізгі сызбасы - "шақыру - түсіну - ойлану". Бірақ тәжірибе сабақты өткізу шарттары көрсетілген алдыңғы кезеңге зейін аудартқызады. Жұмыстың тиімділігі үшін оны айқындау қажет. Бұнда барлық ұйымдастырушылық сұрақтар шешіледі - балалармен еректі барлық жағдайлар талқыланады (топтарға бөлу, тапсырмаларды орындау уақыты және т.б). РКМЧП әдістемесі бойыншы сынып төрт адамнан тұратын топқа бөлінеді. Бұл оптималды сан. Бұндай топта әр балаға жұмыс табылады, әр бала өз ойын айта алады. Ораторлар алмасып отырады. Балаларды бұл жөнінде алдын ала ескерту қажет, ал ережелердің орындалуын олар өздері қадағалайды. Бұл әлеуметтанудың алғашқы элементтері. Топтарға бөлу әртүрлі болуы мүмкін: отырған орындары бойынша, туған күндері бойынша, сынып журналы бойынша және т.б. Бұнда ең бастысы - тұлғалық тәуелділікті болдырмау. Бұндай топтарда барлығы жұмыс істейді. Балалар барлығын ойын ретінде қабылдайды. Олар бір-бірін ұнауы немесе ұнамауын қарастырмайды. Кездейсоқ түрде жарыса бастайды. Бұл балаларды қызықтыртады, таңқалдыртады. Тағқалуға кез келген материалды "салуға болады". Топта балалар құрдастармен қарым-қатынасқа түсуге үйренеді, бір-бірімен тіл табысып, ортақ шешімге келеді. Бұнын барлығы ойын ретінде өтеді. Тіпті сабаққа ұқсамайды. Сабақты мұғалім емес, кітапханашы өткізеді. Бұл балаларды бірден қызықтыртады. Олар біртіндеп күрделі практикалық тапсырмаларды орындай бастайды.

Дайындық кезеңде оқушыларға жауап беру кезеңінің уақыты шектеулі болады. Нәтижесі өте жақсы. Уақыт аз болғандықтан балалар тез арада жұмысқа кіріседі. Барлығы белсенді түрде ойлай бастайды, логикалық түрде жауаптарын құрастырады, нақты және қысқа жауап береді. Кейбіреулер жауаптарын жазып алады, басқалары бірінші жауп беру үшін қолдарын көтере бастайды. Сондықтан ең керектісі - уақыт тығыздылығы және ойынға ұқсас жағдай жасау.

Бірақ балаларды белсенді жұмыс істету үшін олардың қызығушылығын тудырту қажет. Бұл үшін шақыру деңгейі бар. Бұл кезеңде балаларды жұмысқа тартады. Бұнда кездейсоқ элементі немесе бірінші сұрақтың қалыпты емес формулировкасы балаларды қызықтырады. Егер сұрақ баланы қызықтырса, онда ол оған жауап беруге тырысады. Осылай бала жұмысқа тартылады. Біз барлық сыныптың және әр баланың белсенділігін көре аламыз.

Келесі кезеңде (түсіну) айқындалған ақпарат, балалардың білімдері қарастырылады. Бұнда балалар өз тәжірибелерін, білімдерін көрсетеді. Сыныпта үлкен шу болғанымен, ең бастысы - балалар өз мүмкіндіктерін көрсетеді, қорытындыларын жасайды. Бұл стадияда оқушылар өздері алынған ақпаратты талдайды. Біздің жағдайда балалар кітаптан алынған элементтерді салыстырып, ортақ қасиеттерін айқындайды және т.б.

Ойлану кезеңінде балалар жаңа алған білімдерді қолдана бастайды. Мысалы, біздің сабағымызда практикалық тапсырмаларды сөздіктер және басқа да оларға белгілі басылымдардың көмегімен орындайды.

Жалпы балаларды барлық орындаған тапсырмаларды үшін қолпаштау керек. Оқушылардың жалпы белсенділігі өте жоғары, барлық балалар жұмыс істейді.


Топтағы жұмыс ережелері.
Семинар сабағын ылғи да топтық жұмыс ережелерін талқылаудан бастау керек. Бұл сенімділік атмосферасын құрып, адамдарға өзінің түрлі көзқарастарын айтуға мүмкіндік береді. Әдетте бұл іс-әрекет түрін алғашқы кездесуде немесе топқа жаңадан адамдар қосылғанда қолдануы қажет.

Семинарға әр қатысушы (немесе әр топ) келесі аяқталмаған ережелер тізімін алады:

1.Барлығын бөлмей тыңдап шық.

2.Басқалармен қатарласып сөйлеме.

3.Тақырыптан ауытқыма.

4.Әр идеяның өз құндылығы бар.

5. Әр адам топта қалай жұмыс істейтінін өзі шешеді.

6.Түрлі көзқарастармен санасу қажет.

7.Барлық сұрақтар маңызды.

8.Тікелей нұсқаулықтардан аулақ бол.

9.-

10.-


Топ мүшелеріне ережелермен жеке танысу үшін уақыт беріледі, сосын барлығы бірігіп талқылайды. Осыдан кейін керек болса, балалар тізімді толықтырады.

Тренер ретінде менің рөлім - адамдарды дискуссияға стимулдау. Нәтижесінде біз барлығы қолдайтын ережелер тізімін аламыз. Бұл өзаратүсіністікке және өнімді жұмысқа әкеледі.


"Қосу - алу - қызықты(?)
Бұл тәсіл түсіну кезеңінде қолданылады. Бұл тәсілдіңмақсаты - мәтінге әртүрлі қатынас қалыптастыру.

"+", "-", "?" белгілерін мәтінмен және оның жеке бөліктермен жұмыс процесі барысында қоюға болады немесе кесте қолдануға болады.

"+" торына оқушыға белгілі мәтіннің бөліктері немесе жағымды эмоцияларды тудыратын фактілер жазылады. "-" торына оларда жоқ немесе түсініксіз фактілер жазылады. "Қызықты" (?) торына қызықты, білгілері келетін фактілер жазылады.

Бұл тәсілді рефлексия стадиясында да қолдануға болады. Бұл жағдайда ақпарат бнлсенді қабылданады, жүйеленеді, бағаланады. Жұмыс аяғында қиын сұрақтарды талқылауға болады. Бұл мәтінмен бнлсенді жұмыстың бір тәсілі болып табылады.

Түрлі деңгейлі сыныптар болса, онда мұғалім бір тақырыппен жұмыс істей отырып, әр сыныптар үшін өзінің модулін жасауға болады.

Берілген модульдр - сабақты өткізудің әдістемелік стратегиялар мен тәсілдердің жиынтығы ғана емес, әр модуль белгілі бір тапсырмаларды орындайды: ұғымдарды қалыптастыру, объектілерді салыстыру, материалды жүйелендіру және т.б. Олардың барлығы баланың критикалық ойлаудың, тұлғалық қасиеттерінің дамуына бағытталған.



Критикалық ойлаудың стратегиялары.

Кластерлер.

Кластер бұл – объектілер немесе құбылыстар арасындағы бірнеше әртүрлі байланысты көрсететін графикалық системазтизатор болып табылады. Оларды оңай құрастыруға болады:

  • бір бет арасына сөз жазу

  • таңдалған тақырып бойынша ойға келген сөздерді жазып, идеялар арасындағы жалғауларды суреттеу

  • уақыт немесе идея біткенше дейін жаз

Синквейн

Ақпаратты резюмелей алу қабілеті, күрделі идеяларды ашу, бірнеше сөздердегі сезім – маңызды іскерлік. Ол оқушыдан түсінік қорының бай болуын және ойлануын талап етеді. Синквейн – бұл өлең шұмағы, алынған білімдер негізінде рефлексияны жүзеге асыру немесе түсініктің мәнін сипаттауға мүмкіндік беретін ақпараттар синтезі. «Синквейн» француз тілінен «бес» дегенді білдіреді. Бұл бес жолдан құралатын өлең шұмағы. Бірінші жолда оның тақырыбы бір зат есім анықталады. Екінші жолда тақырыптық екі сын есім мінездемесі беріледі. Үшінші жол тақырыптың немесе заттың әрекетін сипаттайтын үш етістіктен тұрады, төртінші жол автордың тақырыпқа немесе затқа қатысты төрт сөз білдіруінен тұрады. Бесінші жол тақырып немесе заттың мағынасын жалпылайтын немесе кеңейетін синоним. Синквейнды рефлексия деңгейі негізінде қолдануға болады. Бірақ тәжірибе оның басқа да мүмкіндіктерін көрсетеді. Мұғалімнің бұл стратегияны түрлі пән арасында, түрлі сыныптарда, сабақтың түрлі деңгейлерінде қолданғаның қарастырамыз. Сабақтың әртүрлі деңгейінде синквейнды қолдану түрлі тапсырманы қамтиды:




Шақыру мазмұнын түсіну ойластыру

Бар білімдердің қысқаша жалпылау




Жаңа

++білімдермен ойлана жұмыс жасау




Бар біліммен жаңа білмдердің интеграциясы


Ұқсас жұмыс:



  • оқушының сөздік қорын байытады

  • оны қысқаша мазмұндауға дайындайды

  • шығарма идеясын құрауға үйретеді (синквейннің 4 жолы)

  • әр оқушыға өзін ақын жэәне философ сезінуіне мүмкіндік береді, негізінен синквейнды кез-келген жаза алады.

Синквейннің тиімді сапаларын келесідей көрсетуге болады:

  • күрделі ақпараттарды синтездеу және жалпылаудың құрамы.

  • Қатысушылардың сөздік қорын бағалау құрамы.

  • Шығармашылық жағынан даму құрамы.

Қорытындылай келе – синквейн туралы:



Синквейн

жолақты, ойлайды, жалпылайды, жинайды. Есіңе сақта: краткость – сестра таланта.

Резюме

Екі жақты жазбалы күнделік.

Екі жақты күнделік қатысушыларға мәтін мазмұнын өзінің жеке тәжірибесімен анықтауға мүмкіндік береді. Әсіресе, олар қатысушыларға үлкен мәтінді үйде, сабақтан тыс берілген кезде тиімді болып табылады.

Екі жақты күнделікті жасау үшін, бір бетке қағазды вертикалды сызықпен екіге бөлу керек. Сол жаққа мәтін бөлігі жазылады, өз өмірінің эпизодына ұқсас жерлер немесе ассоциациялар, қарсылықты ойлар жазылады. Оң жаққа комментарий берілу керек: не себепті? Осы цитатаны жазғаны осымен байланысты қандай сұрақ туындағаны жазылады.

Инсерт

Инсерт – мәтінді маркерлеу әдісі. Қатысушыларға мәтіндерді маркерлеу системасы беріледі, оған келесідей белгілер келеді:

◦ «V» - галкамен белгілі нәрселерді белгілейді.

◦ «-» - «минус» белгісімен оқырманның пікіріне қайшы келетін немесе күдік тудыратынын белгілейді.

◦ «+» - «плюс» белгісімен оқырманға қызықты жерлерді белгілейді.

◦ «?» - сұрақ белгісі егер оқырмандар бір нәрсені нақты білуге қалауы болған жағдайда қойылатын белгі.



«V»

«-»

«+»

«?»













«оқу және хат арқылы критикалық ойлаудың дамуы» технологиясы бойынша дәріс құрылымы.

Дәріс – дайындық кезінде оқытушы матерпалдарды дидактикалық мағыналы модульдерге бөледі және олардың әрқайсысының негізгі мәселесін, ұғымын, қасиетін категориясын бөліп көрсетеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет