Аға ұрпақ өкілдерін, мүгедектерді және жеке санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау
«Созақ ауданында халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» орындау мақсатында мүгедектерді және де басқа жекеленген санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау үшін аудандық бюджеттен 2010 жылға 8140,0 мың теңге қаржы жоспарланып, толығымен игерілді.
ҰОС-ның ардагерлеріне аудандық басылымдарына тегін жаздыруға 37 адамға 138.0 мың теңге қаржы жұмсалды.
37 ҰОС қатысушыларының телефондарына абоненттік төлем ақысына, газға, жарыққа және жолда жүруге 1119,0 мың теңге қаржы есеп шоттарына аударылып берілді.
Мүгедек азаматтардың денсаулықтарын сауықтыру мақсатында «Денсаулық» шипажайына жергілікті бюджет есебінен 10 мүгедекке 350,0 мың теңгеге 10 жолдама алынды.
ҰОС ардагерлеріне, Батыр аналарға, басқа жеке санаттағы азаматтарға Манкент, Сарыағаш, Ақсу Жабағылы шипажайларына 34 адамға 1510,0 мың теңгеге жолдама алынды.
80 жастан асқан 24 жалғызілікті қарттардың әрқайсысының зейнетақыларына қосымша төлемақы ретінде бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 407,0 мың теңге қаржы төленді.
Ұлы отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдық мерекесі өз дәрежесінде өткізіліп, аға ұрпақ өкілдерінің отбасылық жағдайлары, өмір сүру деңгейлері толығымен зерттелді және оларға қолдан келгенше әлеуметтік қолдаулар көрсетілді. Осы іс-шараларға жергілікті бюджеттен 5200,9 мың теңге қаржы берілді.
Қол арбаға мұқтаж мүгедектерді қол арбамен қамтамасыз ету үшін 350,0 мың теңгеге 10 қол арба алынды.
8 наурыз мерекесіне орай аудан көлемінде «Ардақтайық ананы» атты іс-шаралар түзіліп, мереке барлық мекемелер мен ауыл әкімшіліктерінде салтанатты түрде атап өтілді. Аудан бойынша 445 Батыр анаға, Алтын алқа иелеріне, жергілікті бюджеттен 2225,0 мың теңге қаражат жұмсалды.
Жеңістің 65 – жылдығын мерекелеуіне ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген азаматтарға, пәк аналарға, ҰОСМ жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне, тағы басқа теңестірілген санаттағы азаматтарға бір жолғы әлеуметтік көмек ретінде республикалық бюджеттен 11742,0 мың теңге, жол ақыға 64,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 9440,0 мың теңге қаржы бөлінді.
1- қазан «Халықаралық қарттар күнін» және 10-қазан «Мүгедектер күнін» атап өту мақсатында аудан бюджет есебінен Қарттар мен мүгедектер күніне орай ауданда тұратын 100 жастан асқан қариялар, жалғызілікті қарттар және аз қамтылған мүгедектерге, барлығы 795 адамға 3225,0 мың теңге бір жолғы материалдық көмек көрсетілді.
2010 жылы мүгедектерге облыстық бюджеттен 11-таяқша, 2-радиоқабылдағыш, 8 -қол сағат, 9- ұялы телефон, 3-тифлоплеер, 1- домино 1- сандық диктофон, және басқада 9 көмекші құралдар таратылды.
Құлағы естімейтін мүгедектерге 8 есту аппаратына мұқтаж мүгедектерге жолдама берілсе, 7 мүгедек протез бұйымдарымен қамтамасыз етілді.
2010 жылы жергілікті бюджеттен 80 мүгедекке 1629,9– мың теңгеге памперс сатып алынды. Облыстық бюджет есебінен 4 қол арба, жергілікті бюджеттен -10 қол арба және демеушілер тарапынан 2 қол арба берілді.
Жеке санаттағы азаматтарға тиісті бюджеттерден әлеуметтік қолдау көрсетумен қатар, демеушілер тарапынан да көмектер көрсетілуде.
Аудан бойынша 2010 жылы облыстық психологиялық-медициналық-педогогикалық комиссиядан 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 100 бала 20 әлеуметтік қызметкерлердің қамқорлығына алынды.
Сонымен қатар, тағдыр тәлкегіне түсіп, қартайған шағында жалғы қалған 87 жалғызілікті қарттарға 19 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетуде.
Жүріп тұруы қиын І топтағы жеке көмекші қызметіне мұқтаж 20 мүгедекке 16 жеке көмекші бекітіліп, қызмет көрсетуде. Сонымен қатар естуі бойынша мүгедектігі бар 16 азаматтарға 4 ымдау тілі маманы қызмет етеді.
Тұрғындардың өмір деңгейі Ауданда 2003-2010 жылдар аралығында орташа тұрғындардың орташа табысы артқан. 2010 жылы ауданда жан басына шаққанда ақшалай табыс 2009 жылмен салыстырғанда 18 ,5 %-ға өсіп, 2010 жылы орташа айлық номиналдық жалақы 125 600 теңгені құраған, өмір сүрудің төменгі деңгей мөлшері тұрғындар басына шаққанда орта шамамен – 11578 теңге, яғни жалақы деңгейі өмір сүрудің төменгі деңгей мөлшерінен 9,2 есеге артық.
Ауданда жалпы мүгедектердің саны 2009 жылда 1595 адам, 2010 жылда 1665 адамды құрады, яғни 2010 жылда 2009 жылға қарағанда 70 адамға өсті, бөлімде 39 әлеуметтік қызметкер қызмет етеді, әрбір әлеуметтік қызметкер орта есеппен 6-8 адамға әлеуметтік қызмет көрсетуде.
Білім беру
Созақ аудандық білім саласында жұмыс жасайтын білім ұйымдарының саны 46. оның ішінде жалпы орта, негізгі және бастауыш мектептер, қосымша білім ұйымы, балабақшалар мен шағын орталықтар бар.
Созақ аудандық білім бөліміне қарасты мекемелер
саны жайлы диаграмма
Мектепке дейінгі білім беру.
Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті білім алу және 12 жылдық жалпы білім беруге көшуді жүзеге асыру үшін, біріншіден балабақшалар жүйесін қалпына келтіруге және толыққанды мектепке дейінгі білім беруді қалыптастыруға, мүмкіндік бар жерде мектепке дейінгі білім беруді мектептер аясында дамыту қажет деп көрсетілген Қазақстан Президентінің жолдауында. Осыған орай біздің ауданда да мектепке дейінгі білім беруді қамтамасыз ету жолында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желілерін арттыру жұмыстары атқарылып жатыр. Атап айтқанда,
- 2008 жылда небәрі 8 мекеме ғана жұмыс істеуде, қалған балабақшалар жабылған және жекешелендірілген болатын.
- 2009 жылы Жаңадан Қарағұр ауылынан 25 орындық «Айгөлек» балабақшасы, Жыныс елді мекенінен 25 орындық «Болашақ» балабақшасы, Жуантөбе ауылынан 25 орындық «Ақбота» балалар бақшалар ашылып, 12 балабақшада 990 бала тәрбиеленген.
- 2010 жылдың қаңтар айынан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарынан қосымша топтар ашу арқылы Ертөстік балабақшасынан 50 балалық 2 топ, Созақ балабақшасынан 25 балалық 1 топ, Қарағұр балабақшасынан 15 балалық 1 топ ашылды. Барлығы 90 бала қамтылды.
Сонымен қатар, 2010 жылы облыс тапсырмасы бойынша аудан бойынша қосымша 5 мектепке дейінгі шағын орталықтар ашу мәселесі мына жалпы орта мектептер арқылы аудандық және республикалық бюджет есебімен шешілмек:
Шолаққорған жалпы орта мектебі жанындағы 40 балаға арналған шағын орталықты ұстау үшін – 4791,0 мың теңге;
Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебі жанындағы 40 балаға арналған шағын орталықты ұстау үшін - - 4791,0 мың теңге;
Мұратбаев жалпы орта мектебі жанындағы 25 балаға арналған шағын орталықты ұстау үшін – 3312,7 мың теңге;
Уәлиханов жалпы орта мектебі жанындағы 25 балаға арналған шағын орталықты ұстау үшін – 3281,0 мың теңге;
Абай жалпы орта мектебі жанындағы 25 орындақты шағын орталықты ұстау үшін – 3281,0 мың теңге;
- 2010 жылы 17 мектепке дейінгі мекемелердің ішінде 12 балабақшада 1080 бала және 5 шағын орталықта 155 бала тәрбиеленді. «Балапан» бағдарламасы бойынша 3-6 жасқа дейінгі балаларды қамту пайызы 39,7 болса, 2-6 жас балалардың мектепке дейінгі қамту 27,9 пайыз.
- 2011 жылы республикалық бюджет есебінен Шолаққорған ауылынан 280 орындық, Бабата ауылынан 25 орындық, Қайнар ауылынан 30 орындық балабақша салу арқылы мектепке дейінгі мекемелердің санын 24-ге арттыру. Оның ішінде 15 балабақшада 1495 бала және 9 шағын орталықта 255 бала қамтылады деп жоспарланып отыр.
- 2012 жылы республикалық бюджет есебінен Жыныс ауылынан 120 орындық және жергілікті бюджеттен Аққолтық ауылынан 30 орындық, Көктөбе ауылынан 30 орындық балабақша ашу арқылы мектепке дейінгі мекемелердің санын 27 – ға арттыру. Оның ішінде 18 балабақшада 1675 бала және 9 шағын орталықта 255 бала қамтылады деп жоспарланып отыр.
- 2013 жылы облыстық бюджеттен Тайқоңыр ауылынан 50 орындық, жергілікті бюджеттен Ыбырай ауыланан 25 орындық Абай ауыланан 25 орындық, Шаға ауылынан 25 орындық балабақша салу арқылы мектепке дейінгі мекемелердің санын 31 – ке арттыру. Оның ішінде 22 балабақшада 1800 бала және 9 шағын орталықта 255 бала қамтылады деп жоспарланып отыр.
- 2014 жылы жергілікті бюджеттен Ақсүмбе ауылынан 25 орындық, Раң ата ауылынан 25 орындық, Балдысу ауылынан 25 орындық балабақша ашу арқылы мектепке дейінгі мекемелердің саны 34 – ге арттыру. Оның ішінде 25 балабақшада 1875 бала және 9 шағын орталықта 255 бала қамтылады деп жоспарланып отыр.
- 2015 жылы жергілікті бюджеттен Саржаз ауылынан 25 орындық, Қарабұлақ ауылынан 25 орындық, Басбұлақ ауылынан 25 орындық балабақша ашу арқылы мектепке дейінгі мекемелердің санын 37 – қа арттыру. Оның ішінде 28 балабақшада 1950 бала және 9 шағын орталықта 255 бала қамтылады деп жоспарланып отыр.
Жоғарыда қамтылған балаларды қамту үшін қаралған 2008 – 2015 жылдарда қаралған қаржы 2008 жылға – 67 816,0 мың теңге; 2009 жылға – 140 804,0 мың теңге; 2010 жылы – 145 124,0 мың теңге; 2011 жылға - 218 040 0 мың теңге; 2012 жылға - 233 302,8 мың теңге; 2013 жылға – 249 633,9 мың теңге; 2014 жылға - 267 108,3 мың теңге; 2015 жылға - 285 805,9 мың теңге;
2008-2009 оқу жылында балабақшаға қамтылған бала саны 990 болса, оның 27% құрайды. 2010 жылдың қаңтар айынан бастап, қосымша топтар мен шағын орталықтарының ашылуына байланысты биылғы оқу жылында 1235 бала балабақшамен қамтылып отыр. Бұл оның 32% құрайды.
2011 жаңа оқу жылында жаңа балабақшалардың ашылуымен бала саны жыл сайын өсіп отыр.
Орта білім беру.
2008 – 2015 оқу жылдарында аудандағы мектеп жасындағы мектеппен қамтылған бала саны мен сынып жинақтаушысы және орташа бала сыйымдылығы.
2008-2009 оқу жылында мұғалімдердің жалпы саны 1510 болды. Олардың жоғары білімдісі 1440, аяқталмаған жоғары білімді 5, арнайы орта білімді 65 мұғалім жұмыс істеді. Олардың 220-і жоғары санатты, 1 санатты 431 мұғалім, 2 санатты 550 мұғалім, білімі бойынша лайықты 309 мұғалім қызмет атқарған.
2009 жылы аудандағы 1452 педагог 2010 жылы 1478 – ге артқан. 2010 жылы аудан мектептерінің психолог, тәлімгер, мектеп алды даярлық тәрбиешілері және интернат тәрбиешілерін қоспағанда 1478 педагог-кадрлар жұмыс жүргізген. Олардың 1331-і жоғары білімді болса, 147-і арнаулы білімді. 284-і жоғары санатты болса, 426-ы бірінші санатты, 505-і екінші санатты болса, 263 мұғалім лайықты.
Материалдық база
2008 жылдары ауданның 20 мектебінде лингафондық мультимедиялық кабинеттер ашылды, бұл мектептердің жалпы санының 55%-ды құрады. 2008 жылдары 15 физика кабинеттері қажетті жабдықтармен небәрі 41,6 пайызға, 10 химия кабинеті – 27 пайызға, 12 биология кабинеті – 33 пайызға ғана жарақталған.
Ауыл мектептерінің көпшілігінде металл және ағаш өңдеу жөніндегі шеберханалар біріктірілген, жабдықтары моральдық жағынан ескірген және 90 пайызға тозығы жеткен, тиісінше көбі істен шыққан. Алдағы жылдары мектеп шеберханаларының материалдық базасы тартылған қаражат есебінен құрал-саймандармен толықтыруды қажет етеді.
Ауданның 18 мектебіне лингофондық – мультимедиялық кабинеттер қойылды, бұл мектептердің жалпы санының 50%-ын құрайды. Физика кабинеттері 53 пайызды (19 мектеп), химия кабинеті 27 пайызға (10 мектеп), биология кабинеті 27 пайызға (10 мектеп) жарақталған.
Осы оқу жылында 2 мектеп (Әлімқұлов, Алтынсарин) республикалық бюджет есебінен, биология кабинет – комплектілерімен қамтамасыз ету жоспарланса, 4 мектепке (Молдағұлова, «Шолаққорған», Әлімқұлов, «Созақ» м/г) интерактивті тақта қойылған. Сондай-ақ, Мұратбаев атындағы орта мектепке мультимедиялық кабинет үшін республикалық бюджеттен 5 млн. 541 мың теңге қаржы бөлінді.
Айтылған мәселелермен қатар, оларды шешу жолдарын қарастыру – басты міндетіміз. Алдағы кезекте жергілікті, облыстық, республикалық бюджет арқылы қаржы көздерін қарастыра отырып, демеушілер көмегін пайдалануға да жұмыстар жасалатын болады.
2008 жылы 4 мектептің пәндік кабинеттері жалпы сомасы 20 364,0 мың теңгені құрайтын интерактивті және зертханалық құралдармен қайта жарақталды.
2008 – 2010 жылдары пәндік кабинеттерді сатып алуға кеткен шығындар
№
|
Жылдары
|
ЛМК
|
Физика кабинеттері
|
Химия кабинеттері
|
Билогия кабинеттері
|
саны
|
Сомасы
|
саны
|
сомасы
|
саны
|
сомасы
|
саны
|
сомасы
|
1
|
2008ж
|
6
|
33408,6
|
4
|
14955,7
|
1
|
3267,7
|
1
|
3706,4
|
2
|
2009ж
|
1
|
5263,0
|
0
|
0
|
0
|
0
|
2
|
7988,0
|
3
|
2010ж
|
1
|
5539,0
|
0
|
0
|
0
|
0
|
2
|
8194,0
|
2008-2010 жылдары алынған кабинеттерді мектептер бойынша талдайтын болсақ,
- 2008ж Кемелүлы атындағы жалпы орта мектепке ЛМК кабинеті;
Новой Қарағұр Панфилов Сейфуллин Момбеков атындағы жалпы орта мектепке ЛМК кабинеті;
Уәлиханов Сейфуллин Кеңесбаев Бөкенов атындағы жалпы орта мектепке физика кабинеті;
Молдағұлова атындағы жалпы орта мектепке химия кабинеті;
Молдағұлова атындағы жалпы орта мектепке биология кабинеті;
Аудан мектептеріне 86 компьютерлер;
- 2009ж Мұратбаев атындағы жалпы орта мектепке ЛМК кабинеті;
Алтынсарин атындағы жалпы орта мектепке биология кабинеті;
Т.Әлімқұлов атындағы мектеп лицей интернатқа биология кабинеті;
Созақ атындағы мектеп интернатқа интерактивті тақта;
Аудан мектептеріне 86 компьютерлер;
- 2010ж Сугір Әліұлы атындағы негізгі мектепке ЛМК кабинеті;
Панфилов атындағы жалпы орта мектепке биология кабинеті;
Маметова атындағы жалпы орта мектепке биология кабинеті;
Аудан мектептеріне 89 компьютерлер;
Спорт залдары бар мектептердің үлесі.
Созақ аудандық білім бөлімі бойынша 122 дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен спорт жаттықтырушылары жұмыс жасайды. Оның 32-і лайықты, 41-і екінші санатты, 34-і бірінші санаттағы, 15-і жоғары санаттағы мамандар. 2009-2010 оқу жылында – барлық мектептер саны 36. Жалпы білім беретін 20 мектеп 25 спорт залдармен қамтылған 69.4 % . Атап айтқанда, «Шолаққорған» жалпы орта мектебінде - 2, С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінде - 2, І.Кеңесбаев атындағы жалпы отра мектебінде - 3, Л.Бөкенов атындағы жалпы орта мектебінде - 2 спорт залдары бар. Жалпы, оның - 15 стандартты, 1-уі қосымша салынған, 4-уі ыңғайластырылған спорт залдары. Сонымен қатар, 102 волейбол, баскетбол, футбол спорт алаңдары, 33 гимнастикалық алаңдармен жабдықталған.
2010-2011 оқу жылында «Суындық» жалпы орта мектебіне 36 155 000 тенге және Жамбыл атындағы жалпы орта мектебіне 24 861 000 тенге спорт зал құрылысы үшін аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстарын 2010 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланған.
2011-2012 оқу жылында Қ.Рүстемов атындағы жалпы орта мектебі, Макаренко атындағы жалпы орта мектептерінің құрылысы аяқталып жаңа спорт залдарымен қамтамасыз етіледі.
2012-2013 оқу жылдарында Панфилов атындағы жалпы орта мектебі, М.Маметова атындағы жалпы орта мектебі, Қарабұлақ бастауыш мектептері құрылыстары жүргізіледі. Сонымен қатар Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебі, Науайы атындағы жалпы орта мектебі, Абай атындағы жалпы орта мектептерінде мектеп құрылысы мен қоса спорт залдары ғимараттары салынып күрделі жөндеу жұмсытарын жүргізу жоспарлануда.
2009-2010 оқу жылында оқушыларға сапалы білім беру, денсаулығын нығайту, дене шынықтыру мәдениетін қалыптастыру мақсатында 6423000 теңге қаржы бөлініп аудан мектертері тиісті спорттық инвентарлармен қамтамасыз етілсе, 2010-2012 оқу жылында бұл мақсатта 2 200 000 тенге қаржы қаралуда.
2010 жылы барлығы 36 мектептің 20 мектебінде 25 спорт залымен қамтылды 69.4 %.
2011 жылы 37 мектеп болса жалпы 27 спорт залы 72.9 %. (Суындық, Жамбыл атындағы жалпы орта мектетерде спорт зал құрылысы).
2012 жылы 37 мектеп спорт залдар саны 31, яғни 83.8 %. (Панфилов, Рүстемов, Макаренко, Маметова жалпы орта мектептерінің күрделі жөндеу құрылысы).
2013 жылы 37 мектеп, спорт залдар саны 32, 86.5 % . (Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебі спортзал құрылысы, Науайы , Абай атындағы жалпы орта мектептерінің күрделі жөндеуі).
2009 жылы балалардың демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында, биылғы жылы «Мардан» тынығу орны жұмыс жасап, 600 оқушының 4 ауысымда демалуына жағдай жасалды.
2009 жылы Аудан әкімінің қолдауымен, «КАТКО» БК-ның демеушілігімен ауыл әкімшіліктерінен аз қамтамасыз етілген отбасылардың 12 үздік оқушысы Франция астанасы Париж қаласында демалып қайтты.
2010 жылы аталған демеушілік есебінен 90 бала Алматы қаласындағы «Табаған» ойын – сауық орталығында демалып қайтты.
Жастардың әлеуметтік құқықтары мен мемлекеттік кепілдіктерін толық іске асырудың қамтамасыз етілуі
Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру
Созақ аудандық білім бөлімі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарына 2006-2011 жылдарға арналған патриоттық тәрбие беру бағдарламасы жасалған. Аталған бағдарламаға сәйкес біршама жұмыстар атқарылуда.
Атап айтар болсақ, 4-14 ақпан күндері Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына байланысты «Ерлікке тағзым» атты онкүндігі өткізілді.
Сондай-ақ, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында аудан мектептерінде «9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнін» өткізуді ұйымдастыруға байланысты іс-шаралар жоспары жасалынды. Жоспарға сай біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ, аудан мектептерінде Ұлы Жеңістің 65 жылдығына байланысты сыныптан тыс тәрбие сағаттары өткізілді. Мектеп дәліздерінде «Ерлікке тағзым» атты қабырға газеттері шығарылды. Мектеп кітапханаларында оқырмандар конференциясы, әңгімелер, диспуттар өткізілді. 5-6 сынып оқушылары арасында «Жарысқа шық, жас ұлан!» атты жеңіл атлетикалық эстафеталық жарыстар т.б. спорттық ойындар өткізілді. Аудан мектептерінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік байрағы биік самға» тақырыбында апталықтар, «Тәуелсіздікпен келген еркіндік» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында шолу сабақтар, «Қазақстанның ғажап өнері – тәуелсіздік таңдарында» тақырыбында тарихи көрмелер мен плакаттар байқауы өткізілді.
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңы қабылданған 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастау алған қазақ ұлтының өзін-өзі билеу құқығы мен өз мемлекеті шынайы тарихының қалыптасуын жасөспірімдер бойына сіңіру, насихаттау, патриоттық тәрбие беру мақсатында «Қазақ елі туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты» атты апталық ұйымдастырылды.
Аудан мектептерінде Жеңіс күніне арналған Ұлы Отан соғысы және Ауған соғысының ардагерлерінің қатысуымен салтанатты жиындар өткізілді. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» тақырыбында ұстаздық қызметтен зейнеткерлікке шыққан ардагерлермен кездесулер, «Туған жерім тұғырым» тақырыбында мектеп оқушылары арасында көркем шығарма жазудан байқаулар өткізілді. Сондай-ақ, ауданның білім мекемелеріндегі шығармашыл ұстаздардың еңбектері аудандық «Молшылық», «Теріскей» газеттері арқылы басылым беттерінде жарияланды. Ұстаздар қатарынан шыққан еңбек және соғыс ардагерлерінің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, кейінгі ұрпаққа өнеге ету мақсатында ардагерлер жайлы мәліметтер дайындалды.
Қазақстандық патриотизм жөнінде үздік шығармашылық жұмыстарды анықтау және талантты жастарға қолдау көрсету мақсатында аудан оқушылары арасында «Астана – мақтанышым менің» атты шығармалар байқауы өткізілді.
Мектептерде 1-4 сыныптар арасында өткізілген «Отан неден басталады?» атты сабақтарда оқушыларға «Отан», «Туған жер», «Атамекен», «Ата қоныс» ұғымдар жайлы әңгімелер жүргізіліп, сұрақтар қойылды. Сабақтарда оқушылар өздерінің туған жері туралы, егеменді еліміздің өрлеу жолдары, Қазақстанның бұрынғы астаналары, Алматы қаласынан Астанаға көшуі жайлы қызықты мәлімдемелер жасады. Сондай-ақ, «Менің Республикам» атты Қазақстан қалаларына саяхат ойын сабақтары өткізілді.
Барлық білім мекемелерінде құрылған «Қолғабыс», «Жас көмекшілер» т.б. топ мүшелерінің қатысуымен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, жалғыз басты қарттарға, сондай-ақ көмекке мұқтаж адамдарға көмектер ұйымдастырылды.
Созақ аудандық білім бөлімінің жасөспірімдер арасында «Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын» жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Аудандық білім бөлімінде, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссияның 2010 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес арнайы іс-шаралар жоспары жасалып, аудан мектептеріне таратылды.
Осыған сәйкес аудандағы білім мекемелерінде іс-шараға сәйкес біршама жұмыстар атқарылды.
Мектеп ұстаздары ата-аналарға, ауыл жастарына жас ерекшеліктеріне қарай түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүргізіп, оқушылардың жас ерекшелігіне қарай түрлі танымдық шаралар, әңгімелер, пікірталастар, кештер, диспуттар, лекциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Оқушылардан берілген тақырыптар бойынша жазба жұмыстары алынып, сурет және кітап көрмелері ұйымдастырылды.
2009 жылғы 15 қазан күні І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінде «Біз нашақорлық туралы не білеміз!» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға денсаулық сақтау бірлестігі, аудандық ішкі істер бөлімі жанындағы жасөспірімдер бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтар және мектеп медбикелері қатысты.
Нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы күресті арттыру мақсатында 5 қазан күні Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебінде орталық аурухананың дәрігері Ш.Ермекқараева «Жат әдеттен сақтан» тақырыбында лекция оқыды.
2010 жылдың 11 қыркүйек күні салауатты өмір салтын насихаттауға байланысты оқушылар арасында «Денсаулық фестивалі» өткізілді.
«Темекінің зияны», «Темекіден аулақ бол!», «Біз нашақорлыққа қарсымыз» тақырыбында оқушылар арасында есірткі мен ішімдік және басқа да психо белсенді заттарды қолданудың адам денсаулығына зиян келтіретіндігі жайлы жан-жақты мәліметтер беріліп, оқушылар арасында «Салауатты өмір- жарқын болашақ» атты сурет байқауы өткізілді.
Темекі шегу, нашақорлықтың алдын алу мақсатында орталық аурухананың дәрігер-наркологы А.Дөнтаев «Темекі шегу, нашақорлық – денсаулыққа зиян» тақырыбында лекция оқыса, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектеп кітапханашысы Нұрдана Тұрмаханова «ЖҚТБ/АҚТБ (ВИЧ/СПИД) және темекі шегу, нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыптарында көрме ұйымдастырып, «СПИД-ажал аралы, қарсы тұрайық!» атты дебат сабағын, пікір-сайыс түрінде өткізді, сондай-ақ мектептің 9-10-11 сынып оқушыларының аралас тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, өз пікірлерін ортаға салды.
Нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы күрестің алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында, ауылды жерлердегі мектептерде «Темекі шегу, нашақорлық – денсаулыққа зиян» тақырыбында лекция оқу қолға алынған, қазіргі таңда білім мекемелерінде нашақорлық және темекі шегу жөнінде есепке алынған оқушылар жоқ.
Ауданның барлық мектептерінде құқық қорғау, денсаулық сақтау органдары өкілдерінің қатысуымен нашақорлыққа қарсы күрес проблемалары жөнінде семинарлар, тәрбие мәселелері жөнінде кездесулер ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, мектеп дәліздерінде, оқу дәрісханаларында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөнінде бұрыштар ұйымдастырылып, қабырға газеттері шығарылды. Валеология пәнінің мұғалімдері арасында ашық сабақтар өткізілді.
Аудан мектеп оқушылары арасында «Есірткіге қарсы қоғам», «Дені саудың-тәні сау», «Есірткісіз өмір». «Жастар нашақорлыққа қарсы» тақырыптарында сурет салудан байқау ұйымдастырылып, байқау жеңімпаздары аудандық білім бөлімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
Білім мекемелерінде нашақорлыққа , таксикоманияға еліктеушіліктің алдын алу бағытында педагог-психологтардың өткен оқу жылындағы жұмысы талқыланып, жаңа оқу жылына жоспар жасалынды.
18-21 наурыз аралығында аудан мектеп мұғалімдері мен құқық қорғау қызметкерлері бірлесе отырып, «Жасөспірім» және «Отбасы» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізді.
Аудан мектептерінде 11109 оқушының 7990 оқушы әртүрлі танымдық іс-шараларға қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |