Бағдарламасы Шолаққорған 2011 жыл Мазмұны бағдарлама паспорты 3


Аудан мектептері бойынша өкізілген іс-шаралар кестесі



бет5/29
Дата23.02.2016
өлшемі3.69 Mb.
#11548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

Аудан мектептері бойынша өкізілген іс-шаралар кестесі

Қ/С

Өткізілген

іс-шаралар

Өту әдісі

Мерзімі

Қатысқан оқушы саны

Мектебі

1

«Есірткі – ғасыр дерті»

Лекция

09.10.2009ж

90

Т.Момбеков

2

«Нашақорлық –қауіпті дерт»

Сурет байқауы

25.11.2009ж

120

М.Маметова

3

«Есірткісіз өмір»

Диспут

27.11.2009ж

80

Жамбыл

4

«Біз нашақорлыққа қарсымыз»

Пікірталас

11.12.2009ж

85

М.Маметова

5

«Біз есірткіге қарсымыз»

Тәрбие сағаты

18.12.2009ж

60

С.Бақбергенов

6

«Ғасырдың өлім тұзақтары»

Тәрбие сағаты

11.12.2009ж

65

Кемелұлы

7

«Зиянды әдеттерден ертең емес, бүгін арылайық»

Дөңгелек үстел

22.01.2010ж

70

«Суындық»

8

«Бақытың да, байлығың да денсаулық»

Тәрбие сағаты

12.02.2010ж

65

«Суындық»

9

«Келешекке көзқарас»

Шығармалар байқауы

13.03.2010ж

80

Кемелұлы

10

«Әкем, шешем және мен»

Спорттық сайыс

7.04.2010ж

80

«Саржаз»

11

«Нашақорлық- ғасыр дерті»

Сынып сағаты

21.04.2010ж

50

М.Маметова

12

«Темекінің зияны және ЖҚТБ»

Дөңгелек үстел

30.04.2010ж

85

«Саржаз»

13

«Дені саудың-тәні сау»

Спорттық ойын

6.05.2010

60

М.Маметова


Балаларға қосымша білім беру.

Мектеп әкімшілігі тарапынан фортепиано, баян, скрипка, үрмелі аспаптар мамандары жетіспеуіне байланысты Оңтүстік Қазақстан саз коледжіне сұраныс берілген.

Созақ аудандық білім бөліміне қарасты А.Жұбанов атындағы Созақ балалар саз мектебінде 2010-2011 оқу жылында 23 педагог-кадр жұмыс істейді. Оның 16-сы жоғары білімді, 3-еуі арнаулы орта білімді, 4-еуі аяқталмаған жоғары білімді мұғалімдер.

Аталған мектепке ауданның 165 оқушысы тартылған. Ол жалпы аудан оқушыларының 1,48 пайызын құрайды. Онда 5 бөлім жұмыс жасайды. Атап айтар болсақ,



  1. Домбыра.

  2. Қобыз.

  3. Фортепиано

  4. Скрипка

  5. Ән-терме

Оқушылар фортепиано және скрипка бөлімінде 7 жыл, қалған бөлімдерде 5 жыл оқып дәріс алады.

Барлық бөлімнің айлық оқу жарнасы педагогикалық кеңестің шешіміне сәйкес оқу жылының басынан бастап ата-аналардың келісімі бойынша төленеді.

Ұзақтығы 45 минуттан тұратын сабақ әр оқушымен жеке өтіледі. Өз мамандықтары бойынша өтілетін сабақпен қатар, музыкалық теориялық сабақтар өтіледі. Олар топтық сабақтар. Атап айтар болсақ,


  1. Негізгі аспап – аптасына 2 рет, ұзақтығы 45 минут.

  2. Сольфеджио – аптасына 2 рет, ұзақтығы 45 минут.

  3. Музыкалық әдебиет – аптасына 1 рет, ұзақтығы 45 минут.

  4. Қазақ музыкасының әдебиеті - аптасына 1 рет, ұзақтығы 45 минут.

  5. Ансамбль – аптасына 1 рет, ұзақтығы 45 минут.

  6. Таңдау пәні - аптасына 1 рет, ұзақтығы 45 минут.

  7. Хор сабағы – аптасына 1 рет, ұзақтығы 45 минут

Сондай-ақ, оқушылар қосымша аспапты меңгере алады. Оқу-тәрбие жоспарына сәйкес оқу жылы барысында оқушылар тоқсан сайын бақылау сынақтарын, әрбір жартыжылдық сайын академиялық сынақ, 1 рет техникалық сынақ және сыныптан сыныпқа көшу емтиханын тапсырады.

Мамандығы бойынша және сольфеджиодан мемлекеттік емтихан таспырады.

Мектеп ұжымы аудандық түрлі мәдени іс-шараларға белсене атсалысады. Мектеп мұғалімі Е.Жүзбай Астана қаласында өткен республикалық «Күй-керуен» фестивалінде «Алтын домбыра» иегері атанса, Жас музыканттардың облыстық ХХХХІІІ өнер байқауында мектеп оқушылары қобыз класы бойынша С.Қайырбекова ІІ орынды, А.Қазыбек ІІІ орынды, А.Нұржанбаева ІІІ орынды және домбыра класы бойынша Ж.Тұрлыбекова ІІІ орынды жеңіп алса, Б.Нұржанбаев облыстық білім басқармасының мадақтамасымен марапатталды. 2009-2010 оқу жылында оқушылардың хор ұжымы облыста ІІІ орынды иеленсе, домбырашылар ансамблі облыстық басқармасының мадақтамасымен марапатталды.

Аудан мектептеріндегі оқушылардың оқулықпен қамтамасыз етілуі

Сыныптар


Жалпы оқушылардың оқулықтармен қамтамасыз етілу пайызы


Аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының оқулықтармен қамтамасыз етілу пайызы

2008-2009

оқу жылы


2009-2010

оқу жылы


2008-2009

оқу жылы


2009-2010

оқу жылы


Қазақ тілінде оқыту бойынша

Орыс тілінде оқыту бойынша

Қазақ тілінде оқыту бойынша

Орыс тілінде оқыту бойынша

Қазақ тілінде оқыту бойынша

Орыс тілінде оқыту бойынша

Қазақ тілінде оқыту бойынша

Орыс тілінде оқыту бойынша

1-4

100

100

100

100

100

100

100

100

5-9

90

89

92

92

100

100

100

100

10-11

83

80

90

90

100

100

100

100

Жиыны:

91

89

94

94

100

100

100

100

Барлығы:

91

94

100

100

Аудан мектептерінде оқулықтармен қамтамасыз етулуі – 94%. 2010 жылға қаралған қаржы – 23 377,0 мың теңге. Оның ішінде «Өзін - өзі тану» оқулығы үшін республикалық бюджеттен 6550,0 мың теңге берілді. Қалған 16 827,0 мың теңге жергілікті бюджет есебінен бөлінген. Қаралған 23 377,0 мың теңге жыл соңына дейін толығымен игеріледі. Алдағы бес жылдық жоспар бойынша жергілікті бюджеттен

2008-2009 оқу жылында аудан мектептеріндегі жалпы 1-11 сынып оқушыларының оқулықтармен қамтамасыз етілуі 91 пайыз, оның ішінде аз қамтамасыз етілген отбасы балалары 100 пайыз қамтамасыз етілді .

Қазақ сыныптарындағы оқушылар оқулықтармен 91 пайыз, оның ішінде аз қамтамасыз етілген отбасы балалары 98 пайыз қамтылған. Орыс сыныптары бойынша оқулықтармен оқушылардың 91 пайызы, оның ішінде аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының 98 пайызы қамтамасыз етіліп отыр.

Аудан мектептерінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпанындағы № 173 "Білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқулықпен қамтамасыз етудің тәртібі туралы" Қаулысын орындау мақсатында аумақтық әкімшіліктермен келісілген аз қамтамасыз етілген отбасыларынан 8 969 баланың тізімі алынып, олар бірінші кезекте тегін оқулықтармен қамтамасыз етілді. Кітапхана қорларындағы оқулықтардың таратылуы туралы педагогикалық кеңестерде, ата-аналар жиналыстарында түсінік жұмыстары жүйелі жүргізілуде.

Оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында облыстық білім департаментінің 2008 жылғы 19 мамырдағы " Облыстағы білім беру ұйымдарын 2008-2009 оқу жылында оқулықтармен қамтамасыз ету туралы" №414 бұйрығын басшылыққа ала отырып, аудан мектептерінің өзара кітап алмасуы ұйымдастырылуда.

Ақпараттандыру:

Осы заманғы әлемде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды иемдену оқу және жаза білу сияқты қасиеттермен бір қатарда орын алатынын көрсетіп отыр. Бұл ретте болашақ мамандар меңгеретін білім мен дағдылар алдағы уақытта көбінесе қоғамның даму жолдарын анықтайды.

Білім беру мекемелерін ақпараттандыру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің ҚР орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын одан әрі дамыту болып табылады, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» атты Қазақстан халқына Жолдауына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзірленген және бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігін құруға жәрдемдеседі.

Созақ аудандық жалпы білім беру мекемелерінің ақпарат - есептеу техникасы құралдарымен қамтамасыз етілуі 100 %-ды құрайды. Әрбір орнатылған компьютер мектептердің 25 оқушысына тиесілі келеді. Көп жағдайларда жалпы білім беру мекемелері ескірген компьютерлік техниканы иемденген. Бұл техника ҚР Білім министрлігі талап ететін осы заманғы талаптарға сай оқу жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіру үшін заманауи ақпараттық технологиялар мүмкіншіліктерін толық көлемде пайдалануға мүмкіндік бермейді.

Білім беру ұйымдарында бар компьютерлік техника «2+1»-ден «10+1»-ге дейінгі кескін үйлесімінде оқу-есептеу техникасы сыныптарына біріктірілген және «Есептеу техникасы және информатика» пәнін жүргізу үшін пайдаланылады. Ал бастауыш мектептерде бар жоғы 1-2-ден аспайды..

Электронды оқу залы, басқарудың автоматтандырылған жүйесі, электронды дәріс залы сияқты өзге модельдер мүлдем жоқ дерлік.

Ақпараттандыру оқушылардың компьютерлік сауаттылығын болжап қана қоймай, сонымен бірге оқу, тәрбиелеу, басқару үдерісін жетілдіруді де көздейді.

Интернет желісіне қолжетімдікке 36 мектеп ие, бұл Созақ ауданы жалпы білім беру мектептері жалпы санының 100% құрайды. Қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасына 32 мектеп (88,8%) қосылған.

2007 жылы 3 мектепте интеративтік on-lain сыныбы орнатылды.

Қол жеткен нәтижелермен қатар бірқатар шешілмеген проблемалар да бар. Олардың негізгілері болып мыналар табылады:

- материалдық-техникалық базаны нығайтуды қаржыландыру жеткіліксіз;

- компьютерлік техника паркін жаңарту жеткіліксіз, соның салдарынан 1 компьютерге шаққандағы оқушылар санының көрсеткіші баяу төмендеуде.



Міндетті оқу қоры.

35 мектептің (интернатсыз) 32-сінде ыстық тамақ ұйымдастырылған буфет, асханалары бар. Бір мезгілдік ыстық тамаққа тартылған аз қамтамасыз етілген отбасы балалар саны 2402, яғни 23,5% құраса, оның ішінде 390 бала 3,4 пайызды құрап демеуші есебінен тамақтанады. Мектеп асханаларының көбісінде жабдық пен жиһаздары ескірген, 24 мектепте ыстық тамақ беретін асханалары мен буфеттері ыңғайластырылған жайларда орналастырылған.

Жалпыға міндетті оқу қорына 2009 жылға 44 404 мың теңге қаралды. Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету ісі 35 мектепте ұйымдастырылған. Оның 11-інде асхана арқылы, қалған 24-інде буфет арқылы қызмет көрсетіледі. Осы асхана, буфеттер арқылы аудан мектептерінің 7079 (66%) оқушысы ыстық тамақпен, 3641 (34%) оқушы қоғамдық тамаққа тартылған. Оның ішінде аз қамтамасыз етілген отбасыларының 2402 балалары 100 пайыз міндетті оқу қоры есебінен тегін тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Мектеп асханаларының көбісінде жабдық пен жиһаздары ескірген, 24 мектепте ыстық тамақ беретін асханалары мен буфеттері ыңғайластырылған жайларда орналастырылған.

2009 жылы аудандық білім мекемелеріне жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстарына 44 574,0 мың теңге жаратылды.



2009 жылы жалпыға бірдей міндетті білім қорының шығыстары туралы



Атқарылған жұмыстар мазмұны

Бала саны

Сомасы
(мың тг)

1

Демалыс лагеріне жолдама алуға

500

4500,0

2

Мектепте балаларды ыстық тамақпен қамту

2402

36 084,0

3

«Мектепке барар жолда акциясына» балаларға киім алуға

100

1500,0

5

Жаңа жылдық шыршаға

120

960,0

6

Сауықтандыру жұмысына

2040

1 530,0

Барлығы:

3032

44 574,0

2010 жылға қазіргі таңдағы міндетті оқу қорына қаралған қаржы көлемі - 41 499,0 мың теңгені құрайды. Қаралған қаржына талдау барысында:

1 балаға 70 теңгеден тегін тамақ ішетін 2537 балаға 34 630,0 мың теңге қаралып, жыл соңына дейін толығымен жаратылады.

Жазғы сауықтандыруға – 1 530,0 мың теңге;

Жағдайы төмен отбасы балаларына киім сатып алуға - 4 399,0 мың теңге;

Жаңа жылдық шыршаға – 940,0 мың теңге бөлінген.

Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету ісі 35 мектепте ұйымдастырылған. Оның 30-ында асхана арқылы, қалған 5-інде буфет арқылы қызмет көрсетіледі. Осы асхана, буфеттер арқылы аудан мектептерінің 7450 (70%) оқушысы ыстық тамаққа тартылған. Оның ішінде аз қамтамасыз етілген отбасыларының 2537 балалары 100 пайыз міндетті оқу қоры есебінен тегін тамақпен қамтамасыз етіліп отыр.

Өткен жылдары мектептердегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына берілетін ыстық тамақтың мөлшері 30-40 теңгеден аспайтын болса, мектеп басшыларының ұсыныстары бойынша, қазіргі таңда әр балаға 70 теңгенің көлемінде қаржы бөлініп отыр.



Оқушылардың жалпы санының сапалы және теңгерімді ыстық тамақпен қамтылған мектеп оқушыларының үлесі (2010 ж. – 70% - 7450 бала, оның ішінде тегін тамақ ішетіндер – 2537 бала, 20 %,  2011 ж. – 75 % - 8511, оның ішінде тегін тамақ ішетіндер – 2837 бала, 25 %,, 2012 ж. – 80% - 9103 бала, оның ішінде тегін тамақ ішетіндер – 3413 бала, 30 %, 2013ж. - 87% - 9778 бала, оның ішінде тегін тамақ ішетіндер – 3934 бала, 35 %, 2014ж. - 92% - 10397 бала, оның ішінде тегін тамақ ішетіндер – 4520 бала, 40 %, 2015ж. - 95% - 10906 бала, оның ішінде тегін тамақ ішетіндер – 5166 бала, 45 %,)

Көлікпен тасып жеткізуге мұқтаж оқушылардың жалпы санының үйден мектепке  жайлы және қауіпсіз тасып жеткізумен қамтылған оқушылардың үлесі (2010 ж. – 100 %, 2011 ж. – 100 %, 2012 ж. – 100%, 2013 ж. – 100% , 2014 ж. – 100% , 2015 ж. – 100% ). 4 елді мекеннен 4 мектепке 215 оқушыға тасымал ұйымдастырылған. Мектептер сатып алған жаңа, өңірлік ерекшеліктерге арналған мектеп автобустарының саны (2010 ж– 0, 2011 ж. – 1, «Шолаққорған» жалпы орта мектебіне, 2012 ж. -1, «Шолаққорған» жалпы орта мектебіне, 2013 ж. – 0, 2014 ж. – 1, Жамбыл атындағы жалпы орта мектебіне, 2015 ж. – 0,)

Күрделі жөндеу жұмыстары мен құрылыстар.

2008 жылы 16181,0 мың теңгеге Молдағұлова, Қаламбаев атындағы жалпы орта мектептеріне жылу қазандығы орнатылып күрделі жөндеуден және 3 мектеп жылу жүйелері,2 мектеп ғимараттары ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Аудандық бюджет есебінен 4 мектеп ғимараты мен 1 саз мектебі және 1 балабақшаға 115 796,777 мың теңгеге (оның ішінде 115 796,7 мың теңгеге Қ.Сәтбаев, Ы.Алтынсарин, Ғ.Мұратбаев, Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектептері, 4 440,0 мың теңгеге А.Жұбанов атындағы Созақ балалар саз мектебі және 4 500,0 мың теңгеге «Ертөстік» балалар бақшасы) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды. Аудандағы білім мекемелеріне жергілікті бюджет есебінен жүргізілген жөндеу жұмыстары жайлы мәлімет төмендегі кестеде көрсетілген.

2010 жылғы нақтылау бойынша аудан мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстары құрылыс бөлімінің есебінен жүргізілмек. Дегенменде, аудандық бюджет есебінен Созақ мектеп – гимназиясының қазандығына және Кемелұлы мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстарына 30 102,0 мың теңге қаралып отыр.

Сондай-ақ 2010 жылы жергілікті бюджеттен (Облыстық және аудандық бюджет) аудан бойынша 744152 мың теңгеге 848 орындық 4 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізіледі, атап айтсақ Сызған ауылынан 225138,0 мың теңгеге (55138 мың теңгесі обл.бюджет, 200000 мың теңгесі аудандық бюджеттен) 198 орындық Рүстемов орта мектеп құрылысы, Қайнар ауылынан 319014,0 мың теңгеге (85915 мың теңгесі обл.бюджет, 233099 мың теңгесі аудандық бюджеттен) 250 орындық Макаренко мектебінің құрылысы жүреді. Сонымен қатар Қаратау ауылынан 100000 мың теңгеге (2010 жылға 100000 мың теңге, 2011 жылы 315103 мың теңге) 200 орындық орта мектептің, Бабата ауылынан 100000 мың теңгеге (2010 жылы 100000 мың теңгеге, 2011 жылы 264554 мың теңге) 200 орындық Маметова мектебінің құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ аудандық бюджеттен Сызған ауыл әкімдігінен 49450 мың теңгеге 30 орындық бала бақша құрылысы, 24861 мың теңгеге Көктөбе елді мекеніндегі Суындық мектеп жанынан спорт зал құрылысы, Балдысу елді мекеніндегі Жамбыл мектебінің жанынан 24861 мың теңгеге спорт зал құрылысы жүреді.

2008 жылы республикалық бюджеттен Шолаққорған жалпы орта мектебіне 1266 орындық, Облыстық бюджеттен Созақ жалпы орта мектебі жанынан интернат 150 орындық, демеуші есебінен Әуезов атындағы жалпы орта мектебіне 198 орындық типтік жобадағы ғимараттар пайдалануға берілді. 2004 жылдан 2008 жылға 3 мектеп ғимараты салынды.

Жаңадан салынып жатқан құрылыстар қатарына 2004-2013 жылдарға ауыл аймақты дамыту мемлекеттік бағдарламаға сәйкес Жуантөбе ауылынан Сейфуллин атындағы орта мектебіне 622. Елбасының халыққа жолдауында 100 мектеп салу тапсырмасына сәйкес Қарағұр ауылынан Қарағұр орта мектебіне 600, Жыныс ауылынан Әліұлы атындағы негізгі мектебіне 300 орындық және Демеуші ҚазАтомӨнеркәсіп«Демеу» ЖШС Шолаққорған ауылынан Сүлейменов атындағы негізгі мектебіне 320 орындық жаңа мектеп ғимараттар салынды.

Мемлекет басшысының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша Қарақұр ауылындағы 600 орындық «Қарағұр» жалпы орта мектебі мен Жыныс ауылындағы 300 орындық С.Әліұлы атындағы негізгі мектебінің ғимараты 2009 жылы толық пайдалануға беріліп, мектептердің жаңа жайға орналасуына байланысты қосымша қаралған Қарағұр жалпы орта мектепке берілген 21,5 штаттық бірліктеріне қажетті – 7 485,0 мың теңге және Сүгір Әліұлы атындағы негізгі мектепке берілген 22 штаттық бірліктеріне қажетті – 5 434,0 мың теңге сомалар өз игілігімен жаратылды. Сонымен бірге Жуантөбе ауылындағы 622 орындық С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектеп ғимараты да республикалық бюджеттен есебінен салынып 2009 жылы пайдалануға берілді.

Сапалы білім беру қызметтерін жақсартудың бір ықпалы ретінде 3 кезеңде жұмыс жасайтын С.Әліұлы атындағы негізгі мектептің жұмыс уақытын қысқарту үшін мынадай құрылыстар көзделіп, мәселеселені шешу үшін Президентіміздің жолдауына сәйкес Жыныс елдімекенінен 2007 жылы жаңа мектептің құрылысы басталған. 300 орындықты мектеп 2009 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлан, 3 оқу кезеңді мектеп 2 оқу кезеңге көшеді.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша ауданымыздағы Байтұрсынов, Сәтбаев атындағы жалпы орта мектептері мен Т.Әлімқұлов атындағы лицей – интернатқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оны іске асыруға 146 123,8 мың теңге жаратылды.

Аудандық бюджет есебінен 4 мектеп ғимараты мен 1 саз мектебі және 1 балабақшаға (115 млн. 97 мың теңгеге Қ.Сәтбаев, Ы.Алтынсарин, Ғ.Мұратбаев, Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектептері және А.Жұбанов атындағы Созақ балалар саз мектебі мен «Ертөстік» балалар бақшасы) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет