Бағдарламасы Шолаққорған 2011 жыл Мазмұны бағдарлама паспорты 3


Орман шаруашылығының жағдайы



бет3/29
Дата23.02.2016
өлшемі3.69 Mb.
#11548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

Орман шаруашылығының жағдайы.

Аудан көлемінде экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында 2009 жылы 32790 түп ағаш көшеттері егілсе, ал 2010 жылы 45 818 түп ағаш көшеттері егілген. Сондай-ақ 2010 жылы «Жасыл-аймақ» көгалдандыру іс-шарасы бойынша аудан орталығы Шолаққорған ауылының кіретін жол бойының екі жағына ұзындығы 3 шақырым жерге сым шарбақпен қоршалып, 4 қатардан 6000 түп, яғни 4000 түп декоративті, 2000 түп қара тал ағашы отырғызылды. Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен 25 млн. теңгенің қаржысы бөлініп толық игерілді. Әр қатарға тамшылатып суғару әдісі бойынша ұзындығы 12 шақырым диаметрі 50 мм полиэтилен құбыр тарту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, ұзындығы 27 метр болатын 2 ұңғы қазылды. Бұл жерге «Жасыл аймақ» бағдарламасына сәйкес мемлекеттік акт алынған.

2010 жылы жалпы аудан көлеміндегі көгалдандыру-көріктендіру бағдарламасы бойынша: 66000,0 мың теңге аудан орталығындағы көшелерді абаттандыру, бильворд, кіші архитектуралық формалар, гүлзарлар күтіп ұстау, аяқ жолдарын орташа жөндеу, орталық және жастар саябағын тазалығын сақтау жұмыстарына бөлінген. Тазалау жұмыстарының орындалғаны-158 шақырым, жөндеу жұмыстары бойынша: көшелер-2,5 м², автобус аялдамалары-7 дана, жаяу жүргіншілер жолын, көше бойларын тазалау жұмыстары жүргізілді. Санитарлық қоғамдық жұмыстар бойынша санитарлық нормаларды бұзылмаған. Ауылдар мен елді мекендерде көркейту көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 9 440,0 мың теңге қаржы бөлінген

Санитарлық тазалау бойынша: күл-қоқыс үйінділерін шығару-230 текше метр, жойылған үйінділер-226 дана.

2008 жылы аудан көлеміндегі сексеуіл ормандарының 271 га жері аурулар мен зиянкестерден арылту мақсатында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген болса, 2009 жылы бұл жұмыс 293 га жерге жүргізілді. Орман қорын сақтау мақсатында санитарлық кесу жұмыстары жүргізілмеді.

Орманды өсіру мақсатында 2011 жылғы жоспар бойынша 1100 га, 2012 жылы 1177 га, 2013 жылы 1125 га, 2014 жылы 1348 га, 2015 жылы 1442 га жерге жүргізіледі деп жоспарлануда.

Созақ орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік орман қорының жер көлемі 1019281 гектар. Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жататын « Қызылкөл» табиғат ескерткіші 800 га.

Өртке қарсы жолақтарды күтіп баптау мақсатында 2011 жылға жоспар 210 шақырым, 2012 жылға 240 шақырым, 2013 жылға 250 шақырым, 2014 жылға 280 шақырым, 2015 жылға 300 шақырым жоспарлануда.

Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларының көлемінің өсуі экономиканың өнеркәсіп саласының дамуымен, құрылыс өнеркәсібінің дамуымен, автокөліктердің сандық құрамының артуымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарын жою мәселелерінің шешілмеуімен байланысты.

Созақ ауданы Қазақстанның экологиялық қолайсыз аймағының бірі. Қазіргі таңда Созақ даласы уран кенінің кеніші ретінде әлемге белгілі. Мұнда Қазақстанның барланған уран байлығының тең жартысы шоғырланған. Ауданның өнеркәсіптік өндіріс құрылымы көп салалы сипатта. Ластаушы заттардың атмосфераға шығуы, таукен өнеркәсібінің тез дамуы, пайдалы қазбалардың, әсіресе уранның, экспортқа-бағытталған өндірісімен, автокөлік майларының сапасының төмен болуымен, қоршаған ортаны қорғау стандарттарының сақталмауымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарын жою мәселелері бар.

Қазіргі таңда аудан бойынша 12 ауыл әкімшілігінде тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын (полигон) орыны бар. Оның ішінде 3 ауыл, поселка әкімшілігінде тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын орын (полигон) талапқа сай келеді. Аудан көлемінде атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындыларын төмендету, қалдықтарды қайта өңдеу үлесін нығайту мақсатында 2009 жылы Шолаққорған ауылының қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын орыны (полигон) құрылысы аяқталып пайдалануға берілді, 2010 жылы 9 ауыл әкімшілігі бойынша жер АКТ-сі, Қорытындылар, ауыл әкімінің шешімі, жер таңдау АКТ-сі, Ситуатциялық схемасы дайындалды. 2011 жылы Созақ ауылының қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын орынының (полигон) жобалық сметалық құжаттары дайындалып, облыстық бюджетке ұсынылуда.

Созақ ауданының ескі полигондарында 2009 және 2010 жылдары рекультивациялау жұмыстары талапқа сай жүргізілді. 2011 жылы да бұл жұмыстар жалғасатын болады.

Созақ ауданында улы заттарды, химикаттарды, медициналық қалдықтарды жоюмен 2009 және 2010 жылдары «Олжас» ЖШС-і айналысты. 2011 жылы да медициналық қалдықтарды жоюмен «Олжас» ЖШС-і айналысуда.

Экологиялық заңнамасына сәйкес 2008 жылы Мемлекеттік органдармен келісілген жобалар бойынша 6 млн. теңгеге шлам сақтау қоймалары (шламохранилище) салынды, 13,5 млн. теңгеге Химия металлургиялық зауытындағы ПРС-1 құм тұндырғышы (пескоотстойник) күрделі жөндеуден өткізілді, қоршаған ортаға әсерін бақылау жүргізу үшін 9 млн. теңгеге бақылаушы скважиналар іске қосылды, ластаушы заттардың нормативтерінің жобалары қайта жасалынды.

Аудан көлемінде экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында 5 өндірістік кәсіпорындар табиғи уранның химиялық концентратын және шала тотығын алу арқылы құрамында уран кездесетін өнімдерді өндіру және өңдеу, радияциялық және экологиялық жұмыстарды жүргізу бойынша қызмет көрсетуге сәйкестік сертификатын («Степное – РУ» ЖШС, «Таукент тау химиялық кәсіпорны» ЖШС, «Инкай» БК ЖШС, «Бетпақ - Далал» ЖШС, «Реммонтажсервис» ЖШС) алған.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орта мерзімдік кезеңге арналған негізгі міндеттердің бірі су ресурстары жетіспеушілігін қысқарту, сумен қамту деңгейі мен сапасын көрсету.

Аудан аумағында жалпы ұзындығы 213,49 шақырым келетін 17 каналдар бар. Оның ішінде 6 канал республикалық, 6 канал коммуналдық меншікте болса, 5-уі жеке меншікте.

Аудан бойынша су жүйелерін қалпына келтіру арқылы суармалы егістік жерді айналымғы қосып, суармалы жер алқабын 5 жылда 4807 гектардан 6509 гектарға жеткізу көзделуде. 2011 жылы «Торлан» су қоймасы каналымен республикалық бюджеттен бөлінген 404 млн. теңгеге күрделі жөндеу өтіп 197 гектар суармалы жер айналымға қосылады және «Шұқырой» тоғаны каналымен 1,4 млн. теңгеге ағымдағы жөндеуден өткізіліп ауданның арнайы жер қорынан 243 гектар суармалы жер беріліп айналымға қосылатын болады. Барлығы 440 гектар жер айналымға қосылады. 2012 жылы «Қарақұр» тоғаны каналымен 1 млн. теңгеге жөндеуден өтіп шаруашылық пайдаланбай отырған жерден 67 гектар жер айналымға қосылады. Сонымен қатар, «Біресек» каналына республикалық бюджеттен 401,5 млн. теңге қаржы бөлініп 2011-2012 жылдары күрделі жөндеуден өтіп нәтижесінде 123 гектар суармалы жер айналымға қосылады.

2013-2015 жылдары аралығында тоғандар мен каналдар 370 млн. теңгеге көлемінде жөндеуден өтіп 746 гектар суармалы жер айналымға қосылса нәтижесінде бес жылда 1702 гектар суармалы егістік жер айналымға қосылатын болады.

Аудан көлемінде 12 су қоймалары орналасқан. Олардың 7 республикалық, 3 «Табиғатты қорғау» МКҚҚ, 2 жеке меншікте. 2009 жылы жергілікті бюджеттен «Торлан» су қоймасының жобалау сметалық құжаттарын дайындауға 2250 мың теңге, сараптамасына 727 мың теңге қаржы бөлінген. «Торлан» су қоймасы 2009-2010 жылдары толық күрделі жөндеуден өткен. Көктем кездерінде аудан әкімдігі жанынан төтенше жағдай жөніндегі комиссия құрылып, тәулік бойы кезекшіліктер атқарылады.



Қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін төлемақы

Аудан көлемінде табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алуға тиіс саны 1134 болса, оның 205 заңды тұлғаларды, 929 жеке тұлғаларды құрайды.

Олардан 105316 коды бойынша облыстың 2009 жылы бекітіп берген жоспары 40 659 мың теңге болса, нақты түскені 44 473,8 мың теңге немесе 109 % жоспар орындалған, 2010 жылға жоспар 45628 мың теңге болса нақты түскені 52742,1 мың теңге немесе 116 % артық орындалған. Яғни 2010 жылды 2009 жылмен салытырғанда 8 268,3 мың теңге немесе 119 % ұлғайған. 2011 жылға жоспар 56 434 мың теңгеге болжануда.

Жер бетіне жақын көздердегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем

Аудандағы кәсіпорындардың 105303 коды бойынша жер бетіне жақын көздердегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер бойынша облыстың 2009 жылы бекітіп берген жоспары 256 мың теңге болса, нақты түскені 256,1 мың теңге немесе 100 % жоспар орындалған, 2010 жылға жоспар 271 мың теңге болса нақты түскені 273,8 мың теңге немесе 101 % артық орындалған. Яғни 2010 жылды 2009 жылмен салытырғанда 17,7 мың теңге немесе 107 % ұлғайған. 2011 жылға жоспар 293 мың теңгеге болжануда.





Мемлекеттік экологиялық сараптама жұмыстары

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодекстің 198 бабына сәйкес мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемологиялық сараптаманың оң қорытындысы жоқ жобаларды қаржыландыруға және іске асыруға тыйым салынған. Құрылысты бастаудан бұрын жеке және заңды тұлғалар құрылы салу жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алуы тиіс, яғни құрылыс салмай тұрып, жобалардың экологиялық талаптарға сәйкестігін анықтау қажет. Жұмыс жобаларына сараптама жасау барысында қоршаған ортаға ластағыш заттардың шығарындылары нормаланады.

Негізінен сараптама қорытындысының жоқтығы нысанды уәкілетті орган тарапынан қабылдауға беру кезінде анықталады. Құрылыс салушы нысанды мерзімінде қабылдау үшін, құрылыс басталмай алу қажет мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алуға мәжбүр болады. Сонда, құрылыс салушы құрылыс бастамай тұрып алатын қорытындыны, құрылыс біткеннен кейін алып, заң бұзушылыққа барады.

Осындай заң бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында ауданда төмендегіше іс шаралар қарастыру көзделген:

-аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі аудан аумағындағы құрылысы жобаланатын нысандардың жұмыс жобасы келісімінде мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алдыруын міндеттеу қажет;

-сәулет құрылыс қадағалау басқармасының аудандық инспекторларының құрылысқа рұқсат беру кезінде тиісті мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының болуын қадағалауы қажет;

-Шу, Талас экологиялық инспекторлары аудан аумағындағы құрылысы жоспарланатын нысандардың құрылысын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысыз болдырмау тиіс.

Созақ ауданы бойынша 2009 жылдың шілде айына дейін 9 жеке коммерциялық нысан салуға жер телімі бөлініп, бұларға экологиялық қорытындылар алған. Ал, 2010 жылы коммерциялық нысандарға жер берілген жоқ. Үстіміздегі 2011 жылы коммерциялық нысандарға жер бөлінген кезде қолданыстағы заңдарға сәйкес міндетті түрде Оңтүстік Қазақстан облыстық табиғатты пайдалануды реттеу басқармасынан экологиялық қорытынды алуға жұмыстар жүргізілетін болады.


2.2.2. Әлеуметтік сала.

Демографиялық потенциал. ауданда жалпы халық саны 55 600 болса, оның ішінде ересектер – 34 832.

14 жасқа дейінгі балалар саны -17922, 1 жасқа дейінгі балалар саны – 1611, жасөспірімдер – 3699, туу жасындағы әйелдер саны – 13673



Денсаулық сақтау

Созақ ауданында 10 емдеу-сақтандыру мекемелері және 18 медициналық пункттер. Оның ішінде:1 аурухана (Созақ аудандық орталық аурухана),1 емхана ( Созақ аудандық емхана), 1 Созақ аудандық туберкулезге қарсы диспансер, 7 Ауылдық аурухана ( Сызған, Жуантөбе, Тасты, Жартытөбе, Қарақұр, Қаратау,Құмкент ауылдық ауруханалар), 8 Дәрігерлік амбулатория (Созақ, Сызған, Жуантөбе, Тасты, Жартытөбе, Қарақұр, Қаратау,Құмкент) .Бүгінгі таңда медициналық нысандар ғимараттарының бір мекеме ғана типтік үлгіде, қалғандары ыңғайластырылған.

Емдеу-сауықтыру мекемелерінің медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі 17 пайызды ғана құрайды,көбісінің тозығы жеткен.

Ауданда 100 дәрігер және 253 орта буынды медициналық қызметкерлер қызмет жасайды.



Көрсеткіштер

2009ж 8- ай

Көрсеткіш

2010 ж 8- ай

Көрсеткіш

Туу саны

1035

19,2

1175

17,9

Жалпы өлім-жітімі

241

4,5

212

3,8

Сәби өлім-жітімі

31

30,0

31

26,4

Ана өлім-жітімі

-

-

1

85,1

Ауданда туберкулезге қарсы атқарылып жатқан жұмыстар.

Профилактикалық бақылауға 32640 адам жоспарланған оның ішінде:

флюрографиялық тексеру.- 25178 адам, жылжымалы флюроавто көлігінің ескіргеніне байланысты, оның бүгінгі таңда 14746 өткізіліп 50,5 пайызы өткізілді.

Аудан орталығы халқына 1 жедел жәрдем бөлімі 4-жедел жәрдем автокөлігімен қызмет көрсетеді, қызмет көрсету аясының ұлғаюына байланысты 2010-2015 жылдар аралығында 4 жедел жәрдем втокөлігіні ауыстыру қажет етіледі, себебі тозу құндылығы жеткен және медициналық пункттерді дәрігерлік амбулаторияға ауыстырылуы.
Өзекті мәселелер.


  • Ана мен бала денсаулығын сақтау;оның ішінде ана өлімін болдырмау,себебі соңғы 3 жыл ішінде аудан бойынша ана өлімі тіркелмеген.

- Нәрестелер өлімін төмендету 2015 жылға дейін нәресте өлімінің көрсеткішін 20 жеткізу

  • Бүгінгі таңда 4 автокөлікті жедел жәрдем ғана жұмыс істейді, ауданға және 1 жедел жәрдем бригадасы 4 жедел жәрдем автокөлігімен керек етіледі. (әр 10мың халыққа 1 бригада болуы керек) ;

  • Жүрек қан-тамырлары ауруын көрсеткішін жургізілген профилактикалық тексеруден кейін 10 пайызға азайту , Қант диабеті, Туберкулез ауруын көрсеткішін 54,9 жеткізу , Бруцеллез ауруларының төмендету ;

  • Соңғы жылдары Гипертония ауруы жасарып бара жатыр, әсіресе ер азаматтар осы дертке өте жиі шалдығуда; сол себебтен алғашқы тіркелген ауруларды диспансерлік есепке алу, женілдетілген тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету.

  • Халық саны екі мыңнан асатын елді мекендердегі медициналық пунктерін дәрігерлік амбулаторияға ауыстыру;

  • 2010-2015 жыл аралығында 21 мекемеге құрылысжұмыстарын жүргізу қажет етіледі;

  • 2010-2015 жылдар арлығында тозығы жеткен 7 санитарлық автокөліктерді ауыстыру кажет;

  • Емдеу мекемелеріндегі медициналық құрал-жабдықтардың бүгінгі таңда қамтамасыз етілгені 17% ,оны 2015 жылы 100 %–ға дейін жеткізу керек .


Іс-шаралары:

1.Аудан көлемінде нәрестелердің өлімін талдай отырып 60 пайызы перинаталды себептерден болып отыр . Перинаталды себептерін азайту үшін:

1) «Отбасын жоспарлау», «Дені сау бала» кабинеттерінің және АТПК(акушер-терапевт-педиатр кешені) жұмыстарын күшейту, туу жасындағы әйелдердің денсаулығын жақсарту.

2) Жүктілік кезінде уақтылы 12 аптаға дейін уақытылы есепке қою.

3) Жүкті әйелдердің УД зерттеу 100 пайызға жеткізу.

4) Тууды тұрақтандыру (әйелдің бала тууда интергенетикалық аралықты сақтауы,контрацептивтерді қолдануы)

5) Емшекпен емізуді қолдау және халық арасында санитарлық ағарту жұмысын күшейту.

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 10.11. 2009 жылғы №685 бұйрығымен бекітілген. «Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп қарауды жүргізу» ережесі бойынша, профилактикалық тексеру барысында жүрек қан-тамырлары айналымы ауруларына тексерілгендердің, соңғы жылдары көбейгені анықталды. Қазіргі таңда ауданда жүрек қан- тамырлары ауруы, қант диабеті, бруцеллез ауруымен есепке алынған аурулардың саны артуда. Жүрек қан-тамырлары ауруын және қант диабеті ауруының көбею себептерінің бірі экология, тағамдардың құрамында синтетикалық қоспалардың көбейгені, зиянды дағдылар (темекі шегу, алкогольды сусындары), күйзеліс т.б.


Еңбек нарығы

Ауданда 2009 жылы 54500 адам, 2010 жылы 56682 адам , 2011 жылы 58382 болады. Халық саны 2010 жылы 56686 адамға жетіп,2009 жылға қарағанда 2182 адамға өсті. Аудан халқының өсімінде табиғи өсім жыл сайын 3-4 пайыз көлемінде болып отыр.Осы жағдайларды ескере келіп,2015 жылы аудан халқының саны 2010 жылға қарағанда 18,5 пайызға өседі деп болжамдануда.

Ауданда экономикалық белсенді халық адам саны , 2009 жылы 28205 адам, -2010 жылы 30500 адамды құрады,2011 жылы 31 мың адам болады деп күтілуде.

Ауданда жалпы жұмыссыздық деңгейі 2009 жылы 5,0 пайыз, 2010 жылдың 4,9 пайызды құрады.Жыл сайын жалпы жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі 0,1 пайыз болып,2015 жылы 4,4 пайыз күтілуде.

Ауданда тіркелген жұмыссыздар 2009 жылы 201 адам, 2010 жылы 136 адам, яғни 2010 жылы 2009 жылға қарағанда 65 адамға кеміді.

Ауданда есепті кезеңде жаңа жұмыс орындарын ашу 2009 жылы 709 жұмыс орны ашылса, 2010 жылы 830 жаңа жұмыс орны ашылып ,1,2 есеге өсті. Әйелдер мен жастардың жұмысқа орналасуы 1,5 есеге өсті. Ауданда кәсіптік дайындықтан өткен азаматтар түрақты жұмысқа орналастырылуда.

Ауданда еңбек қатынастары туралы аудандағы үш жақты келісім комиссиясында тұрақты қаралып келеді. Осы мәселелерді оң шешуге еңбек инспекциясымен бірлесе іс-шаралар жүргізіліп, қызметкерлердің орташа айлық жалақы мөлшері 125600 теңгеге дейін өсті немесе өткен жылмен салыстырғанда 118 пайызға артты.

Аудан аумағындағы мекемелер мен кәсіпорындарда жұмысшылар санын қысқартпау, олардың еңбекақысын уақытылы төлеу, жұмысшылардың еңбек құқықтарын сақтау жөнінде тұрақты мониторинг өткізіліп келеді.

Аудан әкімдігі, жұмыс берушілер мен кәсіпорындар арасында өзара ынтымақтастық туралы 22 меморандум, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жақсарту мақсатында 2 меморандум түзілді.

Бизнес құрылымдарымен түзілген Меморандумдар негізінде, олармен тиісті салалар арасында келісім-шарттар түзілді, әлеуметтік жобалардың орындалу барысы туралы жергілікті теледидардан, аудандық газет беттерінде жарияланды. Әлеуметтік саланы дамытуға қосқан үлестеріне байланысты «Степное-РУ» және «Бетпақ Дала» ЖШС-ілерінің құжаттары Республикалық «Парыз» конкурсына ұсынылды.

Аудан әкімі, жұмыс берушілер және кәсіподақтар бірлестігі арасында 2009-2011 жылдарға арналған үш жақты келісім-шарт түзіліп, комиссия отырысында жұмысшылардың еңбек құқықтарын сақтау мәселелері тұрақты қаралып келеді.

Есепті мерзімде 2509 адам жұмыспен қамту бөлімі жұмыс іздеп келіп, 2493- і яғни жұмыс іздеп келген азаматтардың 99,4 пайызы жұмыспен қамтылды. Бағдарлама бойынша жұмыспен қамту жоспары (800) 3 еседен артық орындалды , жұмысқа орналасқан-дардың ішінен нысаналы топ мүшелері 380 адам . Жұмысқа орналасқандардың 464-і әйелдер және 320-ы 24 жасқа дейінгі жастар Ағымдағы жылы «Жол картасынан» бөлек 830 жаңа жұмыс орындары ашылып, жаңа жұмыс орындарын ашу жоспары (218 орын) 380,7 пайызға орындалды. Атап айтсақ, құрылыс саласында-108 , өнеркәсіпте-579, сауда саласында- 10, ауыл шаруашылығында- 46, денсаулық сақтау саласында 6 , транспорт 1 және басқа да салаларда- 50 жаңа жұмыс орындары ашылды.

2009-2010 жылдарда «Жол картасы» іс-шараларына байланысты инвестициялық жобалар бойынша да жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға оң себебін тигізді. 2009 жылы инвестициялық жоба бойынша 884 адам жұмысқа тартылса, 2010 жылы 9 инвестициялық жоба бойынша 1159 адам жұмыспен қамтылды.

«Жол картасына» сәйкес, Республикалық бюджет есебінен өткен 2009 жылы 110 адам кәсіби мамандықтарға оқытылса, 2010 жылы да 50 жұмыссыз азаматтарды қысқа кәсіби курстарда дайындау, оларға кәсіби мамандықтар беру жұмыстары жүргізіліп, оқуға жіберілген 50 адам толығымен оқуларын бітіріп, тұрақты жұмыспен қамтылды.Жол картасы бағдарлмасы аясында кәсіби мамандыққа оқытылған азаматтар аудан көлемінде орналасқан өндіріс орындарына қажетті:құрылыс жұмыстарының шебері, аппаратшы –гидрометаллург, скважина жөндеу операторы мамандықтарын алды.

Жол картасынан бөлек, өңірлік жұмыспен қамту бағдарламасына байланысты жергілікті бюджет есебінен 95 жұмыссыз азамат шаштараз,аспаз ,құрылысшы, дәнекерлеуші , аппаратшы-гидрометаллург , бұрғылау қондырғысының машинисі кәсіби мамандықтарына оқытылып,толығымен жұмыспен қамтылды. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 6 млн 543 мың теңге игерілді. Оқуын аяқтаған жұмыссыздардың ішіндегі жастардың үлес салмағы –50 пайыз,әйелдер 17 пайыз.

Қоғамдық жұмыстарға 2010 жылы 600 жұмыссыз тартылды, олардың 343-і әйелдер және 244-і жастар. Қоғамдық жұмыстарға 2010 жылы 19 млн 696 мың теңге қаржы бөлініп,толық игерілді. Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жоспары 120 пайызға орындалды.

2009 жылы нысаналы топқа жататын жұмыссыздарды «жол картасы » бағдарламасы аясында Республикалық бюджет есебінен әлеуметтік жұмыс орындарына 219 адам тартылса, 2010 жылы 31 адамға 3 млн 600 мың теңге қаржы бөлінді.

Жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік жұмыс орнына тарту жоспарланған 25 адамның орнына 29 адам жіберіліп, олар толығымен жұмыспен қамтылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 21 жасқа дейінгі – 3 жастар, көп балалы – 12 аналар,33- аз қамтылған азаматтар орналастырылды.

«Жол картасына» сәйкес, кәсіби, орта және жоғары оқу орындарын бітірген жастарға «Жастар практикасын» ұйымдастыру жоспары 2009 жылы 150 адам болып бекітілсе, 219 адам жастар практикасынан өтті. Ал, биылғы жылы 100 адамға қаржы 12 млн теңге бөлініп, 154 адам жастар практикасына жолданып, осы жастардың 38-і тұрақты жұмысқа орналасты.

Жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ықпал етуде. 2010 жылы 4 жәрмеңке өткізілді, оның ішінде 2 жәрмеңке кәсіптік лицейлерінде өтті. Оларға 36 жұмыс берушілер мен 459 жұмыс іздеушілер қатысты ,жәрмеңкеге 166 бос жұмыс орындары ұсынылды. Өткізілген жәрмеңкелер барысында 111 адам жұмысқа тұрғызылды, оның ішінде 39 әйелдер және 38 жастар.

2010 жылы аудан аумағына түзеу мекемелерінен 42 адам босап келді. Аудандық ішкі істер басқармасының учаскелік инспекторларының қатысуымен олардың тұрмыс жағдайлары зерттелді. Жұмыспен қамту бөліміне түзеу мекемелерінен босаған бір азамат жұмыс іздеп келсе, ол ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. Зерттеу барысында қалған азаматтардың барлығының өздігімен жұмыспен қамтылғаны анықталды.Аудан әкімінің шешімімен «Қылмыстық жазаны және қылмыстық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру» туралы кеңес кұрылды.

Аз қамтылған отбасыларының өмірлік деңгейлерін көтеру

Аз қамтамасыз етілген отбасыларды әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қолдаудың обективті қажеттілігі елімізде әлі де сақталып отырған кедейлікке байланысты. 2010 жылдың 1 қаңтарына облыстағы кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халық үлесі 2009 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 11,7 пайызға дейін азайды. (2009 жыл – 13%) Осылайша ауданда кірісі кедейшілік шегінен төмен халық үлесі 154 адамды, немесе аудан халқының 0,3 пайызын құрады.

Жыл басында кедейлер саны 389 адам болса, жыл аяғында 154 адамға яғни 0.4 пайызға кеміп отыр.Оның ішінде табысы өсіп кеткендер 24 отбасы 129 адамға,өзін өзі жұмыспен қамтығандар 4 отбасы 21 адамға,жұмысқа орналасқан 8 отбасы 35 адамға,кәсіби оқу оқығандар 2 адам болып отыр.

ҚР Президентінің 2006-2010 жылдардағы Жолдауларына сәйкес халықтың өздігінше кедейлік жағдайынан шығуға мүмкіндіктері жоқ аса мұқтаж санаттарына атаулы көмек көрсетуге басым көңіл бөлінді. Осы мақсатпен атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін төлеу, жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен аз қамтамасыз етілген азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлемдер жасау іске асырылды. Осы мақсаттарға 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда кепілдендірілген әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру 5,2 пайызға артты. Нәтижесінде 318 отбасыға 6559.0 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек алды 2009 жылмен салыстырғанда 39 адамға, 2382,0 мың теңгеге кеміді. 268 отбасыға 5.7 млн теңге тұрғын үй көмегі төленді, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 7 отбасыға және 2597,0 мың теңгеге кеміді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде аз қамтамасыз етілген отбасылардың жан басына шаққандағы жиынтық табысы 8,3 пайызға өсіп, айына 2220 теңгені құрады.

Әлеуметтік саясаттың тағы бір басымдығы – ана мен баланы қорғау. 2006 жылы балалы отбасыларды қолдаудың жаңа жүйесі ендірілді, оған басқа жәрдемақылармен бірге аз қамтамасыз етілген отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы қосылды (1 айлық есептік көрсеткіш). 2010 жылы 18 жасқа дейінгі 4193 балаға 52476.9 млн теңге бөлінді, оның ішінде 13500.0 млн теңге –республиканың бюджеттен нысаналы трансферт, оның өзі 2009 жылмен салыстырғанда 24.1 пайызға артық. 2009 жылмен салыстырғанда балалар жәрдемақысын алушылар саны бала туудың өсуіне байланысты 22,4 пайызға артты.

Аса мұқтаж отбасыларға жергілікті жерлерде көрсетілетін әлеуметтік қолдауларға қосымша шаралар қабылданды: 8 отбасыға жергілікті бюджеттерден 150.0 мың теңгеден 1200.0 мың теңге бір жолғы қаржылай көмек алды.Сегіз отбасы алған қаржылай көмекке 8 ірі қара 52 майда мал сатып алды.

Әлеуметтік ахуалды тұрақтандыру мақсатында аз қамтамасыз етілген отбасыларға қосымша қолдаулар көрсетілуде. 8 әлеуметтік дүкен арқылы 128 азаматқа, 3 сауда нүктесі арқылы 48 азаматқа бағасы арзандатылған азық – түлік берілді, 1 әлеуметтік дәріханадан 22 адам арзандатылған дәрі – дәрмек сатып алды. Сонымен бірге, 2009 жылмен салыстырғанда бірде –бір жұмыс істеушісі жоқ отбасылар үлесінің азайғанына қарамай, 2010 жылы аталған отбасылардың жоғарғы деңгейі әлі де сақталып отыр, олар атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар санының 16,7 пайызын немесе 11 отбасын құрайды. Бұның өзінде, көп уақыт бойы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны 39 отбасын немесе 59,1 пайызды құрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет