Бағдарламасы (Силлабус) Глоссарий Практикалық тапсырмалар


тапсырма. Ой-отауға үңіліңіз



бет13/23
Дата30.09.2024
өлшемі0.73 Mb.
#504136
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
DOC-20230831-WA0081.

тапсырма. Ой-отауға үңіліңіз.


Экономика – қаһарлы ғылым.
Т. Карлейль

Экономика неғұрлым еркін болса, соғұрлым әлеуметтік болады.


Эрхард
Экономистер мен саяси ойшылдардың идеялары кейде дұрыс, кейде бұрыс – алайда тек солар ғана дүниені шырқ айналдыра алады.
Дж. М. Кейнс


Экономикалық сырқаттың басты себебі – кредитті ойланбай беру болып табылады.
Альфред Маршал


ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ


Әуелі – экономика, содан


кейін саясат.


Н. Назарбаев
  1. тапсырма. Біліп алыңыз.




Мезаэкономика аграрлы-өнеркәсіптік, әскери-өнеркәсіптік, отын-энергетикалық кешендерден, жоғарғы, орта білім беру жүйесі және т.б. тұрады. Мезаэкономикада аймақтарды зерттеу мәселесі ерекше орын алады.
Аймақтық экономика – бұл өндірістің аймақтық ұйымын зерттейтін экономикалық ғылымның саласы, ол жеке аймақ-тардың шаруашылығының нарықтық дамуымен және оларды Қазақстанның бір экономикалық кеңістікке енгізуімен байла-нысты экономикалық құбылыстар мен әдістерді зерттейді.


  1. тапсырма. Шағын мәтінді оқып, сұрақтар дайындаңыз.


Қазақстан – бұл әлемдік сарапшылар үздіктердің бірі деп таныған қаржы және банк жүйесі қалыптасқан ел. Елімізде «Казкоммерцбанк», «ТұранӘлем» банкі, Халық банкі сияқты жоғары халықаралық рейтингіге ие ірі банктер жұмыс істейді.


Бүкіләлемдік банктің саралауы бойынша, Қазақстан орта деңгейлі табысы бар елдердің тобына кіреді. 2008 жылы жан басына шаққанда ІЖӨ 7 мың АҚШ долларына теңеледі.
Бүкіләлемдік банктің бағалауы бойынша, Қазақстан әлемдегі инвестиция үшін аса тартымды жиырма мемлекеттің қатарында. Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвести-циялар көлемі 70 миллиардтан астам АҚШ долларына жетті. Өз кезегінде қазақстандық бизнес те шет елдерге белсенді инвестиция салуда.
Қазақстанның жетекші компаниялары («ҚазМұнайГаз», «Қазақмыс», «Қазатопром») халықаралық бизнес жүргізу деңгейіне қол жеткізді және ғаламдық экономика әлемінде таныла бастады.
Қазақстан – жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамта-масыз етуге зор үлес қосып отырған мемлекет. Қазақстан әлемде мұнай қоры бойынша – 7-ші орынды, газ қоры бойынша – 6-шы орынды, уран қоры бойынша – 2-ші орынды иеленеді. 2017 жылы Қазақстан әлемдегі ірі мұнай және газ өндірушілер мен экспортқа шығарушылардың ондығына кірмек.
Сонымен бірге, Қазақстанда тау-кен саласы, түсті және қара металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы, шағын және орта бизнес, басқа да көптеген салалар серпінді дамуда.
Қазақстан экономикасы жыл сайын 9-10 пайыз қарқынмен өсіп келеді. Ұлттық қор қаржысын қоса есептегенде, елдің халықаралық активтері 40 миллиард АҚШ долларынан асады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет