тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:
а) Уақытыңды қалай жоспарлайсың? э) Жоспарсыз жұмыс істеп көрдің бе?
б) Бос уақытыңды қалай жоспарлайсың? в) Мемлекет үшін жоспар керек пе?
г) Жоспар туралы өз көзқарасың қандай?
тапсырма. Мәтіннен экономикалық терминдерді ажыратып көрсетіңіз.
Мәтінді мағынасына қарай бөлімдерге бөліңіз, тақырыпша қойыңыз, жоспар кұрыңыз.
Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін атап шығыңыз.
Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеңіз.
Жаңа сөздермен және сөз тіркестерімен танысыңыздар:
Басқарма – управление
Әлеуметтік – социальный
Жоспар бөлімі – отдел планирование
Кіші қызметкер – младший сотрудник
Риза – доволен
Қалың ұйқы – глубокий сон
Тапқыр – догадливый
Өзінде – у себя
УАҚЫТТЫ ЖОСПАРЛАЙ БІЛЕСІЗ БЕ?
Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт- әркімнің нақтылы өмірлік капиталы. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең.
Адамның ақшалай уақыты адамның қзіне байланысты. Біреудің бір сағаты мың теңге болса, енді біреудікі бір тиын.
Кісінің кісілігі уақытты босқа өткізбеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бірақ күнтізбе бар, тек біреу соның әр күнін орында пайдаланады да, біреуі әр күнін босқа өткізуі мүмкін.
Уақыт ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне 24 сағат.
Дүниеде уақыт белгілегеннен артық демократия жоқ. Мұндағы ақсүйектік уақытты пайдалануға байланысты, кім уақытты бағалай білсе, сол ғана тектілердің қатарына қосылмақ.
Адам уақытты сезінген де ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне – өзі бағыт белгілейді.
Дүниедегі ең жаман дерт – еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады.
Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын – ұлы мәртебелі уақыт.
Кәсіби жазушы күніне неше бет жазатынын жоспарлап отырады, бизнес те соған жақындаса, жаман емес.
Уақыттың көп шашылуы – шығын. Мұны дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Мысалы, бір нәрсені жасау үшін уақыт неғұрлым көп кетсе, соғұрлым оның құны да қымбатқа түспек.
Үнемі кешігіп жүретін адамға бизнес әлеінде орын жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |