Бағдарламасы (Силлабус) Глоссарий Практикалық тапсырмалар


тапсырма. Айырбас, бөлу, капитал, тұтыну



бет14/23
Дата30.09.2024
өлшемі0.73 Mb.
#504136
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
DOC-20230831-WA0081.

тапсырма. Айырбас, бөлу, капитал, тұтыну терминдерін анықтамаларына сәйкес орналастырыңыз.

... – өнімдегі әр адамның үлесін анықтауды білдіреді.
... – бұл бір өнімнің басқа өнімге айырбасталу процесі. Бөлу мен айырбас өндіріспен байланысты, олар өндіріс пен тұтыну арасын жалғайды.
... – адамның қажеттіліктерін өтеуі үшін өндірілген игіліктерді қолдануы.
... – бұл тауарлар мен қызметтер өндіруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал-жабдықтары мен ақшалай жинақтары.


  1. тапсырма. -шы, -ші жұрнағымен аяқталатын экономикаға қатысты бірнеше сөз тауып жазыңыз.


Үлгі: Салым-шы, өндіру-ші, ...


  1. тапсырма. Қазақстан экономикасының даму кезеңдерін кесте бойынша әңгімелеп беріңіз.









  1. тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Экономиканың жетекші саласы − өнеркәсіп. Бүгінде өнеркәсіп орындары өзінің шикізатын тұтынып, қайта өңдеуге ден қойып отыр. Пайдалы қазбалар өндіру, химия, металлургия өнеркәсіптің ең маңызды саласына айналуда. Сондай-ақ машина жасау, жеңіл және ауыр тамақ өндірісі де өнеркәсіптің маңызды салалары.
Еліміздің ауыл шаруашылығына жан-жақты көмек көрсету арқылы оның деңгейін көтеру, егістік көлемін сақтау, малдың санын тұрақтандыру ісін жүзеге асыру көзделген. Қазір ауылдық жерлерде Қазақстан халқының 43 пайызы тұрып жатыр.
Қазақстанға электр қуаты бір-бірінен дербес екі арнамен келеді. Елдің солтүстігіндегі қуат жүйесі Ресей торабымен байланысқан, ал оңтүстік торабы Орта Азия республикасымен тоғысып жатыр. Бұрын Қазақстан электр қуатын экспортқа шығаратын. Қазір елге қажет электр қуатының 30% сырттан алынады. Еліміздегі электр қуатының 80%- дан астамы көмірмен жұмыс істейтін 50 электрстанциялары арқылы өндіріледі. Бес электрстанция газбен жұмыс істейді.
Қазақстанда қазір 2,9 млрд. тонна мұнай қоры бар. Бұл қор санаулы ғана кенорындарына шоғырланған, соның аса ірі онында белгілі мұнай қорының 90% бар. Қазақстан мұнайын әлемдік нарыққа көптеп шығару үшін жобалау, жоспарлау және құрылыс жұмыстарының әртүрлі үлгілері жасалуда.
Қазақстанда газ өнеркәсібінің мүмкіндік құрамы ауқымды. Республика жыл сайын 15- 16 млрд. текше метр газ тұтынады, ал өзіндегі өндіріс көлемі 7-8 млрд. текше метрден аспайды. Қалған газ Өзбекстаннан, Түркіменстаннан және Ресейден алынады. Қазақстанның негізгі кенорыны Қарашығанақта. Ол дүниежүзіндегі аса ірі кенорындарының санатына жатады, газ қорының көлемі 566 млрд. текше метр деп болжанған.
Инфрақұрылымы. Республика аймағындағы стратегиялық мәні бар кенорындарының орналасуында көлік қатынасы негізгі факторлардың бірі болып табылады. Көлік қатынасында темір жолдың маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде Қазақстан темір жолының үлесіне көлік қатынасының барлық түрлері бойынша тасылатын жүктің төрттен үш бөлігі, жол жүретін адамдардың тең жарымы тиеді.
Теміржолдарды техникалық жағынан қамтамасыз ету және жүк тасу жөнінен Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейін үшінші орынды алады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет