БӘСЕКЕ КЕРЕК ПЕ?
Прогресс көзі - бәсеке болып табылады. Бұл бәсекенің бір жағы. Ал екінші жағы - бірлестік. Кейбір әріптестер қаржысын, шикізатын ортаға салып сапалы, әдемі, халыққа өте кажет тауарды шығаруды ойлайды. Өз өнімдерімен бәсекелесе алмайтын өнімді өндіруге тырысады. Сонымен бәсеке - бір жағы күрес, жарыс болса, екінші жағы – бірлесу.
Өмірдің өзі — бәсеке. Тұрмыс-тіршілікте, өндірісте адамгершілік тұрғыдағы бәсеке, адамгершілік тұрғыға жатпайтын бәсеке де бар. Әр мемлекетте адамгершілікті емес (не добросовестный) бәсекеге қарсы заң бар. Одақ кезінде мемлекеттік меншік болғандықтан,
бәсеке болған жоқ.
Ал өркениетті қоғамда, мемлекетте бәсекенің екі жағы бірдей болу керек. Өркениетті коғамда бәсеке қандай болу керек? Қытайда мынадай мақал бар: «Жауын бірінші дос ете алған адам жеңеді». Қазіргі өркениетті мемлекеттерде әділетті бәсеке. Бұл мемлекет үшін жақсы. Әр өндіріс, мейлі ол жеке болсын, кооперативтік болсын, жаман өнім берсін, жақсы өнім берсін - бәрі мемлекеттікі.
Қарапайым мысал үшін: сіздің үш балаңыз болсын делік. Екеуі алғыр, ширақ, білімді, біреуі жалқаулау, сылбыр, әлжуаздау. Сіз біреуі нашар екен деп оны лақтырып тастай алмайсыз ғой, оған көмектесесіз, үйретесіз, оқытасыз, қаржыны көбірек бөлесіз. Жақсы өндіріс те, жаман өндіріс те мемлекет үшін солай болу керек. Төмен деңгейдегі өнеркәсіпке мемлекет көмектеседі, аяғынан тұрған кезде жеке меншікке береді. Бәсекеге қосады.
Бәсекеде алдауға, заңсыздық жасауға болмайды, әділетті болу керек. Әділетсіз бәсеке болса, экономикада прогресс болмайды. Әділетсіз бәсекеде «жүзден жүйрік шықпайды», тек орташасы ғана қөрінеді, орташасы жоғары шығады.
тапсырма. Жоғарыдағы мәтінмен жұмыс істеңіз.
Мәтінге сұрақ дайындаңыз.
Мәтінге жоспар құрыңыз.
Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіз.
тапсырма. Мәтінде берілген экономикалық терминдерді жазып алыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |