Бүгінгі бір күн ертеңгі екі күнге татиды.
Франклин
тапсырма. Көмектес септігіндегі сөздерді теріп жазып, олардың синонимдерін табыңыз.
А. Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады.
Қазақстан заңында кәсіпкерлік – азаматтар мен бірлестік-тердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.
Яғни, барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді ізденумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады.
тапсырма. Кәсіпкер сөзін жіктеңіз.
тапсырма. Терминдермен жұмыс істеңіз.
Кәсіпкер – өндіріс факторларын пайдалануда өзіне жауапкершілік жүктейтін және тәуекелге бел буатын, сондай-ақ ресурстарды қалай пайдалану жөнінде шешім қабылдайтын тұлға.
Кәсіпкерлік – пайда алумен жеке табыс табуға бағыттал-ған, азаматтардың белсенді, шығармашылық дербес іс-әрекеттері.
Кәсіпкерлік табыс – қарыз пайызы мен бюджеттік төлемдерге шегерілген пайда.
тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті септік, көптік жалғауларын қойып оқыңыз.
Кәсіпкерліктің түрлері
Өндірістік кәсіпкерлік – тауар..., қызмет..., ақпарат..., рухани құндылық... өндіретін кәсіпкерлік. Кәсіпкерлік... бұл түрінде өндіріс функциясы негізгі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлік – тауар... мен қызметтерді сату бойынша мәміле... мен операция... құрамына енеді. Кәсіпкер пайдасы тауар... сатып алу бағасы... сату арқылы жасалады. Егер бұл операция... заңды түрде болса, алыпсатарлық болып есептелмейді.
Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерлік... бір түрі болып табылады, мұндай сату-сатып алу... нысаны ақша, валюта, бағалы қағаз... болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |