БАҒдарламасы syllabus 1 Оқытушылар туралы мәліметтер



бет2/12
Дата02.10.2019
өлшемі1.09 Mb.
#447111
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
История Казахстана УМК Торгаева

Барлығы (несиелер) 3






ТАҚЫРЫПТАРДЫҢ АТАУЫ

Сағат саны


лекция

ссеминар

СОӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Қазақстан тарихына кіріспе. «Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері.

2

1

3

3

2

Қазақстан территориясындағы ерте дәуір.

2

1

3

3

3

Ерте және ортағасырлық мемлекеттер (VІ-ХІІІ ғғ. басы).

2

1

3

3

4

Қазақстан моңғол шапқыншылығы кезеңінде (ХІІІ ғ.). Алтын Орда (1243 ж. – ХV ғ. ортасы). XIV – XV ғғ. ортағасырлық мемлекеттер.

2

1

3

3

5

Қазақ халқының қалыптасуы.

2

1

3

3

6

ХV - ХVІІІ ғғ. басындағы қазақ хандығы.

2

1

3

3

7

Қазақстан ХVІІІ ғ. басы – ХІХ ғ бірінші жартысында.

2

1

3

3

8

ХІХ ғ. екінші жартысы - ХХ ғғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.

2

1

3

3

9

Қазақстан мәдениеті (XVIII – ХХ ғғ. басы).

2

1

3

3

10

Қазан төңкерісі және Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан. (1917-1920 жж.)

2

1

3

3

11

ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы.

2

1

3

3

12

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.).

2

1

3

3

13

ХХ ғасырдың 50-80-ші жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстанның экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайы.

2

1

3

3

14

Қазақстандағы «Қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).

2

1

3

3

15

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жылдарында.

2

1

3

3




Барлығы:

30

15

45

45

Сырттай оқу бөлімінің тақырыптық жоспары






ТАҚЫРЫПТАРДЫҢ АТАУЫ

Дәрістер

Практи

калық


Дәрісхана

лық

Вирт

Вирт

11

Қазақстан тарихына кіріспе. «Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері. Қазақстан территориясындағы ерте дәуір.

1

1

1

2

Ерте және ортағасырлық мемлекеттер (VІ-ХІІІ ғғ. басы). Қазақстан моңғол жаулаушылығы кезеңінде (ХІІІ ғ.). Алтын Орда (1243 ж. – ХV ғ. ортасы). XIV – XV ғғ. ортағасырлық мемлекеттер.

1

1

1

33

Қазақ халқының қалыптасуы. ХV - ХVІІІ ғғ. басындағы қазақ хандығы.

1

1

1

44

Қазақстан ХVІІІ ғ. басы – ХІХ ғ бірінші жартысы. ХІХ ғ. екінші жартысы - ХХ ғғ. басындағы Қазақстанның әлеум.-экон. және саяси дамуы.

2

1

1

5

Қазақстан мәдениеті (XVIII – ХХ ғғ. басы). Қазан төңкерісі және Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан. (1917-1920 жж.)

2

1

1

6

ХХғ. 20-30 жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.).

2

1

1

77

ХХғ. 50-80жж. 1-ші жартысындағы ҚазКСР-ң экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайы. Қазақстандағы «Қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).

2

2

1

8

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жылдарында.

1

2

1




Барлығы:

12

10

8


2.2 Лекциялық сабақтар тезистері
1-ші тақырып Қазақстан тарихына кіріспе. «Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері.
Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері. «Қазақстан тарихы» оқу пәнін қазіргі тұрғыда түсіну. Тарих, тұлға, мемлекет. Тарих және өркениет. Отан тарихының функциялары мен принциптері. Қазақстан тарихы дүниежүзі тарихының контексінде. Ұлттық тарихтың приоритеттері. «Қазақстан Республикасының тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы».

Қазақстан тарихын дәуірлерге және кезеңдерге бөлу. Қазақстан тарихын зерттеудің негізгі әдістері. Отан тарихын зерттеуге жаңа тұжырымдамалық тұрғыдан қарау.

«Қазақстан тарихы» пәнінің деректері мен әдебиеттері. Отан тарихын зерттеудің ерекшеліктері. Қазіргі кезеңде Қазақстанның ұлттық тарихы проблемалары маңызының арта түсуі.

Тарихнамасы: Қазақ, орыс, Ресей, шетел ғалымдары Қазақстан тарихы туралы. Қазақстан тарихын оқытудағы жаңа бастамалар мен бағыттар. Отандық тарих ғылымындағы теориялық мәселелер. Қазақстан тарихы қазақстандықтардың жадын қалпына келтіру, ұлттық сана мен бірлікті түзу, азаматтанушылық, патриоттық және интернациональдық тәрбиелеудің бірден бір құралы.

Ұлттық тарихтың басымдықтары.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына дәстүрлі жолдаулары «Тарих толқынында», «Сындарлы он жыл», Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» еңбектері. Қазақстан тарихының Еуразия халықтары тарихы мен дүниежүзі тарихын оқытудағы маңызы.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалайық» және «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру – Қазақстан дамуының басты бағыты».

Негізгі әдебиет: [ 1, 4,7, 12, 13, 15, 16, 25, 26, 27, 34]

Қосымша әдебиет: [3, 4, 5, 6, , 2, 7, 8,]
2-ші тақырып Қазақстан территориясындағы ерте дәуір.
Тақырыпқа қатысты негізгі ұғымдар: шель, ашель, мустье, гоминид, аридтік, палеолит, мезолит, неолит, кремний, қыспа ретушь, неандерталь, питекантроп, беғазы-дәндібай мәдениеті, мақанжар мәдениеті, төлес мәдениеті.

Алғашқы қауымдық құрылыс – адамзат тарихында ең ұзаққа созылған тарихи кезең. Археологияда кезеңдендірудің өзіндік әдісі жасалған, оған сәйкес адамзат тарихы тас, қола мен темір және орта ғасыр дәуірлеріне бөлінеді. Ал өзінің рет – ретімен жоғарыда айтылған дәуірлер кезеңдер мен мәдениеттерге – палеолит, мезолит, неолит кезеңдеріне бөлінеді. Көне тас ғасырының дәуірі – адамзат және оның шаруашылығының қалыптасу кезі - өндіргіш күштердің төмен деңгейінде болуымен сипатталады. Адамдардың қоғамдық ұйымы палеолит дәуірінде дамудың күрделі де ұзақ жолынан өтеді. Оның бастапқы кезі алғашқы табын – тобыр – бас қосып қорғану және бас салу үшін, аң аулау, жиын – терін үшін бірлесу болады.

Алғашқы тобыр төменгі палеолиттің ертеректегі екі басқышына – шелльге дейінгі және шелль кезеңдеріне сәйкес келеді. Ашелль заманында жаңа әлеуметтік организм – алғашқы қауымға қажетті алғышарттар біртіндеп толысып жетіле бастайды. Мустье дәуірінде отырықшылық, еңбекті жынысымен жасына қарай, табиғи түрге бөлу жүзеге асады, қауымның бастапқы түрлері пайда болады. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, осы бір сапалық секіріс неандертальдардың дене бітімі қазіргі адаммен бірдей саналы жанға айналуына сай келеді.

Ежелгі палеолит. Ерте палеолит ірі-ірі үш дәуірге бөлінеді. Олар: олдувай (2,6 млн – 700 мың жыл бұрын), ашелль (700 мың – 150 – 120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 мың – 31-30 мың жыл бұрын) дәуірлері. Күллі тас ғасыры бойына еңбек құралын жасау жолындағы басты рөлді тас атқарады. Түрімен ерекше сипатына қарай тас бұйымдар шапқыш, қырғыш, үшкір тас, соққыш, пышақ, тескіш т.б. бөлінген. Кеңірдек поселкесі қасынан табылған тікбұрышты кремний сындырғышы ең ескі еңбек құралдары қатарынан орын алады. Ашелль дәуірінің тұрағы Бөріқазған мен Тәңірқазған бәрінен де көбірек назар аудартады, олар малтатастар, доломидтер мен алевролиттер тәрізді тау жыныстарынан тұратын, үсті тегіс заңғар басында. Бөріқазған мен Тәңірқазған табылған ежелгі палеолит заттарын Х.А.Алпысбаев төрт топқа: бір жақты, екі жақты, шапқыш құралға; көне заманның салмақты сындырғышына, ірі-ірі кедір-бұдыр домалақ тастарға бөледі. Мұның бірінші тобы көбірек. Шапқыш құралдар Оңтүстік Шығыс Азия мен Африканың шелль-ашелль дәуірінің олжасы табылған жерлердегі тас мүліктерінен айырмасы шамалы. Төменгі палеолит кезінде адам тасты жару үшін екінші тасты пайдаланған – оларды бір-біріне соғатын болған. Мұндай тәсілді жарып түсіру техникасы яғни малта тас мәдениеті деп аталған.

Археологтардың зерттеулері бойынша бүгінгі күні белгілі болған көне тас дәуірінде өмір сүрген гоминидтер тұрақтарынан табылған мәдени ескерткіштерді саралай келіп, әр кезеңдерге негізінен үш аймақта: Оңтүстік Қазақстанда (Қаратау, Жетісу), Батыс Қазақстанда (Маңғыстау, Мұғалжар) және Орталық Қазақстанда (Сарыарқа, Балқаш маңы) болды. Әр аймақтан табылған мәдени ескерткіштердің дамуына қарай өзіндік ерекшеліктері болды.



Арыстанды мәдениеті: Қазақ даласындағы алғашқы палеолиттің бастапқы кезеңінде пайда болды. Қаратау жотасының Арыстанды өзенінің аңғарынан табылған (Х.Алпысбаев, Н.Костенко, 1968).

Мустье заманы: Орта төрттік кезеңінің соңындағы Еуразия континентінің солтүстік бөлігін толықтай дерлік қамтыған, ұзаққа созылған суық кезең мен жоғарғы төрттік кезеңнің басындағы тектоникалық фазадан кейін шамамен 150-170 мың жылдар бұрын орнаған жылылық кезеңде қазақ жерінде гоминидтердің тіршілік ету мәдениеті өркендей түсті.

Соңғы палеолит: алғашқы адамдар мәдениетінің келесі жоғарғы сатысы. Қазіргі Қаратаудың Созақ өңіріндегі Ұшбас тұрағынан табылған, аңшының тауырын сүйекке түсірген таңба – белгілері. Соңғы палеолит б.з.б. 40-35 мың жылдан басталып 10 мың жылмен аяқталды. Жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамның кеңінен тарай қоныстанған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу уақыты. Ерекшеліктері: ақыл-ойлы адамның шығуы, адамзат қоғамының материалдық және рухани мәдениетінің дамуы, рулық қауымның қалыптасуы, идеологиялық ұғымдарының ру бастығы және ошақ иесі ретіндегі әйелге табынушылықтың пайда болуы. Бұл кезеңнің өмір жағдайларын сипаттау үшін оңтүстік Қазақстандағы Қаратау, Ертісте, Сарысу өзеңі өңірі мен Солтүстік Балқаш өңірінде табылған тас бұйымдар толық мәлімет береді.

Мезолит: Қазақстан аумағында мезолит кезеңі осы кезге дейін аз зерттелген. Бұл уақыттың материалдық мәдениеті туралы алғашқы ақпарат 50-ші жылдарда ғана пайда болды. 1970-80 жылдардағы В.Ф.Зайберттің Есіл өңірінде, В.Н.Логвиннің Қостанай маңы мен Торғайда жүргізген зерттеу жұмыстарын мезолит кезеңі жайлы түснік алуға мүмкіндік берді. 80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басында Батыс және оңтүстік Қазақстанда археологиялық зерттеулер жандандырылып, бірнеше тұрақ ашылды.

Неолит: Бұл дәуірдің басы шамамен б.з.б. 7 мың жылдықтың екінші жартысы мен 6 мыңжылдықтың басына тұстас келеді. Негізгі ерекшеліктері: еңбек құралдарының жетілдірілуі (қысқа ретушь техникасы, тегістеу, бұрғылау, арамен кесу) мал шаруашылығы мен егіншіліктің пайда болуы, кен кәсібі, қыш құмыра ісі, тоқымашылық дамыды. Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды. Тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құрылды. Қазіргі уақытта Қазақстан жерінде ғылымға белгілі 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім. Қазақстан жерінде көбірек тараған бұлақ бойындағы ескерткіштер. Қазақстан жерінде: оңтүстік Қазақстан жеріндегі Кельтиминар мәдениеті. Табылған заттар ішінен нуклеустер, оқтың ұштары, қырғыштар, пышақ тәрізді қалақтар, микролиттер. Жасалған материалдары: яшма, халцедон, опал.

Энеолит Археологиялық кезеңдерге бөлу өлшемдеріне сәйкес, адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуірді энеолит кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде шақпақ тас индустриясының құлдырап, тас құралдар жиынтығының кемуіне әкеп соғады. Энеолит кезеңінің жақсы зерттелген ескерткіші қазіргі Көкшетау облысындағы Ботай бекеті жанындағы қоныстың атымен аталған. Ботай мәдениеті Солтүстік Қазақстанның (Жайық-Ертіс өзендерінің аралығының) далалық энеолитін сипаттайды және мерзімі б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтармен белгіленеді. Ботай мәдениетінің қалыптасуына неолиттік атбасар және маханжар мәдениетін құраған тайпалар қатысты. Ботай мәдениетін ашып, зерттеген В.В.Зайберт. В.Н.Логвин, С.Қалиева оның батыстық нұсқасын, терсек мәдениетін бөліп көрсетті.

Қола ғасыры: Адамның егіншілік игеру процесі жабайы дәндерді, жеміс пен жидектерді жинап – теруден оны өсіруге көшуі сан мыңдаған жылдарға созылды. Б.з.д. 2 мыңжылдықтың бірінші ширегі біткен евразия даласында қоланы жезге қолайлы қосу арқылы ойлап тапты. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар қола ғасырында андроновтық археологиялық мәдениетке жататын жәдігерлер қалдырған. Сол жердегі қазу жұмыстарын 1913 жылы Б.В.Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мәдениетінің ескерткіштері шығыста Минусинскиден бастап, батыста Оралға дейінгі – орасан зор территорияға тарағанын анықтады. Кейінірек андронов ескерткіштері Қазақстанның түскейінен, Жетісу мен Орта Азиядан да табылды.

Андронов мәдениетін зерттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі хронологиямен уақыт межесін анықтау ісімен байланысты, зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын үш кезеңге бөледі: ерте қола, орта қола, кейінгі қола. Бұл кезеңдер алғашқы зертелген ескерткіштер атына сәйкес, федоров, алакөл, замараев кезеңдерін көрсетеді.



Орталық Қазақстан тайпалары. Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындары мен тастағы суреттер – петроглифтер, 30-дан аса қоныстар мен 150-ден аса ескі қабыр табылып зерттелген. Олар мынадай кезеңдерден тұрады: 1.Нұра кезеңі, 2.Атасу кезеңі, 3.Беғазы-Дәндібай. Орталық Қазақстанның андронов мәдениетіне тән сипаты – оның монументальдығы, мазарларының күрделілігі.

Солтүстік және Батыс Қазақстанда: андроновтық мәдениет ескерткіштері ашылып зерттелген, олардың ішінде Алексеев қонысы мен Тасты-бұлақ қорымы кеңінен мәлім аудандарда сақина секілді дөңгелене салынған қоршаулар етек алған. Солардың бірі – Арқайым Челябинск және Қостанай облыстарының шекарасынан орын тепкен.

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу: Қола дәуірінің кезінде –ақ игеріліп, ел-жұрт “тығыз” қоныстанған аймақ болды. Таңбалы және Қаратау сияқты тастағы суреттер шоғырланды. Сырдарияның төменгі жағынан Арал алқабынан қола дәуірінің бірегей ескерткіші – Тегіскен кесенесі ашылды.

Ежелгі заманда Қазақстан территориясында өмір сүрген адамдар адамзат қоғамының даму сатысынан өтіп, ақыл-ойлы адамның шығуымен, адамзат қоғамының материалдық және рухани мәдениетінің одан әрі дамуы жалғасын тапты. Климаттық жағдайдың өзгеруі, тас өндеу технологиясының жетілуі алғашқы адамдардың даму деңгейімен байланысты болды. Жаңа тас ғасырында табиғаттың дайын өнімдерін иемденудің орнына өндіруші шаруашылыққа негізделген мал шаруашылығы мен егіншілік пайда болды.

Қола ғасырындағы Қазақстан тайпалары бастапқы мәдени қабатты құрап, соның негізінде ертедегі көшпелілердің мәдениеті қалыптасты; оның экономикалық - әлеуметтік және мәдени алғышарттары тамырының қола дәуірінде жатқаны анық.

Тақырыпқа қатысты негізгі ұғымдар: темір ғасыры, массагеттер, әскери демократия, ғұндар, гуньмо, тиграхауда, хаомоварга, парадарайя, шаньюй, сарматтар, аң стилі, тасмола мәдениеті.

Сақ тайпалары жайлы деректер. Қазақ тарихын зерттеген тарихшы, этнограф, антрополог, археолог ғалымдардың бiрсыпырасы қазақ халқының арғы тегi ерте заманда б.з.д.7-4 ғғ. Орта Азияны мекен еткен ежелгi сақ тайпаларынан шыққан дейдi.

Көне деректерге жүгiнсек, бактриялықтар, соғдылармен хорезмдiктердің терiскейi жағын “желдей жүйрiк атты көшпелi турлар” мекендеген. Парсы деректерiнде турлар-сақтар деп аталады, бұл “еңiреген ерлер” деген сөз, ал грек аввторларының туындыларында олар скифтер деген атпен кiрген.Бұл көшпелiлердiң екiншi аты,бейнесi ретiнде айтылып, әдетке айналып кеткен.

Ежелгi заман тарихының деректемелерiне қарағанда б.з.д.7-4 ғғ. сақ тайпалары сол кезеңдегі мәдениеттi елдермен – Ассирия, Мидиямен қарым- қатынас жасап отырған. Б.з.д. 6 ғ. сол замандағы әлемге әйгiлi елдiң бiрi Парсымен қарым-қатынаста болған. Сол кездегi iрi тарихи оқиғаларға қатынасып отырған.Б.з.д. 529-558 жж. патшалық еткен парсы патшасы Кир сақтармен соғыс одағын жасасқан. Б.з.д. 521-486 жж. өмiр сүрген парсы патшасы Дарий сақ тайпаларын өзiне бағындыру үшiн үнемi жаулап алу жорығын жасап отырған.



Орталық Қазақстан. Орталық Қазақстан жерiнде б.з.д.7-3 ғғ. Тасмола мәдениетi қалыптасқан, мұның аты Тасмола алқабының зерттелген қорымдарына байланысты қойылған. Зерттеулердi Ә.Х.Марғұлан мен Н.Қадырбаев жүргiзген. Бұл мәдениеттiң құрылымдық ерекшелiгi - олардың кейбiреулерiнде тас жолы яғни шартты тiлмен айтсақ “мұртты” болады. Ең iрi аумақты қорымдар Бұғылы, Қызылорай, Қарқаралы, Баянауыл, Қызылтас, Кент, Ұлытау баурайларында шоғырланған.

Батыс, Солтүстiк Қазақстан. Ескерткiштер 2 хронологиялық кезеңге жатады. Оның бiрiншiсi б.з.д.7-5 ғғ. кезеңi деп есептеледi: ол савромат мәдениетi өмiр сүрген уақытты қамтиды. Екiншi кезең б.з.д. 4-2 ғғ. сарматтар кезеңi. Археологиялық зерттеу жұмыстары олардың Батыс Қазақстанда Еділ-Жайықтың төменгі ағыстарында және Қобда, Елек, Ор, Жем өзендерінің жоғарғы ағыстарында өмір сүргендігін көрсетеді.

Шығыс Қазақстан. Сақтардың қыруар қорымдары Алтай аясынан, әсiресе Ертiс пен оның салалары алқаптарымен, Қалба қыратының терiскейi мен түскей жоталарымен, Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерлерiнен кездеседi, үлкен яғни патша обалары Шiлiктi алқабында шоғырланған. Шығыс Қазақстан сақ тайпаларының мәдениетi өз дамуында үш кезендi басып өткен: Майөмiр кезеңi (б.з.д. 7-6 ғғ.). Берел кезеңi (б.з.д. 5-4 ғғ.). және Құла Жүргiн (б.з.д. 3- 1 ғғ.).

Жетісу өңірі мен Оңтүстік Қазақстан. Б.з.б. І мыңжылдықта Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан – болжамдардың бірі бойынша тиграхауда-сақтарға баланатын сақ тайпаларының үлкен тобы қоныстанған Орта Азия мен Қазақстанның этно-мәдени сақ қауымының өзіндік жарқын мәдениетінің ірі ошағы болып саналады. Бұл өңірлердегі сақ ескерткіштерінің бір бөлігі көсемдерінің бейіттері. Олар: Талас, Шу, Іле өзендерінің жағалауларында, Қырғыз, Іле және Жоңғар Алатауының баурайында, Кеген мен Нарынқолдың таулы аймақтарында кездеседі. Сақтардың Жетісудағы тамаша ескерткіштерінің бірі – Есік қорғанынан табылған “Алтын киімді адам”. Бұл қорған 1969-1970 жылы белгілі ғалым, археолог К.А.Ақышевтің бастауымен ашылып, зерттелді. “Есік” обасындағы ақсүйек сақтың қабірі жерлеу ғұрпының байлығымен қайран қалдырады. Оның киімі, бас киімі мен аяқкиімі алтыннан жасалған 4000-ға жуық қаптырма мен қалақша арқылы әшекейленген, олардың көпшілігі скиф-сақ кезіндегі “аң” стилінде орындалған. Есік қабірінен табылған күміс тостағанның маңызы ерекше, оның түбіндегі 26 таңбадан тұратын жазу, тегінде сақтарда жазба болуы ықтимал. Оңтүстік Қазақстандағы, Аралдың шығыс өңіріндегі сақ кезінің материалдық мәдениетін Оңтүстік Түгіскен және Ұйғарақ қорымдарының обаларын көруге болады.

Сақ дәуiрiнде қол өнерлiк өндiрiсті мамандандыру қолға алынды. Тау – кен iсi, темiр соғу, құю және зергерлiк өнер жақсы дамыды. Ерте темiр дәуiрi алғашқы қауымдық қатнастардың құлдырауы және жаңа қатынастар кезеңi болып табылады. Сақ қоғамының құрлысын схемалап көрсетуге болады: кiшкене туысқан отбасылар тобы-көшпелi қауым-тайпа-тайпалар одағы.

Сақ қоғамының ерекшелiгiнiң бiрi- онда ерте мемлекеттiң белгiлерiнiң пайда болып, атап айтқанда, мүлiктiк теңсiздiктiң өсуi және топтардың бiрте-бiрте қалыптаса түсуi, жазудың пайда болуы сақ дәуiрiне тән болып табылады. Ғалымдардың айтуынша сақтар жиналып құрастырылатын тұрғын үйдi ойлап тапқан. Қолданбалы кәсiптермен тығыз байланыста сақтардың өнерi Еуропа мен Азиядағы көптеген көшпелi тайпаларға тән “аңдық стилiне ” жатады. Археологиялық зерттеулер сақтардың арасына аталар дiнi, шаңырақтық, рулық қасиеттерi кең тараған, анимизм, тотемизм және магия жөнiнде түсiнiктердiң болуы туралы айтуға мүмкiндiк бередi.

Үйсiндер. Үйсiн ұлысы Iле өзенi өңiрiне келiп орныққын соң, өркен жайып гүлденедi, ұлан байтақ өңiрдi қамтыған қуатты да құдiреттi мемлекет құрады. үйсiн елiнiң территориясы: батыста Шу, Талас өзендерiне, шығыста Тянь- Шань тауларының шығыс сiлемiне, солтүстiкте Балқаш көлiнен бастап оңтүстiкте Ыстық көлдiң оңтүстiк жағалауына дейiнгi ұлан - байтақ өңiрдi қамтыды. Осы территориядағы үйсiн елi шығыста ғұндармен, солтүстiкте қаңлылармен, батыста дауандармен, оңтүстiгiнде Тарым ойпатындағы қалалармен шекаралас болды. үйсiн елiнiң саяси орталығы – астанасы Чигучен (Қызыл Аңғар) қаласы едi. Мемлекеттiң ең жоғарғы билеушiсi қытай деректерінде “Гуньмо” деп аталды. Күнби өзi тағайындаған әскери – әкiмшiлiк ұлыстар арқылы бүкiл мемлекеттi меңгерiп отырды. Дәуiрлеген кезде үйсiн елiнде 120 мың түтiн, 630 мың адам, 188 мың әскерi болды.

Қазақтың байырғы аңыз шежiрелерi мен жазба әдебиетiнде үйсiн деген атау екi түрлi мағынада-тарихи мағынада жүне кең мағынада қолданылады. Тар мағынадағы үйсiн - қазақ ұлы жүзiнiң құрамындағы тайпа аты. Ал кең мағынада үйсiн - Iле алқабы мен Жетiсу өңiрiн және Оңтүстiк Қазақстанды мекендеген ұлы жүз тайпаларының жалпы аты.

Байырғы қазақ шежiрелерiнiң деректерi мен тарихи деректер үйсiн елiнiң тарихта тым ерте заманда әйгiлi болғандығын дәлелдейдi. Үйсiн антропологиялық типiнiң морфологиялық құрылысы сақ дәуiрiнде өмiр сүрген тайпаларға өте жақын. Демек үйсiндердi сақ тайпаларының тiкелей ұрпақтары деп тұжырымдау өте орынды

Үйсiндер шаруашылығы. үйсіндерде шаруашылықтың дамуына географиялық жағдайлар әсерiн тигiздi. Бұл жерде мал шаруашылығы егiншiлiкпен ұштастырылып жүргiздi, яғни мал шаруашылығының классикалық түрi кең өрiс алды. Мал сүйектерiнiң қалдығы Ақтас – 2 (Жетiсу) Луговое (Батыс Жетiсу) қоныстарын зерттегенде алынған остеологиялық материал үйсiндерде мал шаруашылығының жақсы дамығанын дәлелдейдi. Хань хроникаларында жылқы шаруашылығының дамығаны атап көрсетiлген. Жартылай көшпелi мал шаруашылығы үйсiн шаруашылығының негiзгi түрi болды. үйсiн қоныстарын қазған кезде оларда егiншiлiктің болғанын да дәлелдендi (Ақтас қыстау-қонысы). Еңбек құралдар, жер өңдеу құралдары, кетпендер, орақ, дән үккiштер табылған. Суармалы егiшiлiк арық танаптар iздерi Жоңғар Алатауы, Шолақ , Шу, Iле аңғарларында дамыған.

Меншiк қатынастары. Қауымдық, тайпалық, рулық жайылымдарды үстем таптың өкiлдерi озбырлықпен иелендi. үстем тап өкiлдерiнде жеке меншiктiң болғаны ерекше белгiмен таңбалану 6-8 ғғ. жылқыға таңба салу (мөрлер) арқылы жүзеге асырылды. Оған дәлел моладан табылған қыш, тас мөрлер.

Сыма-Цянь жазба деректерiнде және басқа да тарихи жазбаларда бай адамдарда 4000-5000 дейін жылқысы болған деп жазылған. Жазба деректер және археологиялық ескерткіштер үйсіндердің бай материалдық мәдениетi туралы мол мағлұмат береді. Атап айтатын болсақ Жетiсу, Талас, Iле, Шу аңғарларындағы қоныстар қалдықтарынан тұрғын үйлерiнің iшкi көрiнiстерi, қару жарақ, керамика эволюциясын бiлуге болады. Қытай жазба деректерiнде үйсіндер кiрпiш және тас үйлерде тұрған деп жазылған.үлкен бөлме, кiшi қосалқы бөлме, мал қамайтын қоралары болған. Киiз үйде де тұрып, ет, сүт тағамдарын жасаған.



Қаңлылар. (б.з.д. 3- б.з. 7ғғ) Б.з.д. 3 ғасырдың екiншi жартысында Қазақстан тарихында елеулi орын алатын Кангюй мемлекетi тарих сахнасынан орын ала бастады.

Деректердiң әсiресе жазбаша деректердiң тапшылығы, тарихнаманың ауқымдылығына қарамастан әлi де зерттелiнуi қанағаттандырмайды. Қоныстанған аймағы ұлан-байтақ жер Ташкент пен Сырдария, Жаңадария, Қуаңдария алқаптарының және Жетiсудың оңтүстiк-батыс бөлiгiн қоса Оңтүстiк Қазақстанды алып жатты. Кезiнде оған Сусе, Фумо, Юини, Цзи, Юизцзянь сияқты 5 шағын иелiк бағынды‚ ғалымдар бұл кездегi үш мәдениеттi көрсетеді. Қаңлылар қытай жазба деректерінде кангюйлер деп аталса, ал парсы және үнді діни кітаптары “Авеста” мен “Махабхарата” кангха болып кездеседі. Түркі сына жазуларында Кангю- Тарбанд деген кенттің де аты бар.

Қаңлы тайпаларын қытай жазба деректері бойынша, алғаш рет қазақ халқының тарихына таныс еткен ғалымдар көрнекті қытай тілінің мамандары Н.Я. Бичурин мен Н.В. Кюнер. Жазба деректерді пайдалана отырып, қаңлылардың қысқаша болса да тарихына көңіл бөлген академик В.В. Бартольд. Ол жазба деректерді қорытындылай келіп, қаңлы тайпаларын Сырдарияның орталық ағысында өмір сүрген деп тұжырым айтады. Бұл пікір тарих ғылымында соңғы кезге дейін өз күшінде. Қайта түркі руникалық жазуының маманы С.Г. Кляшторный да оның пікірін қолдап отыр. Сонымен бірге түркі жазуындағы кангю-тарбанд сөзін көне Отырар қаласының аты деп болжау айтқан С.Г.Кляшторный. Соңғы кезде қаңлылар туралы жазба деректерді толық қарастырып, бір жүйеге келтірген Б.А.Литвинский.

Қытай деректерінде Чжан-Цяннің хабары бойынша б.з.д. 3 ғ. қаңлы тайпалар бірлестігінің орталығы Битянь қаласы болған. Жалпы, Орта Азия, Қазақстан жерінде қаңлы ескерткіштеріне жүргізген зерттеу жұмыстарынан алынған материалдар, шартты түрде үш мәдениетке бөлінген. 1.Қауыншы. 2. Жетіасар. 3. Отырар-Қаратау мәдениеттері.

Қаңлылардың үй – жайлары шикі кірпіштен салынған. үй-жайдың жанынан салынған қора-қопсы, шаруаға қажетті жайлар орналасқан. Талас, Сырдария маңындағы қаңлылар отырықшы жер кәсібімен айналысқан. Тұрақты мекн-жайларда төрт түлік малдың сүйек – саяқтары кездеседі. Қытай жазба деректерінде қаңлы тайпаларында тайпалық бірлестіктің болғандығын, оның мемлекеттік дәрежеге дейін көтерілгендін баяндайтын хабарлар бар. Қаңлылардың қандай тілде сөйлегендігі туралы мәліметтер осы күнге дейін анықталмай отыр.

Ғұн тайпасы (б.з.д. 4 – б.з. 5 ғғ.) Атақты ғұн тайпаларының өсіп-өнген және тарихи аренаға көтерілген жері Орталық Азия. Археологиялық зерттеулердің есебі бойынша Селенгі өзенінің аңғарында және оның салаларының жағалауларында 1500-ден астам қорымдарымен тұрақты мекен-жайлары белгілі. Ал Оңтүстік және Жетісуға ғұндар б.з.д. 2-1ғғ. келе бастаған.

Ғұндардың этникалық шығу тегі,тілі осы күнге дейін дәлелденбей отыр. Қытай деректері өздерінің солтүстігін мекендеген тайпаларды сюннюлар (солтүстіктегілер) және дунхулар деп атаған. Ғұн мемлекеті саяси жағынан бытыраңқы, экономикалық жағынан ала-құла бірікпеген ел болды. Сюнну этнонимінің мазмұны мен нақты қалай айтылатыны әзірше айқын емес. Зертеулердің көрсетіп отырғанындай, оның ежелгі қытайлық транскрипциясы гректер мен ертедегі орыс шежірелерінің фруна (труна) деген түріне тіреліп жатыр. Орыс шежіресі Еділ мен Дунайдағы өздерінің сюннуларға сабақтастығын сақтап қалған ғұн-бұлғар ақсүйектерін сипаттпй келіп, оларды трунове, яғни трундар деп атайды. Трун және ғұн терминдері бір ғана этникалық-саяси қауым жөнінде қолданылған, олардың таралған аудандары әр түрлі болғанымен ғұн термині ғұн термині әлдекайда мол қауымды білдіреді.

Ғұндардың жоғарғы билеушісін қытай авторлары шаньюй деп атайды. Б.з.б. 206 жылы ғұн тайпаларын Мөде шаньюй басқарды. Қазақстанның оңтүстік батыс және Арал бойына ғұн тайпаларының келе бастаған екінші толқыны б.з.д. I ғ. басталады. Бұл оқиға б.з.б. І ғасырдың орта шенінде-ақ сюнну қоғамы өзінің вассалдық иеліктерінен айрылумен бірге “байырғы” құрамында екі топқа – Хуханье шаньюй бастаған оңтүстік және Чжичжи басшылық еткен солтүстік топтарға бөлінді. Оңтүстік сюннулар Ордос аумағында мекендеп қалды да, солтүстік сюннулар өз тайпаластарының қысымымен Саян мен Байкал өңіріне ығысты, яғни солтүстік пен батысқа қоныс аударды. Ғұн тайпаларындағы әлеуметтік теңсіздікті олардың зираттарына өлген адамдарымен бірге қойылған бұйымдармен қымбат бағалы сәндік, әшекей заттардың бірдей еместігінен байқауға болады. Ғұн тайпаларының мәдениетінің ескерткіштері Оңтүстік Қазақстанда, Ақтөбе, Шаушықұм, Жамантоғай қорымдарынан табылған.

Ғұндардың тұрақты мекен-жайларына және зираттарына жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының барысында жинастырылған сүйектерге жасалған анализдер,олардың үй жануарларының барлық түрін өсіргендігін айқындап отыр. Байқал маңындағы Ниже-Володск қалашығына жүргізілген қазба жұмысының кезінде ғұндардың егін егумен айналысқандарын көрсететін астықтың қалдықтары табылған.

Қорыта келгенде, б.з.б. ҮІІ-ІҮ ғғ, темір дәуірінің алғашқы кезінде өмір сүрген сақ тайпаларының өзіндік мәдениеті дамыған жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан, саяси жағынан дербес, мемлекеттік дәрежеге көтерілген тайпалар бірлестігі болғандығын көреміз.

Сақтардан кейін тарихи сахнаға келген үйсін, қаңлы, ғұн тайпалары осы үрдісті жалғастырушылар ретінде артынан мол мұра қалтырған, мемлекеттік дәрежеге жетіп, әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени дамуы жағынан бір-біріне ұқсас ертеректегі Қазақстан территориясын мекен еткендерін көреміз.



Негізгі әдебиет: [ 1, 3, 11, 15, 16, 26, 27]

Қосымша әдебиет: [ 12, 21, 31, 42 ]
3-ші тақырып Ерте және ортағасырлық мемлекеттер

(VІ-ХІІІ ғғ. басы).
VI-XIIIғғ. Қазақстанның жерінде Түрік, Батыс түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Найман, Керей, Қарахан, Қидан және т.б. мемлекеттер мен тайпалық құрылымдар өмір сүрді.

V ғасырға қарай Солтүстік Моңғолиядан Орта Азиядағы Амудария өзенінің бойына дейін созылқан кең байтақ жердің бәрін теле деген жалпы атпен бірнеше тайпалар мекен еткен. Солардың бірі - түрік тайпасы. Түрік деген ат алғаш рет қытай деректерінде 542 жылы аталады. 552 жылы Бұмын бастаған түріктер аварларды жеңіп, Түрік қағанатының негізін қалайды. 553 жылы Бұмын қаза табады да, оның орнына інісі қара Еске (553-572 жж.) таққа отырады. Түрік қағанаты Мұқан қаған тұсында едәуір дамып, шығыста қайлар, қидандар, оғыз-татар тайпаларын, солтүстікте Енисей қырғыздарын бағындырды сөйтіп Орта Азияда саяси үстемдікке ие болды. Түріктерге солтүстік қытай мемлекеті алым салық төлеп отырды. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатты.

Түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты. 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естеми Солтүстік Кавказды басып алды, сөйтіп Керчь түбегіне шықты. Оның баласы Түркісанф Керчті басып алып, 576 жылы қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естеми өлгеннен кейін, 582-593 жылдары билік үшін қырқыс басталды. Нәтижеде Түрік қағанаты 603 жылы Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталды.

Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жердің бәрін алып жатты. қағанаттың негізгі этникалық-саяси ұйытқысы – «Он тайпа».

Батыс түрiк қағанаттың орталығы – Жетісу жеріндегі Суяб қаласында қазірігі Тоқмақ қаласына жақын жерде, жазғы ордасы Мыңбұлақта (Түркістан қаласына жақын орналасты). 610-618 жж. Жегуй қаған мен оның інісі Түнжабғы қаған (618-630 жж.) билеген кезде қағанаттың күш-қуаты таси түседі. Тохарстан мен Ауғаныстанға жасаған жорықтары мемлекет шекарасын Үндістанның солтүстік батысына дейін жылжытып кеңейтеді. Батыс түрік қағанатында таптардың пайда болуы процесі және ерте феодалдық қоғамдық қатынастардың құрылуы жедел жүріп жатты. Қағанат ішіндегі өзара тартыс, билеушілердің жиі ауысуы оның ыдырауын күшейтті. Он алты жылға (640-657 жж.) созылған тайпалар арасындағы соғыс пен ішкі қырқыстар Жетісуға қытайдың Тан империясы әскерінің басып кіруіне әкеліп соқты. Алайда, Түріктердің Тан басқыншылығына және олардың сыбайластарына қарсы жүргізілген тынымсыз күресі түргештердің көтерілуіне, сөйтіп 704 жылы Жетісуда олардың саяси жетекші күші болып шығыуына себепші болды. Түргеш қағанатының (704-756 жж.) өмір сүру кезеңі арабтардың Қазақстанға жасаған жаулап алу жорықтарымен сәйкес келеді. Жетісуда Түргеш қағанатының негізін қалаушы Үшелік-қаған (699-706 жж.) болып табылады. қаған елді 20 Ұлысқа бөліп, олардың әр қайсысында 7 мыңнан әскер ұстады.

Түргеш қағанаты Сұлык қағанның (715-738 жж.) тұсында күшейе бастады. Күшті әскери қолбасшы Сұлык екі майданда: Батыста арабтарға, Шығыста Тан империясының күрес жүргізді. Сүлік қаза болғаннан кейін билік үшін «сары» және «қара» түргештердің арасында ұзаққа созылған күрес жүрді. Оны пайдаланған Тан империясының шапқыншылығы және Жетісуға қарлұқтардың қорымдай қаптап келуі Түргеш қағанатын 756 жылы ыдырауына әкеп соғады.

Сөйтіп, көшпелі Түрік тайпалары құрған Батыс Түрік қағанатының орнына төрт күшті мемлекет құрылды. Олар төменгі Поволжье мен Солтүстік Кавказ жеріндегі Хазар қағанаты, Сырдың орта және төменгі ағысымен Арал даласында орналасқан Оғыз мемлекеті (IX – XII ғ.ғ.) солтүстік шығыс және орталық Қазақстанда Кимек қағанаты (IX – XI ғ.ғ.), ал Батыс Түрік қағанатының негізгі орталығы болған Жетісу жерінде қарлұқтардың мемлекеті орнады (756-940 жж).

Қарлұқ қағанатының астанасы Суяб қаласында орналасты. қарлұқтар VIII ғасырда ұйғырлардың әскерінен Батыс Алтай мен Тарбағатайдың аралығынан Жетісуға ығысады. Олар бірте-бірте батыс бағытта жылжып, Жоңғар Алатауымен Сырдарияның ортаңғы ағысы, Балқаш пен Ыстық көл аралығын мекен етті. қарлұқ қағанатына бірнеше көшпелі және жартылай көшпелі түрік тілді тайпалар мен қатар соғдылар енді.

X ғасырдың 40-шы жылдары қарлұқ қағанаты құлап, оның орнына қарахан мемлекеті құрылады. Оның негізін Сатұқ Бағра хан (915-955 ж.ж.) қалап, 942 ж. өзін қаған етіп жариялайды. Түрік тайпаларының бұл мемлекеті Жетісуда орналасады, орталығы Шу алқабындағы Баласағұн қаласы болды. Уақыт өте Қарахан мемлекетінің территориясы Амудария мен Сырдариядан өашқарияқа дейін созылып жатты.

XI ғасырдың 30-шы жылдарының аяқ кезінде қарахан мемлекеті екіге бөлінеді: Біріншісі – орталығы Бұқарда болған, қарауында Ходжентке дейінгі Мауараннахрды қосып алған Батыс хандығы. Екіншісі - құрамына Тараз, Исфиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу мен қашғар кіретін Шығыс хандығы. Оның астанасы Баласағұн қаласы болған. 960 ж. қарахандықтардың өмірінде елеулі оқиға болады, яғни Мұса қаған ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялайды. қарахандар мемлекеті бұрынғы мемлекеттік құрылымдардан ерекшелігі - әскери басқару әкімшілдік басқарудан бөлінген болатын. Мемлекеттік әкімшілік құрылыс иерархиялық принципке негізделген еді. Қарахан әулеті мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік саяси институт әскери-мұралық жүйе болған. Хандар өздерінің туысқандары мен жақындарына белгілі бір ауданның, облыстық не қаланың халқынан салық жинап алу құқын тарту еттi. Мұндай салық икта деп аталды, ал оны берушіні мукта немесе иктадар деп атаған. Икта институты Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысының шаруашылық және саяси өміріне елеулі роль атқарған. VIII ғасырдың орта кезінде тургештер мұрасы iшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, тау баурайлары мен Шу алқабына кетіп қалған болатын. Осы арада олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордасы болған. IX ғ. бас кезінде оғыздардың көсемдері қарлұқтармен және қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдарияның төменгі жағы мен Арал өңірі даласын басып алады. IX ғ. соңғы кезінде олар Хазарлармен одақ құрып, Орал мен Еділ арасын қол астына қаратады.

IX ғ. аяғы мен XI ғ. бас кезінде оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан кең территорияны мекендейді. Орта Азия мен Шығыс Европаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы Х ғ. Оғыз мемлекетінің астанасына айналады. «Жабғы» атағы бар жоғары билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыздар мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарады. 965 ж. олар Киев Русымен одақтасып, Хазар қағанатын талқандайды. 985 ж. Оғыз жабғысы Орыс княздарымен бірігіп, Еділ Бұлғариясын ойрандайды. Х – ХІ ғғ. шебінде оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды, оған алым – салықты жыртқыштықпен аяусыз жинауға наразылық білдірген оғыз тайпаларының көтерілісі себеп болады. Салжықтармен жiргізген ұзақ жылғы соғыстар оғыздар жабғысының бірлестігін қатты қаңсыратады. Ішкі терең қайшылықтардан қатты әлсіреген жабғы мемлекеті қыпшақ тайпалары көсемдерінің соққысынан біржолата құлайды.

VIII ғ. екінші жартысы мен IХ ғ. бас кезінде Кимек тайпалары үш бағытқа: солтүстік батысқа – Оңтүстік Орал (негізінен қыпшақтар) жағына, оңтүстік батысқа – Сырдария бойы мен Оңтүстік Қазақстанға және оңтүстікке, Жетісудың солтүстік-батыс жағына қарай қозғалады. 766 және 840 жж. кимектер Батыс Алтай, Тарбағатай мен Алакөл ойратының жерлерін жайлап, Шығыс Түркістанды мекендейтін тоғыз Оғыздардың теріскей шебіне дейін жетеді. Олардың арасындағы шекара Жоңғар қыраты арқылы өтетін. Сыртқы саясатты жүргізу ісінде Кимек қағаны тапқыр да пысық болған. Кимек билеушілері оңтiстікке өте сәтті жорықтар жасаған. Тоғыз Оғыздар жерінің бір бөлігін басып алып, олардың шығыс жерінің бір бөлігін басып алып, олардың шығыс Түркістандағы қалаларына шапқыншылық жасап отырған. Кимектер қағаны Енисей қырғыздары жеріне сан рет басып кірген. Өз тарапынан көршілес әулеттер мен халықтар да қимақтар тұрағына шабуыл жасап кететін болған.

ХI ғ. бас кезінде Кимек қағанаты күйрейді. Оның құлауының екі себебі бар: өздерін-өздері билеуге ұмтылған қыпшақ хандарының орталықтан бөлінуге тырысушылығы, қағанатта ішкі талас-тартыстың күшеюі және орталық Азияның көшпелі тайпаларының қаптап кетуі. XI ғасырдың басында Кимек қағанаты тарағаннан кейін, кимек, қыпшақ және куман тайпаларының бұрын мекендеген жерлерінде әскери – саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. қыпшақтар XI ғ. ортасында қазірігі Қазақстан шығысындағы Алтай мен Ертістен бастап батысындағы Еділ мен Оңтүстік Оралға дейін, оңтүстігіндегі Балқаш көлінен теріскейдегі оңтүстік батыс Сібірдің орманды дала аймағына дейінгі кең территорияда қоныстанады. Олар «Оғыздар даласының» орнына Дешті қыпшақ мемлекетін құрады (XI ғ. басы – 1219 ж.). Қарақытай мем-і Орталық Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Олар қытайдың солтiстік жағында Манчжурия мен Уссури өлкесінің территориясын мекендеген. 924 ж. Алтайдан бастап, Тынық мұқитқа дейінгі аса кең жер қидан мемлекетінің (Ляо империясы) қол астына өтеді. 1128 ж. Елу Дашы Баласағұнды басып алып, қарахандар әулетінің билеушісін тағынан тайдырып, Жетісуға өз мемлекетін орнатады. Бір қатар жаулау жорықтарының нәтижесінде Жетісу, Оңтiстік Қазақстан, Мауараннахр мен Шығыс Түркістан қарақытай мемлекетінің құрамына енеді. Қарақытай мемлекетінің басшысы гурхан деп аталады. Баласағұн оның иеліктерінің орталығы болып қала береді.

ХІІ ғ. керейттер (Керейлер) мен меркіттер қосылған Наймандар конференциясы Орталық Азиядағы ірі мемлекеттік құрылым болады. Ал наймандардың шығу тегі мен ертедегі тарихы туралы мәселе өте күрделі ‚алымдар «Найман» терминінің мәні монғол тілі тұрғысынан алғанда «Сегіз» деген сөз деп болжам жасайды. Көне түрік жазуларында айтылатын «Сегіз Оғыздарды» зерттеушілер наймандармен теңестіреді. VIII ғ. оғыздар тайпаларының бірлестігі Орхон өзенінен бастап, жоғары Ертіске дейінгі жерді алып жатқан. Кейінірек наймандар сол араны жайлаған. Керейттер туралы жазба деректердегі ең ерте мәліметтер Х ғ. бас кезіне жатады және ол Цзубу орталық тобының тайпаларымен байланысты болып келеді. Керейттер конфедерациясының этникалық құрамы түрік тілді және монғол тілді тайпалардан құралған. 1007 ж. керейттер наймандармен бірге християн дінінің несторияндық тармағын қабылдайды. Керейттер конфедерациясының этникалық құрамы бір текті болмаған. Ол түрік және монғол тілді жұртан құралған. Керейттердің батысында наймандар, солтүстігінде меркіттер, шығысында татарлар, оңтүстігінде танғұттар мекендеген. ХII ғ. аяқ кезінде Темучиннің саяси өрлеуі басталады, ол татарларды талқандағаннан кейін, 1203 ж. керейттерді бағындырады, ал 1206 ж. наймандарды жеңеді. Наймандар Күшліктің бастауымен Алтайға келіп, керейттер мен меркіттер тобына қосылады. Қазақстан жерінде VI - XIII ғ.ғ. өмір сүрген түркi тайпалары өздеріне тән үлкен материалдық және рухани мәдениет қалдырған.

Түркі дәуріндегі материалдық мәдениет қалдықтарының түрлері негізінен адамдардың шұғылданған кәсібімен байланысты болды. Сонымен қатар осы кезеңде Қазақстан жеріндегі ғылым мен мәдениет көрші елдерге қарағанда едәуір жоғары дәрежеде өркендеген. Бұған феодалдық қатынастардың нығайуы, мемлекеттік құрылымның шығуы, отырықшы-егiншілік шаруашылық пен қалалардың өсуі, шоғырланып топтасқан этникалық процестердің күшейуі сияқты тарихи жағдайлар әсерін тигізді. Қазақстанның ұлан байтақ жерінде ежелгі замандардан бері отырықшылық, ал орта ғасырдан бастап қалалық өмір тіршілігі дамыған ірі-ірі тарихи, мәдени орталықтар бөлініп көзге түседі. Мәселен Испиджаб, Отырар, Шавғар, Суяб, Баласағұн, Жент, Жанкент, Талас т.б. Арабтар Қазақстандағы басып алған жерлерінде көне түркі жазуын ығыстырып, оның орнына араб жазуын енгізді. Қазақстан жерінде Ұлы ғұлама ойшылдар, ғалымдар, ақын-жазушылар өмір сүрді. Атап айтсақ Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт қашқари, Ахмет Яссауи және т.б. Қазақстан жеріндегі халықтардың экономикалық өмірінде сауда орасан зор роль атқарды. Жазба деректемелер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда қатынасы дәлелдейді. VI - XII ғ.ғ. халықаралық саудада «Ұлы Жібек жолының» зор маңызы болды.

Ерте феодалдық қоғамдық қатынастардың қалпына келiп нығаюы шаруашылық өмiр мен материалдық мәдениеттiң ортақ түрлерi, Қазақстанның шексiз кеңiстiгiн мекендеген халықтардың арасында түрiк тiлiнiң негiзгi тiл болып бекуi, ерте ортағасырдағы мемлекеттердiң саяси-экономикалық және мәдени байланыстары этникалық процестердегi бiрiгуiне жол ашты. Бұл кезеңде өмiр сүрген халықтар бай материалдық және рухани мәдени мұраны иеленiп, болашақ өркениеттiң дамуына үлкен үлес қосты.



Негізгі әдебиет: [ 1, 7, 11, 15, 26, ]

Қосымша әдебиет: [ 3, 28, 30, 46, 52, 67, Электр. әдеб 2, 3 ]
4-ші тақырып Қазақстан моңғол шапқыншылығы кезеңінде (ХІІІ ғ.). Алтын Орда (1243 ж. – ХV ғ. ортасы). XIV – XV ғғ. ортағасырлық мемлекеттер.
XIII ғ. бас кезінде Шыңғысхан басқарған Моңғол империясының құрылуы Орталық және Орта Азия, Қазақстан мен Шығыс Еуропа халықтары мен мемлекеттерінің тарихи тағдырына орасан зор ықпал жасады. Моңғол жаулаушылығы Еуразия аймағын мекен еткен халықтар мен тайпалардың қалыптасқан қарым-қатынасы мен өзара байланысын бұзды және олардың этникалық – саяси, шаруашылық мәдени дамуының жүрісін өзгертіп жіберді. Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алу моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан арқылы Орта Азияға жол ашты. Араб және парсы деректерінде моңғолдар бүкіл халқын жусатып кеткен, әртүрлі елдердегі отызға тарта қаланың аты келтіріледі. Олардың ішінде: Отырар, Сығанақ, Ашнас бар. 1219-1224жж. моңғол басқыншылығы салдарынан Қазақстан Шыңғысхан империясының құрамына енеді.

Моңғол жаулаушылығы өзімен бірге өндіргіш күштерді күйретіп, халықты жаппай қыру нәубетін ала келеді. қалалар мен қыстақтар, сарайлар мен мешіттер қиратылады, суландыру жүйелері құрытылып, өңделген егіндіктер құлазып қалады. Сан мыңдаған қол өнер шеберлері құлдыққа айдалып әкетіледі. Моңғол басқыншылары өздері жаулап алған елдердің экономикалық және мәдени дамуын ұзақ уақытқа тұралатып тастайды. Қазақстанның егіншілік және қалалық мәдениетіне бұл ауыр соққы болып тиеді.

Моңғол шапқыншылығы мен оның өктемдігі Жетісумен Оңтүстік Қазақстанның қалыптасқан шаруашылығы дамуының экономикалық негізін қиратып, осынау аудандардың бірігу процестерін баяулатып, қиюын қашырады, сөйтіп олардың өзара шаруашылық, этникалық, мәдени жағынан бір-біріне және төңірегіндегі далаға әсер етіп, араласып-құраласып кетуіне кесірін тигізеді. Ол жаулап алған елдердің, оның ішінде Қазақстанның да, әлеуметтік-экономикалық құрылысын белгілі дәрежеде кері кетіреді. қоғамдық қатынаста оның ең бір артта қалған түрлері, тіпті құл иеленушілікке дейін қолданылатын болды. Моңғолдар жаулап алған егінші-отырықшы елдерде, мәселенки, Орта Азия мен Қазақстанда қоғамдық қатынастарға ешбір жаңалық енгізе алмады, ал соңғы екі аймақта феодализмнің еншіліктер жүйесі мен жер-суды шартты түрде тарту етіп беру жүйесі баяғыдан жүзеге асырылып келе жатқан еді. Феодалдық қарым-қатнас енді ғана құрылып қалыптаса бастаған мал өсіруші дала аудандарында моңғол жаулаушылығы феодалдық тәртіптің ескі әдет-ғұрыпты бүркеніш еткен ең бір артта қалған кертартпа түрлерін тұрақтандырып нығайтуға жол ашты.

Боданға айналдырылған халықтан алынатын алым – салық та, оның парыз-қарызы да аса ауыр еді. Зерттеушілер моңғолдар алған салықтың 20 шақты түрін санап шыққан көрінеді.

Моңғол басқыншылығының апатты зардаптарымен бірге, кейбір жағымды жақтары да болған. Моңғол өкіметтері сауда саттық пен халықаралық байланыстың дамуына жағдай жасайды, жер-жердің бәрінде почта және көлік қатынасы қызметінің тұтас жүйесін енгізеді. Моңғолдар далаға бір орталыққа бағынатын өкімет иесін әкеледі, бұрын ұйымдасып көрмеген тайпалардың басын қосады. Дегенмен, тұтас алғанда, Шыңғысхан мен олардың мұрагерлерінің соғыстары жаулап алған күштері ғана емес Моңғолияның өзінің де өндіргіш күштерінің құлдырап кетуіне әкеліп соғады.

Қазақстан жері үш моңғол Ұлысының құрамына енді: оның дені (далалық жағы) - Жошы Ұлысына, Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстан – Шағатай Ұлысына, Солтүстік-шығыс бөлігі – үгедей Ұлысына енеді. Жошының еншілігі Ертістің батысынан Жетісудың теріскейін қамтып, Дешті-қыпшақтың бүкіл шығыстан төмені Еділ бойына дейін алып жатты. Шағатай Ұлысы жоғарыда айтылған жерлер үстіне Шығыс Түркістан мен Мауараннахрды қосып алды, Үгедей – Батыс Моңғолия мен Жоғарғы Ертіс, Тарбағатай аудандарын биледі. Шыңғыс әулеті өз Ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғысхан дүние салғаннан кейін, бұл ұмтылыс күшейе түседі де, империя бірінші тәуелсіз мемлекетке бөлініп кетеді.

Сол жылы қайтыс болған Жошының орнын оның Ұлы Бату-Батый басады. Ол Дешті-қыпшақ пен Еділ бұлғарларының жеріне, одан әрі Батыс елдеріне жаулау жорығын жасайды. Орыстың аса ірі кінәздіктері талқандалып, Польша, Венгрия, Чехияны және басқа елдерді талап, құлазытады. Жеті жылдық жорық нәтижесінде (1236-1242 ж.ж.) Батыйдың қол астына Еділдің батысынан Дунайдың төменгі жағына дейін жерлер қарайды, әрине оның ішінде қырым, Солтүстік Кавказ бен Батыс қыпшақ (половцылар) даласы да кіреді. Еділдің төменгі бойына қайта оралған Бату бұл арада жаңа мемлекеттің негізін салады, ол кейінірек Алтын Орда деп аталады. Оған Жошы Ұлысының территориясы – Шығыс Дешті қыпшақ, яғни Қазақстанның Обь пен Ертістің жоғарғы жағынан Еділ мен Амударияның төменгі бойларына дейінгі жері, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі сол сияқты жаңадан жаулап алған жерлер кіреді.

Әуелгі кезде Алтын Орда моңғолдың Ұлы ханына қарайтын. Бірақ 1260 ж. шамасында Моңғол империясы іс жүзінде тәуелсіз Ұлыстарға бөлінеді. Алтын Орда Батудың інісі Берке ханның (1256-1266 жж.) тұсында дербес мемлекетке айналады. Одан кейінгі Менгу хан (1266-1280 жж.) өз теңгесін шығарып, шағатайлық Хайдудың Ұлы хан Хұбылайға қарсылығын қолдап отырды. Алтын Орданың тарихы ішкі өз-ара қырқыстар мен Орыс кіназдарына, Кавказдың ар жағындағы Иран Хұлағуы ұрпақтарына, Алтын Ордадан 14 ғ. 60 жж. бас кезінде бөлініп кеткен Ақ Орда және Хорезм билеушілеріне қарсы жүргізілген тынымсыз соғыстарға толы. Алтын Орда 14 ғ. 1-жартысында әсіресе Өзбек ханның (1312-1342 жж.) және оның мирасқоры Жәнібектің (1342-1357 жж.) тұсында толысып, күдірет күшіне енеді. Хандар өкіметінің күшейгені құрылтай шақыруды тоқтатудан, биліктің біраз орталықтанған сипатына байқалады. 1312 ж. Өзбек хан исламды Алтын Орданың мемлекеттік діні деп жариялайды. Түрік-монғол дала мәдениеті Еділ бойы (Бұлғар халқы) мен Орта Азияның (Хорезм) мұсылмандық дәстүрі күшті ықпал ете бастақан еді.

14 ғ. екінші жартысынан бастап Алтын Орданы алты бақан алауыздық әлсірете бастайды. 1357 ж. мен 1380 ж. арасында Алтын Орда тәж тағына ие болған 25 хан ауысады. 1380 ж. Алтын Орданың нағыз билеушісі мыңбасы Мамай Куликова даласында Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен тасталқан болып жеңіледі. Жошының ұрпағы Тоқтамыс Мамайдың күйрегенін пайдаланып, Алтын Орда билігін тартып алады. өз өкіметін әскери жеңістермен нығайту үшін ол 1382 ж. Мәскеуді өртейді, Мауаранахр мен Кавказдың ар жағына бір қатар жорықтар жасайды. Ал, ӘмірТемір өз тарапынан Алтын Ордаға бірнеше рет қанды жорық жасап оны ойраңдап кетеді. Осы соққыдан ол оңала алмайды. 15 ғ. орта кезінде бірнеше үлкен Ұлыстың өз хандарының іргесі бекиді, сөйтіп Алтын Орданың күні өтіп, шаруасы бітеді. Әлгі Ұлыстар ішіндегі ең ірісі Еділ мен Дон арасынан құрылған үлкен Орда (15 ғ. 30 жж.) болады. Сол ғасырдың 20-60 жж. Сібір хадығы, Ноғай Ордасы, Қазан хандығы, Қырым мен Астрахан хандықтары пайда болады.

Моңғол дәуірінен соң осы аймақ халқын саяси өмірінің дамуы жергілікті этникалық негізде пайда болған бірнеше мемлекеттік құрылымының оқашалануы арқылы өтеді: олар Ақ Орда, Моңғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай ордасы. Ақ Орданың саяси тарихы бірінші кезеңде Шығыс Дештi қыпшақ жерін Алтын Орданың билігінен азат ету жолындағы ұзақ күреспен өтеді, кейінірек Ақ Орда хандары Алтын Орда ісіне араласып кетеді, ал өз тарихының соңғы түйінді кезінде Мауараннахр билеушісі ӘмірТемір мен Темір ұрпақтарының басқыншылығына қарсы күреседі. Алтын Ордаға сырттай тәуелді болған бұлар 15 ғ. орта кезінде Ерзен хан мен Мүбәрак қожа (1320-1344 жж.) тұсында ғана біржолата құтылады. Ақ Орда 15 ғ. 60-70 жж. билік құрған Орыс хан кезінде кәдімгідей нығаяды. Темір жаушылығына қарсы күрестің негізгі ауыр салмағы оған түседі. Темірдің басқыншылық соғыстары мен ішкі талас-тартыстан 14 ғ. аяғы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда әлсіреп қалады. 1423-24-1428 жж. Орысханның немересі Барақ біраз уақыт бойы Ақ Ордаға өз әулетінен билігін қалпына келтіреді, бірақ ол көп ұзамай қаза табады, сосын Ақ Орданың басым бөлігінің билігі Шайбан ұрпағы Әбілқайырдың қолына көшеді. Орысхан мен Барақ ұрпақтары 15 ғ. екінші ширегінде Қазақстанның Оңтүстік аудандарында өз үкіметін сақтап қалады. 15 ғ. орта кезі мен 16 ғ. бас кезінде Оңтүстік Шығыс Қазақстан – Шағатай мемлекетінің ыдырап кетуі салдарынан Орта Азияның солтүстік шығысында, Жетісу мен Шығыс Түркістанда құрылған Моғолстан мемлекетіне кіреді. Моғолстан мемлекетінің пайда болу себептері Орта Азия аймағында, Дешті-қыпшақтың шығысы мен Шығыс Түркістанда Шыңғыс әулетiнің моңғолдық иеліктері бытырап кету процесінде пайда болған басқа да мемлекеттердің оқшауланып шыға келуі себептерімен бірдей.

Моғолстанның саяси тарихында феодалдық соғыстар мен ішкі қырқыс, көрші мемлекеттер тарапынан жасаған шапқыншылықтарды тойтару жағы өте көп болған, әсіресе Темірдің Тянь-Шань өңіріне жүйелі түрде жүргізілген басқыншылығы елді титықтатып кетеді. Моғолстан алғашқы хандары Тоғлық Темір (1347-1362 жж.) мен Ілияс қожа феодалдық ыдырау жолына түскен Мауараннахр Шағатай әулетінің билігін қалпына келтірмекші болады. Бірақ 70-80 жж. өзінде Моғолстанның билеушілері қызырқожа (1388-1389 жж.) мен әмір қамар әд-Дин дулатқа, Енге төре және басқаларына, әлгіде айтылып өткендей-ақ, Темір жаулаушылығына қарсы ұзақ та қаржылы күрес жүргізуіне тура келеді. қызырқожаның Ұлы Мұхамед хан (1408-1416 жж.) тұсында елдің жағдайы біраз нығайды. Осы кезде Моғолстанның Темір тұқымынан тәуелсіз болуға қолы жетеді, ол Шу мен Талас алқабы жерін жат жерліктен азат етеді. Біраз уақыт қырқыс пен талас-тартыс толастайды. Мемлекетті бір орталыққа бағындыру үшін Мұхамедхан Моғолстанға исламды енгізуге күш салады. Сол кезде елдің шығыс шөбіне ойраттар шабуыл жасауды жиелетеді (моңғолдардың батыс бөлігі Орта Азия деректерінде қалмақ деп аталады). Уәйсхан (арада үзіліс бар 1418-28 жж. билеген) олармен сан рет шайқасады. Ол өз ордасын Тұрфаннан Ілебалық деген жерге көшіруге мәжбүр болады. Уәйсханнан соң күн өткен сайын Моғолстаннан азып - тозу белгілері көріне бастайды.

Ішкі күрес-тартысты Ұлысбек Мір Мұхаммедшах дулат бастаған ақсүйектер тобы жеңіске жетеді де, олар Уәйсханның Ұлы Есенбұғаны (1433-1462 жж.) қолдайды. Есенбұға тұсында, 50-ж. аяқ кезінде Шығыс Дешті-қыпшақтан Жетісуға қазақтың Жәнібек пен Керей бастаған қалың бір бөлігі көшіп келеді. Жетісудің түрік пен түріктенген тайпаларының қазақтың Ұлы жүзіне сонымен бірге Қазақстанның барша тайпаларымен қазақ айналуы, сол сияқты Тянь-Шань өңірінің түрік және түріктенген тайпаларының бас қосып қырғыз халқына айналу процесі Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен қырғыстанның бірте-бірте оқшаулануы мен Моғолстан ыдырауына аса маңызды фактор болады. Моғолстанның әлсіреп ыдырап кетуінің басқа да саяси және әлеуметтік-экономикалық себептері болды. Олардың ішінен елдің тайпалар ақсүйектерінің еншіліктеріне (Ұлыстар) бөлінуі, Шағатай ұрпағының әлеуметтік алауыздығы, күрес-тартысы, тынымсыз соғыстар, жағдайдың құбылмалы тұрақсыздығы мен халық бұқарасының алым-салықтың көптігінен туған наразылығы, соның салдарынан көшпелі жұрттың жаппай қопарыла көшiп кетуі сияқты себептерді атау керек. Жүнісхан (1462-1487 жж.) тұсында мемлекет жағдайы біраз нығаяды, бірақ ол 1472 ж. Жетісуға шабуыл жасаған ойраттардан жеңіліп қалып, Сырдария жаққа қашады. 80–жж. ол Сайрам мен Ташкентті басып алады. Жүніс ханның баласы сұлтан Ахметхан 1474 ж. Моғолстанның шығыс бөлігінде шын мәніндегі тәуелсіз иелік орнатады. Оның інісі сұлтан Махмұтхан (1487-1508 жж.) Жетісуда және Сырдария қалалары өңіріндегі қазақ хандарымен соғысады. Моғолстан билеушілерінің ең соңғы Жүнісханның немересі Сейітхан 1514 ж. Моғолстан хандарының бағынышты билеушісі Әбубәкір мырза дулаттың қолынан қашғарияны тартып алып, Шығыс Түркістанда Моғолия атты жаңа мемлекет құрады. Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары 60 жж. бастап қазақ хандығының құрамына енеді.

15 ғ. 20 жж. Ақ Орданың ыдырауы мен Жошы әулетінің өзара қырқысы салдарынан, Шайбан ұрпағы Әбілхайырдың хандығы дараланып шығады. Тарихи әдебиетте бұл мемлекеттің Көшпелі Өзбек хандығы, Өзбек хандығы деген басқа аты бар. 1428 ж. Әбілхайыр дербес хандық құрып, Қазақстанның далалық аудандарының орасан кең жеріндегі өкімет билігін қырық жыл бойы ұстап тұрады. Әбілхайыр хандығының территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдарияның төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі ұлан байтақ жерді алып жатады. Сығанақ хандықтың хандықтың орталығына айналады (оған дейін хан ордасы Тара мен Орда Базарда болатын). 50 жж. Әбілхайыр Мауараннахрдағы Темір ұрпақтарының ішкі тартысына килігіп, Самарқан пен Бұқараға талау-тонау шапқыншылықтарын жасайды. 1457 ж. Әбілхайыр Оңтүстік Шығыс және Оңтүстік Қазақстан жеріне басып кірген ойраттардан Сығанық түбінде қатты соққы жеп, есеңгіреп қалады. 50 жж. бас кезінде Әбілхайыр қарауындағы тайпалардың едәуір бөлігі Жәнібек пен Керей сұлтандардың бастауымен қопарыла көшіп, Моғолстанның батыс жағына келіп қоныстанады, ол 1468 ж. бұларға қарсы қанды жорыққа шығады, бірақ жолай қайтыс болады. Әбілқайырдың ажалымен бірге мемлекет те құлайды.

Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған аса ірі мемлекеттік бірлестіктің бірі – Ноғай ордасы еді. 14-15 ғғ. Ол Батыс Қазақстан территориясының бір бөлігін иемдентін. Бастапқы кезде 14 ғ. соңынан бастап, Жайық пен Еділ арасындағы тайпалар бірлестігі, оның ең бір көп тайпасының атымен «Маңғыт жұрты» деп аталатын. Ноғай ордасының жартылай тәуелсіз ел ретінде оңашаланып шығуы ертерек, Едігенің тұсында болатын, ал Едіге Алтын Орда өкмет билігін іс жүзінде он бес жылдай (1396-1411 жж.) уысынан шығармаған, сол елдің аса ірі қайраткері еді. Едіге Тоқтамыспен егесіп соғысқан, Алтын Орда хандарын өз қолымен қойып отырған, феодалдық лаң топалаң мен өзара қырқыс кезеңінде Ноғай Ұлысын нығайтуға ұмтылған. 1419 ж. өлтірілген. Кейінірек маңғыт көсемдері шығыстағы көршілеріне иек артып, Әбілқайырдың одақтасы болады. Ноғай ордасы Едігенің Ұлы Нұраддиннің кезеңiнде (1426-1440 жж.) күшейіп, 15 ғ. орта кезінде дербес бөлініп шығады. Қазан және Астрахань хандарын Ресейге қосып алғаннан соң, Ноғайдың билеуші руының өзара қырқысып кетуінің салдарынан, Ноғай ордасы ыдырайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет