БАҒдарламасы syllabus 1 Оқытушылар туралы мәліметтер



бет4/12
Дата02.10.2019
өлшемі1.09 Mb.
#447111
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
История Казахстана УМК Торгаева


Негізгі әдебиет: [ 1, 9, 15, 16, 21, ]

Қосымша әдебиет: [1, 44, 45, 46, 56, 57 ]
8-ші тақырып ХІХ ғ. екінші жартысы - ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.
1867-1868 жылдардағы әкімшілік-территориялық реформалар. Бұл кезеңде патша үкіметі қазақ жерін отарына айналдыру мақсатын заңды түрде жүзеге асыру мақсатында реформалар арқылы қабылдады. Хандық билік институтын жою арқылы жүздердің ішкі істеріне араласу әрекеті осы кезде көріне бастады. Сонымен қатар әкімшілік – территориялық басқару, сот және де салық жүйесі реформалануы жүзеге асырылды. Осы кездегі әкімшілік шекараларды анықтау жерлердің шын мәнінде мемлекеттік меншікке айналғандығын мойындау болды. Ал жерлердің мемлекеттік меншігіне өткенін көпшілік алында жариялау келесі кезеңде 1868 жылы. 1867-1868 жылдардағы ережелердің “Уақытша” деп аталуының себебі, патша үкіметі бұл ережені екі жылда Қазақстанға толық енгізміз деп ойлады.

1868-1919 жылдар. 1867-1868 жылдардағы реформалардан бастап, большевиктердің жеңіске жетіп, билік басына келіп Қырревкомның құрылуына дейінгі кезең. Бұл кезең отарлық кезең деп сипатталады. Себебі 1868 жылдар Уақытша жағдай кезіндегі 210 бап бойынша қазақ жерлері толығымен Ресей империясының юрисдикциясына (сот жүргізу құқығы) берілді. Бейбіт кездерде барлық билік әскери генерал – губернаторлардың қолында шоғырланды. Сонымен қатар Ресей империясының елтаңбасының формасы ресми түрде 1857 жылы бекітілді. Ол тек қана 1882 жылы өзгертілді, яғни жаңа қосылған Түркістан символы ретінде үлкен герб қалқанында “алтын даладағы” мүйізтұмсықтың суреті бейнеленген болатын.

Х1Х ғасырдың ортасына қарай Ресей империясының құрамына Оңтүстік Қазақстан және Орта Азия территорияларының қосылу процесі аяқталды. 1885 жылы “орыс” Орта Азияның оңтүстік – батыс шекаралары толығымен белгіленді, бірақ та кейбір шешілмеген мәселелер қалып қойды. Ол Памирдегі шекара мәселесі еді. Онда соңғы шекаралық бағаны 1895 жылы орнатылды. Ресейдің жаулап алуы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия түрік – парсы мұсылман әлемін “тастап” кетті. Ал солтүстік шеткі территориялар бірнеше ғасырлар бойы болды және де басқа мәдени кеңістікке өтті. Бұл кеңістік “еуразия” деп аталды. Енді бұл территория Ресей империясының оңтүстік шеті болып саналды. 1917 жылы большевиктердің билік басына келуі саяси жағдайды түпкілікті өзгертті. Сонымен қатар қазақ қоғамындағы жағдайды қиындатып бірталай өзгерістерге әкелді. Бұл өзгерістер мемлекеттік құрылыста да, әлеуметтік – саяси және де мәдени ортада да болды.

1.ХІХ ғасырдың бірінші жартысының аяғында Орта және Ұлы жүз территориясында Ақтау (1835), Ұлытау (1835), Қапал (1846), Сегиополь (Аягөз 1831) және т.б. бекіністер салынды. Ол батыс – сібір генерал - губернаторлығына бағынышты болды. 1854 жылы Алматы шатқалындағы Верный бекінісі, Әулие-Ата, Шымкент және тағы басқалары осы жерден Оңтүстік Қазақстандағы Қоқан бекіністерін басып алу әскери операциясы басталды. Бұл екі бекіністің алынуы Орынбор және Сібір линияларының бірігіп нығаюына әкелді. Бұл Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіруінің ұзаққа созылған және қарама – қайшы процесінің аяқталуы еді.

2.ХІХ ғасырдың ортасында Қазақстан территориясының Ресей, Қытай, Хиуа, Қоқан арасындағы отарлық бөлу процесі Ресей империясының пайдасына шешілді. Патшаның Қырым соғысында (1854-1856) жеңілуі. Ресейдің батыс бағыттағы белсенді түрде сыртқы саясатының мүмкіншіліктерін біршама шектеп отырды. Сонымен қатар елдегі нарықтық қатынастардың дамуы жаңа шикізат көздерін талап етті. Мұның барлығының оңтүстік – шығыстан алуға болатын еді. Ресейдің сыртқы саясатында Орта Азия мен Қазақстанның маңыздылығы тез арада өскен болатын. Іргелес Азия елдеріндегі әскери – экономикалық және саяси тыңшылық бір қатар келісімдер жасау арқылы алмастырылды. Бекініс линияларының құрылысы және онда Ресей азаматтарын орналастыру істері жүргізілді.

3.Осылайша Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруі шамамен 130 жылға созылды. Шынында да бұл процесс большевиктердің билік басына келгенге дейін жалғасын тауып КСРО құрамындағы кеңестік Қазақстан шекараларын анықтау кезеңіне дейін созылды.

Қазақстан тарихының ХХғасыр басындағы әлеуметтiк-экономикалық, қоғамдық-саяси өмiрi ашылып көрсетiледi. қоғам өмiрiндегi әртүрлi процестерге ұлттық-демократиялық зиялылардың араласуына баса көңiл бөлiнедi. қазақ қоғамының жаңаруы жағдайындағы тарихи оқиғалар анықталады.

1905-1907 жылдардағы революция қарсаңында өлкеде жұмысшылардың, шаруалардың және басқа да халық топтарының жергiлiктi өкiмет орындарының байлар мен өнеркәсiпшiлердiң озбырлығына қарсы жекелеген стихиялы бой көтерулер болып өттi. Қазақстанда жұмысшы қозғалысы кеңейе бастады. 1904 жылдың шiлдесiнде, әсiресе, бiрiншi орыс революциясының қарсаңында, Зайсан уезiндегi Надеждинск алтын кенiшi жұмысшыларының М.Кемалов басшылық еткен бас көтерулерi, 1901 жылғы 20-22 желтоқсанда Спасск мыс балқыту зауытында қазақ жұмысшыларының бас көтерулерi, 1904 жылғы желтоқсанның аяғында қарағанды кен орындарының Бекбосын Сиқымбаев бастаған жұмысшылардың бас көтерулерi және басқалар болып өттi.

Қазақстандағы революциялық қозғалыстың айтарлықтай өрлеуi 1905 жылғы қазан-қараша айларында өтедi, ол кезде 17 қазандағы патша манифесiнiң жариялануы Қазақстанның көп қалаларында көп адам қатысқан митингiлерге, демонстрацияларға және халықтың қалың тобының басқа да бой көтерулерiне ұштасқан болатын. Оларды дала өлкесiнде Омбы қаласындағы 19 қазанда өткен митингi мен басқа да оқиғалар бастап бердi, оларды ұйымдастырушылардың бiрi ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшысы Әлихан Бөкейханов болатын. Қазақстанның барлық қалаларында 17 қазандағы манифестке арналған саяси шерулер, митингiлер және жиналыстар толқыны жайылды. Перовскiдегi, қарағандыдағы, Павлодардағы манифестациялар iрi болды. 1905 жылы 15 қарашада әйгiлi қарқаралы оқиғалары басталды. Оны ұйымдастырушылар қазақ зиялылары алдыңғы қатарлы өкiлдерi: Ж.Ақбаев, А.Байтұрсынов, К.Тоғысов, Е.Итбаев және басқалар болды. Қазақстанда жұмысшылардың кiшiгiрiм және стихиялы бой көтерулерден неғұрлым iрi және ұйымдасқан бой көтерулерге ұласуы бiрiншi ресей революциясының ең жоғары өрлеу кезеңi болып табылатын 1905 жылғы қазан-желтоқсан кезеңiнде де болып жатты. Өлкедегi жұмысшы қозғалысы нақ осы айларда кең – зауыттардағы, кенiштердегi, шахталардағы, темiр жолдардағы және қала кәсiпорындардағы iрi бас көтерулермен сипатталады, олар Ресейдегi революциялық оқиғалардың жалпы барысымен тығыз байланысты едi.

Қазақстандағы жұмысшы қозғалысының, аграрлық қозғалыстың, жалпы өлкедегi азаттық күрестiң дамуында ХIХ-ХХ ғасырлар шебiнде туындаған зиялылар айтарлықтай рөл атқарды. Қоғамдық-саяси қызметiнiң сипаты бойынша зиялылар әр түрлi топтарды бiрiктiрдi, бiрақ оның негiзгi бөлiгiн дәрiгерлердi, адвокаттарды және басқаларын отаршылық-әкiмшiлiктер өкiлдерi құрады.

Қазақстан халқының саяси санасын көтеруде Мемлекеттiк Дума сайлауы айтарлықтай рөл атқарды, сайлау кезiнде саяси партиялардың сайлаушылардың дауысы үшiн күресi өрiстедi. I Мемлекеттiк Думаға қазақ халқынан 4 депутат сайланды, олар: Ә.Бөкейханов, А.Бiрiмжанов, А.Қалменов және Б.Құлманов. Патша халық бұқарасының назарын алаңдату үшiн шақырған I Мемлекеттiк Дума оның үмiттерiн ақтамады, 1906 жылы патша Думаны қуып таратты. Ә.Бөкейханов кадеттер, трудовиктер мен социал-демократтар шақырған бұрынғы Мемлекеттiк Дума мүшелерiнiң Выборгтегi жиналысы қатысты, онда халыққа салық төлемеуге үкiметке қарыз және қосымша солдаттар беруден бас тартуға шақырған үндеу қабылданды. II Мемлекеттiк Думаға Қазақстаннан 14 депутат, соның 6-уы қазақтар болды, олар: Ш.Қосшығұлов, Х.Нүрекенов, Б. Қаратаев, А.Бiрiмжанов, Т.Аллабергенов, М.Тынышпаев. қазақ халқынан сайланған II Мемлекеттiк Дума депутаттары кадеттерге қосылды және мұсылман фракциясына кiрдi, олар шет аймақтарға шаруаларды қоныс аударуды тоқтатуды талап еттi. II Мемлекттiк Думаны да патша өкiметi қуып таратты.

Бiрiншi орыс революциясы жеңiлiс тапқаннан кейiн реакция кезеңi туды. Демонстрацияларға, митингiлерге, жиналыстарға тиым салынды. Орал, Петропавл, Семей, Верный, Перовск социал- демократиялық ұйымдарымен кәсiподақтары және басқалары талқандалды. 1907 жылғы 3 маусымдағы II Мемлекеттiк Думаны тарату және жаңа сайлау жүйесiн енгiзу туралы заң бойынша қазақтар мен өлкенi мекендейтiн басқа да орыс емес халықтар сайлау құқықтарынан айырылды. Столыпиндiк реформа күшейдi. Егер 1893 жылдан 1905 жылға дейiн қазақ халқынан қоныс аударушылар пайдасына 4 миллион десятинадан астам жер тартып алынса, 1906 жылдан 1912 жылға дейiн 17 миллион десятинадан астам жер тартылып алынды.

Ұлттық- отаршылдық езгiнiң күшеюi, патша өкiметiнiң аграрлық саясаты, өлкенiң әлеуметтiк-экономикалық өмiрiне капиталистiк қатынастардың енуi қазақ халқының ұлттық сана-сезiмiнiң өсуiне әкелдi. ұлттық зиялылардың әртүрлi идеялық саяси ағымдарының пiкiрiн “Айқап” журналы мен “қазақ” газетi бiлдiрдi. 1911-1915 жылдарда шығып тұрған “Айқап” журналы (шығарушысы, редакторы – М.Сералин) Қазақстандағы идеялық- саяси ой – пiкiрдiң, аграрлық - демократиялық бағыттарын бiлдiрдi. 1912-1918 жылға дейiн шығып тұрған “қазақ” газетi либерал-демократиялық бағыт идеяларын бiлдiрдi. Онда қазақ конституциялық-демократиялық партиясының және қазақ халқының жалпы ұлттық қозғалысының жетекшiсi, экономист – ғалым Ә. Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов қызмет iстедi.

Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қазақстан өнеркәсiбi соғыс қажеттерi үшiн қызмет еттi. 1916 жылы 25 маусымдағы Қазақстанның, Орталық Азияның және iшiнара Сiбiрдiң 19 жастан 43 жасқа дейiнгi “бұратана” халық ер – азаматтарын тыл жұмыстарына алу туралы жарлығы котерiлiстiң бұрқ ете түсуiне әкелдi. Қазақстанның барлық аймақтарында дерлiк стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтерiлiске ұласты. Көтерiлiстiң iрi –iрi ошақтары Жетiсу мен Торғайда болды. Олар патша өкiметiнiң отаршылдық саясатына және үстем таптарға қарсы болды.

Қазақ қоғамы бiрнеше көзқарастағы топтарға бөлiндi: Т.Бокин, Ә.Жангелдин, С.Меңдешев, Б.Алмановтар патша жарлығына қарсы болды. қазақ газетiнiң төңiрегiне жиналған Ә.Бөкейханов басқарған қазақ интеллигенциясы басқа пiкiр ұстанды. Олар халықты қырмау үшiн өкiметке қарсы шықпау керек дедi.

Қазақстанның әртүрлi аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бiрте-бiрте ұйымдасқан сипат алды: Жетiсуда және Торғайда оның iрi ошақтары пайда болды. ұйымдастырушылар Б.Әшекеев, Ұ.Саурықов, Т.Бокин, Ә.Жанбосынов, А.Иманов, Ә.Жангелдин болды.

Қазақстан мен Орта Азиядағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiс тұтас алғанда Ресей империясындағы саяси және әлеуметтiк-экономикалық дағдарыстың одан әрi асқына түсуiне әкелдi. 1916 жылғы көтерiлiс қазақ халқының патша өкiметiне қарсы ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң құрамдас бiр бөлiгi болып табылады.

1917 жылдың ақпанында Ресей буржуазиялық-демократиялық революция жеңiп, патша өкiметiн құлатты. қазақ халқы, әсiресе, ұлттық зиялылар Ақпан революциясын құптады, уақытша өкiмет пен оның комиссарларына қолдау көрсеттi. Облыстық уездiк және болыстық қазақ комитеттерi құрыла бастады. Ә.Бөкейханов Торғай облысы бойынша, М.Тынышпаев Жетiсу облысы бойынша Уақытша өкiметтiң Комиссарлары болды. 1917 жылдың көктемiнде қазақ облыстық сьездерi өткiзiлдi. Елдiң орталығы және басқа аймақтарында орнаған қос өкiмет Қазақстанда да орнады, Уақытша үкiметтiң органдарымен қатар жұмысшы, солдат және шаруа Кеңестерi пайда болды. Олардың құрылуына өлкенiң қалаларында, темiр жол бойларында және өнеркәсiп орындарында болған митингiлер әсер еттi. Ақпан революциясының жеңiсiн кейiн Қазақстанда қоғамдық-саяси өмiрдiң жандануына Ресейдiң саяси партиялары, олардың жетекшi ұйымдары мен топтары жетекшi рөл атқарды. Уақытша үкiмет Қазақстандағы жағдайды қалпына келтiру үшiн қадамдар жасады. 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқықтарын шектеудi алып тастайтын арнайы декрет шығарды. 1916 жылғы көтерiлiске қатысушыларға амнистия жарияланды. Бiрақ, Уақытша үкiмет көп мәселеде бұрынғы патша өкiметiнiң саясатын жалғастырды. 1917 жылы қазақтардың облыстық сьездерi қазақ комитеттерiн заңдастырды. Наурыз-сәуiр айларында Верныйда, Ақмолада,Семейде, Әулиеатада қазақ комитеттерi құрылды. қазақ комитеттерiн құру Ақпан төңкерiсiнен кейiн алғаш рет Қазақстандағы ұлттық- мемлекеттiк құрылыстың мәселесiн шешуге қадам болды. 1917 жылдың көктем-жаз айларында Қазақстанда жұмысшы, революциялық - демократиялық жастар ұйымдары, саяси партиялар пайда болды. Жиырма шақты ұйымдар мен үйiрмелер құрылды, олар: С.Сейфуллин басқарған Ақмолада “ Жас қазақ”, Әулиеатада, Т.Рысқұлов басқарған “ қазақ жастарының революциялық одағы”, Спаск зауытында “ Жас жүрек”, Омскде “ Оқушы жастар демократиялық кеңесi”, Петропавловскiде “ Талап”, Семейде “ Жанар”. 1917 жылы 21-28 шiлдеде Орынборда Бiрiншi Бүкiлқазақ сьезi болды, оған Ақмоладан, Семейден, Оралдан, Жетiсудан, Ферғана мен Бөкей ордасынан делегаттар келдi. Сьездiң төрағасы Х.Досмұхамбетов болды. Сьезде 14 мәселе қаралды: мемлекет басқару формасы, қазақ облыстарының автономиясы, жер мәселесi, халық милициясы, земство, ағарту, сот, дiн, әйел мәселесi, қазақ облыстарынан құрылтай жиылысына дайындық, Шура – и – ислами бүкiлресейлiк мұсылман сьезiне дайындық, қазақ саяси партиясы, Жетiсу облысының ережесi туралы, қазақтарды бүкiлресейлiк федералдардың сьезiне жiберу. Барлық мәселе бойынша ұлттық-демократиялық мазмұндағы конструктивтi қарарлар қабылданды. Бұл сьезде қазақ ұлттық Алаш партиясын құру туралы шешiм қабылданды. Оның мүшелерi Петербургтiң, Мәскеудiң, Омбының әртүрлi оқу орындарында бiлiм алған еуропалықтар болды, сонымен қатар ақсүйектер, мұғалiмдер, тiлмаштар болды.

1917 жылы 14 наурызда Қазақстанның оңтүстiгiнде Шура –и- ислами ұйымы құрылды. Шура – и – ислами идеологиясы түркi – моңғол халықтарының идеясы бiрiгуi және ұлттық өзiн-өзi басқаруға жеткiзу болды.

1917 жылы үш жүз партиясы құрылды. Көлбай Тоғысов басқарған партия большевиктер жағында болды.

ХХ ғасырдың басындағы қазақтарды орыстандыруға бағытталған империялық саясаттың зор қысымына қарамастан, жағымды жақтары да болды. қазақтар еуропалық мәдениетпен, еуропалық өркениеттiң жетiстiктерiмен танысты.

Қазақстанның және қазақ халқының тарихы мен мәдениетiн зерттеуге В.Радлов, Г.Потанин, Ә. Диваев, Н.Коншин, А.Добромыслов, И.Крафт, Ф.Зобнин, Н.Аристов, Н.Понтусов және басқалар зор үлес қосты. ХХ ғасыр басында кiтапханалар мен кiтап дүкендерiнiң желiсi кеңейдi. 1902 жылы Верныйда, 1897 жылы – Ақмолада, 1900 жылы Атбасарда оқу орындарының кiтапханаларымен бiрге жалпы жұртқа қолайлы көпшiлiк кiтапханалары пайда болды.

Ресми емес қазақ мерзiмдi баспасозiнiң қалыптасуы ХХ ғасыр басындағы жалпы азаттық қозғалыспен тығыз байланысты. 1911 жылы Орал қаласында “Қазақстан” газетi шықты. 1913 жылы Петропавлда “Ешiм даласы “газетi шығып тұрды. 1911 жылы Троицкiде қазақ халқының тарихындағы тұңғыш “Айқап” журналының бiрiншi нөмiрi шықты. 1913 жылы “қазақ” газетi шықты.

Ресейдегi ХХ ғасырдың басындағы революциялық қозғалыс ұлттық шет аймақтардың, соның iшiнде Қазақстанның да жағдайына әсерiн тигiздi. Саны аз ұлттық зиялылар осы осы жағдайды пайдаланып, тәуелсiздiк пен бостандық үшiн, халықты ғасырлар бойындағы ұйқыдан ояту үшiн, патша өкiметiнiң отаршылдық бұғауынан және жергiлiктi патриархалды-рулық зорлық-зомбылықтан құтқару үшiн күрес бастады. Ахмет Байтұрсынов “Маса” деген поэтикалық жинағын шығарды. Онда халықтың ауыр, құқықсыз жағдайына, оны отаршылдықтан азат етуге, бiлiмге, ғылымға, мәдениетке шақырды. А.Байтұрсынов араб графиканың негiзiнде әлiпби жасады. Ол “Тiл құралы” және “Оқу құралы” деген оқулықтар жазды. Мiржақып Дулатов “Оян қазақ” жинағын шығарды. Өз заманындағы қазақ қоғамы өмiрiнiң келеңсiз жақтарын ашып көрсете келiп, М.Дулатов отандастарын жаңа өмiрге шақырады, басқа халықтардағы жақсылық жағын үйренуге үгiттейдi, ғылымды, бiлiмдi, әйелдердiң тең құқықтылығын жақтайды. Сұлтанмахмұт қазақ әдебиетiн оның көркемдiк-эстетикалық дамуы тұрғысынан байытты. Оның өлеңмен жазылған “қамар сұлу”, “Кiм жазықты”, “Адасқан өмiр”, “Кедей” романдары мен поэмалары, лирикалық өлеңдерi, көсемсөздiк, сын мақалалары оның көркемдiк iзденiстерiнiң сан қырлы және жан-жақты болғанын ашып көрсетедi. қазақ әдебиетiнiң сыншыл бағытын дамытуда, көркемдiк құралдар арқылы ағартушылық идеяларын асқақтатуда Шәкәрiм, С.Дөнентаев, М.Сералин, С.Көбеев, Б.Өтетiлеуов, Ә.Тәңiрбергенов, Қарашев, Т.Iзтiлеуов, Б.Күлеев, Н.Орманбетов және басқалар шығармашылығының ерекше маңызы болды.

Бiржан, Ақан серi, Мұхит шығармашылығының дәстүрлерiн ұстана отырып, сазгер-ақындар Жаяу Мұса Байжанұлы, Балуан Шолақ Баймырзаұлы, Мәдел Бапиұлы, Майра Уәлиқызы, Әсет Найманбайұлы, үкiлi Ыбырай Сандыбайұлы, Кенен Әзiрбаев және басқалар жаңа әндер мен жырлар туғызды.

ХХ ғасырдың басындағы алдыңғы қатарлы қазақ зиялылары өздерiнiң саяси қызметiнде ұлттық, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды қозғауды басты мақсат деп бiлдi. Олар өз халқына тәуелсiздiк және отаршылдық құлдықтан азат ету жолындағы күресiнде көмектесуге ұмтылды, әрбiр адамның және әрбiр халықтың жеке бас бостандығына құқы мен бүкiл адамзат мәденитiнiң жетiстiктерi мен табыстарына еркiн қол жеткiзуi сияқты жалпыадамзаттық құндылықтар үшiн күрестi.

ХХ ғасырдың басында Қазақстан тарихында көптеген өзгерiстер болды.Патшалық Ресейдiң қоғамдық - саяси өмiрiнде болған тарихи оқиғалар қазақтарға да әсер етпей қоймады. Сондықтан да, түйiндей келе, ХХ ғасырдың басы Қазақстан үшiн ерекше кезең болды деп толық айта аламыз, себебi аталған уақыт өзгерiстерге толы болды. Бұл кезеңде отаршылдық идеология мен бостандық, тәуелсiздiк идеологиясы арасында ымырасыз күрес жүрiп жатты.

Негізгі әдебиет: [4, 6, 15, 18, 40]

Қосымша әдебиет: [ 5, 6, 7, 8, 13, 14, 18, 40, 58, 66,]
9-шы тақырып Қазақстан мәдениеті

(XVIII – ХХ ғғ. басы).
Қазақ халқының мәдениеті - оның ұлттық тарихының өнімді өзегі, құрамдас бөлігі, маңызды саласы. Сондықтан оны игеру, өз алдына ғылым ретінде танып, оқып-үйрену қазақпын дейтін әрбір адамның азаматтық парызы, қасиетті борышы, тұрмыс-тіршілігінің таусылмас талабы, қажеттілігі.

Қазақ халқының ертеде қалыптасқан үлгі-өнегесі, өрнегі мол, өркениетті, ежелгі мәдениетті болғанын айқындайтын мағлұмат, деректердің көп екендігін байқаймыз.

Қазақ хандығының құрылуының қазақ халқы рухани мәдениетінің одан әрі дамуына зор маңызы болды. Оның құрамында аңыз-хикаялар мен кейінгі фольклорлық туындылар, орта ғасырлардағы кітаби дүниелер мен қазақтың төл әдебиеті, тарихи шежірелік және құқықтық қатынастар мен шешендік өнері, музыкалық және халықтық-драмалық шығармашылық пен халықтың көңіл көтеретін ойындары түгел қамтылған...

Қазақ жыраулары, би-шешендері қазақ тарихында тұңғыш рет мемлекеттің бас идеологы, әрі хандардың серігі болып қоғамдық дамуға тікелей қатынаста болды. Сондықтан бұл тақырып көптеген зерттеушілердің қызығушылығын тудырса да, зерттеуді қажет етер Қазақстан тарихындағы өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, Бұхар жыраулардың, Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің шығармашылығын зерттеу олар өмір сүрген дәуірдегі қазақ қоғамының әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени дамуы жөнінде бүгінгі күнгі зерттеушілерге мол мағлұмат береді. Бұл тақырыптың өзектілігін осыдан да көруімізге болады деп есептеймін. Бұл дәуірде қазақ халқының рухани мәдениеті ауызша-поэтикалық дәстүрмен ғана сипатталып қойған жоқ. Онда жазбаша әдебиет те дамыды, ол негізінен алғанда сарай маңындағы ортада және көбінесе тарихи шығармалар түрінде қалыптасты. Бұл шығармалардың авторлары тек оқиғаларды суреттеумен және билеушілер шежіресінің тарихын баяндаумен шектелген жоқ, өз суреттемелеріне қоса көркем бейнелер жасап, ауыспалы мән беріп отырған, кейде шайқастардың басқа да оқиғалардың әдеби көріністерін беріп, өздерінің сөз саптауларын алуан қырлы етіп берген. Бұл әсіресе Бабырға, Әбілғазыға, Қадырғали Жалайырға, Хайдар Дулатиға қатысты. Зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігінің тағы бір қыры осыдан туындалады. Жоғарыдағы авторлардың еңбектерін зерттеу, тарихи дерек ретінде пайдалану қашанда біз үшін маңызды болды және маңызды болып қалады деп есептеуге болады. Тақырып мазмұнын ашу үшін өз алдыма мынандай міндеттерді қоюға болады.



  • Жыраулар поэзиясының негізгі мазмұнына және қоғамдық маңызына тоқталу.

  • Би шешендердің қазақ қоғамындағы орнына, атқарған функциясына тоқталу.

  • Жазбаша әдебиеттің қоғамның рухани өмірі мен мәдениетіне әсерін көрсету.

Енді зерттеліп отырған тақырыптың зерттелу жағдайына немесе тарихнамалық жағына тоқталар болсақ біршама автролар қатарын айтуға болады. Жыраулар мұрасы, оның қоғамдағы орны, маңызы мәселесіне келгенде Ж.Артықбаевтің, М.Дербісалин, Х.Сүйіншәлиев, М.Мағауин, Ж.Тілепов, Е.Исмаилов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Б.Адамбаев, Т.Жарқынбекова және т.б. авторлар еңбектері пайдаланылды.

Олардың өмірі мен шығармашылығын әр аспектіде қараған. Би-шешендердің қазақ қоғамындағы орны, атқарған функциясы мәселесіне келгенде М.Сәрсекеевтің, Е.Балташұлының, М.Ж.Көпеевтің, Т.Кәкешовтың, А.Нысаналы, М.Қойгелдиевтің, С.Сматаевтің ғылыми зерттеулері, баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалары кеңінен пайдаланылды. Жазбаша әдебиеттің дамуы мәселесіне келгенде ең алдымен дерек ретінде Әбілғазының, Бабырдың, Хайдар Дулатидің, Қадырғали Жалайырдың еңбектері пайдаланылды. Мұнымен қоса жалпы тақырыпқа байланысты А.И.Левшиннің, Ш.Уалихановтың, А.Байтұрсыновтың, С.Д.Асфендияров пен П.А.Кунтенің редакциялауымен жарық көрген «Прошлое Казахстана в источниках и материалах» жинағы, «Материалы по истории казахских ханств ХҮ-ХҮІІІ вв», «Казахско-русские отношения в ХҮ-ХҮІІІ веках» жинақтары пайдаланылды.



Негізгі әдебиет: [ 4, 6, 12, 13, 15, 16, 18, ]

Қосымша әдебиет: [ 5, 6, 7, 8, 13, 25, 26, 32, 36, 51, 61, 63, 65, 70]
10-шы тақырып 1917 ж. Қазан төңкерісі және Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан (1917-1920 жж.).
1917-1920 жылдардағы Қазақстандағы азаматтық қарсыласудың сипатын, мән-мағынасын, мазмұнын ашу болып табылады.

1. Бiрiншi жалпықазақ сьезi. “Алаш” партиясының құрылуы. “Алаш” партиясының бағдарламасының жариялануы. Қазақстан қазан төңкерiсi қарсаңында.

2. Қазан төңкерiсi және Қазақстанда Кеңес өкiметiнiң орнауы. Қазақстан азамат соғысы жылдарында. қазақ АКСР-iнiң құрылуы. Екiншi Бүкiлқазақ сьезi. Алаш-Орданың қызметi.

Тақырыпқа қатысты негiзгi ұғымдар: “Алаш” партиясының құрылуы, алаш идеясының қазақ қоғамына енуi, қазан төңкерiсi жылдарындағы Қазақстан, Кеңес өкiметiнiң орнауы, азамат соғысы кезеңiндегi қарама-қайшылықтар айқындалады. Аталған уақыттағы Қазақстан жағдайы жан-жақты баяндалады.

1917 жыл Қазақстан тарихында Ұлы өзгерiстер уақыты болды /Ақпан төңкерiсi, қазан төңкерiсi/. қазақ либералдық қозғалысының басшылары осы жағдайда, дүниенiң тез өзгерiп жатқанын және саяси күштердiң бағыт ұстану процесiнiң шапшандай тускенiн ескерiп, жалпықазақтық сьез өткiзудi жылдамдатуға шешiм қабылдады. Делегеттар ұлттық автономия проблемасына, жер мәселесiнiң шешiлуiне, құрылтай жиналысына әзiрлiкке және қазақ саяси партиясын құруға басты назар аударды.

А.Байтұрсынов пен М.Дулатов тәуелсiз автономиялы қазақ мемлекетiн құруды жақтады. Бөкейханов “демократиялық, федеративтiк және парламенттiк Ресей республикасындағы” қазақ ұлттық - территориялық автономиясы болғанын ұнатты. Осы пiкiрдi делегаттардың көпшiлiгi қолдады. “қазақ облыстары, - деп көрсетiлдi сьезд қарарында, - территориалды – ұлттық автономияны ... алуға тиiс”.

Бүкiлқазақтық бiрiншi сьезд шын мәнiнде қазақтың ұлттық саяси партиясы “Алаштың” сьезi болып айқындалды. Оның шешiмiнде: “қазақ партиясын құрудың қажет екенiн мойындай отырып, сьез бүкiл- ресейлiк мұсылмандар кеңесiндегi қазақтардан барған өкiлдерге осы партияның бағдарламасын жасауды тапсырады, соның өзiнде бұл саяси бағдарламаның негiзiне демократиялық федеративтiк парламенттiк республиканы талап ету (Ресейде құру) алынуға тиiс” – деп жазылды. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және буржуазиялық-демократиялық бағыттағы қазақ интеллигенциясының басқа да өкiлдерi “Алаш” партиясының жетекшiлерi болды. Бұл либералды байлар мен ұсақ буржуазиялық демократияның партиясы едi.

“Алаш” партиясына сондай-ақ ғылыми және шығармашылық интеллигенцияның өкiлдерi: М.Тынышпаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Ж. және Х.Досмұхамедовтар ж.б. кiрдi. Бұлардың басым көпшiлiгi 1917 ж. жазында қалыптасқан жағдайда, тұтасынан алғанда қазақ қоғамы оған дайын болмағандықтан, социалистiк бағдарламаны қабылдамады. Олар “қазақ халқын отарлық езгiден азат ету” ұраны төңiрегiне топтасты.

1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтерiлiс басталды. Ертеңiне көтерiлiсшi жұмысшылар, солдаттар мен матростар астананың аса маңызды орындарын басып алды. 25 қазанда (7 қарашада) таңертең әскери революциялық комитет Уақытша үкiметтiң құлатылғанын хабарлады.

Қазан қарулы көтерiлiсiнiң Петроградтағы жеңiсiнiң және орталықта, сондай-ақ Қазақстанмен iргелес iрi қалалар – Ташкентте, Омскiде, Орынборда, Астраханьда кеңес өкiметi орнауының Қазақстанда бүкiл өкiмет билiгiнiң Кеңестер қолына өтуi үшiн шешушi маңызы болды. Алайда Қазақстанда Кеңес өкiметiн орнату төрт айға, 1917 ж. аяғынан 1918 ж. наурызына дейiн созылды. Бұл процесс өлкенiң әлеуметтiк-экономикалық және мәдени артта қалуынан, жергiлiктi жұмысшы табымен большевиктiк ұйымдардың сан жағынан аз әрi әлсiз болғандығынан, ұлтаралық қатынастардың күрделiлiгiнен туған қиыншылықтар себебiнен шиеленiсе тустi. Кеңес өкiметiнiң өлкеде жеңiске жетуiнде солдат депутаттары Кеңестерiне бiрiккен жергiлiктi гарнизондардың солдаттары және ақпан революциясынан кейiн Қазақстанға оралған әрi барынша қолдаған көңiл күйдегi, өздерiне – бейбiтшiлiк, ал шаруаларға – жер беруге уәде жасаған өкiметтiң болуына жеке мүдделi бұрынғы майдангерлер шешушi рөл атқарды.

1917 ж. қазан айының соңынан бастап 1918ж. наурыз айына дейiн Кеңес өкiметi негiзiнен алғанда қалалар мен Қазақстанның басқа да iрi елдi мекендерiнде орнап бiттi. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшiлiгiнде Қазақстанда Кеңес өкiметiн орнату процесi азамат соғысы басталғанға дейiн созылды. Қазақстанда Кеңес өкiметiн орнату iсiнде Ә.Т.Жангелдин, С.Сейфуллин, К.Сүтiшев, А.Асылбеков, Б.Серiкбаев, Ә.Майкөтов, И.Дубынин, К.А.Шугаев, Я.В.Ушанов, С.М.Цвиллинг, А.Иманов, Т.Рысқұлов, П.М.Виноградов, Т.Бокин, Т. Утепов, А.Розыбакиев және басқалар неғұрлым белсендi қатысты.

Қазан революциясынан көп бұрын-ақ қазақ либералдық-демократиялық қозғалысының жетекшiлерi Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және саяси дамуына байланысты өздерiнiң бағдарламалық көзқарастарын кеңiнен насихаттаған болатын. Ал Петроградтағы революциядан кейiн бiрден “қазақ” газетiнiң 21 қарашадағы санында “Алаш” партиясының Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Е.Ғұмаров, Е.Тұрмұхамедов, Жүндiбаев, Бiрiмжанов құрастырған бағдарламасының жобасы жарияланды. Бағдарламаның жобасы он пункттен тұрды. Олардың сол кездегi жазылуы қалпында келтiрiлген неғұрлым мәндiлерi мыналар:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет