Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымына (ИКҰ) төрағалық етуі. Зайырлы мемлекет ретінде Қазақстан бүгін ислам өркениетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Халқының саны жағынан әлемде 62-ші орында тұрған Қазақстан мұсылман әлемінде 23-ші орынды иемденсе, жер көлемі жағынан олардың арасында бірінші орында. Сонымен қатар еліміз тарихының мұсылман әлемімен ғасырлар бойы сабақтас және халқымыздың рухани мәдениетінің ислам өркениетімен ежелден тамырлас екені даусыз.
Қазақстан 1995 жылдан бері ИКҰ-ға мүше мемлекет ретінде атқарып келе жатқан іс-шараларына белсене араласып келеді. 2011 жылы осы беделді ұйымға басшылықтың Қазақстанға өтуінің жер жүзіндегі мұсылман қауымдастығы тарапынан біздің елге деген үлкен сенімі мен қолдауы деп қабылдаған жөн.
Бүгінгі таңда Қазақстан тек Азия мемлекеттерінің ғана емес, сонымен қатар ТМД, сол сияқты күллі мұсылман елдерінің арасынан ЕҚЫҰ-на төрағалығына тағайындалған бірінші мемлекет. Ал бұл шешімді алдымен мұсылман мемлекеттері мақтаныш сезіммен қабылдады. Себебі ЕҚЫҰ мен ИКҰ мүдделері бір арнаға тоғысып жатыр. Екі ұйымның да көздегені – әлемдегі қауіпсіздік пен халықтар арасындағы ынтымақтастық, экономикалық-экологиялық қатерлерді тізгіндеу болып табылады. Сонымен қатар адам құқығын сақтау болып табылады. Ең басты мәселе Қазақстанның төрағалығы дау-жанжалдардың алдын алу және болжам жасау механизмдерін нығайту бағытында қызмет ету болды.
Осы орайда Елбасының 2011 жылы Ресейдің «Известия» газетінде жарияланған мақалаласында айтқандай: Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығынан алған тәжірибесінің еліміздің ИКҰ немесе Шанхай ынтымақтастығы ұйымына немесе ЕурАзЭҚ, ТҮРКСОЙ-ға төрағалық еткен кезде үлкен пайдаға асатынына сенуге болады.
Қазақстан қазір Ислам Конференциясы Ұйымының басты институттарының жұмысына, атап айтқанда, ИКҰ-ға мүше елдер көшбасшыларының тікелей қатысуымен әр үш жылда бір рет өткізіліп тұратын Ислам Саммитіне, Сыртқы істер министрлерінің жыл сайынғы өтетін кеңестеріне, Тұрақты Кеңес отырыстарына қатысып келеді.
2011 ж. күзінде Астанада Ұйымға мүше елдер Денсаулық сақтау министрлерінің жиынын шақырды.
Сонымен Қазақстан мен Ислам елдерінің тығыз байланыста болуы тек қана ұтыстар беретіні анық. Яғни, біз саяси, экономикалық және гуманитарлық дамытуға ұмытыламыз. Сауда, технология, энергетика, көлік торабы сияқты мәселелер де ислам елдерін қызықтыруда.
ҚР дүние жүзінде 1-ші болып өз еркімен ядролық қарудан бас тартты. Мұны қаламдық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға, жер бетіндегі бейбітшілік ісіне қосылған теңдесі жоқ әлес десек, асыра айтушылық емес. Осы орында біз әлемнің барлық ресми тұрғыда танылқан ядролық державаларының Қазақстанқа бірлесе отырып, жан-жақты қауіпсіздік кепілдіктерін беруге қол жеткіздік. Осы жылдар ішінде ҚХР, Түркменстан, ¤збекстан, Қырғыстан, Ресеймен арадағы шекара мәселелері толығымен реттелді. Бұл орасан зор тарихи маңызы бар оқиға.
''Шанхай бестігі'' шеңберінде қабылданған шекаралар аса аумақты географиялық кеңістікте сенім, серіктестік пен тұрақтылық саясатының негізін қалады.
1992 жылы 7 мамырда Президенттің жарлығымен ҚР-ның қарулы Күштері құрылды. Аз ғана мерзімде мемлекетімізде демократиялық үрдістер қанат жайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2003 жылғы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I Съезі өтті.
Алғашқы дінаралық форумның жұмысына ислам, христиандық, иудаизм, синтоизм, индуизм және буддизмнің аса беделді өкілдері қатысты.
Аса қадірлі қонақтар ретінде Сауд Арабиясы Королінің арнайы өкілі - Ә.Әл Аш-Шейх, Египет Президентінің арнайы өкілі, Уақыфтар Министрі -М.Закзук, Японияның бұрынғы Премьер-Министрі Ц.Хата, БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі В.Сотиров сияқты белгілі саясаткерлер қатысты.
Конфессияаралық форум өткізу туралы Қазақстан бастамасын іске асырудағы сөзсіз сәттілік - Съез қатысушыларының ауқымды құрамы мен жоғары деңгейі болып табылады.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алғашқы рет бас қосып, ортақ құжат қабылдады. Форумда православие, католицизм, протестанттылықты қоса алғанда христиандықтың тармақтар, ислам дінінің басты орталықтары, суннит, шиит, иудаизм өкілдері мен азиялық діндер ұсынылды.
Съез өркениетаралық және мәдениаралық диалогтың ғаламдық үдерісіне қосқан елеулі үлес болып айғақталды. Форум өркениеттер дағдарысы мен мәдени және діни айырмашылықтар шиеленістерін еңсерудегі дүниежүзілік қоғамның күшейтулеріне, сонымен қатар толеранттылыққа, тұрақтылықтыққа және табанды дамуға әсер етті.
2006 жылғы 12-13 қыркүйекте Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II Съезі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен жаңа арнайы салынған Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Іс-шараға 25 діни лидерлер (оның ішінде 7 ислам өкілдері, 7 христиандық өкілдері, 4 буддизм өкілдері, 2 иудаизм өкілдері, синтоизм, даосизм, индуизмнен 1 өкілден және 2 халықаралық діни ұйымдардың басшылары) және Еуропа, Америка, Азия, Африка және Таяу шығыстың 26 мемлекетінен келген 14 құрметті қонақтары қатысты. Барлығы 160 адамды құрады. Астанаға бірінші рет Ливия, Таиланд, Армения, Оңтүстік Корей делегациялары, сонымен қатар АҚШ пен Швейцарияның халықаралық діни ұйымдарының басшылары келді. Қадірлі қонақтар ретінде Форумға белгілі саясаткерлер, халықаралық ұйымдар және мемлекет басшылары қатысты
30-31 мамыр 2012 жыл. Астана. Бейбітшілік және келісім сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV Съезі өз жұмысын бастады.
Қазақ елінің астанасында осымен төртінші мәрте ұйымдастырылып, өткізіліп отырған алқалы жиынның тақырыбы «Бейбітшілік пен келісім - адамзаттың таңдауы» аталып, онда төрт секциялық отырыс өткізілді. «Орнықты дамуға қол жеткізуде дін басшыларының рөлі», «Дін және мультимәдениеттілік», «Дін және әйел: рухани құндылықтар және заманауи қатерлер», «Дін және жастар» деген тақырыптардағы ұсынылатын талқылаулар бүгінгі күнгі қоғамдағы өзекті мәселелер болып табылады.
Съезге Бүкіләлемдік ислам лигасының президенті Шейх Абдалла Бен Абдель Мухсин ат-Турки, Сауд Арабиясы Королының өкілі, осы елдің Консультативтік кеңесінің төрағасы Абдалла әл Аш-Шейх, Әл-Әзһар мешітінің бас имамы Шейх Ахмад Мухаммад ат-Тайиб, Бүкіләлемдік лютеран федерациясының бас хатшысы Мартин Юнге және басқа да танымал дін басшылары қатысты. Әлемдік діни конфессиялардың, мемлекеттер мен үкіметтердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшылары, мәдениетаралық диалогты ілгері жылжыту саласындағы қызметті жүзеге асыратын көрнекті ғалымдар, сарапшылар, қоғам қайраткерлері мен көрнекті саясаткерлер қатысты. Форумға әлемнің 40 елінен 87 делегация келді.
Съезд аясында қатысушылар 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні 1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған монументтің ашылуы рәсіміне қатысты. Бұдан бөлек «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенін аралап, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне ғибадат етті. Сондай-ақ Астанада «Рухани жарасым» аллеясын ашуға қатысты.
Секцияда мынадай мәселелер талқыланды:
1. Адамзат тарихындағы дін лидерлері.
2. Дін лидерлерінің әлемдік мәдениетке, жалпыадамзаттық құндылықтарға қосқан үлесі.
3. Дін лидерлерінің мемлекет пен қоғам арасындағы диалогқа қолдау көрсетуі.
4. Дін лидерлерінің келіспеушіліктерді еңсерудегі, дінаралық даулар мен қайшылықтарды шешудегі рөлі.
5. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің әр түрлі мәдениеттер мен этностық топтар арасында өзара түсіністікті нығайтудағы, дінаралық және этносаралық төзімділік пен сабырлықты таратудағы рөлі.
6. Діни лидерлердің халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі.
7. Діни лидерлердің әлемдік экономикалық және әлеуметтік проблемаларды ұлттық және халықаралық деңгейде шешуге қосқан үлесі.
8. Діни лидерлердің қазіргі әлемдегі қақтығыстардың алдын алудағы рөлі.
9. Діни лидерлердің өскелең ұрпақты рухани тәрбиелеу мен қамқорлыққа алудағы жауапкершілігі.
10. Діни лидерлердің қоғамды рухани жетілдіруге қосқан үлесі.
11. Діни лидерлердің ынтымақтастығы - өркениеттің орнықты дамуына қол жеткізудің факторы.
Белгіленген стратегия ойдағыдай іске асырылуда. Мейлінше қысқа мерзімнің ішінде біз жаңа - Астананы көтердік. Ол елімізге аса қажет:
• баршаны өзіне тартып тұратын ірі өңірлік орталыққа;
• осы заманғы технологиялар мен инфрақұрылымды "сынақтан өткізу" орталығына;
• экономиканы өзгертудің екпінді қозғаушысына;
• шетел компаниялары тарапынан көрсетілген күшті бәсекелестік жағдайына отандық құрылыс индустриясы дамуының серіппесіне;
• автожолдарды тұтас алғанда көлік саласын күшті дамытушыға айналды.
Бір ғана қаланың емес, тұтас елдің тағдырын өзгерткен айрықша мәні бар қадам Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың астананы көшіру туралы саяси шешімі еді. Бүгін Астана – біздің еліміздің жаңғыруы мен жаңаруының нышаны, барша қазақтың арманы, үміті мен болашағы байланыстырылып отырған қала.
1995 жылы 15 қыркүйекте Президенттің «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» Жарлығы шықты. Жарлықта жоғары және орталық органдарды Ақмола қаласына көшіру жұмыстарын жүргізетін Мемлекеттік комиссия құру тапсырылды.
32 түрлі талап тұрғысынан (әлеуметтік-экономикалық индекстер, ауа райы, табиғаты, сейсмикалық жағдайы, қоршаған орта, көлік инфрақұрылымы, т.б.) пайымдап-зерделеуден кейін Ақмола қаласы Алматы қаласына үздік балама ретінде таңдалды. Үлкен аумақты алып жатуы, орталықта орналасуы, еліміздің басты экономикалық орталықтарына жақындығы, демографиялық потенциалы, көлік инфрақұрылымы мен табиғи қоршаған ортасы бойынша елорда ретінде Ақмола қаласы ең лайықты болып шықты.
1997 жылы 20 қазанда Елбасының «Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жариялануы туралы» Жарлығы шықты. Онда 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды, ал 1998 жылдың 10 маусымында елорданың ресми тұсаукесері өткізілді.
1997 жылы 8 қарашада Ақмолаға Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің эталондары әкелінді. Ақмола мемлекеттік ту мен елтаңбаны, сондай-ақ президент штандартын сақтаушы ретінде ерекше мәртебеге ие болды.
1998 ж. 6 мамырда ҚР Президенті Жарлығымен жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың өтініштерін, Ақмола қаласының қоғамдық пікірін және Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы мемлекеттік ономастикалық комиссияның қорытындыларын ескере отырып, Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Кейін Астана күні 6 шілдеге ауыстырылды, өйткені дәл осы күні Қазақстан Жоғарғы Кеңесі елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулы қабылдады.
Елорданы дәл осы өңірге көшіру көрші өңірлер экономикасының дамуына жағымды ықпал етті. Астананы көшіру нәтижесінде, жалпыұлттық еңбек ресурстары қайта бөлінді, әсіресе елордаға жоғары білікті мамандар келе бастады. Астанаға еліміздің басшылығы мен әкімшілігі көшіп келуі білікті басқарушы мамандар мен сарапшылардың келуіне жағдай жасады. Мұнда ақпараттық инновация тасқыны ағылды, бұл өз кезегінде Астанадағы бизнестің дамуын жеделдетті. Осы жерде жаңа білім беру мекемелері, Ұлттық кітапхана, Ұлттық мұражай, Әлеуметтік-экономикалық технологиялар орталығы, іскерлік орталықтар, денсаулық сақтау мекемелері, т.б. секілді инфрақұрылым қалыптаса бастады. Астана Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени орталығына айналды.
Астана құрылысының бас жоспарын іске асыру жаңа орталық құрылысынан басталды. Астананың жаңа орталығында «Бәйтерек» монументі салынды. Қазір «Бәйтерек» монументі Қазақстан және Астана үшін Мәскеудегі Қызыл алаң немесе Нью-Йорктағы Бостандық ескерткіші секілді символға айналды. Т.б
Тәуелсіз Қазақстанның тарихы, оның мемлекеттік институттарының қалыптасуы мен нығаюы, халықаралық сахнада танылуы, әлеуметтік-экономикалық жетістіктер, ұлттың рухани және мәдени қайта жаңғыруы, бұның барлығы, бірінші кезекте, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы – Н.Ә.Назарбаевтың есімімен байланысты.
Өзінің ерекше еңбекқорлығы, интеллектуалды және ұйымдастырушылық қабілеттері арқасында Н.Ә.Назарбаев метеллургиялық зауыттың қарапайым жұмысшысынан бастап мемлекет басшысына дейінгі жолдан өтті. Н.Ә.Назарбаевтың сантүрлі іс-әрекеттерінің негізгі бағыты халқына деген адал қызмет көрсету, оның өсіп-өркендеу мен жарқын болашағын қамтамасыз етуге арналған.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген уақыттың өзінде Н.Ә.Назарбаев, бұрынғы КСРО саясаткерлерінің ішіндегі ең беделділерінің бірі болды. Одан кейінгі Тәуелсіз Қазақстан Президенті лауазымындағы қызметі оның ірі мемлекет қайраткері талантын ашты, әлем кеңістігі мен деңгейіндегі стратег екендігін көрсетті, әлемдік геосаяси кеңістіктегі Қазақстанның өзіндік, ешкімнен кем түстпейтін орнын қамтамасыз етуді көздеген ойшыл екендігін айқындады. Әлемдік тұлғалар: Маргарет Тэтчер, Ли Куан Ю және тағы басқа көптеген саясаткерлер, бір дауыстан Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық ойлау қабілетін, қырағылығы мен көрегендігін атап көрсетуде.
Президенттің өзі атап көрсеткендей, тәуелсіздік жағдайындағы ең күрделі қадамдарын жасады. Стратегия екі негізгі экономикалық ұстанымды жариялады:
1-ден, бәсекелестікке негізделген, әлеуметтік нарықтық экономиканы қалыптастыру;
2-ден, адамның экономикалық тұрғыдан таңдауын жасап, іске асыруға мүмкіндік беретін құқықтық және басқада жағдайларды жасау.
Н.Ә.Назарбаевтың «бірінші – экономика, содан соң саясат» формуласы мемлекеттің өтпелі кезеңнің қиындықтарынан сәтті өтуін қамтамасыз етті. Қазір кім болмасын «Қазақстанның даму моделі» деген фактіні және қалыптасқан түсінікті жоққа шығара алмайды, осы модель таразыланып терең ойластырылған стратегия негізінде нақты айқындалған бағам бойынша алға жылжуды қамтамасыз етіп отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы кездерінің өзінде Елбасы мына жайды ескерткен болатын: «Қазақстанды Еуропаға жатқызып жатқандар да дұрыс айтып отыр; дамуын Азия «жолбарыстарымен» байланыстырып; немесе Ресейге қайта қарап; және жаңа түрік моделін негізге алуды ұсынып отырғандардың да пікірлері қате емес. Каншалықты парадоксальды болғанымен барлығының пікірлерінің дұрыс және дұрыс еместігінде болып отыр. Біз, өзінің тарихы мен өзіндік болашағы бар еуразиялық мемлекетпіз. Сондықтан біздің модель ешкімдікіне ұқсамайтын болады. Ол өз бойына түрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңдіріп алады».
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев бастауымен құрылған. 2003 жылы мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық әдебиет пен жазудағы көпғасырлы тәжірибені біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауды бұйырды.
Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.
«Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.
Ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; археологиялық зерттеулер;
қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар;
ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмыс қатарларын құру.
2004 жылдан – бағдарламаны жүзеге асыра бастаған кезден – бастап тарих пен мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген, олардың 28-і (35%) – 2008-2011 жылдары реставрацияланған.
Біздің тарихымыз туралы көптеген мәлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жүргізілген. Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті мен Берел қорғандарындағы қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» немесе өнерге жататын табылған алтын бұйымдар әлемге әйгілі атақ алды (б.з.д. V-III ғғ.).
Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет еліміздегі ескерткіштердің масштабты инвентаризациясы өткізілді және республикалық (218 нысан) және жергілікті (11 277 нысан) маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің Тізімі қабылданды.
Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Мысыр, Өзбекстан, Армения, сонымен қатар АҚШ пен Батыс Еуропаға ғылыми-зерттеу экспедициялар нәтижесінде 5 мыңнан астам құнды тарихқа, этнографияға, Қазақстан өнеріне байланысты архивті құжаттар, қолжазбалар мен баспа шығарылымдары алынды. 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды, олардың арасында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты қайталанбас сериялар кездеседі.
Орта ғасырлардағы әуендерді терең зерттеулер жүргізілді, оның ішінде күйлер, терихи өлеңдер. Қазақтың дәстүрлі әндерінің «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күй, 1000 әні» антологиясы шығарылды. сәтті аяқталған шетелдік жобалар – Дамаскідегі Сұлтан Аз-Захир Бейбарс кесенесінің, Каирдегі Сұлтан Бейбарс мешітінің, реставрациясы, Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталық және кесенесін салынды.
«Казахфильм» АҚ киностудиясы ұлттық мәдениеттің маңызды тарихи орындары мен мұралары туралы 20 деректі фильм түсірген. Бұл «Мәдени мұра» «Қорқыт. Күй тарихы», «Номадтардың музыкалық мұрасы», «Ежелгі Түркістан сәулет ескерткіштері», «Жүсіп Ата кесенесі», «Тамғалы петроглифтері» және басқалар циклындағы деректі фильмдер.
Қазақстан атынан 7-ші қысқы Азия ойындарына қатысқан 142 спортшы құрама қоржынына 32 алтын, 21 күміс және 17 қола жүлде салды. Бұл отандық спортшылардың айтулы жеңісі. Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.
4 қаңтарда ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан жарыс аяқталды. Екі сайыс қорытындысы бойынша 208,89 ұпай жинаған қазақстандық Денис Тен 7-ші қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды. Қысқа бағдарламадан кейін бірінші орында келе жатқан Денис еркін бағдарламада қателікке бой алдырып, оның қорытындысы бойынша үшінші нәтижеге қол жеткізді. Алайда, қысқа бағдарламада жинаған ұпай саны жалпы есепте алтын жүлдеге ие болу үшін жеткілікті болып шықты.
Негізгі әдебиет: [ 15, 33,34,35,36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46 ]
Қосымша әдебиет: [ Интернет материалдары 7,8,9,]
2.3. Семинарлық сабақтар жоспары
1-ші тақырып. Қазақстан тарихына кіріспе. «Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері.
Қазақстан тарихы курсының пәні мен міндеттері.
Қазақстан тарихын деректері мен тарихнамасы.
Қазақстан тарихының аса маңызды мәселелері.
Тапсырма
Қазақстан тарихының мынадай бөлімдері бойынша: ежелгі Қазақстан, орта ғасырлардағы Қазақстан, жаңа кезеңдегі Қазақстан, қазіргі заманғы Қазақстан, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан бойынша библиографиялық тізім жасаңдар, электрондық ресурстарды пайдаланыңдар.
Әдістемелік нұсқау
Бұл сұрақтарға жауап беру үшін ерекше назар аударатын жағдай ежелгі дәуірдің кезеңдеріне жан – жақты тоқталып, олардың ерекшеліктері, ұқсастықтары мен айырмашылығын салыстырмалы түрде қарастырыңыз. Жазу пайда болғанға дейінгі қазақ жеріндегі археологиялық ескерткіштердің зерттеу тарихынабаса назар аудару керек.
Қазақстанның ежелгі дәуірі кезеңімен танысып, оқып білуде археологиялық және этнографиялық деректерді талдаңыз. “Археологиялық карта”, “История Казахстана в схемах и таблицах”, “Археология Казахстана”, “Вопросы археологии Казахстана” және академиялық 5 томдық Қазақстан атрихы оқулығындағы тарнихнамалық бөлімін пеайдалануға болады.
Негізгі әдебиет: [ 1, 4,7, 12, 13, 15, 16, 25, 26, 27, 34]
Қосымша әдебиет: [3, 4, 5, 6, , 2, 7, 8,]
2-ші тақырып. Қазақстан территориясындағы ерте дәуір.
1 Қазақстан территориясындағы тас ғасыры.
2 Қола дәуірі (б.з.б. ХVIII – IX ғғ.).
3 Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттердің құрылуы
Тапсырма
1. Қазақстан територриясындағы ерте палеолит тұрақтары қай жерлерден табылды және оларға сипаттама беріңіз.
2. Орталық Қазақстандығы қола дәуірінің ескерткіштерін кезеңдерге бөліңіз және орналасқан жерлерін атаңыз.
3. Б.д.д. ҮІІ – ІІІғғ.. сақ тайпаларының саяси тарихы мен мәдениетін және олардың қоныстануы туралы ежелгі авторлардың деректерін пайдаланып баяндама, реферат дайындаңыз. Электрондық ресурстарды пайдаланыңдар.
4. Үйсіндер, қаңлылар туралы көрші елдердің жазған деректерін пайдаланып жазбаша жұмыс дайындаңыз. (нұсқасы; жылнама, саяхатшылардың хаттары, жазбалары, елшілердің, ғұламалардың әңгімелері).
5. Б.д.д. ІІІ - б.д Ү ғ.ғ. өмір сүрген ғұн мемлекетінің саяси тарихы мен мәдениетінің дамуы туралы жазбаша деректерді пайдаланып баяндамалар мен рефераттар дайындаңыз.
(Ежелгі кытай, рим империясының офицері Аммиан Марцелиннің, Иордан, Приск Панниийский деректері т.б.)
Әдістемелік нұсқау
Қола дәуірінің және ерте темір ғасырының теоретикалық материалдарын оқыңыз. Қазақстан территориясындағы қола дәуірінің негізгі кезеңдеріне сиаптама беріңіз. Осы кезеңге тән тайпалардың шаруашылық және мәдени өмірінің ерекшеліктеріне назар аударыңыз. Деректерді қолданған кезде олардың мазмұнына критикалық баға беруді естен шығармаңыз.
Қазақстан территориясында тайпалық одақтардың пайда болуына қатысты тарихи-экономикалық алғышарттарды анықтаңыз. Сақтардың, үйсіндердің және қаңлылардың шаруашылығын және қоғамдық құрылысын сипаттаңыз, олардың мәдениеті мен діни наным-сенімдерін салыстырыңыз. Контур картамен және конспектімен жұмыс істеу әлдеқайда пайдалы, себебі оларда тарихи оқиға жөнінде тезис, сандық және шартты түсініктемелер болуы мүмкін. Семинарға баяндама жасауға дайындыққа «Қазақстан территориясындағы қола және темір ғасыры» үлгісіндегі кестені толтыру үлкен көмек береді.
Әсіресе бұл дәуірдің мәдениетіне ерекше көңіл бөлу қажет, нақтырақ айтсақ: Беғазы-Дәндібай мәдениетінің никрополдері Тасмола мәдениетінде: «аңдық стилдегі бұйымдар», Шілікті қорғанына табылған «Алтын бұғы» және т.б. Сақ кезеңіндегі ою-өрнектің мынадай түрлерін: геометриялық, өсімдік, зооморфтық, символдық деп бөліп қарастыруға болады. Олардың әрқайсысының ерекшелігін айтып беріңіз.
Негізгі әдебиет: [ 1, 3, 11, 15, 16, 26, 27]
Қосымша әдебиет: [ 12, 21, 31, 42 ]
3-ші тақырып Ерте және ортағасырлық
мемлекеттер (VІ-ХІІІ ғғ. басы).
1. Түрік және Батыс түрік қағанаттары.
2. Түргештер. Қарлықтар.
3. Оғыз мемлекеті.
4. Қимақ мен қыпшақтар мемлекеттері.
5. Наймандар. Керейлер.
6. Қарахандар мемлекеті. Қидандар.
7. Қыпшақ хандығы(ХІ ғ. басы – 1219 ж.).
Тапсырма
Орта ғасырлық мемлекеттердің тарихы жөнінде синхроникалық кесте құрыңыз, онда: мемлекеттің өмір сүрген уақытын, территориясын, астанасын, шаруашылығы мен мәдениетінің ерекшелігін, мемлекеттік құрылымын, негізгі тарихи оқиғаларды көрсетіңіз. Электрондық ресурстарды пайдаланыңдар.
Әдістемелік нұсқау.
Ең алдымен орта ғасырлық мемлекеттердің дамуы жөнінде тарихи материалды оқыңыз. Мемлекеттердің пайда болуын логикалық тармақтар түрінде немесе мемлекеттің өмір сүрген уақыты, территориясы, астанасы, шаруашылығы мен мәдениетінің ерекшелігі, мемлекеттік құрылысы, негізгі тарихи оқиғалары көрсетілген кесте құрыңыз. Қазақстан територриясында ҮІ – ХІІІ ғасырдың басындағы өмір сүрген мемлекеттердің ерте және дамыған орта ғасырлардағы негізгі әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы заңдылықтарын анықтаңыз. Халықтардың ұлы қоныс аударуы дәуірінде (ІІ-Үғғ.) Қазақстан мен Орта Азияның және Шығыс Еуропаның этникалық және саяси картасында едәуір өзгерістер болды. ҮІ ғасырдың ортасынан бастап Қазақстан жері аса қуатты мемлекет – Ұлы Түрік қағанатының қол астына бірігуінің себебін көрсетіңіз. Қағанаттардың саяси орталығы болған жерлері мен негізгі этникалық саяси өзегі болған тайпалардың орналасқан жерлерін айтыңыз. Қазақстан территориясына ислам діні қай ғасырда келді және ислам дінінің түркі мәдениетінің дамуына қосқан үлесі қандай болды. ІХ – ХІІ ғғ. Қазақстан жерінде болған араб саяхатшыларының түркі тайпалары мен мемлекеттері жөнінде айтқан деректерін талдаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |