13-СОӨЖ тақырыбы: Сөз тіркесінің ресми мәтіндегі стилистикалық қызметі.
Тапсырмалар:
Есеп беру түрі: жазбаша жұмыс ретінде тапсыру.
СӨЖ тапсырмалары: Сөздердің орын тәртібі мен күрделенген сөйлемдердің стилистикалық қолданысы.
Есеп беру түрі: реферат дайындау.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б.. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2005.
2. Кожина М.Н. Стилистика русского языка. М., 1993.
3. Стилистика русского языка. Учебное пособие для студентов пединститутов. (В.Д. Бондалетов и др.) Л., 1989.
4. Әлкебаева Д.А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы. – Алматы: Зият-Пресс, 2007.
5. Серғалиев М. Синтаксис және стилистика. А., 1997.
6. Серғалиев М. Синтаксистік синонимдер. А., 1981.
7. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.
8. Одинцов В.В. Стилистика текста. М., 2006.
9. Хасанова С., Жексембаева Ғ. Қазақ тілінің стилистикасы (жаттығулар жинағы) А.,1999.
10. Мұсабекова Ф. Қазақ тіліндегі зат есім стилистикасы. А., 1976.
11. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. А., 1984.
Он төртінші апта
№14 дәрістің тақырыбы: Сөз бедері және стиль мәселесі.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Көркем әдебиет стилінің стильдік бедері.
2. Сөз таңдау мәселесі.
Терминдер мен анықтамалар
Суреттеу (сипаттау) (ор. описание) – композициялық-сөйлеу формасының бірі, мәтін түрі. Ол болмыстағы заттар мен құбылыстардың қандай да болмасын бір белгісін не белгілерін бейнелейтін мазмұндық сипатқа ие.
Форма — ол тіл құралдарының көмегімен болатын сөйлеудің сыртқы көрінісі.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
1. Көркем әдебиет стилінің стильдік бедері.
Ұлттық жазба әдеби тіл ретінде бірсыпыра дамыған, функционалдық стильдерге тарамдалған, әр алуан нормалары тұрақтала түскен, әлеуметтік қызмет өрісі кеңейген, мемлекеттік тіл статусына ие болған бүгінгі казақ тілінде "тіл мәдениеті" деген ғылым-таным саласы дүниеге келді. Қазіргі кездегі тілдің әлеуметтік базасының өзгеруі және соған орай тілге қатысты белгілі бір мақсат-мүдделі саясаттың жандануы да тілдің барлық қырына, оның ішінде дұрыс қолданылуына жұртшылық назарын арттырып отыр. 2. Сөз таңдау мәселесі. Сөзді талғап қолдану айтушының мақсатына қарай өзгереді, сондықтан сөзді таңдау мен оның мағынасын аңдау өзара тығыз қабысып жатады. Сөз таңдау адам ойына тікелей қатысты, яғни индивидтің жалпы интеллектуалдық деңгейі, қоғамдағы орны, өмірлік тәжірибесі, әлеуметтік деңгейі, ұлттық сипаты бұған өз әсерін тигізеді. Сөз таңдауда сөйлеуші не жазушы мынадай ұстанымдарды басшылыққа алғаны жөн: сөз ойды дәл беру керек, сөз төл сөз болғаны абзал, сөз актив лексикаға жатқаны дұрыс, сөздің синонимдері көп болғаны жөн, жазуға, қабылдауға оңай сөз болуы керек т.т.
№14 практикалық сабақтың тақырыбы: Сөз бедері және стиль
Тапсырмалар:
1. Сөйлеу тілінің стильдік бедері.
2. Публицистикалық шығарма тілінің стильдік бедері.
3. Ресми іс қағаздары тілінің сөз бедері.
4. Ғылыми әдебиет тілінің сөз бедері.
5. Көркем әдебиет тілінің сөз бедері.
6. Көркем сөз бедері
Достарыңызбен бөлісу: |