Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет5/31
Дата24.09.2023
өлшемі474.54 Kb.
#478454
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Қазақ тілінің стилистикасы, Ғ.Қ.Хасанов

1-СОӨЖ тақырыбы:
1. Қазақ тілінің стилистикасы пәнінің мақсат-міндеті мен мазмұны.
2. Зерттеу нысаны мен қарастыратын мәселелері (Сұрақ-жауап).
3. Стилистика туралы пікірлер (А.Байтұрсынұлы, М.Балақаев, Р.Сыздық, М.Серғалиев, Н.Уәлиев т.б.).
Тапсырмалар: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасау.
Есеп беру түрі: зерттеушілер еңбектеріне шолу жасап, тапсырманы әзірлеу.
СӨЖ тапсырмалары:
1. Стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасу, даму тарихы.
2. Стилистиканың өзге ғылымдармен: нормативтік қазақ тілі, қазақ әдеби тілінің тарихы, көркем мәтінді лингвистикалық талдау, әдеби стилистикамен байланысы.
Есеп беру түрі: бақылау тапсырмаларын орындап, тапсыру.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б.. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2005.
2. Кожина М.Н. Стилистика русского языка. М., 1993.
3. Стилистика русского языка. Учебное пособие для студентов пединститутов. (В.Д. Бондалетов и др.) Л., 1989.
4. Әлкебаева Д.А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы. – Алматы: Зият-Пресс, 2007.
5. Серғалиев М. Синтаксис және стилистика. А., 1997.
6. Серғалиев М. Синтаксистік синонимдер. А., 1981.
7. Мұсабекова Ф. Қазақ тіліндегі зат есім стилистикасы. А., 1976.
8. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. А., 1984.
9. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.
10. Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2006.
11. Серғалиев М. Тілім менің – тінім менің. І том. – Астана, ЕҰУ, 2013.


Екінші апта
2 дәрістің тақырыбы: Стилистиканың басты ұғымдары мен аспектілері.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Стилистиканың негізгі ұғым-категориялары.
2. Стилистика және прагматика туралы түсінік.
3. Стиль - стилистиканың негізгі ұғымы.
Терминдер мен анықтамалар
Стиль — латынша stуlos (қазақша — жазу құралы) деген сөз.
Стиль — қолданылуда өзіндік ерекшеліктері, айырым белгілері бар тілдік элементтер жүйесі немесе әдеби тілдің өзіндік сөздік құрамы, грамматикалық тұлғалары бар сараланған бөлігі. Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

  1. Стилистиканың негізгі ұғым-категориялары.

Стилистиканың зерттейтін саласы – стиль. Біріншіден, стиль – тарихи категория. Тарихы көне дәуірден бастау алған, өз қоғамына қызмет етіп отырған мемлекеттік мәртебесін алған тілдің тарихын тану, функционалды стильдердің әр дәуірде біреуінің ерте, біреуінің кеш даму сатысын бастан кешіргенін жүйелеу стильдің тарихи категория екенін толық дәлелдейді. Екіншіден, стиль әдеби тілдің бір түрі болғандықтан, қазақ әдеби тілінің даму сатысымен қатарласа сөз болып жүр. Әдеби тілдің басты белгісі нормаланған, сұрыпталған тіл болу шартын көрсетсе, ол – стильдің негізгі ұстанымы болып табылады. Ауызша және жазбаша әдеби тілдің ортақ тілдік белгілерінің нәтижесінен де стильдің салалары бөлініп шықты. Үшіншіден, стиль қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады, стильдерді жіктегенде осы қызметі толық анықталуы қажет. 2. Стилистика (лингвистикалық стилистика, лингвостилистика, жалпы стилистика) – тіл білімінің бір саласы. Стилистика мәселесі – өте күрделі өзінің функционалдығымен қарым-қатынас әрекетіндегі тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін ретке келтіретін сала. Стилистика сөйлеу коммуникация процесіндегі тілді пайдаланудың заңдылықтарын зерттейді. Стилистика түрлі қоғамдық салаларда тілдің амал-тәсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті-прагматикалық, эстетикалық қызметті оқып үйретеді. Стилистика көптеген ғылыми-практикалық проблемаларды қамтиды. Ол тілдегі стилистикалық амал-тәсілдері ғана қарастырылмайды, стилистикалық мүмкіндіктердің барлық базасын қамтуды көздейді, ұлттық әдеби тілдің нормасын сақтап, стилистикалық норманы қалыптастырады. Стилистика ғылымы стилистикалық ұғымдар мен белгілердің межесін өзіне тірек ете отырып, теориялық проблемаларын шешіп береді.
3. Стилистика ғылымының зерттейтіні – стиль. Стиль – "ұшты келген ағаш қалақша" деген сөзден шыққан, стиль "адам мен мәдениет" ғылымына да жатады, яғни стилистикалық мүмкіндіктердің жүруі адамға қатысты. Олай болса, стилистика көп аспектілі ғылым саласы ретінде қарастырылады.
2 практикалық сабақтың тақырыбы: Стилистика және прагматика
Тапсырмалар:
1. Стилистика және прагматика туралы түсінік.
2. Стиль және прагматикалық факторлар.
3. Стильдің анықтамасы, түрлілігі, стильдің анықтамасы туралы ғылыми көзқарастар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет