3-СОӨЖ тақырыбы:Лингвистикалық салыстырмалық гипотезасы және оның мәтін мен шындық қатынасын түсінудегі рөлі. Ф.де Соссюрдің лингвистикалық теориясы.
Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.
СӨЖ тапсырмалары:Семиозис ұғымы (Ч.Пирс, У.Эко концепциялары). «Қабылдаушыдан» модальдылықтары және оның көркем мәтіндегі рөлі.
Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Бабенко Л.Г. Филологической анализ текста. Основы теории, принципы и аспекты анализа. – М.: Екатеринбург, 2004.
2. Лотман Ю.М. Структура художественного текста // Лотман Ю.М. Об искусстве. – СПб, 1998. – С. 14-285.
3. Михайлов Н.Н. Теория художественного текста. – М.: Академия, 2006.
4. Эко У. Отсутствующая структура. ВВедение в семиологию. – СПБ: Симпозиум, 2004. – 544 с.
5. Майтанов Б.К. Психологизм в художественной литературе. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 235 с.
6. Мучник Г.М. Текст в системе художественный коммуникации: восприятие, анализ, интерпретация. – Алматы, 1996.
7. Савельева В.В. Художественный текст и художественный мир. – Алматы, 1996.
8. Белянин В.П. Психолингвистические аспекты художественного текста. – М., 1988.
9. Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. – М., 1981.
10. Гюббенет И.В. Основы филологической интерпретации художественного текста. – М., 1991.
11. Елеукенов Г.Ш. Поэтика казахского рассказа: Литературоведческое исследование. – Алматы, 2004.
Төртінші апта
№4 дәрістің тақырыбы: Көркемдік әлем және оның негізгі компоненттері
Қарастырылатын мәселелер:
1. Кеңістік континуум және оны мәтінде өткеру құралдары
2. Әдебиеттегі уақыт пен кеңістік
3. Көркем мәтіннің оқиғалық кеңістігі.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
Мәтіннің логикалық түзімі, оның құрылымы уақыт пен кеңістік сияқты категориялармен ұйымдастырылады.
Континуум (лат. continuum-толассыз, жаппай) – уақыт пен кеңістіктегі қозғалыстың толассыз ағымы. Уақыт пен кеңістік – бүкіл материалдық дүниенің әмбебап қасиеті, құбылыстар әлемі болуының қажетті шарты. Мәтін ақиқаттың және белгілі бір қатынас жағдайының үзігі ретінде онсыз болмайды.
Континуум – мәтін категориясы. Континуум сөйлемде өткеріле алмайды, себебі сөйлемде ой дамымайды. Осы мағынада сөйлем статикалық құбылыс, оны шартты түрде фильмнің кадрымен теңестіруге болады. Тіпті «Ол белгіленген мақсат бағыты бойынша баяу жылжи бастайды»,-деген сөйлемнің өзінде қозғалыс бөлігін көруге болғанмен, онда континуум жоқ.
Континуум мәтіннің грамматикалық категориясы – когезия (байласым) мен үзілістің синтезі сияқты. Уақыт және кеңістік континуумдарын оқиғалар континуумы ретінде де белгілеуге болады.
Мәтінде уақыт қозғалысы бір желілі және бір бағытты болмайды.
Мәтін лингвистикасында мәтіндік уақыттың үш темпоральдық негізі болады: объективті (күнтізбелік), концептуальдық (оқиға) және перцептуальды немесе перцептивті (эмоциялық-экспрессивті). Көркем мәтіндерде тағы көркемдік уақыт бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |