Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет8/24
Дата05.03.2024
өлшемі497.53 Kb.
#494386
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Көркем мәтін теориясы, И.С.Сұлтаниязова

4-СОӨЖ тақырыбы:Аффектілі сюжеттік бірліктер (У.Ленерт) теориясы және оның көркем туындылардағы іс-әрекеттерді айқындаудағы рөлі. В.Пропп пен А.Греймастың модельдері.
Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.
СӨЖ тапсырмалары:Көркем және шынайы хронотоп (мекеншақ). Көркем шығармадағы сюжет пен фабула.
Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Бабенко Л.Г. Филологической анализ текста. Основы теории, принципы и аспекты анализа. – М.: Екатеринбург, 2004.
2. Лотман Ю.М. Структура художественного текста // Лотман Ю.М. Об искусстве. – СПб, 1998. – С. 14-285.
3. Михайлов Н.Н. Теория художественного текста. – М.: Академия, 2006.
4. Эко У. Отсутствующая структура. ВВедение в семиологию. – СПБ: Симпозиум, 2004. – 544 с.
5. Майтанов Б.К. Психологизм в художественной литературе. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 235 с.
6. Мучник Г.М. Текст в системе художественный коммуникации: восприятие, анализ, интерпретация. – Алматы, 1996.
7. Савельева В.В. Художественный текст и художественный мир. – Алматы, 1996.
8. Белянин В.П. Психолингвистические аспекты художественного текста. – М., 1988.
9. Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. – М., 1981.
10. Гюббенет И.В. Основы филологической интерпретации художественного текста. – М., 1991.
11. Елеукенов Г.Ш. Поэтика казахского рассказа: Литературоведческое исследование. – Алматы, 2004.
Бесінші апта
5 дәрістің тақырыбы:Көркем мәтіннің мазмұны мен түрі
Қарастырылатын мәселелер:
1. Көркем мәтін лингвистикасы.
2. Әдебиеттің мазмұны мен түрі «өзара ауыса алатын терминдер» екендігі (Л.Ельмслев).
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
Мәтін лингвистикасы, текст лингвистикасы – тіл білімі ғылымының жеке саласы. Мәтін лингвистикасының зерттеу объектісі – мәтін. Мәтін лингвистикасы мәтіннің өзіне тән мәні мен болмысы, басқалардан (мыс., ауызекі сөйлеуден) ерекшелігі, объективті болмыстың мәтінде бейнеленуі, мәтіннің тілдік түзілу ерекшелігі, оны қабылдаудың сипаты, мәтіндегі автор мәселесі т.б.мәселелерді қарастырады. Мәтінді зерттеуге қызығушылықтың артуына көптеген факторлар әсер етті. Оны зерттеу тілді әлемдік ауқымдағы кең құбылыс ретінде түсіну үшін де, қарым-қатынас жасаудың бірден – бір тұтас құралы ретінде ұғыну үшін де, тілдің адамзат қызметінің әр түрлі жақтарымен байланысын терең білу үшін де қажет болды. Мәтіннің көмегімен тілдің өмір сүруін, оның заңдылықтарын тануға болады. Өйткені бұлар тілдік тұлғалардың сөйлемде ғана емес, одан да ірі бөлшектердің құрамында қызмет етуін зерттегенде ғана ашылады. Бұл жағдай тілдің мәтін құру қызметіне зейін қойып, көңіл аударылуына негіз болады. Мәтін лингвистикасының қалыптасуы тілдік ілімдермен (лексикология, семасиология, морфология, стилистика) қандай байланысты болса, жалпы филологиялық (текстология, поэтика), тіпті филологиялық емес ілімдермен де (философия, логика, психология, эстетика) сондай байланысты. Қазіргі кезде мәтін лингвистиканың мынадай зерттеу бағыттарын бөліп көрсетуге болады: 1) мәтінді тіл жүйесіндегі өзіндік белгі сапалары бар ең жоғарғы тұлға-бірлік (жүйе) ретінде алып тексеру; 2) мәтіннің түрлерін ажыратып, мәтін типологиясын жасау; 3) мәтін құрушы тұлға-бірліктерді және олардың қызмет ету ерекшеліктерін зерттеу; 4) мәтінге тән өзіндік категорияларды анықтау; 5) мәтін құрушы байланыстар мен қарым-қатынастарды зерттеу. Мәтін – тіл жүйесіндегі өзінің мәні мен болмысына сай, сөйлемдердің жай ғана тізбегі емес, мағыналық – құрылымдық күрделі тұлға. Ол логикалық, грамматикалық, мағыналық байланыстарға негізделген, тиянақты мазмұнға ие біртұтас қарым-қатынас бірлігі. Сондықтан мәтіннің құрылысына, оның түрлі қыртыс-қабаттарына үңіліп, мәнді де сипатты ерекшеліктерін ашу, белгілі кеңістік пен уақыт шеңберінде өмір сүру заңдылықтарын айқындау, сөйтіп мәтіннің ішкі бірлігінің сыр-сипатын түстеп-түгендеу – бүгінгі тіл білімінің басты міндеті. Мәтін лингвистикасы ілімі мен мәтін теориясы тығыз байланысты, екеуінің объектілері бір-бірімен ұштасып жатады. Мәтін теориясы мәтінді құрылымдық және қызметтік жақтарынан алып талдайды. Құрылымдық тұрғыдан зерттегенде мәтіннің тұтастығы мен байланыстылығы сияқты негізгі сапаларына көңіл бөлінеді. Байланыстылығы – бұл мәтіннің дұрыс құрылуы – дұрыс құрылмауы деген мәселелермен ұштасады. Мұнда мәтін элементтері неден тұрады және олардың арасындағы байланыстың сипаты қандай, оны нелер құрайды деген сұрақтарға жауап алынады. Мәтін құрудың жалпы да ортақ принциптері, олардың мәтіннің мазмұндық, жанрлық т.б. ерекшеліктеріне байланысты болатындығы талдаудың негізгі объектісіне айналды. Мәтіннің тұтастығын зерттеу оның элементтерінің қызмет ауқымын айқындау тұрғысынан жүзеге асады. Мәтіннің мазмұнын ашу мәтіндегі қандай да болмасын зерттеулердің түпкі мақсаты болмақ. Сондықтан тіл тұлғаларының мазмұны ашық та, жабық-жасырын да келетін көркем мәтіндерді зерттеуде бұл, әсіресе, үлкен мәнге ие. Өзінің айтайын деген ойын, белгілі бір мазмұнды беру үшін автор қандай бейнелеу құралдарын таңдаймын десе де ерікті. Мәтіннің жасырын мағыналарын ашуда тіл таңбаларының екі жақты болмысына ден қойылады: тілдік тұлғалар (таңбалар) сол мәтіндегі не басқа мәтіндегі өзі сияқты тұлғалармен мағыналары және сыртқы тұлғалары бойынша үндесе отырып, мәтіннің басқа да компоненттерімен байланысқа түседі. Сондықтан мәтін теориясының жетістіктері көркем мәтіндегі талдауда кең пайдаланады.
Мәтін түрлерінің лексика және грамматикалық айқындығы болады. Әр лексикалық единицаның мағыналық және грамматикалық қолданыс түрлерінің мәтін түзудегі ықпалы айқын көрініп тұрады.
Көркем мәтін өнердің бір түрі ретінде адамға әсер ету қасиетімен ерекшеленеді. Бұл оның прагматикалық жағы. Көркем шығарма автордың өзіндік дүниеге, айналаға көзқарасын айқындаумен қатар, шығарма өз оқушысына бастан аяқ тұтас, біткен, хабарлар түрі ретінде жеткізіледі. Көркем шығарманы оқушы оқу барысында түрлі оқиғалармен танысады, әрі автордың айналадағы шындықты қаншалықты дәл жеткізуі, көркем дүниенің эстетикалық әсері үнемі бүкіл шығарманың өн бойынан табылуы қажет.
5 практикалық сабақтың тақырыбы:Әдеби архетиптер
Тапсырмалар:
1. Москва лингвистикалық мектебінің (Р.Якобсон, Н.Трубецкой, П.Богатырев) және Орыс формальдық мектебінің (В.Шкловский, Б.Томашевский, Ю.Тынянов) мазмұн мен түр теориясы.
2. Мазмұн көркем мәтінге енетін сөз материалының формалық құрылым жүйесі екендігі.
3. Прага лингвистикалық мектебі көркем мәтін мазмұны мен формасының диалектикалық бірлігі туралы (В.Матезиус, Б.Гавранек, Я.Мукаржовский).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет