Бағдарламасы (Syllabus)


Асқорыту бездері. Асқорыту ферменттері. Сілекей бездері



Pdf көрінісі
бет15/46
Дата01.11.2022
өлшемі385.53 Kb.
#463807
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46
Адаи

Асқорыту бездері. Асқорыту ферменттері. Сілекей бездері
Асқорыту бездері. Асқорыту бездеріне үш жұп сілекей бездері, бауыр
және ұйқы безі жатады.
Асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты сөл (секрет) деп атайды.
Асқорыту бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Олар өздерінен
бөлетін сөлді арнайы өзектері арқылы асқорыту мүшелеріне бөледі.
Әрбір асқорыту безінің бөлетін сөлінің өз атаулары бар. Мысалы,
бауырдан бөлінетін сөл – өт, сілекей бездерінен бөлінетін сөл – сілекей
және т. б. (қосымша 211-бет).
Асқорыту бездерінің қызметін фистула әдісі арқылы зерттеуде
көрнекті орыс ғалымы И.П. Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл
саладағы еңбегіне физиология ғылымындағы іргелі жаңалық ретінде
Нобель сыйлығы берілген. Қазіргі кезде асқорыту мүшелерінің ішкі
кілегейлі қабығындағы өзгерістерді зерттеуде эндоскопия әдісі
қолданылады. Онда жарықты арнайы оптикалық құралдар арқылы


асқорыту мүшелерінің ішкі құрылысын көруге және суретке түсіріп
алуға болады.
Асқорыту бездерінен бөлінетін сөлдің құрамында күрделі
органикалық заттарды қарапайым заттарға дейін ыдырататын ерекше
заттар болады. Оларды ферменттер деп атайды. 
Асқорыту ферменттері. Ферменттер химиялық құрамы жөнінен
нәруызтектес органикалық заттарға жатады. Ферменттер тірі
жасушалардың барлығында кездеседі. Олар жасушада жүретін
реакциялардың белсенділігін арттырады. Сондықтан да ферменттерді
кейде биологиялық өршіткі – катализаторлар деп те атайды.
Ферменттердің белсенді әсер етуіне қолайлы температура +37, 38°С.
Ферменттердің өздеріне тән қасиеттері бар. Біріншіден, әрбір
фермент белгілі бір органикалық затты ғана ыдырата алады. Екіншіден,
әрбір фермент белгілі бір химиялық ортада белсенді әсер етеді.
Мысалы, қарын сөлінің құрамындағы ферменті қышқылды, ұйқы безінің
сөліндегі ферменті – сілтілі ортада әсер етеді.
Көптеген ұсақ және ірі үш жұп сілекей бездерінің өзектері ауыз
қуысына ашылады. Сілекей бездерінің ең ірісі – жұп шықшыт безі. Ол
құлақ қалқанының астында орналасқан. Оның өзегі ұртқа ашылады,
салмағы 20–30 г. Астыңғы жақасты сілекей бездерінің салмағы 14–15 г.
Оның өзегі тілдің астына ашылады. Сілекей бездерінің ең кішісі –
тіласты бездері. Оның салмағы 5 г, өзегі тілдің астына ашылады.
Тағамның құрамына байланысты сілекей бездерінен тәулігіне шамамен
1,5–2 литрге дейін сілекей бөлінеді (82-сурет).
Сілекей – тұтқыр, түссіз сұйықтық. Оның құрамында 99–99,5% су,
0,5–1% органикалық және бейорганикалық заттар болады.
Бейорганикалық заттардың мөлшері органикалық заттарға қарағанда
2–3 есе аз. Сілекейдің реакциясы әлсіз сілтілі. Сілекейдің құрамында
көмірсуларды ыдырататын фермент – амилаза болады. Сілекейдің
құрамында бактерияларды жоятын лизоцим болады.
Сілекейдің бөлінуі рефлекторлық жолмен реттеледі. Сілекей бөліну
орталығы сопақша мида орналасқан. Тамақ ауызға түскенде ондағы
жүйке талшықтарының ұштары (рецепторлар) тітіркенеді де, сілекей
бөлінеді. Бұл сілекей бөлінудің шартсыз рефлексіне жатады. Ал
сілекейдің тамақтың иісіне, көрінісіне, тамақ туралы айтылған сөздерге
байланысты бөлінуі – шартты рефлекске жатады.
Шықшыт сілекей бездері қабынған кезде ісініп, жақпен тұтасып
айқын байқалады. Ондай ауру паротит (свинка) деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет