Бағдарламасы (Syllabus)



Pdf көрінісі
бет18/46
Дата01.11.2022
өлшемі385.53 Kb.
#463807
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46
Адаи

ұлтабарға 
түседі. Бауыр
жасушаларынан өт үнемі бөлініп тұрады. Өт ұлтабарға адам
тамақтанған кезде ғана өтеді. Өттің бөлінуі гуморальдық және
рефлекторлық жолмен реттеледі.
Өттің құрамының 95–98% су, қалғаны өт пигменттері, өт
қышқылдары, холестерин, минералдық тұздар. Өт түсінің сары-
қоңырқай, кейде жасыл болуы құрамындағы пигментті заттарға
(билирубин, биливердин) байланысты. Өт пигменттері тіршілігін жойған
эритроциттердің гемоглобинінен түзіледі. Өттің, зәрдің және нәжістің
түстерінің сарғыш түсті болуы да өт пигменттеріне байланысты. Өт
әлсіз сілтілі ортада белсенді қызмет атқарады.
Өттің негізгі қызметінің бірі – майлы тағамдарды қорытуға әсер
етеді. Майлы етті тағамды пайдаланған кезде өт көп бөлініп, қанның
құрамында холестериннің мөлшері артады. Ол ұзақ уақыт ұсақ
түйіршіктер (кристалдар) түрінде жиналып, өт қалтасында, өт өзегінде
«тастың» пайда болуына әсер етеді. Өт майлар мен майда еритін
витаминдердің денеге сіңуіне септігін тигізеді. Ішек сөлінің және ұйқы
безі сөлінің ферменттерінің белсенділігін арттырады. Өт ішекте сілтілі
ортаның қалыптасуына жағдай жасайды. Өт ішектің қабырғасындағы
бірыңғай салалы бұлшықеттердің жиырылуын тездетеді. Қанмен бірге
келген микробтарды зиянсыздандырады. Бауырдың ағзада атқаратын
қызметі сан алуан. Ол зат алмасудың қалыпты жүруін қамтамасыз
етеді. Бауыр қандағы қанттың қалыпты деңгейін сақтайды. Бауырда
қанттың артық мөлшері қор ретінде (гликоген) жиналады. А витамині,
фибриноген, протромбин нәруыздары түзіледі. Тіршілігін жойған
эритроциттер бауырда өттің түзілуіне қатысады. Ішектен бірге түскен
зиянды және улы заттар бауырда зиянсызданады.
Бауыр ауруын емдеуде қазақстандық ғалымдар академик, халық
қаћарманы Мұхтар Әлиев пен профессор Жақсылық Досқалиевтың
еңбегі зор. Олар ұрықтың (түсіктің) бауыр жасушаларын алып, бауыры
ауыратын науқастардың бауырына салды. Бұл медицинада
дүниежүзілік мәні зор жаңалық болды.
Ұйқы безі – бауырдан кейінгі кіші асқорыту безі. Ол әрі сыртқы, әрі
ішкі секреция бездерінің қызметін атқарады. Ұйқы безі қарынның
астыңғы жағында орналасқан пішіні таспа тәрізді. Салмағы 60–80 г.
Ұйқы безінің де өзегі ұлтабарға ашылады. Одан бөлінетін сөл
нәруыздарды, майларды және көмірсуларды ыдыратады.
Оның сыртқы бөлігі ғана сөл бөледі. Ұйқы безінен панкреатин
(латынша «рankreas» – ұйқы безі) сөлі ересек адамдарда тәулігіне 1,5–2
л бөлінеді.
Ұйқы безінің ішкі бөлігінен инсулин, глюкагон гормондары бөлінеді
де, көмірсулардың және майлардың алмасуын реттейді.
Қорыта айтқанда, ас асқорыту мүшелерінде ұсақталып, асқорыту
бездерінен бөлінетін сөлдердің әсерінен қорытылады. Қорытылған
заттар қан мен лимфа арқылы денеміздегі барлық жасушаларға,


ұлпаларға таралады. Қорытылмай қалған қалдық заттар сыртқа
шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет