1. Адамның қан жүйесі
1. Қан жүйесінің эволюциясы
2. Жүрек құрылысы мен қызметі
Тақырып 8. Жүйке жүйесіне жалпы сипаттама.
1. Орталық жүйке жүйесі. Жұлын. Ми (соңғы, орталық, аралық, мишық, сопақша).
2. Шеткі жүйке жүйесі.
Адамның жүйке жүйесінің маңызын
оның қызметіне қарай былай
анықтауға болады:
-
мүшелерді бір-бірімен байланыстырып,
организмнің бір
түтастығын іске асырады;
-
денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің
қызметтерін реттейді;
-
организмді сыртқы ортамен байланыстырады;
-
сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдейді;
-
денедегі барлық клеткалардың, үлпалардың, мүшелердің, бүкіл
организмнің тірлігін қамтамасыз етеді.
Жүйке жүйесінің құрылысы. Адамның жүйке жүйесі
орталық
және шеткі немесе перифериялық (лат.
периферикус - шеттік) жүйке
жүйесі болып бөлінеді (4-сурет).
Орталық жүйке жүйесі ми мен жүлыннан түрады. Ж ү л ы н
омыртқа өзегінде орналасқан, үзындығы ересек адамда жарты метрге
жуық, салмағы 37-38 г.
Жүлын 10 жасқа келгенде екі есе үзарады. Оның өсуі алғашкы
жылы өте күшті болады да, 2-3 жасқа келген баланың жүлыны 14 г
болады (жаңа туған нәрестеде не бары 2,8 - 2,9 г), 4-6 жасқа келгенде
жүлынның дамуы аяқталуға жақын деуге болады. Дегенмен оның толық
жетілуі 20 жасқа жуықтағанда аяқталады. Осы мерзімде жүлын 8 есе
көбейеді.
Жүлын жүйке жүйесінің маңызды бөлімдерінің бірі. Түрлі нерв
әрекеттерінің бағытталуы мен реттелуі жүлын арқылы іске асады.
Себебі жүлын өткізгіштік қызмет атқарады да, оның бойымен дененің
барлық жерінен
миға нерв импульстері тасылады, ал мидан бүкіл
дененің еттерін козғайтын нерв импульстері мүшелерге барып,
олардың қызметін реттейді. Бүларға қоса, жүлында адамның қарапайым
рефлекстерінің орталықтары орналасқан (айталық, тізе рефлексі). Адам
өмірі үшін маңызды зәр шығару, жыныс мүшесінің эрекциясы,
эякуляция (шәуһет шығару) т.е.с рефлекстер жүлынның
қатысуымен
орындалады.
Дененің қаңқасының бұлшық еттерінің тонусын сақтайтын организм
үшін аса маңызды рефлекстер де осы жүлындағы орталықтардың
қатысуына байланысты. Жүлынның қозғаушы орталықтарынан үнемі
келіп тұратын нерв импульстеріне байланысты адам
кеңістікте белгілі
орын алып қозғала алады.
Ішкі мүшелердің вегетативтік рефлекстері де жүлын арқылы
орындалады (жүрек-қан
тамырлары, ас қорыту, зәр шығару т.б.
рефлекстер).
Достарыңызбен бөлісу: