Қантамырлар және олардың түрлері
Қантамырлар ағзаны түгелдей торлап жатады. Қантамырлар:
артериялар (салатамырлар), веналар (көктамырлар) және
капиллярлар
(қылтамырлар) деп 3 топқа бөлінеді (63-сурет).
Артерия қантамырлары (грекше «arterіa» – қантамыр) – қанды
жүректен мүшелер мен ұлпаларға тарататын қантамырлар тобы.
Жүректен шығатын екі ірі артерия қантамыры бар. Оң жақ қарыншадан
басталатын –
өкпе артериясының ішінде вена қаны болады.
Сол жақ
қарыншадан басталатын – қолқа (аорта) тамырының ішінде артерия
қаны. Артериялардың қабырғасы 3 қабаттан тұрады:
сыртқы қабаты –
дәнекер ұлпасынан,
ортаңғы қабаты –
бұлшықет ұлпасынан,
ішкі
қабаты – жалпақ эпителий жасушаларынан түзілген. Артерия
қантамырларының қабырғасы қалың, серпінді. Олардың
сыртқы қабаты
мықтылық, серпінділік қасиет беріп,
қантамырлардың кеңейіп,
тарылуына әсер етеді.
Ортаңғы қабаты серпінді талшықтар мен
бірыңғай салалы бұлшықеттерден тұрады. Бұлшықеттер жиырылып,
босаңсу арқылы қантамырлар қуысының диаметрін реттейді.
Ішкі
қабаты қантамырлардың қабырғасына
қосымша мықтылық қасиет
береді. Артерия қантамырларымен ағатын қанның қысымы өте жоғары
болады. Сондықтан қысымға төзіп, созылуына қабырғасының тығыз,
мықты, серпінді болуының маңызы өте зор.
Артерия қантамырлары
бұлшықеттердің астында терең орналасады, сондықтан олар
көрінбейді. Ең ірі артерия қантамыры –
қолқа (аорта) деп аталады.
Жүректен алыстаған сайын артерия
қантамырлары тармақтанып,
жіңішке капиллярларға айналады.
Қорыта айтқанда, көпшілік артерия қантамырларының бойымен
артерия қаны ағады. Тек өкпе артерия қантамырының ішімен вена қаны
ағады.
Ерекше ескертетін жағдай – барлық
артериялық қантамырлармен
тек артерия қаны, барлық веналық қантамырлармен тек вена қаны
ағады деген түсінік қалыптаспауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: