Бағдарламасы (Syllabus)



Pdf көрінісі
бет23/46
Дата01.11.2022
өлшемі385.53 Kb.
#463807
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46
Адаи

Тынысалу қозғалыстары. Тынысалу қозғалыстары – тынысалу
және тыныс шығару арқылы жүзеге асады. Жаңа туған нәрестенің
тынысалу қозғалыстары минутына 60 рет, ересек адамдарда 16–18 рет
(69, ә-сурет).
Демді ішке алғанда қабырғалар сәл көтеріліп, көкет тегістеледі.
Кеуде қуысы кеңейеді (70-сурет). Көкет – диафрагма кеуде қуысын
құрсақ қуысынан бөліп тұратын күмбез тәрізді бұлшықетті перде.
(Бұлшықеттерді естеріңе түсіріңдер.)
Тыныс алғанда көкеттің тегістелуі бұлшықет талшықтарының
жиырылуынан болады. Тыныс алғанда кеуде қуысының көлемі
үлкейеді. Кеуде қуысының қозғалысына сай өкпенің де көлемі үлкейіп,
ауаға толады. Сыртқы қабырғааралық бұлшықеттердің жиырылуынан
қабырғалар көтеріледі. Тынысалуға көкет пен қабырғааралық
бұлшықеттерден басқа кеңірдек пен бронхылардың шеміршек
арасындағы бұлшықеттер де қатысады.
Тыныс шығарғанда кеуде қуысы мен өкпенің көлемі кішірейеді.
Көкет күмбезденіп қайта қалпына келеді. Өкпе көпіршіктеріндегі қысым
артып, ауа өкпеден ауа жолдары арқылы сыртқа шығарылады.
Тынысалуға қатысатын бұлшықеттер босаңсып, көкет күмбезденіп
көтеріледі. Жиі тыныс шығарғанда ішкі қабырғааралық және
құрсақтың бұлшықеттері қосылып жиырылады. Тыныс алуға
қабырғааралық еттер белсенді қатысса – «көкіректі» тыныс алу типі
дейді. Бұл көбіне әйел адамдарда байқалады. Көкет белсенді қатысса –
«құрсақты» тыныс алу типі дейді, бұл ер адамдарда болады (70-сурет).
Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу. Өкпедегі газ алмасу –
тыныс алғанда атмосфералық ауаның құрамында 79% – азот, 21% –
оттек, 0,03% – көмірқышқыл газы және т. б. болады. Тыныс шығарғанда
оттектің мөлшері азайып (16%), көмірқышқыл газы (4%) көбейеді (69, а-
сурет). Тыныс алу мен тыныс шығару кезінде азоттың мөлшері
өзгермейді. Тыныс алу актысы кезінде өкпе көпіршіктерінен оттек
қанға, көмірқышқыл газы өкпеге өтеді.


Оттекті тасушы – гемоглобин. Өкпеде қан көмірқышқыл газынан
тазарып, оттекке қанығады. Оттекке қаныққан қан үлкен қанайналым
шеңберімен ағзаның барлық ұлпаларына таралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет