төменгі бөлігінде екі сақина тәрізді бұлшықеттер бар. Осы
бұлшықеттердің көмегімен нәжіс сыртқа шығарылады.
Әдебиет: [1-9]
Мультимедиялық құралдар тізімі:
1. Ащ ишектегі астың қорытылуы.
2. Асқорыту жүйесінің құрылысы.
3. Ас қорыту жүйесі бойынша саяхат.
Тақырып 4. Тыныс алу жүйесі
1. Мұрын қуысы. Көмей.
2. Кеңірдек және бронхлар. Өкпенің анатомиялық құрылысы.
3. Ацинус ұғымы. Альвеолалар.
Тынысалу деп мүшелер мен қоршаған ортаның арасындағы газ
алмасуды айтады. Жер бетіндегі тіршілік
ететін тірі ағзалардың
барлығы тынысалу кезінде оттекті қабылдап,
көмірқышқыл газын
бөледі. Ағзаның әрбір жасушасының жұмысы (бұлшықеттердің
жиырылуы, тердің, сілекейдің бөлінуі, қозудың берілуі)
энергияны
жұмсаумен байланысты. Тынысалу тірі ағзаларға тән қасиет.
Энергия органикалық заттардың тотығуы мен ыдырауынан босап
шығады. Тотығуға оттек жұмсалады. Ағзада оттектің қоры болмайды.
Ағза тыныс
алғанда оттекті қабылдайды, ыдырау өнімдері
(көмірқышқыл газы мен су буы) ағзадан сыртқа шығарылады. Тынысалу
мүшелері, қанайналым жүйесі, ағза мен қоршаған орта арасында газ
алмасуды қамтамасыз етеді. Органикалық
заттардан энергия босау
үшін оттек қажет. Тірі ағза үздіксіз тыныс алады. Адам оттексіз 1 минут
та тіршілік ете алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: