бөлетін мүшелерге жатады. Ішкі секреция бездерінің жасушаларын
ұсақ қантамырлар мен лимфа капиллярлары торлайды. Бұл бездерде
бөлінетін сұйықтықты шығаратын
өзек болмағандықтан сұйықтық
бірден қанға өтеді. Сондықтан мұндай бездерді
ішкі секреция
бездері деп атайды (8-сурет).
Ішкі секреция бездеріне жататындар:
гипофиз, қалқанша без,
қалқанша маңы безі, айырша без (тимус), эпифиз, бүйрекүсті бездері
және т.б. Ұйқы безі мен жыныс бездері –
аралас бездер. Олар әрі ішкі,
әрі сыртқы секрециялық қызмет атқарады. Бұл бездерден бөлінетін
заттар қанға да және басқа мүшелерге де өтеді.
Ішкі секреция
бездерінен бөлінетін сұйықтықты
гормондар дейді.
Гормондар (грекше «hormae» – қоздырамын, қозғалысқа келтіремін) –
ішкі секреция бездерінен бөлінетін және ұлпалар мен мүшелерге әсер
ететін биологиялық белсенді заттар. Гормондардың барлығы
органикалық заттар, себебі,
олардың біреуі нәруыздан, екіншісі
аминқышқылдарынан, үшіншісі майтектес заттардан құралған.
Гормондар ішкі
секреция бездерінен бөлініп, қан, лимфа, ұлпа
сұйықтығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. Ішкі секреция
бездерінің қызметін реттейтін орталық – аралық мидағы
гипоталамус
(грекше «hyро» – асты,
төменгі жағы, «talamos» – бөлме). Оны көру
төмпешік асты бөлімі деп те атайды.
Гипоталамус пен гипофиздің
қызметі бір-бірімен тығыз байланысып,
гипоталамус-гипофиздік жүйені
құрайды. Олардан бөлінетін гормондар
нейрогормондар деп аталады.
Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат алмасудың қажетті
деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы қызметінің әрі рефлекстік, әрі
гуморальдық реттелуі жүзеге асады (қосымша 210-бет).
Достарыңызбен бөлісу: