1 – жүргізуші:Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін.Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізілсін. ҚР мемлекеттік туын енгізетін Орынбаев М.О(Әнұран)
2 - жүргізуші: Құттықтау сөз мектебіміздің құрылтайшысы Тасыбаева Рабига Мухитовнаға және мектебіміздің директоры Болтаева Задагүл Төребаевнаға беріледі.
1 - жүргізуші: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Мерекеңіз құтты болсын ата - ана,
Мерекеңіз құтты болсын ағайын!
2 - жүргізуші:
Біраз жылын осында өткізген,
Ұстаздар – ізгі пәк жандар.
Қуана шәкірт қабылдап,
Білімнің көшін жалғаңдар.
Алғашқы әріп үйретер,Бастауыш сыныптарын қарсы алыңыздар
1-сынып оқушыларын ұстазы Арай Асқарқызымен қарсы алыңыздар!
2-сынып оқушыларын ұстазы Ордабаева Аңсаған Мирболатқызымен қарсы алыңыздар!
3-сынып оқушыларын ұстазы Өмірзақ Әйгерім Қуандыққызымен қарсы алыңыздар!
4-сынып оқушыларын ұстазы Давлетова Шолпан Ізбасаровнамен қарсы алыңыздар!
(Музыка ырғағымен Бастауыш сынып оқушыларын жетектеп, ұстаздары жиын өтіп жатқан алаңға шығып, ортаға 1 мәрте жүріп өтіп, арнайы дайындалған орынға келіп тұрады.)
Ботагоз Муханбеткалиевнаның орындауында «Алғашқы қоңырау» әнімен қарсы алыңыздар.
1 - жүргізуші: Бүгін қандай шаттық тола күн еді,
Бүкіл әлем ерекше бір түледі.
Балдырған жетектеген ата - ана,
Қуаныштан жарылардай жүрегі,
2-жүргізуші:
Жүрегі нұр,өмірі гүл ұстаздың,
Сондықтан да ұстазыңа ұқсағың
Адам жанын тәрбиелеп аялар
Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың-деп сөз кезегін 1 сыныпқа шәкірттерін қабылдап отырған Арай Асқарқызына беріледі.
1 - жүргізуші:
Ортаға 1 - сыныпқа қадам бастаған бүлдіршіндер келеді,
Жүрек жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді.
1 - оқушы:
Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің.
2 - оқушы:
Қуаныш бүгін – мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем.
3 - оқушы:
Бірінші қыркүйек күні мен
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем, қарсы алар мектебім
Сүйкімді қоңырау үнімен.
4 - оқушы:
Биыл мен де мектепке
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер, қаламым.
5 - оқушы:
Мектепке енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
6 - оқушы:
Алдыңа келіп, ұстазым,
Тұңғыш қалам ұстадым.
Күлімдеген көзіңнен
Мейіріңді сезіндім.
7 - оқушы:
Отанның біз ұл - қызы,
Халықтың біз жұлдызы.
Оқимыз ақын - жырларын,
Оқимыз еңбек сырларын.
8 - оқушы:
Сылдырлайды, сыңғырлайды
Мектеп жақта қоңырау.
Ұмытпаймыз бұл бір айды,
Гүлге толы омырау.
9 - оқушы:
Гүл толы қала, дала да,
Гүл толы бүгін омырау.
Шақырып мектеп – анаға,
Соғылмақ тұңғыш қоңырау.
2 - жүргізуші:
Абзал жандар, биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып шәкірттерін қарсы алды.
Өздеріңе жүрекжарды сөз айтып,
Құттықтайды 11 - сынып баршаңды.
(Музыка әуенімен 11 - сынып оқушылары сыйлықтарын 1 - сыныптарға сыйлайды)
1-жүргізуші:Күтіп тұр,алда сан қызық
Асулар асқар,неше сын
Кеудеңе үміт жанғызып
Азамат боп өсесің
Үміттің отын жандырған
Қызырдан болсын қолдаушың
Хош келіпсің балдырған
Қадамдарыңа нұр жаусын!
Ұшталған үміт арманнан
Таудай бір болсын талабың!
2 - жүргізуші: Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Оқушы болдың, қарағым,
Білімнің кілтін ашатын, — деп сөз кезегін балапандарын ертіп келген құрметті ата - аналарымызға береміз.
Достарыңызбен бөлісу: |