Бағдарламасы Түсіндірме жазба


Коммуникативтік дағдыларды дамыту



бет12/188
Дата30.05.2023
өлшемі0.84 Mb.
#474520
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   188
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы ойын түрінде түрлі балалар әрекеттерінде күн сайын жүзеге асырылады.


Мақсаты: инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, әлеуметте қарым-қатынас жасау үшін тілді меңгеру және коммуникативтік дағдыларды дамыту.
Міндеттері:
балаларды өз бетінше сөйлеуге үйрету;
түрлі балалар әрекетінде балалардың бір-бірімен сөйлесуіне жағдай жасау;
әрбір баланың қызығушылығына мән беру, сұрақтарына жауап беру, жеке сөйлесу;
дидактикалық және дамытушы ойындарды, жаттығуларды қолдану арқылы сөздік қорды байыту;
шешендікке, әдеби тілде сөйлеуге баулу;
артикуляциялық және дауыс аппаратының, есту қабілетінің дамуына ықпал ету;
қазақ халық ауыз әдебиеті шығармаларымен, салт-дәстүрлерімен, мәдениетімен таныстыру;
қарым-қатынас мәдениетіне, көркем қабылдау мен эстетикалық талғамға тәрбиелеу;
балалар әдебиетіне, театр әлеміне қызығушылықты қалыптастыру.
Сөйлеуді дамыту
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Дауысты (а, ә, е, о, ұ) және кейбір дауыссыз (п-б, к-қ, т-д, ж-ш, с-з) дыбыстарды анық айту, дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту, артикуляциялық аппаратты дамыту, сөйлеу қарқынын өзгерту қабілетін дамыту: баяу сөйлеу, жаңылтпаштар айту.
Сөздік қор:
Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту, сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін, заттарды жалпы (ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз) және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту, қарама-қарсы мағынадағы сөздерді - антонимдерді енгізу.
Тілдің грамматикалық құрылымы:
Сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстыру, зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдану, зат есімдерді жекеше, көпше түрде, етістіктерді келер және өткен шақта қолдану.
Байланыстырып сөйлеу:
Суреттерді, заттарды қарастыруда, тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау кезінде, шығармаларды тыңдағаннан, мультфильмдер, ертегілер көргеннен кейін балаларды алған әсерлерімен бөлісуге үйрету.
Ересектердің сөзін тыңдау және түсіну, сөйлеу әдебінің тиісті формаларын дұрыс қолдану, ересектермен диалог құру, берілген сұрақтарды тыңдау және түсінікті жауап беру.
Кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдану, таныс ертегілерді ойнауға және сахналауға ынталандыру, қызығушылығын ояту.
Күтілетін нәтижелер:
дауысты және кейбір дауыссыз дыбыстарды анық айтады;
дұрыс сөйлеу қарқынына ие;
қоршаған ортаға қатысты әртүрлі сұрақтарға жауап береді;
қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданады;
сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстырады;
зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолданады;
ересектердің сөзін тыңдайды және түсінеді;
бір-бірімен, ересектермен сөйлеседі;
естігені, көргені, өзі қолдан жасаған заттары туралы айтады.
Көркем әдебиет
Кітаптарға қызығушылықты ояту.
Таныс кітаптардағы суреттерді балалармен бірге қарастыру, оларға суреттердің мазмұны туралы эмоционалды түрде айту, балалардың пікірлерін тыңдау.
Жаңа ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді тыңдай білуге, олардың мазмұнындағы әрекеттердің дамуын бақылауға, шығарманың кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға тәрбиелеу. Балалармен кейіпкерлердің әрекеттері мен олардың әрекеттерінің салдарын талқылау.
Оқылған шығармадан ең қызықты, мәнерлі үзінділерді қайталау, балаларға сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін қайталап айтуға мүмкіндік беру.
Ересектермен бірге ертегілерді, қарапайым көріністерді ойнауға, бірлескен ойындарға қатысуға ықпал ету, онда жеке репликаларды, кейіпкерлердің эмоционалды образын беруге баулу.
Балаларды тақпақтар мен шағын өлеңдерді жатқа айтуға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
кітаптардағы суреттерді өзбетінше, басқа балалармен бірге қарастырады;
көрген суреттері бойынша өз ойын айтады;
әдеби шығармалардың мазмұнын тыңдайды және түсінеді;
әдеби шығарма кейіпкерлерінің дауыс ырғағы мен мәнерлігін оларға еліктеп, жеткізеді;
сюжетті эмоционалды қабылдайды, кейіпкерлерге жанашырлық танытады;
ересектермен бірге ертегілерді, қарапайым көріністерді ойнайды;
еркін ойындарда таныс кейіпкерлердің рөлін сомдайды;
оқылған шығармадан қызықты үзінділерді, сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін қайталап айтады;
тақпақтарды, өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   188




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет