2-параграф. 1 - жартыжылдық
497. Ойынға үйрету:
1) табиғи материалдармен және олардың қаситтерімен таныстыру, сумен, құммен, жапырақпен, жемістермен ойын өткізу; ересектің сөздік өтініші бойынша және оның әрекетінің үлгісі бойынша, ересектің қимыл-қозғалысына еліктеу бойынша ойын идеясына сәйкес шынайы тұрмыстық заттық-құралдарды қолдану алуға үйрету;
2) ойын барысында қарапайым бейнелік әрекеттерді жүзеге асыра алуын қалыптастыру; балаларды ойын барысында ым-ишара, мимика, сөйлеу көмегімен қарым-қатынас етуге ынталандыру; ойын әрекетінің бірізді тізбегін орындау және бірнеше қарапайым операцияларды орындау кезінде кезектілік дағдысын қалыптастыру;
3) құрылыс жинағының негізгі бөлшектерінің атауымен балаларды таныстыру; балалармен және педагогпен ойында қолдану мақсатында, ірі құрылыс материалдарынан балалардын көз алдында күрделі емес құрылыстарды құрастыра отырып, ойынның құрылысты-құрылымдық дағдыларын дамыту;
4) педагог қимыл-қозғалысына еліктеп, екі қолды қолдана отыра, заттармен әрекет ете алуын үйрету;
5) жануар, құстар, адамдардың қарапайым қимыл-қозғалысын ұқсастырып жасай алуға үйрету.
498. Күтілетін нәтижелер:
1) ойын әрекетін орындауға қызығушылық білдіреді;
2) ересектердің көмегімен және көрсету бойынша заттық-ойын әрекетін жүзеге асырады;
3) екі немесе үш бөліктен қарапайым тізбекке жеке заттық-ойын әрекетін біріктіреді;
4) ойын бұрышында құрбыластырымен бірге ойнай алады;
5) ойын барысында түрлі табиғи заттарды және олардың модельдерін қолданады;
6) ересектермен бірге ірі құрылыс материалдарынан түрлі құрылыстарды модельдейді;
7) жануар, құстар, адамдардың қарапайым қимыл-қозғалыстарын ұқсастырып жасай алады.
499. Ойлауды қалыптастыру:
1) балаларда заттық құралдарды практикалық әрекетте пайдалануды қалыптастыру;
2) сан алуан көрнекілік-әрекеттік міндеттерді арнайы құрылған мәселелік жағдайларда шешуге үйрету;
3) балаларда ойын және тұрмыстық жағдайларда заттың орынбасарларын пайдалану икемділіктерін қалыптастыру;
4) балаларды нәтижелік, іздеу сынамасына: мәселелік жағдайға (екеуінің біреуін) сәйкес келетін құралды қолдана білуге үйрету;
5) сөйлеу тілінің бекіту атқарымын қалыптастыру(орындалған әрекеттер туралы айту);
500. Күтілетін нәтижелер:
1) заттық құралдарды ойын және тұрмыстық жағдайларда пайдаланады;
2) мәселелік жағдайда екеудің ішінен таңдай отырып, барынша сәйкес келетін құралды қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |