3-параграф. 2- жартыжылдық
501. Ойынға үйрету:
1) сәйкес заттар мен ойыншықтарды өздеріне тән бейнесі, дыбысталуы бойынша табуды және осы ойыншықтарды ойын процесінде пайдалана білу икемділігін қалыптастыру; ойын әрекеттерінің тізбегін құруды, ойынға сюжеттік ойын элементтерін ендіре білуді қалыптастыру; балаларды ойын барысында ыи-ишыратты, сөйлеу тілінің көмегімен қатынасқа түсуге үйрету;
2) ойдағы қарапайым ойын жағдайын құра білуді, өзіне рөл алуды және ересек адамның белсенді көмегімен сол рөлге сәйкес әрекет ерте білуді қалыптастыру;
3) құрылыс жиынтығының негізгі бөліктерін атауы бойынша ерекшелей білуін қалыптастыру, өздігінен атағаны үшін қолпаштау; ересек адаммен бірге немесе еліктеу бойынша ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан әртүрлі құрылыстарды үлгілеу және олармен ойнауға үйрету; балаларды құрылыстың бұзылып қалуын дұрыс қабылдауға үйрету, оларды ойынды ары қарай жалғастыру үшін қайтадан қалыпына келтіруге деген ұмтылысын шақыру;
4) балада киім таңдауға, өзін айнадан қарауға қызығушылығын тудыру; өзін жан-жағынан қарауға үйрету; балаларды таныс ертегілер кейіпкерлеріне еліктеуге үйрету.
502. Күтілетін нәтижелер:
1) ойыншықтармен заттық әрекеттерді, процесуалді әрекеттерді, ойын әрекетінің тізбегін, еліктеу бойынша сюжет элементі бар ойынәрекеттерін орындайды;
2) ересектермен бірге ойыншықтарды тақпақ-өлеңдерге сәйкестендіреді;
3) ірі және майда құрылыс материалдарынан құрылыс моделін жасайды, кейін оны ересектің көмегімен ойын барысында қолданады;
4) меңгерген ойын тәсілдерін оқу жағдаятынан еркін ойын іс-әрекетіне ересектің көмегімен ауыстыра алады;
5) жақсы таныс ертегі кейіпкерлерінің бейнелерін еліктеп жасайды.
503. Ойлауын қалыптастыру:
1) сынама тәсілін мәселелік-практикалық міндеттерді шешудің негізгі әдісі ретінде пайдалана білуді, мәселелік жағдайда барынша сәйкес келетін құралды (үшеудің ішінен таңдау) қолдануды қалыптастыру;
2) заттар арасындағы себеп-салдарлық байланысты ерекшелеуге байланысты көрнекілік-әрекеттік тапсырмаларды шеше білуге үйрету; құбылыстың әдеттегі барысының бұзылуының жақсы көрініп тұрған себебін анықтай білуге үйрету;
3) балаларды ілмегі бар таяқшаны, акваримуға арналған торлы дорбаны, қасықты, шанышқыны құрал ретінде пайдалана отырып, сауыттың ішіндегі заттарды алуға үйрету;
4) екі көмекші құралды, сондай-ақ мақсатқа қол жеткізу үшін балаларға қарапайым құралдарды (екі қысқа таяқтан бір ұзын таяқ жасау, бір ұзын жіпті алу үшін екі қысқа жіпті байлау) жасауға тура келетін мәселелік-практикалық мәселелерді шеше білуге үйрету;
5) сөйлеу тілінің бекіту атқарымын (орындалған әрекеттердің дәйектілігі туралы айтуға үйрету) қалыптастыру.
504. Күтілетін нәтижелер:
1) мәселелік-практикалық жағдайларда заттардың орынбасарларын пайдаланады;
2) практикалық және ойын міндеттерін шешу үшін байқап көру тәсілін пайдаланады;
3) мәселелік жағдайда үшеудің ішінен таңдай отырып, барынша сәйкес келетін құралды қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |