Бағдарламасы Түсіндірме жазба


Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту



бет5/188
Дата30.05.2023
өлшемі0.84 Mb.
#474520
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   188
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша

Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту

Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту сурет салу, мүсіндеу, музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, күн сайын ойын түрінде түрлі балалар әрекеттерінде іске асырылады.


Мақсаты қоршаған ортаның әсемдігіне қызығушылықты ояту арқылы балалардың танымдық, шығармашылық, музыкалық қабілеттерін қалыптастыру.
Міндеттері:
шығармашылық әрекет түрлеріне қызығушылықтарын ояту;
балалардың байқампаздығын дамыту;
көрнекі-қимылдық ойлауды, есті, қиялды, зейінді, қабылдауды дамыту;
қоршаған орта туралы түсініктерін байыту.
Сурет салу:
1) бейнелеу өнері, сурет салу үшін қолданылатын құралдар мен материалдар туралы түсінік қалыптастыру;
2) бейнелеу тәсілдерін үйрету.
Сурет салу (1 жастан 1 жас 6 айға дейін)
Сурет салуға балалардың қызығушылығын ояту. Бояулардың ашық түстерін эмоционалды қабылдауға, қарындаштармен, фломастерлермен сурет салуға, қағаз бетін ашық түсті дақтармен, жақпалармен толтыруға, бояу жағылған саусақпен қағазға сурет салуға үйрету.
Сурет салу (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін)
Төрт негізгі түстерді (қызыл, көк, сары, жасыл) қолдануға, қағаз бетіне бейнелерді дұрыс орналастыруға ынталандыру; түрлі-түсті қарындаштармен, фломастермен, гуашпен жұмыс жасау техникасына, бояу жағылған саусақпен және алақанмен, бастырмамен сурет салуға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
түрлі-түсті қарындаштармен, фломастермен, гуашпен сурет салуға ұмтылады;
бояулардың ашық түсіне эмоционалды көңіл-күй танытады;
қағаз парағын ашық түсті дақтармен, жақпалармен ырғақты түрде толтырады;
бастырма арқылы қағаз бетіне бейнелерді басады;
суретті қызығушылықпен салады, белгілі бір бейненің пайда болғанына қуанады.
Мүсіндеу (1 жастан 1 жас 6 айға дейін)
Балалардың мүсіндеуге қызығушылығын ояту. Сазбалшықпен таныстыру. Ермексаздың, сазбалшықтың кесектерін алақан арасында домалатып, «шарлар» жасау, жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндеу.
Мүсіндеу (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін)
Балаларды жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндей білуге, өз қалауы бойынша алынған пішіндерді құрастыруды, материалдарды ұқыпты қолдана білуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
ермексазды, сазбалшықты алақан арасында домалата алады;
жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндейді;
тәрбиешінің көрсетуі бойынша алынған пішіндерді құрастыра біледі.
Музыка
Музыкаға, ән салуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылықты қалыптастыру.
Музыка (1 жастан 1 жас 6 айға дейін).
Көңілді және баяу музыкамен таныстыру.
Балаларға мазмұны бойынша жақын әндерді тыңдауды, олардың көңіл-күйін эмоционалды қабылдауды, ересектің көрсетуі бойынша сәйкес қимылдармен сүйемелдеуді, қосылып ән айтуды үйрету (айта алуына қарай).
Музыкамен жүруге, қарапайым би қимылдарын көрсетуге (аяқты топылдату, аяқтан аяққа ауысу, қол шапалақтау, сылдырмақты сылдырлату) үйрету.
Ойындарда кейіпкерлердің қимылдарын (құс, аю, қоян) көрсетуге ынталандыру.
Күтілетін нәтижелер:
музыкаға, ән салуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылық танытады;
музыканы эмоционалды қабылдайды;
музыкамен жүре алады;
ересектердің орындаған әндерін тыңдайды;
музыканың сүйемелдеуімен ойын әрекеттерін орындайды.
Музыка (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін).
Балалардың музыканы есте сақтауын дамыту, таныс музыкалық шығарманы көтеріңкі көңіл-күймен қабылдауға баулу, оны соңына дейін тыңдауға үйрету.
Музыка тыңдау
Әннің әуені мен сөздерін тыңдау, музыкалық шығарманы, көңілді және баяу сипаттағы әндерді эмоционалды қабылдау.
Ән айту
Айналадағы дыбыстарға еліктеу арқылы ән айтуға қызығушылықты ояту (мысалы: мысық мияулайды, ара ызыңдайды және т.б.). Ән айту кезінде балаларды белсенділік танытуға ынталандыру, ересектің орындауындағы әннің сөздерін бірге қосылып айту (дыбыстарға еліктеу, сөз тіркестерін қайталау).
Музыкалық ырғақты-қимылдар
Музыкамен жүру, жүгіру, заттармен қарапайым қимылдар орындау: жалаушаны жоғары көтеру, оларды желбірету, сылдырмақты сылдырлату, ересектердің көрсетуі бойынша қарапайым би қимылдарын орындау.
Қимылдарды ойын әрекеттерінде қайталау, оларды дыбыстармен және сөздермен сүйемелдеу.
Балалар музыкалық аспаптарында ойнау
Қоңырау, сылдырмақ, асатаяқ аспаптарын сылдырлатып ойнауға (қатты-ақырын сылдырлату) үйрету. Барабан және ағаш қасықтарды соғып ойнау.
Күтілетін нәтижелер:
таныс музыкалық шығарманы көтеріңкі көңіл-күймен қабылдайды, оны соңына дейін тыңдайды;
ән айтуға қызығушылық танытады;
музыкамен жүреді;
ересектердің орындаған әндерін тыңдайды;
ересекпен қосылып әннің кейбір сөздерін айтады;
балалар музыкалық аспаптарымен ойнайды;
музыкалық сүйемелдеумен ойын әрекеттерін орындайды;
жалаушаны желбіретеді, сылдырмақты сылдырлатады;
ересектердің көрсетуі бойынша қарапайым би қимылдарын орындайды;
қимылдарды дыбыстармен және сөздермен сүйемелдеп, ойындар ойнайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   188




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет