2-параграф. II-жартыжылдық
188. Көрнекі қабылдау мен зейінді дамыту:
1) объектілерді олардың сурет бейнелерімен сәйкестендіру, ұсынылған 2-3 үлгінің ішінде;
2) жұптастырылған суреттерді таңдау;
3) объектінің бүтін бейнесін толықтыру (лото);
4) заттың бөліктерін бір бүтінге қосу (2-ден 4-ке дейін): бөлінген суреттерді, пазл түріндегі кесілген суреттерді, текшелерді жинау;
5) заттармен әрекеттерді орындау (итеру, қақпақтармен жабу, жіптеу) кезінде заттардың өлшеміне және пішініне бағдарлау;
6) көлемді формаларды (текше, шар, кірпіш) көзбен ажырату, үлгі бойынша көлемді форманы таңдау;
7) геометриялық фигураларды бір-біріне қабаттастырып кою және контурын айналдырып сызу арқылы зеттеу: шеңбер, шаршы;
8) заттарды бірінің үстіне бірін қою арқылы өлшемі бойынша салыстыру, бірдей өлшемдегі екі затты табу;
9) заттың пішіндерін геометриялық формаларымен салыстыру, ара қатынасын табу;
10) 3-5 затты көлеміне қарай салыстырып, ара қатынасын табу және олардың қатынасын сөздермен белгілеу: үлкен, кіші, орташа, улкенірек, кішірек, одан да кіші, ең кіші, ең үлкен;
11) әртүрлі заттардың ұзындығын заттарды беттестіру және тұстастыру арқылы салыстыру: ұзын-қысқа;
12) 3-5 заттан тұратын сериялық қатарларды құрастыру (пирамида, матрешка, баспалдақ);
13) заттың түсінен басқа белгілеріне мән бермей, заттарды түсі бойынша тандау (қызыл, сары, көк, жасыл);
14) түсті білдіретін сөзге сәйкес заттарды тандау;
15) объектілерді бір белгіге сәйкес топтастыру: өлшеміне, пішініне, түсіне;
есту қабілеті мен зейінін дамыту:
1) белгілі бір аспаптардың дыбысына әртүрлі жауап беру дағдыларын үйрету (үшеудің ішінен таңдау: барабан, фортепиано, бубен);
2) ойыншықты дыбыс үнімен сәйкестендіру;
3) музыкалық ойыншықтар дыбысының ұзақтығы мен көлемін (қатты-тыныш, жылдам-баяу) ажырату;
4) музыкалық ойыншықтардың дыбыс ырғағын ажырату және жаңғырту;
5) тұрмыстық дыбыстар мен табиғат құбылыстарының дыбыстарын ажырата білуді үйрету;
6) таныс заттар мен құбылыстарды дыбыстық белгілеріне қарай анықтау;
7) тұрмыстық заттармен, ойыншықтармен (допты соғу, секіру) әрекет ету процесінде шығатын дыбыстар арқылы құрдасының іс-әрекетін анықтау;
тактильді-моторлы қабылдауды дамыту:
1) ауызша нұсқау бойынша таныс заттарды қолмен ұстап сипалау арқылы табу және тану;
2) объектілер мен заттарды «ылғалды» - «құрғақ» белгілері бойынша ажырату;
3) заттар мен заттардың температурасын ажырату: «ыстық» - «суық»;
4) заттардың қасиеттерін ажырату: қатты, жұмсақ, тегіс, тікенді, кедір-бұдыр;
5) өз денесінің схемасы бойынша бағдарлауға үйрету: өз денесі мен бетінің бөліктерін көрсету;
дәм сезгіштігін дамыту:
1) ыстық және салқын тағамдар туралы түсініктерін қалыптастыру;
2) ыстық және салқын сусындарды (шай, шырын) ажырату;
3) әртүрлі дәмдік сипаттамалар туралы түсініктерін қалыптастыру: «тәтті-ащы»;
4) тағамның «ащы-тәтті» дәмін анықтау;
Күтілетін нәтижелер:
таныс заттарды олардың бейнесімен салыстырады;
түстерді ажыратады, сәйкестендіреді (қызыл, сары, көк, жасыл);
заттардың көлемін ажыратады (үлкен-кіші);
сипалап қарау арқылы геометриялық пішіндерді (шар, текше, кірпіш) ажыратады;
жақын айналасының объектілерін көзбен таниды;
2 бөліктен тұратын кеспелі тақырыптық суретті құрастырады;
өз денесінің схемасында бағдарлайды;
музыкалық аспаптар дыбысының ырғағын қайталайды;
буындық құрамы әртүрлі сөздерді естіп ажыратады;
тағамды, сусындарды «ыстық-суық», «тәтті-ащы» белгілері бойынша ажыратады;
объектілер мен заттарды «ылғалды-құрғақ», «ыстық-суық» белгілері бойынша ажыратады;
заттардың «қатты, жұмсақ, тегіс, тікенді, кедір-бұдыр» қасиеттерін ажыратады.
Достарыңызбен бөлісу: |