2-параграф. II жартыжылдық
193. Көру қабылдау мен зейінді дамыту:
1) мұғалімнің ауызша нұсқауы бойынша ұсынылған бірнеше әрекеттің ішінен суретте бейнеленген нақты әрекетті таңдау;
2) заттың бөліктерін бір бүтінге қосу (2-ден 6 бөлікке дейін): кесілген суреттерді, пазл түрінде қиылған суреттерді, текшелерді жинау;
3) заттармен әрекеттерді орындау (итеру, қақпақтармен жабу, тізбектеу) кезінде заттардың өлшеміне және пішініне бағдарлау;
4) көлемді пішіндерді (куб, шар, кірпіш, призма, жұмыртқа тәрізді) көзбен ажырату, үлгі, ауызша нұсқаулар бойынша көлемді пішінді таңдау;
5) калька жасау және қабаттастыру арқылы геометриялық фигураларды зерттеу: шеңбер, шаршы, үшбұрыш, төртбұрыш, сопақ;
6) бейнеленген заттың пішінін геометриялық фигурамен салыстыру және заттарды геометриялық фигурамен сәйкестендіру;
7) бірнеше затты бір геометриялық формамен салыстырып ара қатынасын табу;
8) 3-5 затты көлемі бойынша салыстырып, олардың қатынасын сөздермен белгілеу: үлкен, кіші, орташа, одан үлкен, одан кіші, одан да кіші, ең кіші, ең үлкен;
9) ұзындықтағы, ені, биіктігі әртүрлі заттарды қабаттастырып қою және тақап кою арқылы салыстыру: ұзын-қысқа, тар-кең, биік-аласа;
10) қалыңдығы әртүрлі заттарды қабаттастырып қою және тақап кою арқылы салыстыру: жуан-жіңішке;
11) ұлғайту, кішірейту тәртібімен 4-6 заттан тұратын сериялық қатарларды белгілейді (пирамида, матрешка, баспалдақ);
12) объектінің түсін ажырату (қызыл, сары, көк, жасыл, қара, ақ, қызғылт сары); түсті білдіретін сөз арқылы объектілерді таңдау;
13) ашықтық бойынша түс реңктерінің жаңа реңктерін алу, «ашық, одан да ашық, күңгірт, одан да күңгірт» сөздерді қолдану;
14) екі белгіге бірдей назар аудара отырып, объектілерді топтастыру: пішін-түс, өлшем-пішін;
15) форманы заттың белгісі ретінде қабылдау, заттың тек формасына назар аударып, таңдау жасау (қорапқа тек дөңгелек заттарды жина);
16) түсті заттың белгісі ретінде қабылдау, заттың тек түсіне назар аударып, таңдау жасау (қорапқа тек дөңгелек заттарды жина);
17) объектілер арасындағы кеңістіктік қатынастармен практикалық түрінде танысу (жоғарыда, төменде);
есту қабілеті мен зейінін дамыту:
1) дыбысқа еліктеуші ұқсас үндерді ажырату (ку-ка-ре-ку, ку-ку, ко-ко-ко, ква-кв);
2) музыкалық ойыншықтар дыбысының ұзақтығы мен күшін ажырату;
3) буындық қатарларлардың үндеу ырғағын есту арқылы қабылдау және жаңғырту;
4) үндеу ұксас буынды есту арқылы ажырату;
5) буындық құрамы жағынан ерекшеленетін сөзді есту арқылы анықтау (мақ-бақ-тақ-банан);
тактильді-моторлы қабылдауды дамыту:
1) ересек адамның сөздік тапсырмасы бойынша ойыншықты сипалау арқылы таңдау (3 таңдау);
2) заттардың пішіні мен өлшемін сипалау кезінде оларға тән белгілерін белгілеу;
3) ауызша тапсырма бойынша сипалап арқылы қажетті өлшемді таңдау: «Үлкен допты бер, кішкентай допты бер»;
4) қатты және жұмсақ объектілер мен заттарды қабылдау және саралау: 2 шегінде таңдау жасау;
5) материалдар беттерінің әртүрлі қасиеттерімен таныстыру: (темір - суық, ағаш - жылы);
6) практикалық әрекеттерде өз денесінің схемасында бағдарлауға үйрету (Ойыншықты оң қолыңа ал);
7) объектілердің өзіне қатысты орналасуын анықтау;
8) жазықтықта бағдарлау (қағаз парағында): парақтың жоғарғы және төменгі (сол және оң) жақтарын, парақтың ортасын анықтау және көрсету.
Дәм қабылдауды дамыту:
1) тағамды температураға (ыстық, суық, жылы) қарай ажырата білуге үйрету;
2) тағамды дәмдік белгілеріне қарай «тәтті-ащы», «тәтті-қышқыл» деп ажырату;
3) тағамды «тәтті-тұзды» дәмдік белгілеріне қарай ажырату;
4) қышқыл, тәтті, тұзды дәмі бар өнімдердің дәмін анықтау;
5) ұсынылған өнімдердің арасынан тәтті, ащы, қышқыл, тұзды дәмі бар өнімдерін таңдау;
6) консистенциясы әртүрлі өнімдерді ажырату: сұйықтар, кремдер, пюре, қатты, тұтқыр;
иістердің әртүрлі топтарын ажырату: хош иісті заттар, дәрілік заттар;
Күтілетін нәтижелер:
негізгі түстерді ажыратады (қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ, қызғылт сары);
көлемді фигураларды (шар, текше, кірпіш, үшбұрышты призма, сопақша) ажыратады;
геометриялық пішіндерді ажыратады: шеңбер, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, сопақ;
берілген сенсорлық белгінің объектілерін жиынтықтан таңдайды;
3-5-тік құрама пирамиданы құрайды;
3-5 бөліктен тұратын қуыршақтарды жинайды;
4 бөліктен тұратын заттық суретті құрастырады;
сипалау арқылы заттардың көлемдік формалары мен өлшемдерін ажыратады;
сипалау арқылы қатты және жұмсақ заттарды ажыратады;
объектілердің өзіне қатысты орналасуын анықтайды;
жазықтықта (қағаз парағында) бағдарлай алады.
дыбысталуы ұқсас буындарды ажыратады;
музыкалық аспаптардың қатты және ақырын шығатын дыбыстарын ажыратады;
тағамды температураға (ыстық, суық, жылы) қарай ажыратады;
тағамның «тәтті-ащы-қышқыл-тұзды» дәмін анықтайды;
консистенциясы әртүрлі өнімдерді ажыратады;
тұрмыстық иістерді ажыратады.
Достарыңызбен бөлісу: |