3-тарау. Ересек топ (4 жастан бастап)
189. Арнайы түзету қызметінің базалық мазмұны сенсорика ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады.
190. Мақсаты - ойын және өнімді қызметте объектілердің қасиеттері мен сапаларын қабылдауға жағдай жасау; әртүрлі заттар арасындағы ара қатынасын табуға, сәйкестікті орнатуға, салыстыруға үйрету; сенсорлық эталондар жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру; балаларды заттар мен материалдардың қасиеттерін, жасаған зерттеу әрекеттерін сөзбен белгілеуге ынталандыру; объектілерді зерттеу процесіне, заттармен ойындарға оң көзқарас пен қызығушылықты қалыптастыру.
191. Міндеттері:
балалардың әртүрлі заттармен практикалық әрекеттерін орындауын ұйымдастыруды жалғастыру;
бағдарлаудың ізденіс әдістерін қалыптастыру: тәжірибелік немесе ойын есептерін шешу кезінде сынау, сынау;
балалардың әртүрлі заттармен практикалық іс-әрекеттер тәжірибесін жинақтауына жағдай жасау;
заттармен белсенді іс-әрекеттер негізінде қабылдауды (көру, есту, тактильді-қозғалыс, дәм) дамыту;
әлеуметтік-қоғамдық тәжірибені игеру тәсілдерін (еліктеу, көзбен салыстырып сәйкестендіру, үлгі арқылы әрекеттер) қалыптастыру;
бағдарлаудың практикалық тәсілдерін қалыптастыру: сынау, шарлау, көзбен өлшеу;
берілген белгіге сәйкес заттарды тануды, ажыратуды, топтастыруды үйрету;
заттың тұтас бейнесін қалыптастыру;
заттардың пішіні, өлшемі, түсі туралы түсініктерін қалыптастыру;
жеке заттарды жалпы фоннан ажыратып, қабылдауға үйрету;
балаларды заттар мен материалдардың қасиеттерін, жасаған зерттеу әрекеттерін сөзбен белгілеуге ынталандыру.
1-параграф. I-жартыжылдық
192. Көру қабылдау мен зейінді дамыту:
1) педагогтың ауызша нұсқауы бойынша ұсынылған бірнеше әрекеттің ішінен суретте бейнеленген нақты әрекетті таңдау;
2) жұптастырылған суреттерді таңдау;
3) жетіспейтін бөліктерді таңдай отырып, объектінің тұтас бейнесін құру (3-4 элемент);
4) заттың бөліктерін бір бүтінге қосу (2-ден 5-ке дейін): кеспелі суреттерді, пазл түріндегі қиылған суреттерді, текшелерді жинау;
5) заттармен әрекеттерді орындау (итеру, қақпақтармен жабу, жіптеу) кезінде заттардың өлшеміне және пішініне бағдарлау;
6) көлемді пішіндерді (текше, шар, кірпіш, үшбұрышты призма) көзбен ажырату, үлгі бойынша көлемді пішінді таңдау;
7) геометриялық фигураларды айналдыра сызу және қабаттастыру арқылы зеттеу: шеңбер, шаршы, үшбұрыш, төртбұрыш;
8) заттың пішіндерін геометриялық фигуралармен салыстыру;
9) 3-5 затты көлеміне қарай салыстырып, олардың қатынасын сөздермен белгілеу: үлкен, кіші, орташа, одан үлкен, одан кіші, одан да кіші, ең кіші, ең үлкен;
10) жазық және көлемдік объектілер арасындағы өлшемдік қатынастарды орнату;
11) ұзындықтағы, ені әртүрлі заттарды қабаттастырып қою және тақап кою арқылы салыстыру: ұзын-қысқа, тар-кең;
12) геометриялық фигуралардың түсі мен пішінін ескере отырып, жазықтықта өзара орналасуын жаңғырту (өрнек салу);
13) объектілерді көзбен салыстырып ішінен көлемі бойынша бірдей объектілерді таңдау;
14) 3-5 заттан тұратын сериялық қатарларды (пирамида, матрешка, баспалдақ) құрастыру;
15) үлгі, ауызша нұсқау бойынша таңдау арқылы заттардың негізгі түстерін (қызыл, сары, көк, жасыл, қара, ақ) ажырата білуді бекіту;
16) түрлі түсті реңктерді ашықтығы бойынша ажыратуда сөздерді қолдану: ашық, күңгірт;
17) затттардың түсін ажырату, түсті білдіретін сөзге сәйкес заттарды таңдау;
18) екі белгіге бірдей назар аудара отырып, объектілерді топтастыру: пішіні - түсі, өлшемі - пішіні;
Есту қабылдауы мен зейінін дамыту:
1) үш музыкалық аспаптың (барабан, металлофон, құбыр) үндерінің өзгеруіне белгілі бір әрекет арқылы реакция көрсетіп, дыбысын ажырата білу дағдыларын үйрету;
2) 2-3 музыкалық аспаптың дыбысталу ретін анықтау;
3) музыкалық ойыншықтар дыбысының ұзақтылығы мен күшін ажырату;
4) музыкалық ойыншықтардың, буындар қатарлардың дыбыс ырғағын, ажырату;
5) буындық құрылымы әртүрлі сөздерді тыңдап, суреттеріне негізделіп ажырату (мысық – көлік – түйе баласы);
тактильді-моторлы қабылдауды дамыту:
1) ересек адамның сөздік тапсырмасы бойынша ойыншықты сипалап қарау арқылы таңдау (3 -тен таңдау);
2) көлемді пішіндерді (шар, текше, кірпіш, үшбұрышты призма) және заттардың көлемін (кіші, үлкен, өте үлкен) сипалау арқылы қабылдау;
3) объектілерді саусақтармен сипалау кезінде оларға тән белгілерін анықтау;
4) 2 заттың ішіндегі қатты және жұмсақ заттарды қабылдау және саралау (мақта, металл, ағаш, пластилин);
5) өз денесінің схемасы бойынша бағдарлауға үйрету: дене және бет бөліктерін өзінде, қуыршаққа көрсету;
Дәм қабылдауды дамыту:
1) тағамды температураға қарай ажырата білуге үйрету (ыстық, суық, жылы);
2) «тәтті-ащы», «тәтті-қышқыл» әртүрлі дәмдік сипаттамалар туралы түсініктерін қалыптастыру;
3) қышқыл дәмі бар өнімдермен (лимон, қара өрік) танысу;
4) тағамның «ащы-тәтті», «тәтті-қышқыл» дәмін анықтау;
5) жағымды және жағымсыз иістерді ажырату;
Күтілетін нәтижелер:
негізгі түстерді (қызыл, сары, жасыл, көк) ажыратады, сәйкестендіреді;
көлемді фигураларды (шар, текше, кірпіш, үшбұрышты призма) ажыратады;
берілген сенсорлық белгі сай келетін объектілерін жиынтықтан таңдап шығарады;
3-5 бөлшегі бар құрама пирамиданы құрайды;
4 бөліктен тұратын тақырыптық суретті құрастырып жинайды;
геометриялық фигуралар (шар, текше, кірпіш, үшбұрышты призма) және заттардың өлшемін (кіші, үлкен, өте үлкен) сипалау арқылы ажыратады;
өз денесінің схемасында бағдарлайды;
сипалау арқылы қатты және жұмсақ заттарды ажыратады;
2-3 музыкалық аспаптың дыбысталу ретін анықтайды;
музыкалық аспаптар дыбысының ырғағын қайталайды;
музыкалық аспаптардың қатты және ақырын шығатын дыбыстарын ажыратады.
Достарыңызбен бөлісу: |