Төлемдік қатынастар мен несиелік саясат сферасында займдар
экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша есептеу
мөлшерлемелері мен проценттерінің деңгейлері реттеледі.
Көптеген мемлекеттерде сыртқы экономикалық саясат құралдарының кең
ауқымды жиынтығының болуы - өздерінің сыртқы экономикалық
байланысының құрылымымен даму бағыттарын құруға ғана емес, сонымен
бірге басқа елдермен сыртқы экономикалық
байланысы мен сыртқы
экономикалық саясатына да белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді.
Сыртқы экономикалық саясат құралдарының бұл жиынтығын саудалық саяси
механизм ретінде қарастыруға болады.
3)Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы өзара
бағыныштылық және өзара араласу процесінің күшейген кезеңінде жүріп
жатыр. ҚР-ның геосаяси орны, жалпы шекарасы, басқа аймақтармен байланыс
жасайтын көлік қатынасы, сондай-ақ бай табиғи ресурс қуаты өндірістік
өнеркәсіпті кооперацялауға, біріккен кәсіпорындар ұйымдастыруға,
агроөнеркәсіптік кешендердің қызметінің дамуына алғы шарттар жасайды.
Айта
кететін жәйт, жаңа жағдайда бұрынғы одақ мемлекеттерінің
арақатынасындағы стиль де өзгереді. Қазақстан ТМД елдері мен сауда-
экономикалық байланыстарында дүние жүзінде белгіленген сауда-құқық
негіздеріне, сауда және тариф жөніндегі бас ассосация ұйымының
принциптеріне сүйенеді. Саудадағы әртүрлі лицензия түрінде квота, баж
салығы, т.б. кедергілерден құтылуға алғашқы қадамдар жасауда.
Қазіргі кезде жалпы экономикалық бірігудің әртүрлі жолдары бар екені
белгілі болды: ТМД елдерімен екі жақты келісімдер негізінде,
көпжақты
келісімдерді тереңдету, аймақтық интеграциялық бағдарламаларды іске қосу:
Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан. Сыртқы сауданы либерализациялау және
оның еркін іс-әрекетіне жағдай жасау сыртқы сауда айналымының дамуына
ықпал етеді. Шетел мемлекеттерімен сыртқы сауда саясатын іске қосу
құралдарына мемлекетаралық
комиссиялар жатады, олар екі жақты
байланыстардың дамуы мен ұйымдастыру жұмыстарын, сондай-ақ
ынтымақтастық көлемінде туындаған кезек күттірмейтін мәселелерді.
Сыртқы экономикалық қызметті әрі қарай либерализациялау Қазақстан
экономикасына шетел инвесторының қатысуы,
Қазақстанның интеграциялық
мүддесі және тағы басқалар кедеңдік саясат құралы мен кеден мақсаттарын
сақтай отырып, кеден ісінің элементтерін унификациялауды, жетілдіруді қажет
етеді. Мемлекеттік жоғарғы билік органдарының кеден саясаты мен сыртқы
экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу саласында дұрыс шешім қабылдауы
үшін оның макроэкономикалық жағдайларын зерттеудің, сыртқы сауда
динамикасына, құрылымына, деңгейіне негізделген нақты талдаудың маңызы
зор. Кеден статистикасын құруға кіретін мемлекеттерге тауарларды
декларантпен рәсімдеуде толтырылған кеден декларациясындағы жүк жөнінде
белгіленген ақпарат жатады.
Халықаралық экономикалық қатынастың дәстүрлі және ең кең дамыған
нысанына – сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін
сыртқы сауданың ролі ерекше маңызды.
Американ ғалымы Дис Сакстың
пікірінше: «қандай бір ел болмасын, оның экономикалық жетістігі сыртқы
саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланың, ешқандай ел
дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ».
Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізіңде әр түрлі елдердің тауар
өңдірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың
өзара экономикалық тәуелділігі. Ғылыми-техникалық
прогрестің ықпалын
экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өңдірісінің
мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым -
қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына
мүмкіндіктер туғызады.
Сыртқы саудада «фритретерствоны», еркін сауда немесе
«протекционизмді», өз тауар өңдірушілерін
қолдау талдап алудағы
ымырасыздық өткен уақыттардың еншісінде қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт
өзара кірігіп, араласып кетті. «Фритретерство» саясатың ең алғаш А. Смит
өзінің «Салыстырмалы артылықшылықтар теориясында» анықтаған. Ол:
«айырбас қандай елге болса да қолайлы; әрбір ел одан абсолютті
артықшылықтар табады» - деп жазған.
Соңғы онжылдықтарға сыртқы сауда динамикасының әркелкілігі біліне
бастады. Бұл дүниежүзілік нарыққа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда –
экономикалық қатынастарына әсерін тигізеді. АҚШ дүниежүзілік нарықтағы
басымдығынан айырыла бастады. Өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы
халықаралық
еңбек бөлінісінің тереңдеуі, олардың өзара қарым-
қатынастарын ұлғайтып, дамушы елдердің үлестерін азайтады.
Достарыңызбен бөлісу: