Бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы Нысан пму ұСН


Тақырып 2 Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының



Pdf көрінісі
бет6/27
Дата10.01.2023
өлшемі395.99 Kb.
#468299
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Тақырып 2 Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының
қалыптастырылуы және жүзеге асырылуы
Жоспар
1) Мемлекеттік сыртқы экономикалық саясаттың мәні және механизмдері
2) Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі принциптері.
3) Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің тікелей және
жанама әдістері
1) Сыртқы экономикалық саясат (СЭС) — бұл сыртқы экономикалық
байланыстарды (СЭБ) реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралық еңбек
бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының
нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеттері.
Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі құраушыларына жататындар:
• сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат
кіреді);
• шетел инвестицияларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал
салымдарын реттеу саласындағы саясат;
• валюталық саясат.
Сонымен бірге, сыртқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен,
аймақтармен сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық


теңестірілуі міндеттерін де шешеді. Бұл елдің экономикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз етумен байланысты жүргізіледі.
Сыртқы экономикалық саясат — сыртқы экономикалық қызметті де
реттейді. Оның айрықша белгілеріне мыналар жатады:
• тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда-саттығы;
• материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың
халықаралық қозғалысы.
Көптеген мемлекеттерде сыртқы экономикалық саясат құралдарының кең
ауқымды жиынтығының болуы — өздерінің сыртқы экономикалық
байланысының құрылымы мен даму бағыттарын құруға ғана емес, сонымен
бірге басқа елдермен сыртқы экономикалық байланысы мен сыртқы
экономикалық саясатын да белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді.
Сыртқы экономикалық саясат құралдарының бұл жиынтығын саудалық саяси
механизм ретінде қарастыруға болады.
2) Тиімді сыртқы экономикалық саясатты кұру үшін оның негізгі
принциптерін нақты түрде анықтап алу керек. Сыртқы экономикалық
саясаттағы негізгі орын — сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың
іс-әрекеттерін экономикалық-құқықтық реттеуге берілген, оның себебі — бұл
реттеу жалпы ұлттық мүдделерге жауап беруі тиіс.
Енді сол төрт принципті жеке-жеке атап өтейік:
1) мемлекеттік қайта өзгерту (жаңарту) қызметі. Бұл қызмет салалар мен
аймақтардың даму саясатын қалыптастырады. Осы саясатқа сәйкес елдің
сыртқы экономикалық саясаты кедендік құралдар мен шетел инвестициялары
үшін арнайы тәртіптерді қалыптастырады;
2) ұлттық фирмалардың сыртқы экономикалық саясатының, бір реттік
сыртқы экономикалық байланыстардан сыртқы нарықтарын кеңейту
мақсатында, жалпы шаруашылық қызметі тұрақты бөлігі ретіндегі, сыртқы
экономикалық саясатқа бағытталуы нәтижесіндегі өзгерісі;
1) үкімет тармақтары, ведомстволары сонымен бірге республика және
оның субъектілері арасында сыртқы экономикалық саясатты да жүзеге асыру
қызметтерін айқын түрде бөлу;
4) сыртқы экономикалық саясат — кез келген мемлекеттің сыртқы
саясатының құрамдас бөлігі.
Егер дипломатия соғысқа қызмет етпесе, онда саудаға қызмет етеді,
сондықтан әлемдік нарықта ел экспортерлары үшін қолайлы жағдайлар жасау –
елдің сыртқы саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі болуы тиіс.
Сыртқы экономикалық саясат — сыртқы экономикалық қызметтің бүкіл
жиынтығын, яғни тауарлар мен қызметтердің материалдық, еңбек, ақшалай
және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысын реттейді. Ал
сыртқы экономикалық саясаттың құрамдас бөліктеріне: сыртқы сауда саясаты,
өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы саясат,
несиелік саясат, шетел швестициялары саласындағы саясат, технологиялармен
айырбас жасау саласындағы саясат, жұмыс күші миграциясы саласындағы
саясат және тағы басқалар жатады.


Сыртқы сауда саласындағы саясатты жүзеге асыру құралдарына: кедендік
тарифтер, шеттен әкелу және шетке шығаруды реттеудің бейтарифтік
шаралары, саудалық эмбарго, кедендік одақтар және еркін сауда аймағы;
валюталық қатынастар саласына: валюталарды сатып алу-сату операциялары,
коммерциялық және басқа мақсаттардағы валюталық операцияларға шектеулік
белгілеу жатады. Төлемдік қатынастармен несиелік саясат сферасында займдар
(қарыз) экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша
есептеу мөлшерлемелері мен процентерінің деңгейлері реттеледі.
Шетел инвестициялары саласындағы саясатты жүзеге асыру
формаларына жататындар: шетелдік капиталдарды енгізуге рұқсат беру шарасы,
экономиканың бір салаларына шетелдік инвестициялардың енгізілуіне тыйым
салу және шектеу, ал кейбір салаларына қолайлы жағдай жасау, жергілікті
компаниялардағы шетелдік қатысудың үлесін шектеу және т.б.
Технологияларды айырбастау және жұмыс күші миграциясы саласындағы
құралдар: белгілі бір елдерге технологиялардың белгілі бір түрін экспорттауға
тыйым салу немесе шектеу, шетелдік жұмысшы үшін импорттауға шек қою.
Бұл шарттардың барлығы дерлік халықаралық келісім-шарттар мен
келісімдерде бекітіледі.
Сыртқы экономикалық саясат құралдарының қазіргі кезде кең арналы
мемлекеттерге өзінің сыртқы экономикалық байланыстарының құрылымы мен
бағыттарының қалыптасуына, сонымен бірге басқа елдердің сыртқы саясаты
мен экономикасын белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді. Өзіміз 
білетіндей, кез келген мемлекеттің қызмет ету ұлттық және мемлекеттік 
мүдде категорияларына сүйенеді. Бірақ та, кез келген қоғамда оның
элитасының негізгі сегменттері, белгілі бір ұлыстары өз мүдделерінің терең
мәнін әр түрі қөзқарастарда түсінеді. Бұл түсініктің мазмұндылығы – ұзақ
мерзімдік мақсатта жүйесімен түсіндіріледі. Оларды үкімет өзінің ішкі
және сыртқы саясаттарында жүзеге асыруға ұмтылады.
Әр түрлі мемлекеттердің сыртқы экономикалық саясат векторларының
тоғысуы кезінде мүдделерді түсінуі үшін біз халықаралық құқық нормаларын
қолдануға мәжбүр боламыз, өйткені соңғы оншақты жылдар ішінде бұл
нормалар статусына жалпы адамзаттық құндылықтар кірді. Бірақ ұлттық
деңгейде біркелкі емес мемлекеттерде мұндай заңдылықтың түсіндірілуі
жеткіліксіз болып есептеледі.
Егер «ұлттық» және «мүдде» деген терминдерге терең талдау жасалса,
онда ұлттық мүдде деген түсініктің белгілі бір дәрежеде шартты сипатта
екендігі анықталады. Бірақ осы категориямен қазіргі таңда міндеттердің
басымдылығы анықталады. Ол міндеттерді елдің ішкі немесе сыртқы
саясаттарында шешу қажет. Бұл түсінікке деген көп векторлық көзқарас оның
субъективті де, объективті де мазмұндылығын қарастыруға мүмкіндік береді.
Аман қалу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әлеуметтік орталықты қажет ету —
абстрактылы нәрсе емес, ол тарихи және құрылымдық мағынасы бар нақты
сапалы жағдай.
Қазақстан басқа көптеген мемлекеттер сияқты өз алдына белгілі бір
мақсаттарды алға қоюға қабілетті. Белгілі бір тарихи кезеңдерде мақсаттардың


сипаты өзгеріп отырады. Сөзсіз түрде, ол мемлекет ретінде мақсаттарды алға
қоюға және оларды жүзеге асыруға қабілетті болуы тиіс.
Осы көзқарас тұрғысынан алғанда, осындай қабілеттілік белгілі бір
бағыт-бағдар ретінде қарастырылады, яғни ол мемлекеттік саясатқа «ұлттық
мүдде» сипатын береді. «Ұлттық мүдде» ең алдымен мемлекеттік мүддені
айқындайды, ұлттық ресурстарды ұлғайту, ұлттық қауіпсіздік қатеріне қарсы
әрекет ету сияқты мемлекет қажеттілігі ретінде анықталады. Мемлекеттік мүдде
көп қырлы түсінік және де геосаясат көзқарасын қолдану жағдайларында оның
бірқатар құраушылары «ұлттық мүдде» түріне айналады. Оны өлшеу үшін екі
әдіс қажет: құндылық және ұтымдылық. Кез-келген мемлекеттің қоғамы –
мемлекеттік саясаттың территориялық бағыттылығын мойындауда ортақ,
біртұтас. Қазақстан мен Ресей экономикаларының тығыз байланысуы Ресейдің
империялық мүддесін айқын көрсетеді.
Қазіргі кездегі дүниеде «ұлттық мүдде» саясаты бір түрі рөлдерді
атқарады, олардың бірқатары жабық түрде айқындалады. Атап айтқанда, шетел
баспасөзі НАТО-ны Шығысқа қарай кеңейту шараларын, бір жағынан, текті
өкілеттілік ретінде, яғни Еуропаға бейбітшілікті нығайтатын өкілетілігі ретінде,
екінші жағынан – Шығыс Еуропаға әскери саяси және экономикалық бақылау
қою ретінде түсіндіреді.
Кез келген елдің ұлттық мүддесі әр түрлі елдердің ұлттық мүдделері
ықпалымен шектеледі. Ол халықтардың ұйымдасқан мүдделерге қол жеткізуі
үшін мемлекеттердің күш-әрекеттер біріктіруге ұмтылуынан көрінеді. Демек,
республиканың халықаралық арнаға табысты түрі енуіне сәйкес, оның әлемдік
шаруашылық жүйесіндегі орны анықталады.
Бұл кезде ұлттық мүдделердің сәйкес түрде жүзеге асуына ұлттық рухани
және мәдени құндылықтармен қатар әлеуметті экономикалық және саяси
фактор құрушыларының жүйеле де ықпал етеді. Әлемнің саяси картасында,
әсіресе ТМД кеңістігінде Ресей Федерациясының ұлттық мүдделері айқын
формада белгіленген. Ол өзінің ұзақ мерзімдік мақсаттарын қоғамдық
қатынастардың гуманистік сипатымен қатар, әлемнің ірі және дамыған
державасы ретіндегі Ресейді құруға ұмтылады.
Сонымен бірге, орташа мерзімдік мақсаттар да нақты түр; белгіленген,
олардың құрамына мыналар кіреді: ТМД шеңберіндегі тұрақты өзара
байланыстар, жалпы еуропалық қауіпсіздікті сақтау, сонымен бірге белгілі бір
жергілікті аймақта сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруда ресейлік
кәсіпорындарға жағдайлар жасау.
Осы айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады яғни сыртқы
экономикалық саясат белгілі бір міндеттер жүзеге асырудың формаларын,
әдістерін негіздеуді, сонымен бірге оны жүзеге асыру үшін белгілі бір
технологиялар қолдануды талап етеді. 
Дегенмен осы елдердің сыртқы экономикалық саясатының принциптері
белгілі бір дәрежеде ұқсас болып келеді. Олар төмендегілерден тұрады:
• ұлттық мүдделердің басылымдылығынан;
• негізгі және жергілікті сыртқы саяси мүдделерден;
• екінші реттегі мүдделер мен олардың сәйкестілігінен;


• қауіпсіздіктің ұжымдық жүйелеріне қатысты кейбір жағдайларда ұлттық
мүдделер шебінен;
• ғаламдық мәселелерді бірлесе шешуге ұмтылуынан;
• ХЭҚ (халықаралық-экономикалық қатынастар) субъектілерінің шынайы
теңдігінен;
• дамудың белгілі бір жолын таңдағандағы ел кұқығын құрметтеуінен;
• халықаралық келіспеушіліктерді шешуде ымыраға келуден;
• сыртқы экономикалық стратегияны жүзеге асырудағы жүйелілік
Техникалық революцияның жаңа толқыны кейбір елдерді айналып өтті
яғни өз дамуында алдыңғы қатарлы елдерден артта қалып бара жатқан осы
елдердің мүдделері мынада-қоғамдық қатынастарды жетілдіру негізінде еңбекті
ұйымдастыру әдістерінің жетілдіру қажеттілігі.
3) Сыртқы экономикалық қызмет мақсаттарына жету және реттеу
мәселелерін шешу үшін қазіргі мемлекеттердің қолында әртүрлі әдістер мен
едәуір мүмкіңдіктер бар. Өзінің мазмұны бойынша Сыртқы экономикалық
қатынастарды мемлекеттік реттеу әдістері мемлекеттік органдар мен
институттар ұлттық мүдделерге сай қолданатын құралдар мен тәсілдер
жиынтығынан тұрады. Мемлекеттің реттегіш және нұсқаулық әсері заңдарды
және басқа да мемлекеттік актілерді қабылдау, үкіметтің қаулылары мен
шешімдері арқылы жүзеге асады.
Үкімет реттейтін басты объект ретіндегі халықаралық саудаға қатысты
кедендік тариф, салықтар, шектеу шарттары, мемлекетаралық келісімдер мен
үнқатысулар, экспорт пен импортты ынталандыру бойынша шаралар сияқты
құралдар мен амалдар қолданылады. Тарихтан үкіметтің Сыртқы экономикалық
саясатының негізгі екі бағыты белгілі. Олар: протекционизм, яғни қамқорлық
және фритрейдерлік еркін сауда болып табылады.
Протекционизм саясаты отандық өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын ішкі
рыноктағы шетелдік бәсекеден қорғауға бағытталған. Протекционизм үшін
жоғары кедендік тарифтер, импортты шектеу, отандық рынокқа шетелдік
компаниялардың кірігуін бәсеңсіту, өзіміздің тауар өндірушілер үшін шетелдік
бәсекені жұмсарту әрекеттері тән.
Фритрейдерлік - бұл еркін сауда саясаты. Бұл жағдайда кедендік органдар
тек қана тіркеу функцияларын атқарады да, экспорттық немесе импорттық
баждар алынбайды, сыртқы сауда айналымына қандай да болмасын шектеулер
қойылмайды. Еркін сауда қағидасы XIX ғасырдағы Англияның ресми
экономикалық саясаты болды және оның негізін Д. Рикардоның салыстырмалы
шығыңдар теориясы құрады. Мұндай саясатты тиімділігі жоғары ұлттық
экономикасы бар елдер ғана жүргізе алады. Тиімді отандық экономика ғана
шетелдік бәсекеге төтеп бере алады және әлемдік рынокқа белсеңді түрде
кірігеді.
Нақты тәжірибеде Сыртқы экономикалық қызметті реттеуде мемлекет екі
бағытты үйлестіре қолданып, қай-қайсысына басымдықты ел экономикасы
жағдайына сәйкес, оның бәсекелік мүмкіндіктерін ескере отырып, ішкі және
сыртқы рыноктардағы бағалар арақатынасын сараптау негізінде береді.


Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу үдерісінде
мемлекеттер реттеудің формалды, кейбір жағдайларда формалды емес
институттарына сүйенеді. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің құқықтық
институттары ретінде мемлекет халықаралық және елішілік ережелерді,
үнқатысуларды, нормаларды, кодекстерді, заңдарды және басқа да құқықтық
актілерді пайдаланады.
Меншік институттар қызметін мемлекет мүлікті сату, сатып алу үдерісінің
басқа мемлекеттермен байланыс кезінде ұлттық байлық элементтерін
шетелдіктерге жалға, концессияға бергенде немесе шетелдік мүлікті жалға,
лизингке, құрал-жабдықтардың төлемін төлеу мерзімін ұзартып сатып алу
алғанда пайдаланады.
Мемлекет басқа елдермен экономикалық қатынастарда халықаралық және
ұлттық банктер, ақша және бағалы қағаздар рыногы, әлемдік бағалар сияқты
қаржылық және қаржы-кредиттік институттарды пайдаланады.
Сыртқы экономикалық қатынастарды мемлекеттік реттеуде келісімдер,
сауда келісімшарттары түріндегі үнқатысулардың мол жиынтығы едәуір рөл
аткарады. Сыртқы экономикалық қызметін реттеу құралдары кешені де
бірқатар. Олардың ішінде бірінші кезекте мемлекет енгізетін тарифтік және
бейтарифтік шектеулерді атау қажет.
Кедендік тариф - елге әкелінетін және елден әкетілетін кейбір тауарларға
үкімет салатын баждар тізімі. Кедендік тарифтер арқылы мемлекет тауарлардың
әкелінуі мен әкетілуін оңайлатып немесе қиындатып экспорт пен импортқа әсер
етеді.
Кедендік баждар - мемлекет шекарасы арқылы тауарларды, мүліктерді,
құндылықтарды өткізгені үшін алынатын салықтар. Алыну объектісі бойынша
экспорттық, импорттық және транзиттік ел аумағы арқылы тасымал баждарды
ажыратады. Алу әдісі бойынша олар адвалорлық тауар бағасынан, арнайы
салмағынан, көлемінен, тауар санынан және аралас болып бөлінеді.
Баждар тауар бағасын арттырады, сөйтіп тауар жеткізілетін рыноктағы
оның бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Егер мемлекет басқа елдің тауары
бәсекелік күресте отандық ұқсас тауарды тықсырмасын десе ондай тауарды
елге әкелу баждарын жоғарылатады. Бұл жағдайда баждар ішкі рынокты
импорттық тауарлардан қорғаушы сипатында болады. Баждар табыс алу
мақсатымен де енгізілуі мүмкін. Фискальдық баждар табыс алу арқылы
бюджетті толықтыру үшін әрекет етеді.
Сандық немесе бейтарифтік деп аталатын шектеулер мемлекет
тағайындайтын әкелуге немесе әкетуге рұқсат берілген тауарлардың саны мен
номенклатурасыи, атаулар тізімін анықтайтын тікелей әкімшілік нормалар
болып табылады. Тауарлардың түрлері мен санынан басқа кейбір жағдайларда
бұл тауарлар әкелінетін елдердің де шеңберін тарылтады. Сандық шектеулер
сауда дисбалансын болдырмау немесе басқа елдердің дискриминациялық
әрекетіне жауап шаралар ретінде де қолданылады. Сандық шектеулер түрлеріне
контингенттеу және квоталау жатады. Контингенттеу - экспорт пен импортты
белгілі бір көлемде немесе сомада, контингентте қабылданған уақыт мерзіміне


шектеуді білдіреді. Квоталау - бұл тауарлардың белгілі бір атауларының
экспорты немесе импортының санын, яғни квотасын шектеу.
Лицензиялау жолымен мемлекеттік билік лицензиясыз еркін әкелу мен
әкетуге тыйым салады. Лицензия тауардың белгілі бір санына беріледі және ол
лицензияда көрсетілген кезең ішінде ғана жарамды. Әдетте, экспорт пен
импортқа лицензиялар кәсіпорындарға, фирмаларға арнайы өкілеттігі бар
мемлекеттік органдармен беріледі.
Тауарларды басқа елдердің рыноктарында ішкі рынокпен салыстырғанда
төмендеу бағаға сату демпинг деп аталады. Мұндай жағдайда тауарлар көбінесе
өндіріс шығындарынан төмен бағаға өткізіледі. Демпингті пайдалану арқылы
экспорттаушылар рынокқа еніп, сатылым көлемін көбейтіп, бәсекелестерді
рыноктан ығыстыруға тырысады. Бұл құбылыспен күресу үшін көптеген
елдерде антидемпингтік заңнамалар талдап жасалған. Демпингтік бағалар
жағдайында импорттаушы ел нақты тауарға әдеттегі баждан бөлек
антидемпингтік салық салу арқылы бағалар айырмашылығын азайтады немесе
жояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет