Практикалық жұмыстар Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің «Химия» мамандығының 3-курс студендеттеріне өткізілді. Оқыту кезінде біз арнайы бағдарламалық өнімдерді пайдаландық, мысалы, GaussView 6, Gaussian 09, PASS онлайн. Таңдап алынған бағдарламалар органикалық қосылыстардың құрылымдық формулаларын қоса алғанда, кез келген күрделі молекулалық құрылымдардың екі өлшемді кескіндерін жасауға мүмкіндік береді және студенттердің оқу материалын түсінудің дәрежесін айтарлықтай жеңілдетеді.
Бұл электрондық оқу модульдері абстракциялық материалды меңгеруде үлкен мүмкіндіктер береді, өйткені студенттер абстракцияның графикалық көрінісін көре алады. Зерттеушілік типті электрондық оқыту модульдерін пайдалану мұғалімге қажет болған жағдайда сабақ барысында күрделі материалды бірнеше рет қайталауға мүмкіндік береді, ал дәстүрлі оқыту жүйесінде бұл қиын немесе көбінесе мүмкін емес.
Органикалық химия пәніндегі «Гетероциклді қосылыстар» тақырыбы аясында студенттерді оқыту кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану нәтижелерін көрсетеміз. Бұл курсты оқу әр түрлі пәндерді түсінумен, ең алдымен бейорганикалық, физикалық, коллоидтық химия, биохимия саласындағы білімді қажет етеді.
Студенттермен жұмыс төрт кезеңді қамтыды:
Бірінші кезеңде студенттерге органикалық химияны оқуда, түсінуде қандай қинышлықтарға тап болатынын анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнама 10 сұрақтан тұрды. 5 студент толығымен қатысты.
Екінші кезеңде біз оқытуда қолданылатын GaussView 6 және Gaussian 09 бағдарламаларының әдіснамалық негіздерімен және қолдану мүмкіндіктерімен студенттерді таныстырдық.
Үшінші кезеңде «Гетероциклді қосылыстар» тақырыбын игеру барысында практикалық жұмыстарды GaussView 6, Gaussian 09, Pass онлайн бағдарламаларын қолдана отырып, берілген қосылыстарға зерттеулер жүргізілді, қорытындыларын кестеге толтырып, студенттер жеке жұмыстарын қорғап шықты.
Рефлексия кезеңінде студенттерге қорытынды сауалнама берілді. Сауалнаманы жүргізудің басты мақсаты – студенттер үшін берілген GaussView 6, Gaussian 09 бағдарламаларының оқу үдерісінде тиімділігін, ақпаратты түсінуде қаншалықты дәрежеде көмектескенін білу. Студенттермен екі сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға барлығы 5 студент қатысты.
Бірінші сауалнаманың нәтиежелерінің қорытындыласақ, бақылаулар студенттердің органикалық химиямен зерттелетін объектілер туралы толық түсінік қалыптаспайтындығын көрсетті. Студенттер гетероциклді қосылыстардың молекулалық құрылысын құруға және олардың құрылымы мен құрылымының ерекшеліктерін, сонымен қатар әр қосылыстың мәнін түсіну және есте сақтау қиынға соғады. Органикалық химия және онымен байланысты пәндердің арасындағы пәнаралықты білмеуі (бейорганикалық, физикалық химия және коллоидтық химия). Студенттер қысқа мерзімде (1 жылдық оқу) көптеген күрделі фактологиялық материалдарды есте сақтай алмайды, бұл олардың органикалық химияны оқуға деген қызығушылығының төмендеуіне әкеледі, ойлауды дамытуға ықпал етпейді.
2019-2021 жылдардағы «Органикалық химия» оқу пәні бойынша емтихандар нәтижелерін талдау осы пән бойынша студенттердің білім сапасы әр жылдары 41,7-ден 58,3% - ға дейін ауытқып, бірақ көп жағдайда төмен болғанын көрсетті. Кейбір жағдайларда оқу үлгерімі 100%-ден аз дәрежеде екенін байқауға болады.
Сауалнама нәтижелері студенттердің органикалық химия сияқты күрделі пәнді оқуда қиындықтар туындағанын көрсетеді. Олардың пікірінше, бұл материалдың үлкен ақпараттылығымен; ашық қолжетімділікте және университеттің ғылыми кітапханасында осы пәннің барлық аспектілерін толық көрсететін арнайы әдебиет көздерінің жеткіліксіздігімен; Органикалық химия бойынша жоғары сапалы заманауи оқулықтардың және ағылшын тіліндегі бейне курстардың көптігімен түсіндіріледі. Сонымен қатар пәнді түсінуде студенттерде төмендегідей қиындықтар туындайды:
материалды игеру уақытын арттыратын маңызды ақпаратты бөлу дағдысының болмауы;
осы пәнді оқуға ынталандырудың болмауы. Осыған байланысты студенттердің көпшілігі осы пән бойынша жүйелі өзіндік жұмысты ұйымдастыруда айтарлықтай қиындықтарға тап болды.
Диаграмма 1 - де біз студенттердің органикалық химияны оқуда 25%-ы теориялық материалды практика жүзінде қолдана алмаса, 75%-ы теориялық материалдың күрделілігі қиындық тудыратынын көрсетіп отыр.
Диаграмма 1 - «Органикалық химияны оқуда қандай қиындықтар туындайды?» сауалнама сұрағына жауап нәтижесі
Диаграмма 2-де студенттердің органикалық химия бойынша жалпы дайындықтарын және оқу үлгерімдерінің нәтижелерін көруге болады. Студенттердің 25%-ы «3» деген бағаға, 25%-ы «4» деген бағаға, 50%-ы «5» деген бағаға бағалаған.
Диаграмма 2 - «Бүгінгі таңда органикалық химия бойынша дайындығыңызды қалай бағалайсыз?» сауалнама сұрағына жауап нәтижесі
Курсты оқу соңында біз ұсынған компьютерлік технологияларды оларға деген көзқарас тұрғысынан пайдалану әдістерінің тиімділігін бағалау үшін сауалнама жүргізілді, оған келесі сұрақтар кірді:
Gaussian 09 бағдарламасы сізге гетероциклді қосылыстар тақырыбын игеруге қаншалықты көмектесті?
Gaussian 09 бағдарламасы сізге пайдалы болды ма?
Бағдарламаның көмегімен қандай жетістіктерге жеттіңіз?
Gaussian бағдарламасымен жұмыс жасау сізге қаншалықты тиімді болды? Бағдарлама арқылы сіз тақырыпты түсіне алдыныз ба?
Бұл бағдарлама органикалық химия курсын терең, жан-жақты меңгеруді қамтамасыз етеді?
Бағдарламаның құрылымы "Гетероциклді қосылыстар" тақырыбын терең әрі жан-жақты зерделеуді қамтамасыз етеді және уақытты үнемдейді?
Бағдарламаның айқындылығын, құрылымдылығын және иллюстрациялық сипатын қалай бағалайсыз (көрнекі диаграммалар, графиктер, сызбалар, түсіндірме мысалдар, анимациялар, интерактивті диаграммалар және т.б. пайдаланылады)
Болашақта сіз осы бағдарламаны өз сферанызда қолданғыныз келе ме?
Сауалнама нәтижелері компьютерлік технологияны пайдалана отырып, биохимияны оқитын студенттер алынған материалды күрделірек, көлемі жағынан кішірек, түсінікті және қызықты деп тапқанын көрсетті. Олар компьютерлік технология материалды меңгеруге көмектесті деп есептейді, сабақты өткізудің формалары мен әдістері олар үшін қызықты болды. Сонымен қатар, материалдың басым бөлігін студенттер тікелей сабақта (67%) меңгерсе, 2019-2022 оқу жылына дейін бұл көрсеткіш небәрі 43%-ды құраған. Осының барлығы біз ұсынған компьютерлік технологияларды қолданудың жолдары мен әдістеріне студенттердің оң көзқарасын көрсетеді.
Диаграмма 3-те студенттерге «Бағдарламаның көмегімен қандай жетістіктерге жеттіңіз?» деген сұрақтың нәтижелері төменде көрсетілген:
Белгілі бір қосылыстағы атомдардың тербеліс күйін зерттеуді – 1 студент (20%);
Энтальпия және бос энергияны анықтауды – 2 студент (40%);
Гетероциклді қосылыстарды толығымен зерттеуді үйрендім – 2 студент (40%);
Гетероциклді қосылыстың структуралық формасын салуды – 3 студент (60%);
Иондық потенциал, Электртерістілік, Электрофильді индексін, Дипольдік моментті есептеуді – 3 студент (60%);
Диаграмма 3 - «Бағдарламаның көмегімен қандай жетістіктерге жеттіңіз?» сауалнама сұрағына жауап нәтижесі
Диаграмма 4 - Студенттердің GaussView 6 және Gaussian 09 бағдарламаларына берген бағасы
Органикалық химияны оқытуда жоғарыда аталған ақпараттық білім беру технологияларын қолдану оқуға деген ынтаны арттыруға, материалды тереңірек игеруге, ақпаратты іздеу, талдау және құрылымдау дағдыларын дамытуға және, сайып келгенде, жоғары білімнің қазіргі федералды мемлекеттік білім беру стандарттарында анықталған жалпы мәдени және кәсіби құзіреттіліктерді қалыптастыруға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |