Бағдарламасындағы «Гетероциклді қосылыстар»



бет2/22
Дата21.09.2023
өлшемі4.7 Mb.
#478146
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Сайдан Аяжан диплом

Зерттеудің өзектілігі. Мұғалімге оқыту барысында органикалық химия курсындағы Гетероциклді қосылыстарды түсіндіру кезінде, бұл қосылыстың молекуладағы атомдардың өзара әрекеттесуі мен өзара байланысы, химиялық байланыстың түзілуі мен табиғаты, атомдық орбитальдардың гибридтенуі, химиялық процестердің механизмдері және т.б процестерді көрсету өте қиын болып жатады. Сондықтан ең оңтайлы шешім ол визуалды компьютерлік модельдеуді қолдана отырып оқыту. Білікті жоғары оқу орындарының түлектерін даярлау процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану мәселесі өзекті болып отыр. Оқытудың жоғары технологиялық заманауи деңгейін тұлғаға бағытталған оқыту әдіснамасымен үйлестіретін компьютерлік білім беру технологияларын қолдану оқу қызметін тұрақты түрде жаңғыртуға, көрнекілік пен ақпараттылық дәрежесін арттыру арқылы оқу материалының көлемін кеңейтуге және тереңдетуге, студенттерді ақпаратты белсенді жеке қабылдауға ынталандыруға, өзіндік талдау және проблемаларды шешу дағдыларын жинақтауға мүмкіндік береді. Органикалық химия курсында гетероциклді қосылыстарды зерттеуде студенттердің Gaussian, CS ChemOffice, HyperChem, ChemLab, MS Office, Macromedia Flash және т.б. арнайы химиялық бағдарламалық пакеттерін пайдаланып химиялық объектілер мен процестерді модельдеуге ерекше көңіл бөлінеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – жоғарғы оқу орнындағы органикалық химия курсында «Гетероциклді қосылыстар» тақырыбын игеруде АКТ және компьютерлік білім беру технологияларымен байланысты оқытуды зерттеу.
Мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды:

  • Жоғарғы оқу орнында органикалық химияны оқытуда АКТ-ны қолданудың формалары мен әдіснамасын зерттеу;

  • «Гетероциклді қосылыстар» тақырыбы бойынша компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, тапсырмаларды таңдау және құрастыру;

  • Gaussian 09 және GaussView 6 химиялық бағдарламамен танысу және оның кванттық химиялық әдістерін қолдану;

  • Компьютерлік технологияны қолданудың студенттердің танымдық белсенділігін арттыруға, сондай-ақ олардың білім алу сапасына әсерін қадағалау;

  • Педагогикалық экспериментте әзірленген әдістемелік ұсыныстардың тиімділігін тексеру;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет