Бағдарламасының 1 курс студенттері Әлімова Нұрайлым, Жармағамбетова Амина Алматы, 2023 жыл Жоспар Кіріспе



бет2/3
Дата31.03.2023
өлшемі52.2 Kb.
#471481
түріБағдарламасы
1   2   3
Тарих СРС

2.Негізгі бөлім
2.1. XVII ғ.соңы -XVIII ғ.алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты
XVII ғ. соңы – XVIII ғ. басында қазақтар Ташкент қаласының ішкі билігіне көп араласа бермеген, олар тек жергілікті халықтан салық жинаумен ғана шектеліп отырған. Орта Азия және Қазақ хандығының қарым-қатынастарында негізгі саяси мәселерден гөрі экономикалық талаптар басты.
XVIII ғасырдың бас кезі, – деп атап көрсетті академик Бартольд, - Азия мұсылмандары үшін саяси-экономкалық, мәдени саларында құлдырау болып табылады. Халықтың жағдайы нашарлап кетті. Мал басы кем түсті [14, 80 б.].
Қазақ хандығының 17 ғасырдағы сыртқы саясаты үш бағытта жүргізілді; аштархан әулетінің қазақ билеушілерін Ташкент пен Түркістаннан ығыстыруға тырысқан әрекетіне қарсы күрес; орыс мемлекетімен қарым-қатынасты бұрыңғыдан да нығайта түсу; Жоңғар хандығының шапқыншылығына қарсы тәуелсіздік үшін күрес. 
Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік шағы. Феодалдық қанау көптеген салық түрін енгізді. Ең жоғары басқарушы хандар болды. Феодалдық шартты жер иеленушілік, жерге меншіктің тұрақты түрлері, әсіресе Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында қалыптасты. Ханнан тархандық құқық алып, сыйлық жерді иеленушілер онда тұратын егіншілерден, қолөнершілерден өз пайдасына салық жинады. Қазақ қоғамын әлеуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі, әлеуметтік шығу тегі негізге алынды. Хандықтың біртұтас бірлігін және оның шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен Тәуке хан күшті де ықпалды сыртқы саясат жүргізді. Сөйтіп ол қырғыздармен және қарақалпақтармен әскери одақ құруға қол жеткізді. Бұл шараның арқасында Қазақ хандығының аумағына Жоңғар қалмақтарының шабуыл жасауынан төнген қатерді тоқтатудың сәті түсті.
Тәуке ханның бүкіл қызметі көрші халықтармен тату-тәтті, жақсы қарым-қатынас орнатуға және Қазақ жерін сыртқы жаулардан қорғауға бағытталды. Оның осы мақсатпен Ресейге және Орта Азия хандықтарына бірнеше рет елшілер жібергені жақсы мәлім. Оларға жүктелген міндет сыртқы жауларға қарсы күресу үшін әскери одақ құрып қайту болды.
Тәуке ханның жасағы 80 мыңға жуық жауынгерден тұрды. Мұның өзі жатжерлік басқыншыларға тойтарыс беруге қабілетті едәуір үлкен күш еді. Елдің әскери күш-қуатын нығайтқан аса көрнекті еңбегі үшін және жаумен қанды шайқастарда көрсеткен жеке ерлігі үшін оған батыр атағы берілді.
Тәуке хан 1715 жылы қайтыс болды. Оның мұрагері Қайып хан Қазақ мемлекетінің бұрынғы ұлылығын берік ұстап тұра алмады. Жаңадан келген билеп-төстеушіге сұлтандардың топтары тарапынан наразылык күшейіп, бақ таласы мен тақ таласы өрши түсті. Қазақ даласында жоғары билік жолындағы күрес шиеленісе берді. Мұның өзі дәстүрлі қазақ хандығын дағдарысты күйзеліске ұшыратты. Рулар, тайпалар және жүздер арасындағы бірлік пен байланыс әлсіреді. Баяғы алтыбақан алауыздық қайтадан қозды.
Сұлтандардың аймақтық сеператизмі күшейді. Қазақтың барлық жүзінің өз ішінде келте хандары пайда бола бастады. Орталык хандық биліктің әлсіреуі Кіші жүзде - Әбілқайырдың, Орта жүзде - Болаттың, Сәмекенің, Кушііктің, Ұлы жүзде — Жолбарыстың, Иманның жағдайын әлдеқайда нығайта түсумен жалғасты.
2.2. XVI – XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының басқа елдермен сыртқы саяси қарым-қатынастары
ХVІІ ғасырда қазақ хандарының сыртқы саясатында қалмақтармен қатынасы ерекше орын алды.
Қалмақтар - батыс моңғолдардың түркі тіліндегі аталуы, өз аталуы – ойрат, ал қытай жазбаларында – элиот. Әуелде олардың иеліктері Хангай тауларымен – Шығыста, Оңтүстікте Гоби құмдары, батыста – Моғолстан, солтүстікте – Ертіс, Енисей аралығында болған.
Қазақстанның Ресейге қосылуы олардың арасындағы маңызды саяси байланысты үдете түсті. Ресей мемлекеті Шығыстағы өзінің мемлекеттік шекарасын кеңейтуге мүддесін білдірді. Мемлекеттік билікті орталықтандыру және күшейту шаралары бойынша шығыс мемлекеттермен көршілес жатқан халықтармен сауда айырбастау және өзге де қарым-қатынас жасау нысандары айтарлықтай өсті.
Ресейдің орта Азия хандықтарымен сауда және дипломатиялық қарым-қатынасты Иван IV Қазан (1552), Астрахань (1556) хандықтарын, Сібірдің Оңтүстік-Батысын жаулап алуы, Қам сауда жолдарын салу Қазақ хандықтарымен тікелей байланысқа түсуді жеңілдетті. Ресей мемлекетінің Қазақстанға деген қызығушылығы орнатқаннан кейін, XVI ғасырдың 2-жартысында ерекше өсті.
XVII ғ.соңғы ширегі – XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығының сыртқы саясатында орыс елімен бейбіт қарым-қатынастарды сақтауды көздеген байланыстарын көруге болады. Тәуке хан Ресей елімен жақсы қатынасын сақтап,сауда саттықты өркендету саясатын ұстанған, ол бірнеше дүркін елшілер жіберіп, тату-тәтті, ынтымақта болатын көршіні іздеді. Өкінішке орай, Ресей мемлекеті оның ұстанған бағытын жеткілікті дәрежеде қолдамай, қазақ шекараларына бекіністер сала бастады. 
XVII ғ.соңы -XVIII ғ.алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясатында салыстырмалы болса да, тұрақтылық орныққан болатын. Ол қырғыздармен және қарақалпақтармен әскери одақ құрды. Бұхар, Хиуа, Ресей, Жоңғар, Қытай сияқты ірі елдермен көршілес жатқан халықтың саяси-географялық орналасуының өзі оның билеушілерінен әрқашан ұстамдылық және бірлікті танытуға талап етті. Көрші мемлекеттер болса хандықтың өз ішіндегі саяси сіне араласуға талпынды. Мұны Тәукеден кейін Қайып, Әбілқайыр, Абылай сияқты хандар өз мүлделеріне тиімді пайдаланған болатын. Әрине Тәукенің тұсында сыртқы саяси жағдай жоғары дәрежеде болды деп біржақтылық таныту дұрыс емес. Өйткені қазақ-хандығындағы биліктің толығымен орталықтанбауы, ондағы жеке сұлтан,би батырлардың сыртқы саяси мәселерді шешуге іс-әрекеттерді, кері әсерін дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет