Күрес шаралары. Көп қоректі қатты қанаттылардың личинкаларының өмір бойы топырақ арасында тіршілік етуі, өсіп-өніп дамуының көп жылға созылуы және ауыспалы егістің барлық танаптарына таралуы оларға қарсы күрес шараларын жүргізуді қиындатады. Дегенмен агротехникалық және химиялық күрес тәсілдерін үйлестіре жүйелі түрде жүргізе отырып зиянкестердің зияндылығын едәуір дәрежеде тежеуге болады
Қара денелілер түрлері.Құм шабаны-Opatrum sabulosum J.Оңтүстіктің құмды шөлдерінен басқа зоналардың барлығында таралған.Қоңыздың ұзындығы 7-10 мм,денесінің устіңгі жағы топырақ түсі қоңырқай келеді.Ересек қоңыздарөсімдік қалдықтарының астында және топырақтың устіңгі қабатында қыстайды. Жұмыртқаларын сәуірдің аяғы мен мамырдың басында 2-5 см тереңдікке топыраққа салады. Жас қоңыздар шілденің аяқ кезінде немесе тамызда шығады. Көктемде олар мақта, жүгері, қант қызылшасы өсімдіктерінің жапырағын,тұқым жарнағын және өніп келе жатқан тұқымын зақымдап көп зиян келтіреді. Қоңыздар 2-3 жыл өмір сүреді.
Кең кеуделі бляпс-Blaps letifera Marsh,дала бляпсі-Blaps holophila Fisch,жүгері қоңызы-Redinus femoralis L.Орманды дала және далалық аймақтарда тараған.Олар көктемнен бастап әр түрлі дақылдардың жерге себілген тұқымдарын,тамыр жүйесін,түптену түйінін жеміс тамыры түйнектерін және басқа жер астылық мүшелерін зақымдап едәуір шығынға ұшыратады.
Тақта мұрттылардан түркістандық қи қоңызы-Pentaden dubius Ball.әсіресе Шымкент,Алматы және Жамбыл облыстарында көп кездеседі де едәуір зиян келтіреді. Жетісулық мәрмәрлы зауза-Polyphylia irrorata Gebl. Алматы, Жамбыл және Талдықорған облыстарында таралған. Көбінесе тау етектерінде және соларға таяу саз топырақты жерлерде көп кездеседі. Қоңыздың ұзындығы 38 см,үстінен қарағанда мәрмәр түсті ақшыл дақтар аралас қызғылт қоңыз. Бұл түр үш жылда бір генерация беріп дамиды. Далалық дақылдардан әсіресе қант қызылшасын қатты зақымдап,оның сапасын нашарлатады. Қызылшаның тамыржемісі өте аз дәрежеде зақымданған куннің өзінде де оның қанттылығы 14-15 процентке дейін төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |