Қызылшаның ақ ұнтақ ауруы-қоздырғышы Erysipe communis.Аурудың алғашқы белгісі маусым айының аяғында жапырақтың жоғарғы бетінде нәзік ұнтақ өңез лағы түрінде білінеді. Сонан кейін дақ молаяды, бір-бірімен қосылып жапырақтың тек доғарғы жағын ғана емес төменгі жағында қамтиды. Конидия юірнеше рет ұрпақ береді де, жаппай зақымдай бастайды,Вегетация кезеңінің соңында жеміс денесі клейстотецийлер алғашқыда сарғыш, кейіннен қара –қоңыр нүктелер түрінде өседі.Клейстотецийлер өсімдік дәнінде және тамыржемістерінде қыстайды.
Аурудың тарауына ыстық әрі құрғақ ауа әсіресе өте көп жауын-шашын әсер етеді.Ауру зақымдаған өсімдік өсуін тоқтатады,тамыржемістердің өнімділігі және қанттылығы азаяды,ал сақтау кезінде мұндай тамыржемістер шірік ауруымен зақымданады.
Достарыңызбен бөлісу: |